Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Таңдау сабағы Тақырыбы: Фонетика жыр жолдарында
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебі.
Таңдау сабағы
Тақырыбы: Фонетика жыр жолдарында
(2-3 сыныпқа арналған)
Құрастырушы: Бастауыш сынып мұғалімі Қалиева Гүлім Жүсіпханқызы
2015-2016 о\ж
«Фонетика жыр жолдарында» таңдау сабағының тақырыптық жоспары
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
1 |
Фонетика туралы түсінік |
1 |
|
2 |
Дыбыс, әріп әлемі |
1 |
|
3 |
Дауысты дыбыстар |
1 |
|
4 |
Жуан,жіңішке дауысты дыбыстар |
1 |
|
5 |
Жұп дауысты дыбыстар |
1 |
|
6 |
Әріпті жұмбақтар |
1 |
|
7 |
Дауысты дыбыстарға мінездеме беру |
1 |
|
8 |
Фонетика жыр жолдарында |
1 |
|
9 |
Шығармашылық жұмыс |
1 |
|
10 |
Жіңішке дауысты дыбыстарға мінездеме |
1 |
|
11 |
Жуан дауысты дыбыстарға мінездеме |
1 |
|
12 |
Тесттік тапсырмалар |
1 |
|
13 |
Дауыссыз дыбыстар |
1 |
|
14 |
Қатаң дауыссыз дыбыстар |
1 |
|
15 |
Үнді дауыссыз дыбыстар |
1 |
|
16 |
Ұяң дауыссыз дыбыстар |
1 |
|
17 |
Фонетика жыр жолдарында |
1 |
|
18 |
Буын оның түрлері |
1 |
|
19 |
Буын оның түрлері |
1 |
|
20 |
Талдауға арналған шарты белгілер |
1 |
|
21 |
Дыбыстық талдау |
1 |
|
22 |
Дыбыстық талдау |
1 |
|
23 |
Мәтіннен дауысты дыбыстарды тауып, талдау жасау |
1 |
|
24 |
Тесттік тапсырмалар |
1 |
|
25 |
Екпін |
1 |
|
26 |
Мәтінмен жұмыс |
1 |
|
27 |
Тасымал |
1 |
|
28 |
Тасымалданбайтын сөздер |
1 |
|
29 |
Дыбыстық өзгерістер |
1 |
|
30 |
Фонетика жыр жолдарында |
1 |
|
31 |
Бес жол өлең . |
1 |
|
32 |
Дыбыстарға талдау жасау |
1 |
|
33 |
Сөздерді бір әріпін өзгерту арқылы жаңа сөз жасау |
1 |
|
34 |
Тесттік тапсырмалар. |
1 |
|
Түсінік хат
Бұл таңдау сабағы бастауыш сыныптарға арналған. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып , тіл білімінің Фонетика саласына терең үңілту. Соның ішінде дыбыстарға сатылай кешенді талдау жұмыстарына баса назар аудару. Сатылай кешенді талдау жұмыстарын жүргізе отырып , теориялық материалдарды беруді жөн санадым. Осы таңдау сабағы арқылы алдымен фонетикалық бірліктерді қарапайымнан күрделіге қарай талдау жұмыстары жасалады. Себебі қазақ тілі сабағында біз көбіне теорияға мән берсек, бұнда практикалық жұмыстарға назар аударылады. Мысалы, дыбыс жүйесін,әр дыбыстың ерекшеліктерін меңгерту фонетикадан берілетін білімнің негізі болып есептеледі. Дыбыс жүйесін жете меңгерген оқушы буын, оның түрлері , тасымал , екпін, үндестік заңы сияқты фонетикалық бірліктерді игере алмайды. , сосын диктан, шығарма жазуда көптеген қателерге жол береді. Сөйлеу тілдерінде де кемшіліктер болады.
Тіліміздегі сөздердің дыбыстық құрылымын, олардың дыбыс жүйелерінің қолданылу ерекшеліктерін,әр дыбыстың өзіндік ерекше сапасын, жеке дыбыстардың жасалудағы,қолданылудағы қасиеттерін толық түсініп,жақсы меңгеру арқылы ғана толық қанды фонетикалық талдау жасауға мүмкіндік алады. Практикалық тұрғыдан жетік меңгермеген білім тек жаттандылыққа апарады. Ал ол есте ұзақ сақталмайды. Сол себепті фонетика саласын меңгертуге бұл сабақтың маңыздылығы ерекше.
Бұл құрал арқылы оқушылар тек фонетика саласын ғана меңгеріп қоймай өлеңдерді талдап, проблемалық тапсырмаларды орындау арқылы сөздік қорларын арттырып, ойларын еркін, жүйелі жауап айтуға үйренеді. Жалпы оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауға әсері көп деп есептеймін.
Жыр жолдарын оқып, олардан дыбыстарды топтап,жазу, айту, сөзге дыбыстық талдау жасау, екпін түсіру, тасымалдау , буынға бөлу жұмыстарына баса назар аударылады. Қосымша сол жыр жолдарын жаттау, мәнерлеп оқу, бес жол өлең шығару, ертегі құрастыру жұмыстары да жүргізіледі.
Бағдарламаның мақсаты:
Қазақ тілін оқытудағы оның ішінде фонетика саласын меңгертудегі мақсат – оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлесе білуге үйрету, сөздік қорын байыту, дыбыстарды дұрыс айта білуге , оларды ажырата білуге, Сөзді дұрыс айту, мұғалімнің сұрағына түсінікті жауап беру тәсілдерін меңгерту.
Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу дағдыларын ескере отырып, әр сабақта сол сөздермен сөйлем құрату, жаңа сөз үйрету, қазақ тіліне тән дыбыстарды айыра білу, сауатты жазуға үйрету, Өлең жолдарын жатқа оқып, ондағы дыбыстарды талдауға машықтандыру, жеңіл, қысқа мәтіндерді оқытуға машықтандыру, түсінгенің айта білуге дағдыландыру, бір-бірімен сөйлесе білуге үйрету, әр түрлі жазба жұмыстарын ұйымдастыру, өз ойын жүйелі түрде айтып беруге жаттықтыру. Курсқа арналған барлық жоспарлы материалдарды толық игерту; қосымша мәліметтерді іздестіру кезінде әдебиеттерді дұрыс таңдап, орынды пайдалан білуге үйрету; ізденіс жұмыстарына бейімдеу; өз беттерімен жұмыс түрлерін істей білуге дағдыландыру .
Осы мақсатқа сай туындайтын міндеттер:
-
Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту;
-
Сөйлеуге дағдыландыру үшін, пайдаланылатын басты материал – жыр жолдары . жыр жолдарын түсініп оқу, мазмұнын айту, сұрақтарға жауап беру.
-
Сөздік қорын молайтуға, өз ойын дұрыс жеткізуге дағдыландыру үшін мазмұны тартымды, тілі көркем жұмбақ, жаңылпаш, мақал, ертегі, шағын өлеңдер мен қызықты әңгімелер оқу.
-
Граматикалық тұлғаларды мәтінді оқудан бұрын түсіндіру, мазмұны бойынша сұрақтар қою, жауап қайтара білу.
Күтілетін нәтиже
1.Өз ойын көркем тілмен жеткізетін,поэзияны сүйетін Қазақ тілі соның ішінде Фонетика саласына терең бойлай алатын тұлға қалыптасады.
2.Білімділік, біліктілік дағдыларын қалыптастыра отырып, ізденімпаз шығармашыл оқушы қалыптасады. Нағыз көшбасшыларды дайындау.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Бастауыш сыныпқа арналған мақал- мәтелдер жинағы Өнер-2007ж
-
Бастауыш сыныпта тілдік бірліктерді сатылай кешенді талдау» Н.А.Оразахынова. Р М Шалова Алматы-2012 ж
-
Білім –ой азығы Н.А Оразахынова , Ж.А Оспан Алматы-2012ж
-
1-4 сыныптарға арналған «Жұмбақтар жинағы» Өнер баспасы-2007 ж
Сабақ № 1
Тақырыбы: Фонетика туралы түсінік
Мақсаты: Жалпы курс туралы түсінік бере отырып, қазақ тіл білімінің фонетика саласы бойынша түсінік бере кету. Алдағы жұмыстарға болжау жасау.
Сабақтың әдісі : Әңгімелеу, топтастыру
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Дәптерімізді ашайық,
Жалқаулықты тастайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Жаңа ұғыммен таныстыру.
Кіріспе: Бүгін сіздер жаңа таңдаулы курс бағдарламасымен таңысқалы отырсыздар. Жалпы бұл курстан алатын білімдерін сіздерге мүлдем таңсық емес. Тек оны түрлендіріп , одан әрі жүйелейміз. Тілдегі сөздердің дыбыстық құрылымын, олардың дыбыс жүйелерінің қолданылу ерекшеліктерін, әр дыбыстың өзіндік ерекше сапасын, сол сияқты қолданылудағы қарқыны мен белсенділігін, айтылу күшін, созылынқылығын, үнін, әуенін, ашықтығын, айқындылығын, үн мен салдырдың мөлшерін тағы басқа сондай қасиеттерін толық түсініп, жақсы меңгеру арқылы ғана қазақ тілінің тақтылы фонетикалық материалына қажетті талдау жасауға мүмкіндік аламыз.
Фонетика дыбыстың үш жағын қамтиды; 1. Физиологиялық ( жасалу) 2. Акустикалық ( естілу) 3. Қызыметі (саз жасау)
Ал сатылай кешенді талдауды екі жолмен жүргіземіз
1.Дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру.
2.Сөзге сөз сазындық ( фонологиялық) талдау жасау.
Міне жалпы осы курс осындай жұмыстармен айталысуды көздейді.
Жұмыс дәптермен жұмыс
«Миға шабул»
Фонетика
Дидактикалық ойын « Алма жинау» Дыбыстарды шелекке жинау
Қорытынды: Фонетика саласы сонымен дыбысты, буынды, тасымалды, екпін т.б қарастырады деп қорытындылауға болады.
Сабақ № 2
Тақырыбы: Дыбыс, әріп әлемі .
Мақсаты : Дыбыс, әріп жайлы 1 сыныпта алған білімдерін естеріне түсіре отырып, дыбысталу мүшелерімен таңыстыру. Оларды ажырата білуге, талдау жұмысында пайдалана білуге дағдыландыру. Шартты белгілермен таныстыру.
Сабақтың әдісі : Сұрақ-жауап, , топтастыру, талдау .
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Дәптерімізді ашайық,
Жалқаулықты тастайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Жаңа ұғыммен таныстыру.
«Миға шабул»
Балалар әліпби, әріп, дыбыс дегеніміз не?
Балалардың пікірлерін тыңдап алып,оны жүйелеу.
-
Әліпби неше әріптен тұрады? (42 әріп).
-
Әліпбидің әріптер кезегіндегі екінші әріп қандай? («Ә»)
-
Әліпбидегі ең бірінші дауыссыз дыбыс қандай? («Б»)
Әліпби ( Алфавит) – әріптердің жүйелі тізбегі .( көрсету)
Әріп дыбыстың жазбаша таңбасы.
Сөйлеу тілінде дыбысталу мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылысты дыбыс дейді. Дыбыс сөздің ең кіші бөлігі. Дыбысты айтамыз және естиміз.
Жұмыс дәптермен жұмыс (35мин)
«Миға шабул»
кеңірдек
өкпе тіс ,ерін, мұрын қуысы
Дыбыс дыбысталу мүшелері арқылы жасалады.
тіл
дауыс шымылдығы
ауыз қуысы
таңдай
тамақ қуысы көмей
Ал, дыбысты таңбалап көрсету үшін алынған белгіні әріп дейміз. Яғни –дыбыстың жазбаша таңбасы. Әріпті жазады және көреді.?
Проблемалық сұрақтар:
1.Қазақ тілінде қанша әріп бар?
2. Дыбыс қанша?
3. Дауысты , дауыссыз дыбыстардығ саны?
Жаңа мәлімет беру:
Біз бүгіннен бастап математикалық үлгіде мыңадай түрде таңбалап үйренеміз.
О- дыбыс
□ о- дауысты дыбыс
∆ о- дауыссыз дыбыс
Үлгі: А- □ о жуан
О-□ о жуан
Е-□ о жіңішке
Б-∆ о ұяң
Ш- ∆ о қатаң
Р-∆ о үнді
Қорытынды: 5 сөзден талдау
Сабақ № 3
Тақырыбы: Дауысты дыбыстар .
Мақсаты : Жас ерекшеліктерін ескере отырып фонетика саласын терең меңгерту. Талдау жұмыстарына, шығармашылық тапсырмаларға баса назар аудару.Фонетикалық бірліктерді қарапайымнан күрделіге қарай жұмыстар қарастыру. Шығармашылыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың әдісі : Әңгімелеу, топтастыру
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Дәптерімізді ашайық,
Жалқаулықты тастайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Жаңа ұғыммен таныстыру.
«Миға шабул»
Дауысты дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай еркін шығуынан жасалады.
Дауысты дыбыстар буын жасауға қатысады.
Дауысты дыбысқа екпін түседі.
Тіліміздегі дауысты дыбыстар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э.
Тілдің қатысына қарай жуан,жіңішке болып бөлінеді. Мына кеспелерді өздерің толтырыңдар.
Жуан:----------------------------------------
Жіңішке:--------------------------------
Дәптермен жұмыс
1-жаттығу
Әліппеде жоқ,
Қаламда бар.
Әріптерде жоқ,
Ғаламда бар. (а)
Сәбитте бар,
Ғабитте жоқ.
Мәлікте бар ,
Хамитте жоқ. (ә)
«А» дыбысына талдау жасау
А
Бұл дауысты дыбыс Себебі айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз
қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады.
Тілдің қатысына қарай жуан дауысты дыбыс.
«Ә» дыбысына осы үлгіге қарап талдау жаса
Қорытынды: 5 сөзден талдату
Сабақ № 4
Тақырыбы: Дауысты дыбыстардың түрлері .
Мақсаты : Жас ерекшеліктерін ескере отырып фонетика саласын терең меңгерту. Талдау жұмыстарына, шығармашылық тапсырмаларға баса назар аудару.Фонетикалық бірліктерді қарапайымнан күрделіге қарай жұмыстар қарастыру. Шығармашылыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың әдісі : іздену, талдау. Саралау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жаңылпаш
АРА-ТҰРА ТАЛ АРАЛА,
ТАЛ ІШІНДЕ ТАЛАР АРА
АРА-ТҰРА ҚАЛА АРАЛА,
ТАППАЙ СЕНІ ҚАЛАР АРА.
Жаңа ұғыммен таныстыру.
«Ой шақыру»
Дауысты дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай еркін шығуынан жасалады.
Дауысты дыбыстар буын жасауға қатысады.
Дауысты дыбысқа екпін түседі.
Тіліміздегі дауысты дыбыстар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э.
Тілдің қатысына қарай жуан,жіңішке болып бөлінеді. Оны біз білеміз .
Жуан: а,о,ұ,ы.(и,у)
Жіңішке: ә,ө,і,е,ү(и,у)
Жаңа ұғыммен таңыстыру
Дауысты дыбыстар сондай-ақ иектің (жақтың) қызыметіне қарай АШЫҚ дауыстылар жәнеҚЫСАҢ дауыстылар болып екіге бөлінеді.
Ашық: а,ә,е,о,ө
Қысаң: ы,і,ұ,ү,и
Ал еріннің қызыметіне қарай ЕРІНДІК және ЕЗУЛІК болып бөлінеді.
Еріндік: о, ө, у,ұ,ү.
Езулік: а,ә,е,э,ы,і ,и
Олай болса біз енді осыларды қосып талдауымызды одан әрі толықтыра түсейік. Мына үлгіге қарайық.
Үлгі: Дауысты дыбыстың жіктелуі
-
Тілдің қатысына қарай:
Жуан(а, о, ұ,ы) □
12 □ = + и,у
Жіңішке (і,ә,ү, е,ө,э)
Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда тілдің ұшы сәл артқа қарай тартылып, үсті сәл дөнестеңеді. Қане, айтып көрейік.
Себебі, бұл дыбысты айтқанда тілдің ұшы сәл алға қарай созылып, үсті сәл төмендейді. Қане, айтып көрейік.
Ал И,У дауысты дыбыстары сөз ішінде келгенде бірде жуан бірде жіңішке болып келеді.
-
Жақтың қатысына қарай
Ашық(о,ө,е,э,а,ә) □
12 □ =
қысаң (у,ұ,ү,і,ы,и)
Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда жақ кең ашылып, ауа еркін шығады. Қане, айтып көрейік.
Себебі, бұл дыбысты айтқанда жақ тар ашылып, ауа қысылып шығады Қане айтып көрейік.
-
Ерін мен езудің қатысына қарай:
Еріндік(о,ө,у,ү,ұ) □
12 □ = + и,у
Езулік (а,і,ә,е,ы,и,э)
Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда ерін дөңгеленіп, алға қарай сүйірленеді. Қане, айтып көрейік.
Себебі, бұл дыбысты айтқанда ерін жиырылып, езу артқа қарай тартылады. Қане айтып көрейік.
Анамыз сөзіндегі дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.
Берілгені: Анамыз о-□-∆=?
Шешуі:Анамыз сөзінде 6 дыбыс бар оның үшеуі дауысты дыбыс олар: 2а,ы
Себебі, өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай еркін шығады. Үшеуі дауыссыз дыбыстар (н,м,з) Себебі бұлдыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.
Оны былай өрнектейміз.
3(2а,ы) □о
6 о=
3 (т,м,з) ∆о
Тілдің қатысына қарай үш дауысты дыбыста 2а,ы жуан дауыстылар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда тілдің ұшы сәл артқа қарай тартылып, үсті сәл дөңестенеді
3 ( 2 а ,ы) жуан□
3 □= □ 0
Бұл сөзде жіңішке дауыстылар жоқ.
2. жақтың ашылу дәрежесіне қарай үш дауысты дыбыстың екеуі – олар: екі а ашық дауыстылар Себебі , бұл дыбыстарды айтқанда жақ кең ашылып, ауа еркін шығады. Біреу- ол ы қысаң дауысты дыбыс . Себебі бұл дыбысты айтқанда жақ тар ашылып , ауа қысылып шығады.
Бұл былай өрнектеледі:
2(2а) ашық □о
3 □=
1(ы) қысаң □о
3. Ерін мен езудің қатысына қарай үш дауысты дыбыстың үшеуі де езулік дауыстылар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда ерін жиырылып, езу артқа қарай тартылады. Сөзде еріндік дауыстылар жоқ.
0 – сөзде еріндік дауыстылар жоқ
3 □=
3 (2а,ы) езулік □о
Тапсырмалар:
1-тапсырма
Бала, мектеп, білім, достық сөздеріне жоғарыдағы үлгі бойынша жазбаша талдаңыздар.
2-тапсырма
Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын өз сөздеріңізбен баяндаңыздар.
Отан
Отанды біз атамекен
Деп аялап айтамыз,
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз
Отанды жас,кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де
Туып,өмір сүреміз.
Отанды әркім анасындай
Қастерлейді ,қолдайды
Өйткені Отан баласындай
Бізді асырап, қорғайды.
Отан деген-атамекен
Отан деген – туған жер.
Ермек Өтетілеуұлы
Отан сөзіне постермен жұмыс жасау.
ОТАН
Сабақты қорытындылау.
Берілгені : Отан о-□-∆=?
Шешуі : 4о-2□-2∆
2□(о,а) жуан 2□ (а,о) ашық 1□ (о ) еріндік
2о(о,а) = = =
Жіңішке о қысаң о 1□ (а) езулік
1∆ (т) қатаң
2 ∆(т,н) =
1∆ (н) үнді
Қорытындылау: Бүгінгі сабақтан алған әсерлерінді бейнелеу арқылы қорытынды жасауға болады.
Сабақ № 5
Тақырыбы: Жұп дауысты дыбыстар
Мақсаты : Жас ерекшеліктерін ескере отырып фонетика саласын терең меңгерту. Талдау жұмыстарына, шығармашылық тапсырмаларға баса назар аудару.Фонетикалық бірліктерді қарапайымнан күрделіге қарай жұмыстар қарастыру. Шығармашылыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың әдісі : іздену, талдау
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Дәптерімізді ашайық,
Жалқаулықты тастайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Жаңа ұғыммен таныстыру.
«Ой шақыру»
Туған өлкем.
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Н еткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей даласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Ер еңбегі шалқып, тасқан,
Ел еркіндеп бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Проблемалық тапсырмалар:
Туған өлке сұлулығын ақын қалай бейнелеген?
Туған елің үшін сен не істер едің?
Мәтіннен ө дыбысы бар сөздерді тауып, о дыбысымен салыстыр.
-
Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы.
-
Оқушылардың оқуы.
-
Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар мен тапсырмалар:
-
Туған өлке сұлулығын ақын қалай бейнелеген?
-
Өзіңнің туған жерің туралы әңгімеле.
-
Туған елің үшін сен не істер едің?
Өлеңнен ө дыбысы бар сөздерді тауып, о дыбысымен салыстыр
Жұмыс дәптермен жұмыс (35 мин)
Жаңа ұғыммен таңыстыру
Дауысты жұп дыбыстар: а-ә, о –ө,
ы-і, ұ-ү бұларды егіз дыбыстар деп
қарауға бола ма?
«Алма жинау « ойыны алма ағашынан
Алмаларды жұптап жинау. Алмада дауысты дыбыстар жазулы тұрады. Оларды себетке жұптап жинайды. Тексеріледі. Мадақталады.
Сабақты қорытындылау.
Берілгені : жер о-□-∆=?
Шешуі : 3о-1□-2∆
жуан о ашық о еріндік о
1□о(е) = = =
1□(е) Жіңішке 1□(е) қысаң 1□ (е) езулік
1∆ (ж) ұяң
2 ∆(ж,р) = қатаң дауыссыз дыбыс жоқ
1∆ (р) үнді
Осы үлгі бойынша : өлкем, алтын, алма сөздеріне талдау жасау
Сабақ № 6
Тақырыбы: Әріпті жұмбақтар
Мақсаты : Жас ерекшеліктерін ескере отырып фонетика саласын терең меңгерту. Талдау жұмыстарына, шығармашылық тапсырмаларға баса назар аудару.Фонетикалық бірліктерді қарапайымнан күрделіге қарай жұмыстар қарастыру. Шығармашылыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың әдісі : Шығармашылық, іздену, талдау.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
-
Балалар, мен сендерге туған жерден адасқан дауыстылар жайлы ертегі айтып берейін.
-
Баяғыда "Дыбыстар әлемінде" дауысты дыбыстар ән салғанда, олардың керемет дауысына қалған дауыссыз дыбыстар қызыға қарайтын. Бірі жуан, бірі жіңішке дауыспен әуендеткенде, жұптары бір жазылмай, тату-тәтті өмір сүретін. Бірде ел аралап ән салмақшы болып, жуан және жіңішке дауысты дыбыстар екі бөлініп кетеді. Арада көп уақыт өткен соң, жуан дауыстылар туған жеріне оралады. Ал жіңішке дауысты дыбыстар адасып, өз елін таба алмай қалады. Бөтен елде көп қиындқ көреді, тіпті өздерінің жуан дауысты жұптарын да ұмытады.
Бір күні оларға бір қария кездесіп, адасып жүрген қай елдің дыбыстары екенін танып қалады. Олардың жағдайын естігеннен кейін қария оларға бірнеше сөздерді беріп, содан өз жұптарын көрсетуді сұрайды. Жіңішке дауыстылар өз жұптарын көріп, қуанып кетеді. Қария оларға жол сілтеп, шығарып салады.
Жіңішке дауыстылар туған жерге оралып, өз ағайындарының ортасында шам -шадыман өмір сүреді екен.
-
Қане, балалар, біз де шашылып жатқан дауысты дыбыстарды жұп жұбымен орналастырайық.
Мұғалім оқушылардан әр жұп дауыстылардың айтылу ерекшеліктерін сұрайды.
Жұмыс дәптермен жұмыс . (35 мин)
Жаңа ұғыммен таныстыру.
Ойлан , тап!
Ә ріпті жұмбақтар жасыру.
Мына сурет бойынша әңгіме құрап
көр. Әңгімеден өзің қалаған үш сөзге
математикалық талдау жұмысын жаса.
Сабақты қорытындылау.
Берілгені : жер о-□-∆=?
Шешуі : 3о-1□-2∆
жуан о ашық о еріндік о
1□о(е) = = =
1□(е) Жіңішке 1□(е) қысаң 1□ (е) езулік
1∆ (ж) ұяң
2 ∆(ж,р) = қатаң дауыссыз дыбыс жоқ
1∆ (р) үнді
Сабақты оқушылардың көңіл күйлерін, сабақ жайлы пікірлерін сұраумен қорытындылауға болады.
Сабақ № 7
Тақырыбы: Дауысты дыбыстарға мінездеме беру .
Мақсаты : Жас ерекшеліктерін ескере отырып фонетика саласын терең меңгерту. Талдау жұмыстарына, шығармашылық тапсырмаларға баса назар аудару.Фонетикалық бірліктерді қарапайымнан күрделіге қарай жұмыстар қарастыру. Шығармашылыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың әдісі : Сұрақ-жауап,Әңгімелеу, топтастыру, шығармашылық .
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Дәптерімізді ашайық,
Жалқаулықты тастайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Жаңа ұғыммен таныстыру.
«Миға шабул»
Дауысты дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай еркін шығуынан жасалады.
Дауысты дыбыстар буын жасауға қатысады.
Дауысты дыбысқа екпін түседі.
Тіліміздегі дауысты дыбыстар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э.
Жұмыс дәптермен жұмыс (35 мин)
Фонетика жыр жолдарында
А- Алма, алма дейсің,
Алма әкелсем жейсің,
Айтпады екен деме,
Алманы жумай жеме
О- сақинаға қарайық
Ұқсайды оған қай әріп
О – кәдімгі дөңгелек
Кетпесін ол дөңгелеп.
Менің үшін жақсы адам
Артық көрем басқадан,
Апа, ата сөзері
Қай әріптен басталған- А
Оспанда өлең жаттады
Олжаста өлең жаттады
Қай әріптен басталған
Екеуінің аттары-О
«А» дыбысына талдау жасау
А
Бұл дауысты дыбыс Себебі айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз
қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады.
Тілдің қатысына қарай жуан дауысты дыбыс.
«Ә» дыбысына осы үлгіге қарап талдау жаса
«О» дыбысына талдау жасау
О
Бұл дауысты дыбыс Себебі айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз
қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады.
Тілдің қатысына қарай жуан дауысты дыбыс.
Дауысты дыбыстарға осы үлгіге қарап талдау жасату
Қорытынды: Ә, Е, Ы, І ,Ө дыбыстарына өлең жолдар іздеу. Талдау жасау
Сабақ № 8
Тақырыбы: Фонетика жыр жолдарында
Мақсаты : Жас ерекшеліктерін ескере отырып фонетика саласын терең меңгерту. Талдау жұмыстарына, шығармашылық тапсырмаларға баса назар аудару.Фонетикалық бірліктерді қарапайымнан күрделіге қарай жұмыстар қарастыру. Шығармашылыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың әдісі : Әңгімелеу, топтастыру. Шығармашылық .
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Дәптерімізді ашайық,
Жалқаулықты тастайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Сабақты түрлі қызықты жаттығулар арқылы баспаған дұрыс. Өткен сабаққа шолу жасап шарты белгілерді естеріне түсіртіп отырған жөн.
Жаңа ұғыммен таныстыру.
Жұмыс жәпремен жұмыс (35 минут)
«Миға шабул»
Өлеңді оқып , мағынасына назар аударыңыздар! Осы өлең жолдарындағы дауысты дыбыстарды сана . Өзін қалаған екі дыбысқаауызша мінездеме бер. Өлеңді жаттап алыңдар!
Диктант
Кеше біздер класта
Диктант жаздық отырып.
Көшірдім мен Күлаштан,
Бір парақты толтырып.
Үзілісте мен іште,
Асыр салып ойнадым.
Құрығанда бір үшке,
Жаздым-ау деп ойладым.
Сөйтсем, мойны ұп-ұзын,
Бір алыппын, құрысын!
Дәптер беті қып-қызыл,-
Ұялған ғой мен үшін. Қадыр Мырзалиев
Осы өлеңің мазмұнымен жұмыс.
Өлеңнен өздерін қалаған 5 сөзге математикалық талдау жасау
Үлгі:
Берілгені : жер о-□-∆=?
Шешуі : 3о-1□-2∆
жуан о ашық о еріндік о
1□о(е) = = =
1□(е) Жіңішке 1□(е) қысаң 1□ (е) езулік
1∆ (ж) ұяң
2 ∆(ж,р) = қатаң дауыссыз дыбыс жоқ
1∆ (р) үнді
Қорытынды
Сөздік диктант жұмысын жүргізу. Мұғалімнің өз қалауы бойынша алынады. Кейін қатемен жұмыс жүргізіледі. 2-3 сөзге жоғардағы үлгі бойынша қосымша талдап келу тапсыруға болады.
Сабақ № 9
Тақырыбы: Шығармашылықпен жұмыс
Мақсаты : Жас ерекшеліктерін ескере отырып фонетика саласын терең меңгерту. Талдау жұмыстарына, шығармашылық тапсырмаларға баса назар аудару. Фонетикалық бірліктерді қарапайымнан күрделіге қарай жұмыстар қарастыру. Шығармашылыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың әдісі : Әңгімелеу, топтастыру
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Дәптерімізді ашайық,
Жалқаулықты тастайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Жаңа ұғыммен таныстыру.
«Миға шабул»
Математикалық талдау
Не үйретті
Жұмыс дәптерімен жұмыс.(35 мин)
Ойынның тақырыбы: .
Ойынның мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: Балалар адасқан әріптерден мағыналы сөз жасауы тиіс. Кім тез әрі дұрыс орындаса, сол жеңімпаз атанады.
-
қ, у, о, ы, ш (оқушы)
-
т, п, і, к, а, (кітап)
-
і, і, б, м, л, ( білім)
-
м, м, а, ғ, ұ, л, і (мұғалім)
-
о, н, а, т, (нота)
-
а,т, а,л, п (талап)
Мектеп сөзінің әрбір әрпіне сөз құрап жазыңдар.
М -мысық
E - етік
K - кітап
T - тәтті
E — ешкі
П - парта
Осы сөзге математикалық талдау жаса!
Үлгі:
Берілгені : Мектеп о-□-∆=?
Шешуі : 6о-2□-4∆
жуан о ашық о еріндік о
2□о(2 е) = = =
2□(2е) Жіңішке 2□(2е) қысаң 2□ (2е) езулік
3∆ (к,т,п) қатаң
4 ∆(м,к,т,п) = ұяң дауыссыз дыбыс жоқ
1∆ (м) үнді
Осы үлгі бойынша : сөздеріне талдау жасау
Қорытынды
Үлгіге қарап оқушы , кітап, білім, мұғалім математикалық талдау жаса
Сабақ № 10
Тақырыбы: Жіңішке дауысты быдыстарға міңездеме
Мақсаты : Жас ерекшеліктерін ескере отырып фонетика саласын терең меңгерту. Талдау жұмыстарына, шығармашылық тапсырмаларға баса назар аудару.Фонетикалық бірліктерді қарапайымнан күрделіге қарай жұмыстар қарастыру. Шығармашылыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың әдісі : Әңгімелеу, топтастыру
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Дәптерімізді ашайық,
Жалқаулықты тастайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Жаңа ұғыммен таныстыру.
«Миға шабул»
Қазақ тілінің алфавиті 42 әріптен тұрады.
Қазақ тіліне тән дыбыстар: (9) ә,ө,ұ,ү,і,қ,ғ,ң,һ.
ДЫБЫС-құлаққа естіледі.
ӘРІП-таңбалап жазамыз.
ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР: (12) а,о,ұ,ы,у, ә,ө,ү,і,е,э.
1.ЖУАН: (5) а,о,ұ,ы,у
2.ЖІҢІШКЕ: (7) ә,ө,ү,і,е,э,у.
3.АШЫҚ: (6) а,ә,о,ө,е,э
4.ҚЫСАҢ: (6)ы,і,и,у,ү,ұ.
5.ЕРІНДІК: (5)о,ө,ұ,ү,у.
6.ЕЗУЛІК: (7) а,ә,е,э,ы,і,и.
Жұмыс дәптермен жұмыс.(35 мин)
Тілдің қатысына қарай жуан,жіңішке болып бөліңеді. Мына кеспелерді өздерін толтырындар.
Жуан:----------------------------------------
Жіңішке:--------------------------------
«Е» дыбысына талдау жасау
Е
Бұл дауысты дыбыс Себебі айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз
қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады.
Тілдің қатысына қарай жіңішке дауысты дыбыс.
Жақтың қатысына қарай қысаң дауысты дыбыс
Ерін мен езудің қатысына қарай езулік дауысты дыбыс.
«ө» дыбысына осы үлгіге қарап талдау жаса
Қорытынды:
Жіңішке дауысты дыбыстарға осы үлгіге қарап талдау жасату екі-үшеуін жазбашақалғандарын ауызша орындатуға болады
Сабақ № 11
Тақырыбы: Жуан дауысты дыбыстарға мінездеме беру
Мақсаты : Жас ерекшеліктерін ескере отырып фонетика саласын терең меңгерту. Талдау жұмыстарына, шығармашылық тапсырмаларға баса назар аудару.Фонетикалық бірліктерді қарапайымнан күрделіге қарай жұмыстар қарастыру. Шығармашылыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың әдісі : Әңгімелеу, топтастыру. Шығармашылық,талдау.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Дәптерімізді ашайық,
Жалқаулықты тастайық.
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Жаңа ұғыммен таныстыру.
«Миға шабул»
Дауысты дыбыстар
Жуан дауысты дыбыстарды ата. Оларды не себепті жуан дейді . айтылуында қандай ерекшеліктер бар екен. Деген тәрізді жетек жұрақтар қоя отырып, дәлел жауаптар алу.
Дәптермен жұмыс.
Үлгі:
«А» дыбысына талдау жасау
А
Бұл дауысты дыбыс Себебі ,айтқанда өкпеден шыққан ауа
ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырмай, ауа еркін шығады.
Тілдің қатысына қарай жуан дауысты дыбыс. Себебі, Айтқанда тілдің ұшы сәл артқа қарай тартылып, үсті сәл дөңестенеді
Жақтың ашылу дәрежесіне қарай- ашық дауысты дыбыс . Себебі ,айтқанда шығады. жақ кең ашылып, ауа еркін
Ерін мен езудің қатысына қарай езулік. Себебі, айтқанда ерін жиырылып езу артқа қарай тартылады.
Дауысты дыбыстарға осы үлгіге қарап талдау жаса
«О» дыбысына талдау жасау
О
Бұл дауысты дыбыс Себебі , ---------------------------------------------------.
-----------------------------------------------------------------------------------------
Тілдің қатысына қарай --------------------------------------------------
Жақтың ашылу дәрежесіне қарай- -----------------------------------
Ерін мен езудің қатысына --------------------------------------
Қорытынды: Жуан дауысты дыбыстарына талдау жасау
Сабақ№.12
Сабақтың тақырыбы: Тесттік тапсырмалар
Сабақтың мақсаты: Білімдерін саралау. Бекіту.
Жас ерекшеліктерін ескере отырып фонетика саласын терең меңгерту. Талдау жұмыстарына, шығармашылық тапсырмаларға баса назар аудары.Фонетикалық бірліктерді қарапайымнан күрделіге қарай жұмыстар қарастыру. Шығармашылыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Сабақ барысы:
Балалар , бүгін біз ойымызды жинақтап, фонетика саласы бойынша білімімізді саралап көрейік . Ол үшін тесттік тапсырма орындаған дұрыс болар.
Оперционалдық-орындаушылық кезең.
Тесттік тапсырмалар
1. «У» дыбысы қандай дыбыс?
А) дауысты Ә) дауыссыз Б) бірде дауысты, бірде дауыссыз
2. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
А) 3 Ә) 2 Б) 4
3. ц, к, п, т, ш, с қандай дауыссыз дыбыстар?
А) ұяң Ә) қатаң Б) үнді
4. Мәтін деген не?
А) бір, екі сөйлемнен тұрады. Ә) бір сөйлемнен тұрады
Б) мағына жағынан бір-бірімен байланысқан екі не одан да көп сөйлем
5. Мәтіннің неше түрі бар?
А) 3 түрі Ә) 4 түрі Б) 2 түрі
6. А, о, ы.ұ қандай дыбыс?
А) жуан дауысты дыбыс Ә) жіңішке дауысты дыбыс Б) қатаң дауыссыз дыбыс
7. Б дыбысына мінездеме бер.
А) қатаң дауыссыз дыбыс Ә) ұяң дауыссыз дыбыс Б) үнді дауыссыз дыбыс
8. Жуан дауысты дыбыстар қайсысы. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
А) а,о,ұ,ы ә) а,ө,i,е |
б) ұ,ү,ы,i |
||||||||||||||||||||||||||||||||
9. Дауыссыз дыбыстардың қайсысы ұяң дауыссыз. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
А) р,қ,к,т,ж ә) б,д,з, ғ,ж, |
б) в,л,м,н,с |
||||||||||||||||||||||||||||||||
10. Сағат деген сөзде неше буын бар? |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
А) 4 ә) 3 |
б) 2 |
||||||||||||||||||||||||||||||||
11. Қай сөз буынға дұрыс бөлiнiп тұр. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
А) жа-рыс ә) ж-арыс |
б) жар-ыс |
||||||||||||||||||||||||||||||||
12. Көп нүктенiң орнына дұрыс қосымшаларды жалға. Ауыл..., қырман..., мектеп... |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
А) ға,нан, ке. ә) дың, ның, тiң |
б) нан,нен, дан |
||||||||||||||||||||||||||||||||
13. Қай сөз дұрыс жазылған? |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
А) басшы, ашса,Бозжан ә) башшы, ашша Божжан |
б) бащы, аща, Божан |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
14.. Қазақ тiлiнде неше дауысты дыбыс бар? |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
А) 10 ә) 11 |
б) 12 |
||||||||||||||||||||||||||||||||
15. Құл…н сөзiнде қандай әрiп жазылуы керек? |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
А) ұ ә) ы |
б) ү |
||||||||||||||||||||||||||||||||
16. Берiлген сөздерден жiңiшке дауысты дыбыстарды iрiкте. Пәтер, кiтап, қабырға, өнерпаз |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
А) ә,е,i,ө,е ә) ә,i,а,е,а |
б) ә,е,о,а,е |
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қорытынды: Қатемен жұмыс жасату
Сабақ№.13-14
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар. Қатаң дауыссыз дыбыстар
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың оқу-жазу дағдыларын қалыптастыру, дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін кеңейту, сөздік қорларын байыту, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: Шығармашылық, түртіп алу, бес жол өлең,ЭССЕ.
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.
Құстар, ... , ... , ... , ... .
Аңдар, ... , ... , ... , ... .
Дауысты дыбыстардың астын сыз.
Шығармашылық тапсырма
Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын өз сөздерінмен баяндаңыздар Жаттап алыңдар ! асты сызылған сөздердегі дыбыстарға мінездеме беріңіз!
Қ ЫС
Ақ киімді, денелі, ак сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті басы ақ қырау, түсі суық,
Баскан жері сыкырлап келіп қалды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып мазаңды алды.
борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы,
Бет қарауга шыдамай, теріс айналды.
Абай Құнанбаев
Сурет бойынша ЭССЕ құрастыру. «Қар» сөзі бойынша сурет құрастырып, әңгіме жүргізу.
Постермен жұмыс жүргізу шана
ҚАР
СалқынА қ түсті
Қыс мезгілі
Боран
Аққала т.б осы үлгіде
Жаңа ұғыммен таныстыру:
-
д ауыссыз дыбыстың шартты белгісі.
Қазақ тілінде 24 дауыссыз дыбыс бар + у кейде дауысты ,кейде дауыссыз болады.
Дауыссыз дыбыстар 3 –ке бөлінеді. Оны біз білуіміз тиіс.
Атап шығайық мына кестені толтырайық.
Дауыссыз дыбыстар
үнді
ұяң
қатаң
Қатаң дауыссыз дыбыстар тек салдырдан тұрады. 12 қатаң дауыссыз дыбыс бар.Олар : қ,к,п,т, с, ц, ф,ш,щ, х, ч, һ
Үлгі:
«Қ» дыбысына талдау жасау
Қ
Бұл дакыссыз дыбыс Себебі, айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір түрлі кедергілерге ұшырайды, ауа қысылып шығады.
Үн мен салдырдың қатысына қарай қатаң дауыссыз дыбыс.
« С.К.Т.Р» дыбысына осы үлгіге қарап талдау жаса
Қорытынды :
Мына сөздердегі дыбыстарды екіге бөліп жаз.
Дауыссыз және дауысты
Алуа, ине, шөп, жылқы, сарай.
Сабақ № 15 - 1 6
Тақырыбы: Ұяң және Үнді дауыссыз дыбыстар
Мақсаты Жас ерекшеліктерін ескере отырып фонетика саласын терең меңгерту. Талдау жұмыстарына, шығармашылық тапсырмаларға баса назар аудару.Фонетикалық бірліктерді қарапайымнан күрделіге қарай жұмыстар қарастыру. Шығармашылыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың әдісі : Әңгімелеу, топтастыру, шығармашылық, бес жол өлең құрастыру, талдау.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Дәптерімізді ашайық,
Жалқаулықты тастайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Жаңа ұғыммен таныстыру.
«Миға шабул»
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз ұяң дыбыстарды айтқанда үннен гөрі салдыр басым болады. Қазақ тілінде 7 ұяң дауыссыз дыбыс бар. Олар: б,в,г,ғ,д,ж,з.
«Б,В;Г;Ғ;Д;З;Ж» Ұяң дауыссыз дыбысына талдау жасау
Жұмыс дәптермен жұмыс.(35 мин)
Үлгі:
«Б» дыбысына талдау жасау
Б
Бұл дауыссыз дыбыс Себебі, айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырайды, ауа қысылып шығады.
Үн мен салдырдың қатысына қарай Ұяң дауыссыз дыбыс.
В
Үнді дауыссыз дыбыстарды айтқанда салдырдан гөрі үн басым келеді. Қазақ тілінде 5 үнді дауыссыз дыбыстар бар. Олар : р, л, м, н,ң.
«М;Л;Н;Ң;Р » Үнді дауыссыз дыбысына осы үлгіге қарап талдау жаса
Үлгі:
«Р» дыбысына талдау жасау
Р
Бұл дауыссыз дыбыс Себебі, айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырайды, ауа қысылып шығады.
Үн мен салдырдың қатысына қарай Үнді дауыссыз дыбыс.
«м» дыбысына талдау жасау
М
Қорытынды: Ережені жаттату. Ауызша дыбыстарға мінеездеме бергізу.
Сабақ № 17
Тақырыбы: Фонетика жыр жолдарында
Мақсаты : Жас ерекшеліктерін ескере отырып фонетика саласын терең меңгерту. Талдау жұмыстарына, шығармашылық тапсырмаларға баса назар аудару.Фонетикалық бірліктерді қарапайымнан күрделіге қарай жұмыстар қарастыру. Шығармашылыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың әдісі : Әңгімелеу, топтастыру, шығармашылық , талдау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Дәптерімізді ашайық,
Жалқаулықты тастайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Жаңа ұғыммен таныстыру.
Мәнерлеп оқып жаттап ал! Мазмұнын қалай түсінуге болады?
Бас бармақ бастық екен,
Сұқ саусақ сақтық екен,
Ортан қол ойшыл екен,
Аты жоқ саусақ тойшыл екен,
Ал шынашақ еңбекшіл қойшы екен.
Бастық басқар, сақтық сақтар,
Ойшыл ойла, тойшыл тойла.
Саусақтарды бүгеміз,
Саусақтарды бүреміз,
Бүгіп, бүріп саусақты
Ceргіп калдық, міне, біз.
Осы өлең жолдарынан дауысты дыбыстарды және дауыссыз дыбыстарды атап шық.
Саусақ сөзіне математикалық тәсілмен талдау жұмысын сасайық
Берілгені : Саусақ о-□-∆=?
Шешуі : 6о-2□-4∆
2□(2а) жуан ашық о еріндік о
2□о(2 а) = = =
Жіңішке 0 2□(2а) қысаң 2□ (2а) езулік
2∆( 2с,қ) Қатаң,
4 ∆(2 с , у,қ) = ұяң о
1∆ (у) үнді
Енді бүгін біз сіздермен сатылай кешенді талдаудың бір түрі сөз сазынды(Фонологиялық) талдау жұмысымен танысамыз.
Талдау жұмысы
Сөз жазылады
Бұл сөзде неше әріп, неше дыбыс бар -? -?
Бұл сөз буынға қалай бөлінеді.
Қандай буындар?
Қандай сөз ( жуан буынды ма? Жіңішке буындыма әлде аралас буынды ма? .
Қандай жағдайда тасымалданады
Үлгі:
білім
5 әріп, 4 дыбыс. – себебі і дыбысы екірет қайталанып келіп тұр 2 (2 і) 3 (б,л,м)
2 буынды сөз себебі, себебі , екі дауысты дыбыс бар.
Біл-ім Біл-б.б ім- а.б
Жіңішке буынды сөз
Біл-ім болып бір жағдайда тасымалданады.
1. Тақтаға қолында шар ұстаған қонжықтың суреті ілінеді. Оқушылар шарлардағы тапсырмаларды орындайды.
1-шар: Жұмбақ шешу.
Семіздікті көтерер,
Қошақанын жетелер.
Қонақ келсе, сойылар,
Бас табаққа қойылар. (қой)
2-шар: Білім сөзінің әрбір әрпіне сөз құрап жазыңдар.
Осы үлгіде қалаған сұрақтарыңызды қоя бересіз.
Рефлексиялық- кезеңі.
-
Жақсы бала болу үшін оқушы қандай болу керек? (оқушылардың ой-пікірін сұрау). Әдепті, ақылды, білімді, т.б.
Сабақ № 18
Тақырыбы: Буын және олардың түрлері
Мақсаты : Жас ерекшеліктерін ескере отырып фонетика саласын терең меңгерту. Талдау жұмыстарына, шығармашылық тапсырмаларға баса назар аудару.Фонетикалық бірліктерді қарапайымнан күрделіге қарай жұмыстар қарастыру. Шығармашылыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың әдісі : Әңгімелеу, топтастыру,шығармашылық.талдау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Дәптерімізді ашайық,
Жалқаулықты тастайық
Қолға қалам алайық
Әдемі етіп жазайық
Жаңа ұғыммен таныстыру.
«Миға шабул»
Буын дегеніміз не?
Буынның түрлерін білеміз бе?
Буын
Бітеу
Ашық тұйық буын
буын буын
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Бүгіннен бастап біз буынның формуласымен танысамыз.
, = ашық буын (а.б)
= тұйық буын (т.б)
= бітеу буын (б.б)
Талдауды мына үлгі бойынша жүргіземіз
А.б т.б т.б б.б а.б а.б а.б т.б б.б
А-та , ой-ын- шық , қа-ла , ба-ла , кө-бе-лек.
Осындай бірнеше сөздерді талда.
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, буынға бөліп жаз, қандай буын екенін айт.
-
Са ... ақ, до ... , ... абақ,
са ... сақ, а .. . пан.
III. Рефлексиялық- кезеңі.
Буын
Мына сөздерді буынға бөл.
Масақ, маса, сабақта, ашпа, ас.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау
Математикалық, Фонологиялық талдау жасау
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақ № 19
Тақырыбы: Буын және олардың түрлері
Мақсаты : Жас ерекшеліктерін ескере отырып фонетика саласын терең меңгерту. Талдау жұмыстарына, шығармашылық тапсырмаларға баса назар аудару.Фонетикалық бірліктерді қарапайымнан күрделіге қарай жұмыстар қарастыру. Шығармашылыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың әдісі : Әңгімелеу, топтастыру,шығармашылық, талдау.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Дәптерімізді ашайық,
Жалқаулықты тастайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Жаңа ұғыммен таныстыру.
«Миға шабул» Есіңде сақта!
, = ашық буын (а.б)
= тұйық буын (т.б)
= бітеу буын (б.б)
Талдауды мына үлгі бойынша жүргіземіз
А.б т.б т.б б.б а.б а.б а.б т.б б.б
А-та , ой-ын- шық , қа-ла , ба-ла , кө-бе-лек.
Осындай бірнеше сөздерді талда.
Фонетикалық жаттығу
Шаңда бар,
Желде жоқ.
Тозаңда бар
Құйында жоқ (ң)
Талдау жұмысы
Кітап
5 әріп, 5 дыбыс 2 3
2 буынды сөз себебі, екі дауысты дыбыс бар.
Кі-тап кі- а.б тап- б.б
Аралас буынды сөз кі – жіңішке буын, тап-жуан буын
Тасымалданады Кі-тап болып екі буынға бөлінгенімен бір жағдайда тасымалданады.
Ірімшікті жедің гой,
«Тәтті екен » дедің ғой
Оның аты біз жазған
Қайсы әріптен басталған? ( ірімшік)
Осы сөзге үлгі бойынша талдау жаса.
Рефлексиялық кезеңі.
Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау
Математикалық, Фонологиялық талдау жасау
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақ № 20
Тақырыбы: Талдауға арналған шартты белгілер . Талдау түрлері.
Мақсаты : Жас ерекшеліктерін ескере отырып фонетика саласын терең меңгерту. Талдау жұмыстарына, шығармашылық тапсырмаларға баса назар аудару.Фонетикалық бірліктерді қарапайымнан күрделіге қарай жұмыстар қарастыру. Шығармашылыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың әдісі : Әңгімелеу, топтастыру, талдау,ЭССЕ.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Дәптерімізді ашайық,
Жалқаулықты тастайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Жаңа ұғыммен таныстыру.
«Миға шабул» Есіңде сақта!
Біз қолданатын талдаудың түрлері
-
Фонетикалық талдау
-
Математикалық талдау
-
Сөз сазындық талдау
-
Буындық талдау
Жұмыс дәптермен жұмыс (35 мин)
Фариза Оңғарсынова
Жылу
Жылылықтан жаралған
Құшағы оның – таң мекен.
Менің айдай анамнан
Асқан сұлу бар ма екен? !
Мейірім –нұр төгілген
Күн көзіндей жанары,
Ойымды оқып өңімнен,
Дірілдейді қабағы.
Жердегі бар тағамнан
Ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан
Сүйікті адам бар ма екен?!
Жер бетінің ғұмыры
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы
Анамыздан тарайды.
Өлең кім жайында айтылған. Өлеңнің мазмұнына шағын ЭССЕ жаз .
Ана сөзіне математикалық талдау жаса.
Берілгені : Ана о-□-∆=?
Шешуі : 3о-2□-1∆
2□(2а) жуан ашық о еріндік о
2□о(2 а) = = =
Жіңішке 0 2□(2а) қысаң 2□ (2а) езулік
Қатаң, ұяң 0
1 ∆(ж,р) =
1∆ (н) үнді
Осы сөзге сөз сазынды талдау жаса.
Ана
3 әріп, 2 дыбыс. 2 1
2 буынды сөз себебі, екі дауысты дыбыс бар.
А-на А-а.б на- а.б
Жуан буынды сөз
Тасымалданбайды. Себебі, жалғыз әріп тасымалданбайды.
III. Рефлексиялық кезеңі.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақ № 21
Тақырыбы: Дыбыстық талдау.
Мақсаты : Жас ерекшеліктерін ескере отырып фонетика саласын терең меңгерту. Талдау жұмыстарына, шығармашылық тапсырмаларға баса назар аудару.Фонетикалық бірліктерді қарапайымнан күрделіге қарай жұмыстар қарастыру. Шығармашылыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу. Талдау жұмыстарын жүргізу.
Сабақтың әдісі : Әңгімелеу, топтастыру, талдау,шығармашылық. Бес жол өлең құрастыру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Дәптерімізді ашайық,
Жалқаулықты тастайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Жаңа ұғыммен таныстыру.
Жұмыс дәптермен жұмыс (35мин)
Өтірік өлең
Айттым да өтірік өлең айла қылдым,
Кесіп ап бедегені найза қылдым.
Торғайды үш қонаққа сойып беріп,
Жарты етін алып қалып, пайда қылдым.
Дүниеде болады екен қоян мықты,
Жабылып он бес жігіт зорға жықты
Соғымға сойған едім,семізін-ай,
Бүйрек майдан басқасы бес қап шықты.
Өтірік өлең екенін қайдан білдік?
Бұны біз қай пәннен өтіп едік?
Өлең күлкіге , мысқылға шақыра ма?
Көз алдымызға елестетіп көрейік ,қандай сезімде болдын?
Еңді өздерін дәптерлеріне осындай өтірік өлең құрастырып көр.
Досыңа кане баға бер.
Өтірік сөзіне математикалық талдау жаса.
Берілгені : өтірік о-□-∆=?
Шешуі : 6о-3□-3∆
жуан 0 1□(ө) ашық 1□(ө) еріндік
3□о(2 і, ө) = = =
2□(2і,ө) Жіңішке 2□(2і) қысаң 2□ (2і) езулік
2∆ (т,к) Қатаң,
3 ∆(т,к,р) = ұяң жоқ
1∆ (р) үнді
Осы сөзге сөз сазынды талдау жаса.
Өтірік
6 әріп, 5 дыбыс. 3 3
3 буынды сөз себебі, үші дауысты дыбыс бар.
Өт-ір-ік барлығыда тұйық буын
Жіңішке буынды сөз
Тасымалданады екі жағдайда өт-ір-ік
Рефлексиялық кезеңі.
Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақ № 22
Тақырыбы: Дыбыстық талдау
Мақсаты : Жас ерекшеліктерін ескере отырып фонетика саласын терең меңгерту. Талдау жұмыстарына, шығармашылық тапсырмаларға баса назар аудару.Фонетикалық бірліктерді қарапайымнан күрделіге қарай жұмыстар қарастыру. Шығармашылыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың әдісі : Әңгімелеу, топтастыру, шығармашылық, талдау.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Дәптерімізді ашайық,
Жалқаулықты тастайық
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Жаңа ұғыммен таныстыру.
«О» дыбысына талдау жасау
О
Бұл дауысты дыбыс Себебі айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз
қуысында ешбір кедергіге ұшырамай шығады.
Жуан дауысты дыбыс
Дауысты дыбыстарға осы үлгіге қарап талдау жаса
Ал санайық санамақ
Саусақтарға қарап ап
Қане ,қане санайық
Санап біліп алайық
Біреу,екеу,үшеу,төртеу ,бесеу,
Қолымда саусағым нешеу?-10
Бір дегенім-білім
Екі дегенім –еңбек
Үш дегенім-үкі
Төрт дегенім-төзім
Бес дегенім –бестік
Алты-дегенім –алғыс
Жеті дегенім-жену
Сегіз дегенім –сену
Тоғыз дегенім-тоқу
Он дегенім-оқу
Қарамен жазылған сөздерге математикалық, сөз сазынды талдау жұмыстарын жүргіз.
Білім сөзіне математикалық талдау жаса.
Берілгені : білім о-□-∆=?
Шешуі : 5о-2□-3∆
жуан 0 ашық 0 еріндік 0
2□о(2 і, ) = = =
2□(2і,ө) Жіңішке 2□(2і) қысаң 2□ (2і) езулік
1∆ (б) ұяң,
3 ∆(б,л,м) = қатаң жоқ
2∆ (м,л) үнді
Осы сөзге сөз сазынды талдау жаса.
Білім
5 әріп, 4 дыбыс. 2 3
2 буынды сөз себебі, себебі, 2 дауысты дыбыс бар.
Біл-ім - біл- буыны б.б ,- ім буыны т.б
Жіңішке буынды сөз
Тасымалданады біл-ім
Рефлексиялық- кезеңі. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Ары қарай Осы үлгі бойынша жалғастыр.
Сабақ № 23
Тақырыбы: Мәтіннен дауысты дыбыстарды тауып , талдау жасау
Мақсаты : Жас ерекшеліктерін ескере отырып фонетика саласын терең меңгерту. Талдау жұмыстарына, шығармашылық тапсырмаларға баса назар аудару.Фонетикалық бірліктерді қарапайымнан күрделіге қарай жұмыстар қарастыру. Шығармашылыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту. Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі : Әңгімелеу, топтастыру,шығармашылыққа баулу, талдау.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Дәптерімізді ашайық,
Жалқаулықты тастайық
Қолға қалам алайық
Әдемі етіп жазайық
Жаңа ұғыммен таныстыру.
Жангелдин ауданы Қалам-Қарасу ауылында 2006-2007 жылға дейін “Қалам” көлі ауыл тұрғындарының күнделікті ауыз суы болатын . Тамаққа да ,шөлдегенде сусын ретінде де, күнделікті тұрмысқа да пайдаланылатын көл болатын. Ал қазір бұл көл ластанып, суы сасып, адам түгілі мал жоламайтын қалге жетті. Бұған не себеп болды. Табиғат па? Әлде адам ба? Кінәлі кім? Осы сұрақ барлық ауыл тұрғындарын мазалап жүр. Себебі дәл ауылдың іргесінде орналасқан “Қалам ” көлі халыққа да малға да пайдасы зор еді. Ал қазір халық “Торғай” өзенінен су тасып, малын суарып жүр...
Егер сен ауылды жерде тұрсаң,өзен-көлдің, құдықтың тазалығына көңіл бөл! Таза су ішсең,денің сау болатынын есіңде сақта! Өзен мен көлдің жағалауын ластамау керек. Біздің елімізде судың тазалығын қорғау туралы заң қабылданды. Заң бойынша барлық ағын су тазалануы керек.
(«Атамекен аясы жанымның жан саясы» ғылыми жобасынан үзінді
2-сынып оқушысы Жұмабек Нүргүл)
Заң-дегеніміз не?
Қарамен жазылған сөздерден дауысты дыбыстарды тауып, мінездеме бер.
Жұмыс дәптермен жұмыс (35 мин)
Рефлексиялық кезеңі.
Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақ № 24
Тақырыбы: Тесттік тапсырмалар.
Мақсаты : Білімдерін бекіту, саралау жұмысы. Жас ерекшеліктерін ескере отырып фонетика саласын терең меңгерту. Талдау жұмыстарына, шығармашылық тапсырмаларға баса назар аудары.Фонетикалық бірліктерді қарапайымнан күрделіге қарай жұмыстар қарастыру. Шығармашылыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың әдісі : Әңгімелеу, топтастыру
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Дәптерімізді ашайық,
Жалқаулықты тастайық,
Қолға қалам алайық,
Тесттік жұмысты бастайық.
Тесттік тапсырмалар
1. «У» дыбысы қандай дыбыс?
А) дауысты Ә) дауыссыз Б) бірде дауысты, бірде дауыссыз
2. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
А) 3 Ә) 2 Б) 4
3. ц, к, п, т, ш, с қандай дауыссыз дыбыстар?
А) ұяң Ә) қатаң Б) үнді
4. Айтылатын және естілетін құбылыс қалай аталады?
А) әріп Ә) дыбыс Б) дауыс
5. Дыбыс немен таңбаланады?
А) сызықпен Ә)әріппен Б) әліпбимен
6. Қай дыбыс жуан дауысты дыбыс .
А) ө Ә) е Б) ұ
7. Қай сөзде і дыбысы жазылмайды
А) ілезде Ә) ілес Б) ілгері
8. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді
А) 3 Ә)2 Б)4
9.Үнді дыбыстардың қатарын тап
А) у,й,н,р Ә) м,н,к,г Б) к.ш,н,б
10.Буынның неше түрі бар
А) 2 Ә) 4 Б) 3
11. Дауысты дыбыстан басталып,дауыссыздыбысқа аяқталса қандай буын
А) ашық Ә) бітеу Б) тұйық
12 Тасымал дегеніміз не?.
А) сөзді айтқан кездегі дауыс толқыны Ә) сөзді жазған кезе жолға сыймай қалған бөлігін келесі жолға көшіру. Б) дыбыстың ерекше көтеріңкі айтылуы.
13. Бос орынға қай сөз сәйкес келеді?
Сөзде қанша ............. болса, сонша буын болды.
А) дауыссыз дыбыс Ә)дауысты дыбыс Б) үнді дауыссыз
14. Буынға қате бөлінген сөзді тап
А) құ-мырс-қа Ә) би-ік-тік Б) ау-ыл
15 . Көгершін сөзінде неше буын бар
А) 3 Ә) 2 Б) 4
Рефлексиялық кезеңі.
Сабақ № 25
Тақырыбы: Екпін
Мақсаты : Жас ерекшеліктерін ескере отырып фонетика саласын терең меңгерту. Талдау жұмыстарына, шығармашылық тапсырмаларға баса назар аудару.Фонетикалық бірліктерді қарапайымнан күрделіге қарай жұмыстар қарастыру. Шығармашылыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың әдісі : Әңгімелеу, топтастыру, бес жол өлең құрастыру, шығармашылық.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Дәптерімізді ашайық,
Жалқаулықты тастайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Жаңа ұғыммен таныстыру.
Екпін- сөйлеген кездегі белгілі бір сөздің, буынның және дыбыстың ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы.
Жұмыс дәптермен жұмыс (35 мин)
Өлеңді мәнерлеп оқып, екпін түскен дыбыстарды айт.
Туған жер
Көгінде нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу , неткен көркем,
Осы менің туған өлкем!
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу , неткен көркем,
Осы менің туған өлкем!
Ер еңбегі шалқып, тасқан.
Ел еркіндей бақыт тапқан.
Неткен сұлу , неткен көркем,
Осы менің туған өлкем!
Өлеңнің бірінші шумағын жатқа жаз!
Екпін түскен жыбыстарды қорша
«Туған өлкем» тақырыбына бес жол өлең шығар. Сол өлеңінді суреттеп сал!
Туған өлкем
Дүниеге келген жерім
Рефлексиялық кезеңі.
Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақ № 26
Тақырыбы: Мәтінмен жұмыс
Мақсаты : Жас ерекшеліктерін ескере отырып фонетика саласын терең меңгерту. Талдау жұмыстарына, шығармашылық тапсырмаларға баса назар аудару.Фонетикалық бірліктерді қарапайымнан күрделіге қарай жұмыстар қарастыру. Шығармашылыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың әдісі : Әңгімелеу, топтастыру,ЭССЕ,талдау. Сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Дәптерімізді ашайық,
Жалқаулықты тастайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Жаңа ұғыммен таныстыру.
Мәтін атауы тақырып деп аталады. Тақырып мәтінде не туралы айтылғанын көрсетеді.
Мәтін бірнеше бөлімдерден құралады. Әрбір бөлім абзац деп аталады және жаңа жолдан бастап жазылады.
Жұмыс дәптермен жұмыс (35 мин)
1. Тақтаға төмендегідей мәтін жазылған плакат ілінеді.
Күшік
Көктем келді. Ауыл маңы лай-сайсанға айналды. Далада әңгімелесіп тұр едік. Бір кезде қасымызға Ринат келді. Еңтігіп жүгіріп келіпті. Қолында кіп-кішкентай күшік . Мал суаруға барғанда «Торғай» өзенінің бойынан тауып алыпты. Күшіктің аяғы жаралы екен. Жібере салуға обалсындық. Аяғы жазылғанша бағуды жөн көрдік. Ринат пен Ілияс күшікке үйшік жасады. Әмина оған сүт берді. Күшік бізге үйрене бастады. Аяғы да жазылды. Аз күнде далаға жібердік. Әмина «Ақтабан» деп ат қойды.
- Мәтінді оқымай тұрып, ол не туралы екенін кім айтады? (Күшік туралы).
- Оны қайдан білдіңдер? (Тақырыбынан).
Үш абзацты жеке-жеке оқытып, әр абзацқа ат қойдырылады. Оларды тақтаға жазып қою керек. Әртүрлі нұсқалар болуы мүмкін. Жоспар қысқа сейлемдерден тұратындығы айтылады.
1) Жаралы күшік.
2) Балалардың қамқорлығы.
3) Қолға үйренген күшік.
- Балалар, әр абзацқа ат қоя отырып, біз не құрдық?
- Мәтінге жоспар құрдық.
- Жоспар не үшін керек?
Жоспар арқылы мәтіннің негізгі мазмұны көрсетілетіні, мәтіннің мазмұны ретімен айтылатыны түсіндіріледі.
Сабақты қорытындылау.
1. Мәтін дегеніміз не?
2. Абзац дегеніміз не?
3. Жоспар қалай құрылады?
4. Мәтіннің түрлерін айтыңдар.
Күшік сөзіне математикалық талдау жаса.
Берілгені : күшік о-□-∆=?
Шешуі : 5о-2□-3∆
жуан 0 ашық 0 1 □ (ү) еріндік
2□о(ү, і, ) = = =
2□(і,ү) Жіңішке 2□(ү,і) қысаң 1 □ (і) езулік
3∆ (2к,ш) қатаң,
3 ∆(2 к,ш,) =
Ұяң, үнді 0
Осы сөзге сөз сазынды талдау жаса.
Күшік
5 әріп, 4 дыбыс. 2 3
2 буынды сөз себебі, себебі, 2 дауысты дыбыс бар.
Күш-ік - күш- буыны б.б ,- ік буыны т.б
Жіңішке буынды сөз
Тасымалданады
Рефлексиялық кезеңі.
Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақ № 27-28
Тақырыбы: Тасымал
Мақсаты : Жас ерекшеліктерін ескере отырып фонетика саласын терең меңгерту. Талдау жұмыстарына, шығармашылық тапсырмаларға баса назар аудару.Фонетикалық бірліктерді қарапайымнан күрделіге қарай жұмыстар қарастыру. Шығармашылыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың әдісі : Әңгімелеу, топтастыру
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Дәптерімізді ашайық,
Жалқаулықты тастайық
Қолға қалам алайық
Әдемі етіп жазайық
Жаңа ұғыммен таныстыру.
Тасымал- сөзді жазған кездегі оның жолға сыймай қалған бөлігін келесі жолға көшіру.
Тасымал буынға негізделеді. Яғни , сөздер тек буын жігімен тасымалданады. Мысалы, «Білімді» сөзін екі жолмен тасымалдауға болады. Біл-імді, білім-ді
Тасымалдауға болмайтын жағдайларда бар.
Олар:
-
Тек бір дауысты дыбыстан тұрған ашық буындар. А-та
-
Бір буыннан тұратын сөзді тасымалдауға болмайды от, қант
-
Қысқарған сөздерді тасымалдауға болмайды ТМД, ҚР
Ескерту:
1.Адам атының қысқартылып алынған әрпін фамилиясынан айырып бірінші жолда қалдыруға болмайды. Г.Ж.Қалиева
2. Қысқарған өлшем бірлігін саннан айырып тасымалдауға болмайды. 15 см 20 кг
Дәптермен жұмыс (35 мин)
«Еңбектің наны тәтті» тақырыбына мәтін құрастыр. Тасымалданған сөздерінді дәлелдеп айт.
«Еңбек» сөзінің мағынасына байланысты 5 жол өлең құрастыр. Сол өлеңнен 3 зат есімге талдау жаса.
Еңбек сөзіне математикалық талдау жаса.
Берілгені : Еңбек о-□-∆=?
Шешуі : 5о-2□-3∆
жуан 0 ашық 0 еріндік 0
2□о(2е, ) = = =
2□(2 е ) Жіңішке 2□(2е) қысаң 2 □ (2е) езулік
1∆ (к) қатаң, 1 ∆ (б) ұяң
3 ∆(ң,б,к) =
1∆ (ң) үнді
Осы сөзге сөз сазынды талдау жаса.
Еңбек
5 әріп, 4 дыбыс. 2 3
2 буынды сөз себебі, себебі, 2 дауысты дыбыс бар.
Ең-бек - ең- буыны т.б ,- бек буыны б.б
Жіңішке буынды сөз
Тасымалданады ең-бек
Рефлексиялық- кезеңі.
Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақ № 29
Тақырыбы: Дыбыстық өзгерістер
Мақсаты : Жас ерекшеліктерін ескере отырып фонетика саласын терең меңгерту. Талдау жұмыстарына, шығармашылық тапсырмаларға баса назар аудару.Фонетикалық бірліктерді қарапайымнан күрделіге қарай жұмыстар қарастыру. Шығармашылыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың әдісі : Әңгімелеу, топтастыру, талдау, шығармашылық.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Дәптерімізді ашайық,
Жалқаулықты тастайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Жаңа ұғыммен таныстыру
Түбір мен қосымшаның жігіндегі және сөз арасындағы көрші дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, ыңғайласып , үйлесіп қолданылуын дыбыстардың үндестік заңы деп атайды.
Әдетте дауысты дыбыс дауысты дыбысқа және дауысты немесе дауыссыз дыбыс дауыссыз дыбысқа әсер етеді. Қандай дыбысқа әсер етуге байланысты үндестік заңы екіге бөлінеді. Буын үндестігі және дыбыс үндестігі.
Қазақ тілінің сөздері біріңғай жуан я жіңішке буынды болып келеді. Қосымшада соған үндесіп жалғанады. Сөздің соңғы буынының жуан,жіңішке болуына орай қосымшалардың да біріңғай жуан не біріңғай жіңішке түрде жалғануын буын үндестігі дейміз. Яғни буын үндестігі дауысты дыбыстың дауысты дыбысқа әсері болып табылады.
Буын үндестігі-сөздердің соңғы буынының жуан ,жіңішке болуына қарай қосымшалардың да жуан не жіңішке болып жалғануы.
Мысалы: Бала және ілгіш сөздеріне қосымша жалғап көрейік.
Бала жуан буынды сөз. Балаларда десекте оған жалғанған қосымшаларжуан. Себебі , соңғы буын жуан болуына байланысты оған жалғанған қосымшаларда жуан болып тұр. Бала+ лар+да
Ал келесі ілгіш жіңішке буындысөз. Ілгіштерге соңғы буын жіңішке болуына байланысты оған жалғанған қосымшада жіңішке болады.
Жұмыс дәптерімен жұмыс. (35 мин)
Сөздерге буындар жалға не байқадың жазып қой!
Айна, қалам, кітап, өшіргіш, елік, сандық, есік.
Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлең мазмұнын әңгімелеп айт. Өлең неге «Боксшы» деп аталған? Олимпиада жүлдегері болған боксшылардан кімдерді білесің?
Боксшы.
Қашаннан-ақ шаршы алаң
Кіл мықтыны таңдайды.
Тамашалар барша адам –
Бокс десе, қалмайды.
Ұпай жиып алғасын,
Құлап қалмай оқыста,
Асырса кім айласын,
Жеңіп шығар бокста.
Келсең келші үміт қып,
Әркім жетпес өресі –
Сынға түсер жігіттің,
Бокс – спорт төресі.
Өлеңнен біріңғай жіңішке буынды сөздерді бір бөлек, біріңғай жуан буынды сөздерді бір бөлек жаз.
Жіңішке буынды сөздер Жуан буынды сөздер
Рефлексиялық кезеңі.
Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақ № 30
Тақырыбы: Фонетика жыр жолдарында
Мақсаты : Жас ерекшеліктерін ескере отырып фонетика саласын терең меңгерту. Талдау жұмыстарына, шығармашылық тапсырмаларға баса назар аудару.Фонетикалық бірліктерді қарапайымнан күрделіге қарай жұмыстар қарастыру. Шығармашылыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың әдісі : Әңгімелеу, топтастыру, талдау, бес жол өлең, шығармашылық.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Дәптерімізді ашайық,
Жалқаулықты тастайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Жаңа ұғыммен таныстыру
Өлеңді жаттап ал !
Ахмет ата
Шалқар дала –байтағы, Талантты ма төкпеген,
Шеті, шегі қайда әлі , Туады ма текке өлең,
Рухани көсем деп Сүйеніп өз ойына
Ретті жұрт айтады . Сөз өнерін зерттеген...
Тұлпар тұйағын тұсады, Кешегі кеңес кінәлі,
Таза бірақ ісі , ары, Көр қазып, өзі құлады,
Өлең-өмір өрнегі Ұрпақ ұмытпас өсиет
Мағыналы бейне-мысалы. Ұлы Ахмет ұраны.
Нағашыбай Мұқатов
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ахмет ата
Кім?
Талантты, өнерлі, білімді сөздеріне сөзсазындық талдау жаса.
Ізденіс:Ахмет Байтұрсынұлының бір мысалың оқып бер. Мазмұнына талдау жаса.
III. Рефлексиялық- кезеңі.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау
Оқушылардың еңбегін мадақтау.
Сабақ № 31
Тақырыбы: Бес жол өлең құрастыру.
Мақсаты : Оқушыларды бес жол өлең құрастыру жолдарымен таныстыру. Сөз саптау, ұйқас құрастыру жолдарын қарастыру. Жас ерекшеліктерін ескере отырып фонетика саласын терең меңгерту. Талдау жұмыстарына, шығармашылық тапсырмаларға баса назар аудару.Фонетикалық бірліктерді қарапайымнан күрделіге қарай жұмыстар қарастыру. Шығармашылыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың әдісі : Әңгімелеу, топтастыру, шығармашылық, бес жол өлең, талдау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Дәптерімізді ашайық,
Жалқаулықты тастайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Жаңа ұғыммен таныстыру
Шығармашылық диктант.
-
Концертке, дайындалды, оқушылар.
-
Әсел, айтады, ән, Отан, туралы.
-
Тақпақ, жаттадым, мен.
-
Болат, тартады, домбыра.
-
Концерт, қоясыңдар ма, сендер.
-
Өнерлі ме, оқушылар, сыныптарыңдағы.
-
Сыныптың, өнерлі, оқушылары.
-
Ән, Әсемнің, ғажап, айтуы.
-
Қандай, керемет, даусы.
-
Ұйып, оны, тыңдаймыз, бәріміз.
Өлең құрастыру үшін алдымен тақырыбын аңықтап алғанымыз жөн. Тақырыпқа сай мақсат қойып аламыз. Сол мақсаттың мазмұнына сай өлеңімізде мазмұнды болады. Ал тартымды,ұйқасты болу үшін. Біз ұйқас түрлерін пайдалана аламыз.
Ұйқастың бірнеше түрлері бар . Қара өлең ұйқасы, шалыс ұйқасы, егіз ұйқас . аралас ұйқас, ерікті ұйқас, шұбыртпалы ұйқас т.б біз сіздермен солардың жеңілдеу төмендегі үш түрімен танысамыз.
Қара өлең ұйқасы-1,2,3 жолдар бір- бірімен ұйқасады да 3 жолы ылғи ұйқассыз бос қалып отырады. Он бір буынды болады.
Ерікті ұйқас-өлеңнің бәрі бірдей белгілі бір тәртіппен құрала бермейді. Ұйқастары бірде олай, бірде бұлай болып келетін өлеңдер.
Аралас ұйқас- әр түрлі ұйқастар бір шумақтың немесе бір өлеңнің ішінде белгілі бір тәртіппен араласып келіп отырса ,ондай өлең аралас ұйқас болады.
Одан әрі жоғары сыныптарда тереңірек таныса жатарсыңдар.
Еңді осы өлең ұйқастарын пайдаланып көрейік!
Суретке қара, суретке байланысты қандай мақал айтуға болады .
Сол мақалға бес жол өлең құрастыр.
Мақалдың мағынасын түсіндір.
Өз өлеңіне берер баған қандай?
Өзін қалаған екі сөзге математикалы және сөзсазындық талдау жаса.
Рефлексиялық кезеңі.
Сабақты қорытындылау
Оқушылардың еңбегін мадақтау
Сабақ № 32
Тақырыбы: Дыбыстарға талдау
Мақсаты : Жас ерекшеліктерін ескере отырып фонетика саласын терең меңгерту. Талдау жұмыстарына, шығармашылық тапсырмаларға баса назар аудару.Фонетикалық бірліктерді қарапайымнан күрделіге қарай жұмыстар қарастыру. Шығармашылыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың әдісі : Әңгімелеу, топтастыру, талдау ,шығармашылық.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Дәптерімізді ашайық,
Жалқаулықты тастайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Жаңа ұғыммен таныстыру
Қ
Қарағым, халқыңды сүй ,қор болмайсын,
Қасиеттің не екенің ойланғайсың.
Қарапайым қамқоршым, ел –жұртындай,
Құдіреттің иесін таба алмайсын.
К
Келешек жайын ойлаған,
Кернеуге бие байлаған.
Кеңпейілді халқым бар
Көгеріп , көктеп жайнаған.
Г
Гүлдер жайнап қырларда,
Гүлжаз гүлдер жинады.
Гүлайым мен гүлнарға,
Гүлшоқтарын сыйлады.
Ғылым қуған жасынан,
Ғалым аға Жасұлан.
Ғарыш жайлы суретті,
Ғалиматқа көрсетті.
Өлеңдердегі бірінші әріптерге дыбыстық мінездеме жаса. Қ,К,Г,Ғ
Өзінде осындай өлең ұйқасын құрып көр.
-----------------------------------------------------------------------------
. Рефлексиялық- кезеңі. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау
Оқушылардың еңбегін мадақтау
Сабақ № 33
Тақырыбы: Сөздердің бір әріпінің өзгеруі арқылы жаңа сөз жасау
Мақсаты : Жас ерекшеліктерін ескере отырып фонетика саласын терең меңгерту. Талдау жұмыстарына, шығармашылық тапсырмаларға баса назар аудару.Фонетикалық бірліктерді қарапайымнан күрделіге қарай жұмыстар қарастыру. Шығармашылыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың әдісі : Әңгімелеу, топтастыру, шығармашылық, талдау.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Дәптерімізді ашайық,
Жалқаулықты тастайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Жаңа ұғыммен таныстыру
Міне ,қызық!
Қан – сөзінін бір әріпін өзгерту арқылы жаңа сөз жасап , көрейік. Мысалы: Қ-нының орнына С әріпін жазып көр . Сан, Н, нан, Ж -, жан
Соңғы әріпін өзгертіп көр. Мысалы: қақ, қат, қап, қас,қал,қар т.б
Ортасындағы әріпті өзгертіп көр. Мысалы : қон
Бал- сөзіне Сал, дал, мал, қал т.б
Соңғы әріпін өзгертіп көр. Мысалы: бар, бас, бат,бақ,бапт.б
Ортасындағы әріпті өзгертіп көр. Мысалы : бол
Осы үлгімен өзін бірнеше сөзжасап көр.
Өзің қалаған 5 сөзге талдау жаса.
III. Рефлексиялық- кезеңі.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау
Оқушылардың еңбегін мадақтау
Сабақ № 34
Тақырыбы: Тесттік тапсырмалар.
Мақсаты : Қорытынды білімдерін саралау,бекіту. Шығармашылыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Сабақтың әдісі : Топтастыру. Тест.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Дәптерімізді ашайық,
Жалқаулықты тастайық.
Қолға қалам алайық,
Тесттік жұмысты бастайық
Жаңа ұғыммен таныстыру.
Тесттік тапсырмалар
1. Дыбыс дегеніміз не?
а) сөздің ең кіші бөлігі ә) тыныс белгісі б) әріптің айтылуы.
2. Барлығы жуан дауысты дыбыс болатын қатарды көрсет.
а) ә, ө, ы, е, и, т. ә) ә, ө, ү, і. б) а, о, ұ, ы.
3.Дауыссыз дыбыстардың түрлерін тап.
а) Жуан. ә) Жіңішке. б) Қатаң, ұяң, үнді.
4. Қатаң дауыссыз дыбыстары бар қатарды белгіле.
а) ө, б, в, г, ғ, д, ж. ә) к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ. б) а, о, ұ, ы.
4. Мәтіндерді оқып, пайымдау мәтінін тап.
А). Аққу гүлдер
Бір көлшіктің айдынында таңғажайып аппақ гүлдер ашылып тұр. Бір ғажабы - жаны бар, тірі... Көз алдыңда ашылып, жазылады да, лезде ғайып болады. Бұл - жай гүл емес, гүлге айналып, құбылып тұрған кәдімгі аққу. Аққу өзінің аппақ мамығын қобыратып, дөңгелене түседі. Содан көз алдыңда өте әдемі гүл пайда болады. ^
«Табиғат таңғажайыптары» кітабынан
Ә)
Арыстан
Арыстан - өте күшті аң. Ол қорқуды білмейді. Сондықтан жұрт оны «аң патшасы» дейді.
«Табиғат таңғажайыптары» кітабынан
б) Нәркес гүлі
Нәркес гүлі ақ және сары түсті. Шеттері тегіс немесе қатпарланып тұрады.
«Өсімдіктер өлемінен» кітабынан
5.Дұрыс тасымалданған сөзді тап.
а) Дәрі-хана
ә) к-ітап
б) құрылысш-ы
6. «у» қандай дыбыс
а) дауысты ә) дауыссыз б)бірде дауысты, бірде дауыссыз.
7.ю – әріпі бар 5 сөз жаз.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
8.төрт буынды сөзді тап.
а) қауын ә) жұмысшылар б) қуыршақ
9. қай кезде «у» дауысты?
а) сауыншы ә) ту б)қауын
10.Біріңғай жіңішке дауысты дыбысы бар сөзді тап.
а) Егістік ә)орман б) қырман
11.Я-әріпі бар 5 сөзжаз.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 12. Біріңғай жуан дауысты дыбысы бар сөзді тап
а) өшіргіш ә) шілде б)маусым
13. И-әріпінен басталатын 5 сөз жаз.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
14.жиын, бәйге, түйме сөздерін буынға бөліп жаз.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
15.Қазақ тілінде неше дыбыс бар.
а) 47 ә)37 б) 38
16.Қазақ тілінде неше дыбыс бар.
а) 47 ә)37 б) 38
17. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
А) 3 Ә) 2 Б) 4
18. ц, к, п, т, ш, с қандай дауыссыз дыбыстар?
А) ұяң Ә) қатаң Б) үнді
19.Жаңылтпашты тап
а) Ата - бәйтерек, бала – жапырақ.
ә) Дән - дәулет,Дәулет - дән.
б) Мен бүгін мектепке бардым.
20.Қатаң дауыссыздарды тап
А) к,қ,п,т,ф,һ ә) а,с,к,д,ж,з б) л,м,н,ң,р,й,у
21.Дыбыс үндестігі дегеніміз не?
а) Сөздердің тіркесіп айтылуы ә)Сөздердің бір-бірімен байланысуы
б)Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп,өзара үндесіпайтылуы
22.Тақырып дегеніміз не?
а) Мәтіндегі оқиға мен ойдың түйіні ә) Сөйлемдердің байланысуы
б) Тіркесіп келетін сөздер
23.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді тап:.......бауырында шырша көп өседі
а) Алатау ә) Алатауда б) Алатаудың
24.Дұрыс құрастырылған сөйлемді көрсет
а) Алтыбақан ойыны ұнады баршамызға
ә) Алтыбақан ойыны баршамызға ұнады
б) Баршамызға ұнады алтыбақан ойыны
25. Мемлекеттік тіл қай тіл екенін көрсет
а) орыс ә) татар б) қазақ
26.Жұмбақтың жауабын тап:Белі бүкір,алысқа түкір
а) мылтық ә) балта б) анар
27. Білім тақырыбына бес жол өлең құрастыр.
28. «Фонетика жыр жолдарында» таңдау сабағына байланысты ЭССЕ жаз.
III. Рефлексиялық кезеңі.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Сабақты қорытындылау
Оқушылардың еңбегін мадақтау