Таңғажайып жануарды
қорғайық!
( ашық тәрбие сағаты)
Арыстангалиева Р.Р.
Мақсаты:
1) Оқушыларға ақбөкен туралы
мағлұмат беру;
2)
Олардың
бойында жауапкершілікті арттыру, табиғатты сүюге тәрбиелеу, құрып
бара жатқан ақбөкендерді қорғауға үндеу.
Көрнекіліктер: суреті бейнеленген түрлі
плакаттар, интерактивті тақта
Барысы.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті
ұстаздар мен оқушылар!
Табиғат, қызығам сенің
суретіңе
Бас ием сенің алып құдіретіңе.
Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,
Тұтқасы тіршіліктің күн
бетіне,-деп ақындарымыз жырлағандай осы табиғат-анамыздың тамаша
туындыларының бірі – хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ көптеген
жануарларды аялап, қамқорлыққа алған. Оларды жақсылықтың жаршысы,
бақыттың бастамасы деген қасиетке лайық көріп, дәріптеген. Олар
далаға ажар берген – ақбөкен, ән мен сәннің иесі – бұлбұл, су аруы
– аққу, Алтайдың ерке маралы, т.б.
Бүгін біз осы еліміздің
таңғажайып жануары – ақбөкен туралы «Таңғажайып жануарды қорғайық!»
атты ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Ендеше, осы даламыздың
сәнін келтіріп жүрген жануар туралы не біледі
екенбіз?
1-оқушы:
Киік сөзінің төркіні
татар
тілінен алынған. 1769 жылы орыс ғалымы Петр-Симон Паллас
тұяқтыларға ресми түрде осы атауды береді. Ол Орынбор
губернияларына саяхат жасап жүрген кезінде «жабайы ешкілерді»
кездестіреді. Жергілікті тұрғындар – татарлар оларды «сайға» деп
атаған. Бетпақ дала тұрғынының латын тіліндегі ғылыми атауы
– Saiga tatarica.
Киік қазіргі уақытта төрт
мемлекеттің аумағында: Қазақстанда, Ресейде Қалмақ елінде,
Өзбекстанда, Монғолияда, сонымен бірге бұрын Түркіменстан
территориясында да кездесетін. Әр халықтың бұл аңға берген өз атауы
бар. Қазақтар – ақбөкен, бөкен, ақ
киік, өзбектер – сайғақ,
түрікмендер – кейик,
түріктер – ақ құйрық,
қалмақтар – бухин,
монғолдар – бухэн деп
атайды.
2-оқушы:
Республикамызда ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара
бөлінген Бетпақдала-Арыс, Үстірт және Еділ-Жайық деген топтары
мекендейді. Текелердің дене тұрқы 126-150 см., салмағы 37-49 кг.,
ал ешкілер кішірек, дене тұрқы 109-127 см., салмағы 22-37 кг-дай
болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің
мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында
арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Ақбөкендер шөл,
шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге
бейімделген.
3-оқушы:
Олардың
қоныс өзгертуі ауа-райына, жайылымға байланысты болады. Ақбөкендер
қыстың суық, қарлы болатындығын немесе көктемнің кеш шығатындығын
алдын-ала болжай алады. Олар - жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең
өсімталы, жылына бір рет көбейеді.Жаппай төлдеуі мамырдың
1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады
да, оны қазақ халқы «құралайдың
салқындығы» деп атайды. Көбіне егізден, 3
лақ та туады. Оның лағын құралай деп атайды.
4-оқушы:
Бірақ
бертін келе дәмді еті және жанға шипа, дертке дауа болатын дәрілік
шикізат – мүйізі үшін жыртқыштық жолмен қалай
болса солай
аулау - бұл жабайы аңның бұрын
өмір сүрген көптеген аудандарда жойылып кетуіне әкеп соқты. Оның
мүйізінің емдік қасиетін халықтық медицина ертеден
білген.Одан жень – шень немесе
пантокрин тәрізді дәрілер алынады.
Мұндай дәрі өкпе қабынуы, жүрек ауруы, құяң сияқты ауруларға ем
есебінде қолданылған. Мал еті ауырлау тиетін науқастар киік етін
жеген,өйткені киік еті - тез сіңетін жеңіл тамақ.
5-оқушы:
Ақбөкеннің тұяғын күйдіріп,одан алынған күлді денедегі жара
– теміреткіге жақса , ол тез жазылатынын
шығыс халықтары ертеден түсінген. Ал, бұл жануардың қаны шөлі
қанбайтын сусамыр
ауруына шалдыққандарға пайдалы.
Қазақша киікті «киелі», «қасиетті аң» деуі
осыдан.
Жүргізуші: Өте жақсы, оқушылар! Біздер
ақбөкеннің қандай жануар екенін білдік.
2011 жылдан бастап ақбөкен
күні – халықаралық мейрам болып тойланады. Сол жылы Казталов және
Жәнібек ауданының 5 ауылында 27 сәуір - 4 мамыр аралығында
өткен.
Ендеше, бәріміз де мына
суреттерге назар аударайық (слайдтағы суреттерді
түсіндіру)!
Поэзия саған өзіңнің сезіміңді
сөзбен жеткізуге көмектеседі. Олай болса, сіздерге
........С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін оқып
береді.
Арқаның
Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ
шөл ойлы – қырлы панасы бар.
Сол шөлде ел жоқ , күн жоқ
өсіп - өнген
Жәндіктің киік деген баласы
бар.
Мергендер
дамыл алмай киікті атқан,
Ауылды қан сасытып
топырлатқан.
Киікті ойлай ма екен таусылар
деп,
Азайып бірте – бірте келе
жатқан!
Киікті
қазақ және дейді бөкен
Бетпақты бұл бейшара қылған
мекен
Бөкенді атып мерген
өлтіргенде
Жазасыз жан өлді деп ойлай ма
екен?
Бөкеннен
сұлу аңды мен көрмедім,
Өзге аңға жануарды тең
көмедім.
Көздері мөлдіреген ақ
бөкенді,
Адамның баласынан кем
көрмедім.
Кей адам
әдет қылған киік атып,
Мүйізін пайда қылып шетке
сатып.
Сандалған бір киікке
ұшырастым
Бір жылы Бетпақ шөлде келе
жатып.
Сандалып
келе жатты ақсақ киік
Бір тоқтап анда – санда әлін
жиып...
Ақбөкен сахараның
ботакөзі
Атты екен қандай адам көзі
қиып.
6-оқушы:
Бұл
жануардың бас сүйегі қалдықтарының табылуы XIX ғасырдағы аты шулы
оқиға болды. Бірнеше жылдар бойы зерттеушілер киіктердің өмір сүру
ортасын Азияның шөлді далалары деп есептеп келді. Бірақ ойда
жоқта 1876 жылы ғалым-географ
И.Д.Черский Ресейдің солтүстік шығысы мен
Якутияда киіктің бас сүйегін табады.
Сондықтан ғалымдар бөкенді өте ежелгі жануар
деген ұйғарым жасайды. Осы уақытқа дейін оны тірі қазба байлық деп
атайды.
Жүргізуші: 2011 жылғы есеп бойынша жер
шарындағы киіктердің саны 117 мыңды көрсетті. Солардың ішіндегі 8
мыңы Моңғолияда, Қалмақ елінде 7 мыңға жуық, ал ең көп саны
– 102 мың киік Қазақстанда мекендейді.Оның
ішінде бетпақдала популяциясының саны – 78 мың, үстірттікі – 6,1
мың, оралдікі – 17,9 мың бас.
Жәнібек
ауданында 2010 жылы пастереллез ауруынан (іші кеуіп, аузы
көбіктенеді) 11920 киік қырылған. Бұл Батыс Қазақстандағы киік
популяциясының тең жарымы болатын.
Ал 2011 жылы мамыр айында
Борсы ауылындағы Айдарлы деп аталатын малшы қыстағының маңында 441
киік дәл сондай аурудан қырылған.
Сол оқиғадан кейін облыс
басшысы болған Бақтықожа Ізмұхамбетов бастаған арнайы комиссия
тікұшақпен оқиға орнына келген болатын. Дәл сол аймақта 2 қайтара
жаппай киік қырылғандықтан, ол жерге киіктерді өткізбеуге тырысу
керек екенін ескертті.
7-оқушы:
Қазақ
халқында киік туралы аңыз да бар. Ерте заманда бір аңшы өмір
сүріпті. Бір күні ол қуаң далаға аңға шығады. Бірақ сол күні оның
жолы болмай қояды. Күн ұясына батып бара жатса да, оның қоржынына
іліккен аң болмады. Кенет ол үйірінен бөлінген киікті көріп қалады.
Қу аңшы ық жақтан ұрланып келіп қараса, оның қоржынына іліккелі
тұрған ұрғашы киік екен. Сараң аңшы олжасын босқа жібергісі
келмеді. Ол ішінен «Сенде жазық жоқ, менде
азық жоқ» деп күбірлеп тұрып, садағының
адырнасын тездетіп тартып қалады. Бірақ сыбдырға елең еткен сергек
ана өзінің алдында тұрған адамды көргенде, тұрған жерінде қимылсыз
қатып қалады. Сонда киікке тіл бітіп, былай
дейді:
Менің кішкентай екі лағым бар. Олар менсіз өмір
сүре алмайды. Егер сен менің тілімді алсаң, саған бата беремін,
сенің жолыңды тілеймін. Сен өмір бойы бақытты боласың. Өтінемін,
өлтірмеші!
Бірақ аңшы киікті тыңдамайды. Ол атабабалардың:
балаларды анасына айырма, қорғансызды жетімсіретпе деген ұлағатты
сөздерін бір сәт есінен шығарады. Оның үстіне ол үйіне бос қайтуға
да қорқады. Қас қағым сәтте күн көзіне шағылыса ұшқан садақ оғы
жүрегіне қадалғанда, киік үлкен тасқа айналады...
Осы оқиғадан кейін аңшының өмір бойы жолы
болмапты дейді.
Сөзжұмбақты шешу.
А
Қ
Б
Ө
К
Е
Н
-
Қай халық жабайы ешкілерді
«киік» деп атаған? (татарлар)
-
Киіктер қандай отрядқа
жатады? (жұптұяқтылар)
-
Киіктер сексеуіл мен бұталы
құмға беттесе, не болады? (боран)
-
Ақбөкендердің негізгі қорегі
- ....(шөптер)
-
1876 жылы Якутияда киіктің бас
сүйегін тапқан ғалым кім? (Черский)
-
Киіктердің үйірін суатқа
бастайтын - .... (ешкі)
-
Ақбөкендер қалай
жайылады? (үйірімен)
Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін
сұрақтар қою арқылы тексеру, пысықтау.
Жүргізуші: Қазіргі таңда киіктердің саны
кеміп барады. Егерде оны қорғау мен пайдаланудың жедел шараларын
қолданбасақ, бұл «киелі» аңның да таяу жылдарда саны тіпті азайып,
жойылып кету де қаупі төніп тұр.
Ең
бастысы – қазақ халқында буаз киікті атпау, жалпы, жаралы аңдарды
емдеу, аң аулау мерзімін қатаң сақтау сияқты заңдар қағаз бетінде
болмаса да, тарихи дамуымызда қанымызға сіңген заң бар. Осы жақсы
әдетті қазіргі жастарымыз бен жас жеткіншектеріміздің қанына да
сіңіріп, оларды табиғат байлығын сақтауға, қамқорлыққа алуға
үйретуге тиіспіз. Тіпті қариялардың «Жылан екеш жылан да үйге
кірсе, ақ беріп шығарып сал» дегенін талай естігеніміз
бар.
Ендеше, оқушылар, әрдайым
табиғат-анамызды аялап, оның саны сиреп бара жатқан аң-құстарына
деген қамқорлығымызды аямайық!
Қоңыр киік
Ерік
Асқаров.
Сай еді қылығы да,тәлімі
де
Жан еді сыры бірге әні
бірге
Адасқан қоңыр киік
Ерейменде
Жәудіреп күтіп жүр ме әлі
күнге
Ер - тоқым Құлагерге салсам
ба екен
Салдыртып Ерейменге барсам
ба екен?!
Арада жылдар жатыр
әлденеше
Қалқатай дәл өзімдей аңсар
ма екен.
Адасқан қоңыр киік
Ерейменде
Бір хабар күтемісің менен
кейде
Жапанда жел тонаған жалғыз
қайың
Мен болып көз алдыңда
көлбеңдей ме ?!
Адасқан қоңыр киік
Ерейменде
Әлі де мен жазғанда көңіл
биік
Ай күннің аманында
адастырып
Алғаным емес маған жеңіл
күйік.