Материалдар / Таңғы жаттығу "Йогатерапия тәсілімен"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Таңғы жаттығу "Йогатерапия тәсілімен"

Материал туралы қысқаша түсінік
Йогатерапия тәсілі арқылы балалармен таңғы жаттығу жасау. Тән мен жан үйлесіміне жету. Әртүрлі аурулардың алдын алатын жатығуларды жасау.Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жан саулығы мен сергектігін жетілдіру. Денені төзімділікке, серпімділікке баулу. Ағзадағы зат алмасу процестерін жақсарту.Қимылдық белсенділігін дамыту және дене жаттығуын орындауда қызығушылығын арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
602
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Таңғы жаттығулар. Йогатерапия тәсілі.

Тақырыбы:Таңғы жаттығулар.Йогатерапия тәсілі.

Мақсаты: Тән мен жан үйлесіміне жету.Дене шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру.Йогатерапия арқылы салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.Денені шынықтыру арқылы әртүрлі ауруларға төзімділігін арттыру.Дене бұлшықеттерін және буындарын дамыту,омыртқаны түзету.Денені төзімділікке, серпімділікке баулу.

Балалар залға көңілді әуенмен кіреді.Спорттық киіммен (жоғарғы жағы ақ түсті, қара шортымен кіреді) Қолдарында (жаңғақшалар) ж .реді, жаймен жүгіреді.,қайта бастапқы қалыпқа келеді.Дөңгеленіп тұрады.

.Тәрбиеші бүгін бізге таңғы жаттығуымызға қонақтар келді.Олармен үш тілде амандасайық.

Сәлеметсіңдер ме, Здраствуйте, Good morning.

Кіріспе.

Бір сапқа тұрып,бір-бірінің артынан жүру,аяқтың ұшымен жүгіру,адымдап жүру,өкшемен жүру.Бір қатармен жүріп келіп, шеңбер құру.

Сергіту сәті.

Қане балалар тұрамыз (балалар шеңбер болып тұрады)

Бойымызды жазамыз (қолдарын жоғары созып түсіреді)

Балықтарға ұқсап біз (қолдарын жоғары көтереді )

Жүзіп жүзіп аламыз.(алға жүзу қимылын жасайды)

Жан жақты дамыту жаттығулары. (жаңғақшалармен)

1.Қол мен иық бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:

1-жаттығу

Б.қ бірге жаңғақшаларды екі қолмен кеудеде ұстау

1.Қолды жоғары көтеру.

2.Қолдағы жаңғақшаларды оңға, солға қозғалту.

3.Б.қ келу.

Дене бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:

2-жаттығу

Б.қ аяқ арасы сәл алшақ, қол белде денені тік ұстаймыз.

1.Қолмен жаңғақшаны қысамыз денемізге төменнен жоғары жүргіземіз

2.Жаңғақшаны жоғарыдан төмен жүргіземіз

3.Б.қ келу

Аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар

Б.қ негізгі тұрыс қол төменде

1.Аяғымызды сәл алшақ қойып, жаңғақшаны аяғымызға жүргіземіз.

2.Тұру.Б.қ келу.

Б.қ аяқ арасы алшақ . қол кеудеде

Орындарына тұрып секіру.

Жақсы балалар жарайсындар!Балалар бүгін біз таңғы жатығуға йога терапия жаттығуларын жасаймыз.Қане барлығымыз малдас құрып отырайық.(кілемше төселінеді)Біз йоктар боламыз.Енді қолымызды саусағымыздын ұшына тигізіп табиғат дыбыстарын (музыка әуенімен) естиміз.Ол үшін көзімізді барлығымыз жұмамыз.Табиғат дыбыстарын ести отырып,тыныс алу жаттығуларын жасаймыз.

1.Енді барлығымыз қолымызды ішімізге қойып, йога секілді демалайық.Бірінші рет қайталайық, дем аламыз, сырқа ауаны шығарамыз.

2.Одан кейін біз қолымызды жоғары көтеріп, биікке ұмтылайық. Енді екі қолымызды созып құшағымызды ашайық.Өзіміхді жұлдыз болып елестетейік

4.Балалар келесі жаттығу мысық секілді аспанға қараймыз,басымызды түсіріп,жерге қараймыз.

5.Жан-жағымызға қарайлап лотос гүлін көрсетейік.

6.Барлығымыз қолды жоғары көтереміз алға еңкейіп, қолды жерге тигіземіз.Осылайша йогатерпия тәсілін үйрендік.

Балалар біз шаршадық па? Ия.

Релаксация тәсілі.

Ендеше бәріміз дем алып жатайық.Істеген жаттығуларды еске түсіреміз.

Тәрбиеші балалар жарайсындар, өте жақсы.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз.

Алақанды ұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Тез шынығып қаламыз.

Әрқашан денсаулықтарын мықты, көңілдерін көтеріңкі жүрсін.Күндерініз жақсы болсын.

Сау болындар!

Балалар саппен бірінің сонынан бірі жүріп,шығып кетеді.







































Тыныс алу

- қолдағы сылдырмақты жоғары көтеру (ауа жұту)

-сылдырмақты сылдырлатып, төмен түсіру (дем шығару)

Тәрбиеші: Бәрекелді, жарайсындар! Енді сапқа қатар жасап тұрамыз.

Балалар бүгін біз сендермен йогатерапия жаттығуларын жасаймыз.Қане бәріміз жайғасып отырайық.

1.Енді барлығымыз қолымызды ішімізге қойып, йога секілді демалайық.Бірінші рет қайталайық, дем аламыз, сырқа ауаны шығарамыз.

2.Одан кейін біз қолымызды жоғары көтеріп, биікке ұмтылайық. Енді екі қолымызды созып құшағымызды ашайық.Өзіміхді жұлдыз болып елестетейік.

3.Келесі балалар аяғымыздың табаның екінші аяғымыздың тізе тұсына тірейміз. Осы жаттығу бізді тепе-теңдікті сақтауға үйретуді және арқамызды тік ұстаймыз қолымыз біздің қанатымыз секілді жайлап жібереміз.

Керемет өте жақсы балалар.

4.Балалар келесі жаттығу мысық секілді аспанға қараймыз,басымызды түсіріп,жерге қараймыз.

5.Жан-жағымызға қарайлап лотос гүлін көрсетейік.

6.Барлығымыз қолды жоғары көтереміз алға еңкейіп, қолды жерге тигіземіз.Осылайша йогатерпия тәсілін үйрендік.

Балалар біз шаршадық па? Ия

Ендеше бәріміз дем алып жатайық.Істеген жаттығуларды еске түсіреміз.

Тәрбиеші балалар жарайсындар, өте жақсы.

Әрқашан денсаулықтарын мықты, көңілдерін көтеріңкі жүрсін.Күндерініз жақсы болсын.

Сау болындар!

Балалар саппен бірінің сонынан бірі жүріп,шығып кетеді.









































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Ойыншықтар қалашығы құмда

Мақсаты: Құммен ұқыпты жұмыс жасай білу дағдысын, құм терапиясы арқылы табиғи дүниені өз алақандарымен сезіне білу, табиғат сырын ұғынып, оны қорғай білу қасиеттерін, қол, саусақ моторикаларын, танымдық даму деңгейлерін дамыту.

Қажетті құралдар: Құм қаласын жасауға арналған қорап,  әр түрлі ойыншықтар, түрлі-түсті құмдар, қол сүрткіш, бетті жабуға орамал, қылқалам, ПВА желімі.

Әдістер: Жылулық шеңбері, әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, мадақтау,  түрлі-түсті құммен сурет салу.

 

Іс-әрекет кезеңі

Психологтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғалыс

Жайлап музыка ойнап тұрады. Балалар топқа кіреді. Артынан сиқыршы кіреді.

Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сиқыршымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын. Бүгін мен сендермен бірге бір алыс сыйқырлы бір қалаға саяхатқа барғым келеді. Бармастан бұрын шеңберге тұрып, бір-бірімізге деген күннің жылы шуағындай жылы лебізімізді білдірейік. Рахмет, сендерге балалар.

Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне деген жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Балалар , сендер менімен бірге сыйқырлы қалаға баратын болдыңдар ма? Ол қала жәй қала емес, құмдар қаласы. Оған тек ұшып қана бара аламыз. Олай болса кілемшеге отырып, көзімізді сыйқырлы орамалмен жауып, 3-ке дейін санап, терең дем алып, дем шығарамыз. Енді орамалымызды түсіреміз. Міне, бәріміз құм қаласындамыз. Қанеки бәріміз бірге жақындап тұрайық. Балалар сендер құм қаласынан не көріп тұрсыңдар? Бұл жерден құм басқан жалғыз үйді ғана көріп тұрмыз иә? Қазір сендер ең ақылды, ізденімпаз бала боласыңдар.

Балалар сендерге бір айта кететін жағдай: құмды ыдыстан шашуға, адамға қарай шашуға, құмды ұстаған соң қолды ауызға салуға және жеуге болмайды. Құммен ойнап болған соң  қолды жақсылып ылғалды қол сүрткішпен сүртіп немесе қолды жуу қажет. Осы ережелерді орындаймыз ба?

1.      Балалар құмды алақандарыңмен ұстаңдаршы. Қатты ма? Жұмсақ па?

2.      Құрғақ құм ба, сулы құм ба?

3.      Балалар қолдарыңмен құмды уыстап алыңдар да, ақырындап тырс-тырс деп жаңбырша жаудырыңдаршы.

Балалар сендер білесіңдер ме, бұл қалада құм аспаннан осылай жаңбырша жауып, қала құмның астында қалған. Олай болса балалар  құмның астында қалған жолдарды, ағаштарды, аң-құстарды т.б. іздеп тауып, қайтадан «Құм қаласын» жасайық.

Жасап болып жатқанда топқа қолында бір табақ құмы бар ата келеді.

Ата: Уа балаларым амансыңдар ма?

-          Сәлеметсіз бе, ата?

Ата: Мен алыс жолды шарлап, өздеріңдей ақылды, ізденімпаз балаларды таппай шаршап келемін.

-          Қанеки ата біздің кілемшемізге отырып дем алыңыз. Балаларымыз да сізбен бірге отырсын.

Ата: Балалар мен осы құм қаласының тұрғынымын. Елім мен жерім құмның астында қалғаннан кейін, туған жерімді, үйімді қимай, жерімнің топырағынан өзіме салып алып, өздеріңдей балаларды маған көмектессе екен деп іздеп шығып едім.

Рахмет, сендерге балалар! Менің туған жерімді, үйімді қайта жасап қалпына келтіргендеріңе. Болашақта табиғатты бүлдірмей қорғап, гүлдендіретін сендерсіңдер. Бәріңде жақсы бала екенсіңдер. Менің сендерге беретін сыйлығым жоқ болып тұр. Бар сыйлығым мынау табақтағы құмым ғана. Соны сендерге ұсынайын. Рахмет, ата сізге.

Балалар олай болса, атамыздың табақтағы құмын пайдаға асыра отырып, мен сендермен «Құмда не тығылған?» ойынын ойнап жіберейін.

Ойынның шарты: Табақта толтырылып салынған құм, ішінде геометриялық денелер тығылған. Ортаға шыққан бала көзін жұмып тұрып, қолын құмға салып, құмнан тауып алған геометриялық денені сылап сипап қандай дене екенін айтады. Және көзін ашып қандай түс екенін айтады.

Балалар сендерге атамыздың сыйлаған құмымен ойын ойнаған сендерге ұнады ма?

Дұрыс балалар, енді біз атамызға сыйлық жасап берейік. Мен сендерге боялмаған күннің бейнесін ұсынамын. Соны сары түсті құммен бояймыз. Бұрын бұндай құмды көрдіңдер ме?

Қазір осындай түрлі-түсті құмдарды дайындайтын арнайы өндіріс орындары бар екен. Олай болса балалар күнімізді бояуды бастайық.

Бояп болдық па? Шаршадыңдар ма? Шаршасаңдар бояуымыз кепкенше, «Психогимнастикалық жаттығу» жасап жіберейік. (Жайлап музыка ойнап тұрады).

1.      Бірнеше рет иықтарымызды көтеріп түсіреміз, одан соң қатып қалған иықтарымызды «қысымынан» айырылу үшін оларды айналдыра қозғаймыз.

2.      Жоғары қараймыз, «аспанға жеткізердей» қолымызды созамыз – бірінші бір қолымызбен, содан соң екінші қолымызбен, содан соң екі қолымызбен.

3.      Аз уақытқа отырамыз, көзімізді жұмып бірнеше рет дем аламыз.

4.      Орнымыздан тұрамыз. Басымызды сипалап және саусақтарымыздың басымен оның барлық ұңқыр-шұңқырларын уқалаймыз.

5.      Қолымызбен жағымызды қысамыз. Оны саусақтары-мыздың басымен уқалаймыз.

Шаршағанымыз басылды ма? Енді сыйлығымызды атамызға сый-лайық.

Ата:Рахмет, сендерге балаларым. Мен сендерге ақ батамды берейін.

Жаз келіп көңілдерің жай болсын,

Көргендерің шаттық той болсын!

Абзал достарың көп болсын,

Берген батам сол болсын!

Әмин.

Қанеки, балалар атамызбен қоштасайық.

Енді кілемшемізге отырып, сиқырлы орамалымызбен бетімізді жауып, 3-ке дейін санап, терең дем алып, дем шығарып тобымызға қайта оралайық. Бетіміздегі орамалымызды ашайық. Міне балалар тобымызға да келдік.

Балалар келіседі.

















Балалар таң қалады.





Балалардың жауаптары.

























Орындаймыз.







Балалардың жауаптары











Балалар құмның астында жатқан жолдарды, ағаштарды, аң-құстарды іздеп тауып «Құм қаласын» жасайды.





























Балалар аталарының айтқанын тыңдап отырады.











































Балалар ойынның шартын тыңдайды.

Кезекпен табақтағы құмға қолын салып, ішіндегі геометриялық денелерді  сылап сипап тауып, көзін ашып түсін айтады.







Балалардың жауаптары











Балалардың жауаптары





Балалар күнді сары түсті құммен бояйды.

Балалардың жауаптары



Балалар қимылмен психогимнастика жасайды

Балалар қолдарын жайып атасының ақ батасын алады.



Балалар қоштасады.

Кілемшеге отырып, беттерін орамалдарымен жауып, 3-ке дейін санап, терең дем алып, дем шығарады.

Рефлексифті-түзетушілік

Қане балалар, шеңберге тұрып, сабағымызды қортындылап жіберейік.

Бүгін біз қайда бардық?

Онда біз не істедік?

Кімді көрдік?

Ол сендерге не айтты?

Қандай сыйлық берді?

Сендер оған қандай сыйлық жасадыңдар?

Рахмет, сендерге балалар! Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Барлықтарың өте жақсы қатыстыңдар. Сау болыңдар! Келесі кездескенше.

Балалар шеңберге тұрады.



Балалардың жауаптары.

Күтететін нәтиеже:

Нені біледі: Құм қаласының басқа қаладан ерекше екендігін біледі.

Игереді: Құммен ұқыпты жұмыс жасай білуді. Құмды қолға ұстаған соң қолды ауызға салуға болмайтындығын, жеуге болмайтындығын, шашуға болмайтындығын игереді.

Меңгереді: Құмның да түрлі түсті түрлері бар екендігін және оны суретті бояуға пайдалануға болатындығын меңгереді.













































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Жағымды эмоциялар мен сезімдер


Мақсаты: Балалардың түрлі эмоциялары мен сезімдерін дамыту. Қоршаған ортаға сенім мен тілектестік, түсіністік сезімдерін қалыптастыру. Балалардың бойындағы қорқыныш, мазасыздану, үрей сезімдерінен арылуға көмек көрсету.

Керекті құралдар: АҚТ, музыка, айналар, сыйлықтар.

Сәлемдесу.

Психолог балалармен шеңберге тұрады.

- Сәлеметсіздер ме балалар! Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Қараңыздаршы, бүгін бізге қонақтар келіпті. Алдымен қонақтарға амандасайық, ал енді бір-бірімізбен амандасайық. Бүгін біз дәстүрден тыс, ерекше амандасайық. Бірінші қолымызбен, енді басымызбен, ал енді арқамызбен және иықтарымызбен. Жарайсыңдар балалар, орнымызға отырайық. Балалар орындарына отырады.

- Балалар біз бүгін Перизаттың қал-жағдайын, тұрмысын білуге қонаққа барамыз. Ол бізге сыйлықтар дайындап қойыпты. Бірақ ол үшін, біз алдымен ғажайып сөздерді айтуымыз қажет. «Перизаттай сұлуға, келдік біздер қонаққа» деп қайталаймыз балалар. АҚТ-дан слайд көрсетіледі, Перизаттың ормандағы үйі, сиқырлы музыка.

- Балалар, қараңыздаршы, бұл үйде ешкім жоқ екен. Перизатты көруіміз үшін, біз алдымен ашық хатты оқуымыз керек екен. Хатты ашып, ішіндегі тапсырманы оқиды. Балалар бұл жай хат емес екен, мұнда бізге арналған тапсырма бар екен. Қане тапсырманы орындайық, бізге берілген тапсырмада былай делінген: Сезімдер мен эмоцияларды ата. Хаттың ішінен түрлі эмоция шығады, балалар оның қандай эмоция екенін айтып, өздері көрсетеді.

- Балалар қараңыздаршы, бұл қандай эмоция?

- Дұрыс айтасыздар, бұл таң қалу эмоциясы. Ал енді алдымыздағы айнаға қарап, өзіміз таң қалу эмоциясын көрсетейікші. Балалардың алдында айна тұрады. Әр адамның таң қалуы әр түрлі екен балалар, әркім әр түрлі таң қалады.

- Ал бұл қандай эмоция?

- Ия, жарайсыңдар балалар, бұл ашулану эмоциясы. Енді ашуланғанда қалай ашуланатымызды байқайықшы. «Мен не үшін ашуланамын?» деген сұраққа жауап берейік. Әдетте, мен...

- Ал ашулы адамның ашуын тарқату үшін не істеу керек балалар?

Қазір ойын ойнайық. Ойынның аты «Жұбаныш». Ортаға Санжарды шақырып, оның ашуын тарқату үшін біз бір-бірден шығып, жұбату сөздерін айтайық. Ойын ойнайды. Ойын ойналғаннан соң, балалар орындарына отырады, жай әуен қосылады.

- Балалар ашулы болған кезде, ашуымызды тарқату үшін мынадай кеңестер беремін, мұқият тыңдаймыз: көңілді ән айтуға болады, жай әуен тыңдауға болады немесе жұмсақ доппен ойнауға болады, үйде тұрған отбасылық альбомдарға қарап, бақытты сәттерімізді еске алуға болады, немесе ақ парақты алып, өзіміздің қалаған түсімізбен кез келген сурет салуға болады. Бұл әрекеттер сіздерге ашуыңызды тарқатуға көмектеседі.

- Келесі суретті ашып қарайық. Бұл қандай сезім? Ия балалар, мұңаю сезімі. Біз мұңайғанда не істейміз балалар? Көңіл-күйіміз қандай болады? Қане ендеше бәріміз сергіту жаттығуын жасайық. Сергіту жаттығуы орындалады. АҚТ-дан көрсетіліп, балалар қимылды орындайды.

- Ал енді, келесі тапсырма, бұл қандай эмоция?

- Дұрыс айтасыңыздар, балалар. Бұл қорқыныш эмоциясы. Біз неден қорқамыз балалар? Қорқыныштың пайдасы бар ма?

•    Әрине қорқыныштың тек зияны емес, пайдасы да бар балалар. Мысалы, біз көп қабатты үйдің терезесінен қарауға қорқамыз ия? Бұл дұрыс әрекет, себебі қарауға болмайды, біз ары қарай ұшып кетуіміз мүмкін. Жолдан өтуге қорықпасақ, бізді көлік қағып кетуі мүмкін. Үйге кез келген адамды кіргізуге қорқамыз ия, себебі үйге ұрылар кіріп кетуі мүмкін. Міне балалар, қорқыныштың да пайдасы бар екен. Бірақ болмашы нәрсеге қорқа беруге де болмайды. Біз өзіміздің қорқынышымызды жеңбесек, ауырып қалуымыз мүмкін, өмірде көп нәрседен құр қаламыз, қызықты нәрселерден, жаңа танысулардан, т.с.с.
•    Соңғы суретімізді ашып қарайық, бұл қандай сезім?Дұрыс айтасыздар балалар, бұл қуаныш сезімі. Біз қандай жағдайларда қуанышты сезімде боламыз?
•    Жарайсыңдар балалар, біз барлық тапсырманы дұрыс орындадық, ал енді біз Перизатты көре аламыз. АҚТ-дан Перизат көрсетіледі

Перизат: Сәлеметсіздер ме балалар, сіз барлық сыннан сүрінбей өттіңіз, сіздерге өте ризамын, мені көруге келгендеріңізді, сыйлық алуға келгендеріңізді білемін, менің халім өте жақсы, өздеріңіз қалайсыздар? Көңіл-күйіңіз қалай? Балалардың жауаптары. Рахмет, балалар, менің сіздерге дайындаған сыйымды қабыл алыңыздар. Сау болыңыздар! Психолог балаларға таратып береді. Балалар сыйлықтарын үстелге қойып, шеңберге тұрады.

- Балалар, біз тапсырмаларды орындадық, сыйлықты алдық, ал енді көзімізді жұмып, тыныштық сәтін орындайық. Жай музыка қосылады. Өзімізіді аспанда, бұлттардың ортасында жүрміз деп елестетейік. Терең демалып, тынысымызды кеңейтеміз. Біз өте бақыттымыз, жай қадамдарымызбен бұлттарға көтеріліп келе жатьырмыз. Көңіл-күйіміз көтеріңкі, жайдары, ауа-райы да тамаша. Аппақ бұлттардың ортасында біз қалғып жүрміз. Ал енді балалар, жерге түсіп, көзімізді ашайық. Бүгінгі тренинг сізге ұнады ма балалар?Балалардың жауаптары. Рахмет сізге балалар, осымен тренинг аяқталды. Орындарымызға отырайық.



























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!