Таным білім беру саласындағы "Жапсыру" ҰОӘ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Таным білім беру саласындағы "Жапсыру" ҰОӘ

Материал туралы қысқаша түсінік
ортаңғы топқа арналған конспект таным жапсыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ортаңғы топтың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі

Топ\Группа: «Раушан»

Өткізу күні\Дата проведения:15.10.2020ж.

Тәрбиеші\Воспитатель: Зейнуллина А.С

Өтпелі тақырыбы\Сквозная тема: «Табиғат әлемі»

Білім саласы\ Образовательная область: Таным

Бөлімі\Раздел: Құрастыру.

Тақырып\Тема: «Үйлер»

Мақсаты\Цели: Құрылыс материалдарын пайдаланып бір немесе көп қабатты үйлерді және мұнараларды құрастыра білуге үйрету, олардың өзара қатынасы мен ерекшеліктеріне сәйкес құрастыру дағдыларын қалыптастыру, өзара қарым-қатынас жасай юбілу мәдениетін тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс\Словарная работа: мұнаралар, көп қабатты үйлер.

Ресурстармен қамтамасыз ету\Ресурсное обеспечение: құрылыс матеиалдары, үлгі суреттер.

Педагогикалық технологиялар\ Педагогические технологии: Түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ –жауаптар.

Билингвалдық компонент\Билингвальный компонент: тәрелке-тарелка, алма-яблоко

1.Ұйымдастырушы бөлімі.

Тәрбиеші үй және мұнаралардың үлгі суреттерін көрсетіп талдау жасайды. Үйдің бір және көп қабатты болатынын түсіндіреді. Үйді жасау үшін қандай құрылыс материалдары керек және мұнараны жасау үшін қандай материалдар керек екенін балаларға ойлануға және таңдауға тапсырма береді.

2.Негізгі бөлім.

Тәрбиеші алдымен үйді құрастыру жолдарын көрсетеді. Бір қабатты үйге төрт текше, екі үшбұрыш керек екенін және оны қалай қою керек екендігін түсіндіреді. Ал көп қабатты үй жасау үшін бірнеше текшелер, бірнеше кірпіштер керек екендігін айтады. Ол үшін текшелерді түстеріне сәйкес қрналастыруды ұсынады. Екі қызыл текше, оның үстіне ұзын сары түсті кірпішті қояды.

Мұналарды жасау үшін текшелерді бірінің үстіне бірін қоямыз, бұл балалардың бұрын алған тәжерибелерін бекіту бағытында өздері құрастырады, текшелер не құрлым көп болса мұнараның биік болатынын, ал егер текше аз болса мұнара аласа болатыны жайлы айтады.

Дайын болған құрылыстарды ұсақ ойыншықтармен, ағаштармен безендіріп, мазмұн беруге бағыт береді.

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Екеуін қосып санаса,

Болады екен он саусақ.

3.Қорытынды.

Тәрбиеші балалардың құрылыстарын мұқият қарап шығып әр баланың жұмысына жеке талдау жасайды, жетістіктері мадақталады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.10.2020
420
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі