Материалдар / Таным шаттығы

Таным шаттығы

Материал туралы қысқаша түсінік
- оқушылардың таным жолында жеткен өзіндік ізденістерінің жемісін шығармашылықпен қолдана алу және өзін-өзі танудың жалпыадамзат ғұмырындағы, жеке өмірдегі маңызы мен қажеттілігі туралы түсініктерін бекіту;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
761
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану пәні бойынша сабақ жоспарыМектеп Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Тіленшін атындағы ЖОББКММ Мерзiм №33-34 Тақырып Таным шаттығыҚұндылық«Қиянат жасамау» Қасиеттер АдалдықМұғалiмАйтбай Жансая Имантайқызы Сынып 6«А» Оқушылар саны
Сабақтың мақсаты: - оқушылардың таным жолында жеткен өзіндік ізденістерінің жемісін шығармашылықпен қолдана алу және өзін-өзі танудың жалпыадамзат ғұмырындағы, жеке өмірдегі маңызы мен қажеттілігі туралы түсініктерін бекіту;Сабақтың міндеттері: - оқушылардың өзін-өзі тану сабақтарында жыл бойы алған білімдерінің нәтижесін тексеру;- оқушылардың рухани адамгершілік құндылықтар туралы алған білімдерін шығармашылықпен пайдалана алу қабілеттерін дамытуға ықпал ету;- оқушыларды өз еңбегінің жемісін шаттықпен тани алып, өзгелердің еңбегін орынды бағалай алуға тәрбиелеу.Плакат, маркер, үлестірме қағаз.
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.- оқушылармен сәлемдесу.- сынып тазалығына көңіл бөлу, оқушыларды түгендеу. (топтарға бөлу.)Тыныштық сәті. «Теңіз түбіне саяхат»2. Үй тапсырмасын тексеру«Еділ бол да, Жайық бол» атты өлеңді жатқа сұрау.Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді.(Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.
3. Дәйексөз:«Өзің үшін үйренсең,Жамандықтан жиренсең,Ашыларсың жылма-жыл.Біреу үшін үйренсең,Біреу білмей, сен білсең,Білгеніңнің бәрі ұл», - деген нақыл сөзін оқушылардың назарына ұсыну. Жаттап алу және жұмыс дәптерге жазу.- Нақыл сөздің мәнін қалай түсінесіңдер?- Үйренген әр іс неліктен пайдалы деп саналады?А. Құнанбаев
4. Әңгімелесу (сұхбат) Оқуға ұсынылған «Әйтеке бидің аталы сөздері» атты мәтінді мәнерлеп оқушыларға өз бетінше оқуға ұсыну.Қорыту:- «Аталы сөз» дегенді қалай түсінесіңдер?- Балалар биден не туралы айтуды сұрады?

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.Оқушылардың шығармашылық қасиеттерін дамыту мақсатында «Сіз бен біз» атты ертегіні сахналау ұсынылады.Баяу әуен қойылады.

6. Топпен ән айту«Өз елім»Сөзі: Қ. Мырза Әли әні: Н. ТілендиевКелгенде көктемі,Көңілін гүл басқан.Шырағы көктегі,Жұлдызбен сырласқан.Өз елім менің –Өзегім менің,Жырыма қосып жүремін,Төрім деп менің,Жерім деп менің,Соғады мәңгі жүрегім.Қайырмасы:Түлегі сендер,Тілегі сендер.Тірегі сендер сол елдің.Назары сендер,Базары сендер,Ажары сендер сол елдің.

7. Үй тапсырмасы. «Әйтеке бидің аталы сөздері»атты мәтінді оқып келу.

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Қиянат жасамау, қиянат жасамау бар жерде, қиянат жасамау, қиянат жасамау» бүкіл әлемде.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ