Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Танымдық қызығушылықтың диагностикасы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Танымдық қызығушылықтың диагностикасы
(А.Е.Голомшток)
Арналуы. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын зерттеу.
Сынақтан өтушіге нұсқау: «Сізге жетекші қызығушылығыңызды айқындауға сұрақтар тізімін ұсынып отырмыз. Әрбір сұраққа жауап берерде жақсылап ойланып алыңыз, дәлірек жауап беруге тырысыңыз.
Енгізу ескертулері: Қызығушылықтар тұлғаның бағыттылығының, оның мотивациялық ортасының маңызды құрамды бөлшегі болып табылады және қажеттіліктердің арнайы формаларын көрсетеді.
Бұған түрлі сұрақтарды өз ішіне алған түрлі модификациялардың «қызығушылықтар картасы» қолданылады.
Сынақтың мақсаты: А.Е.Голомшток жасаған «Қызығушылықтар картасы» бойынша танымдық қызығушылықтарды анықтау.
Жабдықтандыру: Қызығушылықтар картасы-29 түрлі іс-әрекет ортасында қызығушылықтар бағыттылығын көрсететін 174 сұрақтан, сауалнама және жауап парағынан тұрады.
Жұмыс тәртібі: Жауап парағын толтыру жеке немесе топпен жүзеге асыруы мүмкін.
Нәтижелерді өңдеу:
Толтырылған жауап парағындағы әр бір қатардың «+» және «-» белгілерінің сандары саналады. Нәтижелер әр бір қатардың астындағы бос тор көзге жазылады: жоғарсында «+» саны, төменде «-» саны. Жауап парағының әр бір қатары бір немесе басқа қызығушылықтарға сәйкес топтастырылған.
Алынған деректерді талдай отырып, «+» белгісі, ең көп болған қатарларды белгілеу қажет. Егер олардың арасында «+» ұқсас саны мен бірнеше қатар болатын болса, онда екеуінің қайсысының минустары аз болса онда соған қызығушылығы бар деп саналған жөн. Қызығушылықтар бағыттылығын бағалауда ең алдымен көп + бар қатарды ескерген жөн. Бірақ сондай – ақ минусы көп қатарларға да назар аударған жөн.
Қызығушылықтың айқындалуының бағалануы бес үдемеден (сатылануы) тұрады:
1. Теріске шығарудың жоғары деңгейі: -12-ден -6-ға дейін;
2. Қызығушылық теріске шығады: -5-тен -1-ге дейін;
3. Қызығушылық әлсіз бейнеленген: +1-ден +4-ке дейін;
4. Бейнеленген қызығушылық: +5-тен +4-ке дейін;
5. Айқын бейнеленген қызығушылық: +8-ден +12-ге дейін.
Зерттеушілерге нұсқау:
«Сіздің бас қызығушылықтарыңызды анықтау үшін сізге сұрақтар тізімін ұсынамыз. Әр бір сұраққа жауап бермей тұрып ойланыңыз және мүмкіндгіңізше нақты жауап беруге тырысыңыз. Егер қойылған сұрақ сізге ұнайтындығына бір емес бірнеше рет көзіңіз жеткен болса, онда жауап парағында тура сол сұрақтың нөмірінің астына
- Егер жай ұнаса – 1 «+»,
- Егер білмесеңіз – 0,
- Егер ұнамаса – 1 «-»,
- Егер мүлдем ұнамаса – 2 «-».
Сұрақтардың еш қайсысын тастап кетпей бәріне жауап беріңіз. Парақты толтыру уақыты шектелмейді».
Қызығушылық картасы
Сіз жақсы көресіз бе? Сізге ұнай ма? Сіз қалар едіңіз бе?
1. Өсімдіктер мен жануарлардың өмірімен танысу.
2. География пәні және география оқулығын оқу.
3. Геологиялық экспедиция туралы көркем немесе танымал ғылыми әдебиеттер оқу.
4. Адамның анатомиясы және физиологиясы туралы сабақтар мен оқулықтар.
5. Үй шаруашылық сабақтары немесе үй шаруашылығындағы жұмыстар.
6. Әйгілі физиктердің өмірбаяны мен әрекеттері, физикадағы ашқан жаңалықтары туралы танымал ғылыми еңбектер оқу.
7. Әйгілі химиктердің өмірбаяны мен әрекеттері, химия саласында ашқан жаңалықтары туралы еңбектер оқу.
8. Техникалық журналдар оқу (мысалы, «Жас химик» және т.б.).
9. Электроника және радиотехника аймағындағы жетістіктер туралы танымал
ғылыми журналдарда жазылған мақалалар оқу.
10. Түрлі металдармен және оның құрылымымен танысу.
11. Ағаш сүрегінің түрлері мен оның тәжірибеде қолдануын танып білу.
12. Құрылыс аймағындағы жетістіктер жөнінде білу.
13. Түрлі көлік (көлік жолдары, темір жол) жүргізушілері жөніндегі кітаптарды оқу, фильмдер көру.
14. Ұшқыштар және ғарышкерлер туралы фильмдер көру, кітаптар оқу.
15. Әскери техникамен танысу.
16. Тарихи оқиғалар мен тарихи қайраткерлер туралы кітаптар оқу.
17. Кеңестік және шетелдік әдебиеттің классиктерін оқу.
18. Газет және журналдардағы мақалалар мен очерктерді оқу, талқылау.
19. Сыныптағы және мектептегі ағымдық істерді талқылау.
20. Мектеп өмірі жөнінде кітаптар оқу (тәрбиеші және мұғалім туралы).
21. Кітап оқу. Тәртіп сақшылары жөнінде фильм көру.
22. Оқитын, жұмыс істейтін және тұратын жерлердегі заттардың тиянақтылығын, ғимараттың көркем болуын ойлау.
23. «Математикалық оралым», «Қызықты математика» типтес кітаптар оқу.
24. Экономикалық географияны зерттеу.
25. Шет тілдермен айналысу.
26. Бейнелеу өнерінің даму тарихы мен әйгілі суретшілер өмірімен танысу.
27. Әртістермен кездесу, олардың фотосуреттерін коллекция жинау, кино және
сахна шеберлерінің өмірімен танысу.
28. Әйгілі музыканттар шығармашылығымен, музыка өнері теориясы сұрақтарымен танысу.
29. Спорттық журналдар, спорт жайында газет – жураналдар, әйгілі спортсмендермен танысу.
30. Биология, ботаника, зоологияны зурттеу.
31. Түрлі мемлекеттің сипаты және географиялық жасалуы бойынша танысу.
32. Танымал геологтардың қызметтері мен өмірбаянын оқу.
33. Адамдардың аурумен қалай күрескені және медицина саласындағы дәрігерлері мен жетістіктері туралы оқу.
34. Жеңіл шикізат кәсіпорындарына экскурсиямен бару.
35. «Қызықты физика», «Физиктер қалжындайды» типтес кітаптар оқу.
36. Табиғаттағы химиялық көріністі табу, химияда тәжірибе жасау, химиялық
реакцияны бақылау.
37. Қазіргі химия жаңа жетістіктерімен танысу (радио тыңдау, теледидар көру,
газеттегі мақалалар оқу).
38. Радиотехникалық қосымшаларға бару немесе электриктің жұмысымен танысу
39. Металл өңдейтін түрлі өлшегіш құралдарымен танысу және олармен жұмыс істеу.
40. Ағаштан жасалатын заттардың дайындалуын бақылау, жиһаздың жаңа нұсқасын қарау.
41. Құрылысшылармен танысу және олардың жұмыстарын байқап қарау.
42. Жылжымалы құралдар туралы танымал көркем әдебиеттер оқу.
43. Теңізшілер туралы фильмдер көру, кітаптар оқу.
44. Әскер тақырыбында фильмдер көру, кітап оқу, соғыс тарихымен, ірі
қақтығыстармен танысу.
45. Қазақстандағы және шетелдегі саяси сұрақтарды талқылау.
46. Критикалық көркем мақалалар оқу.
47. Радио тыңдау, теледидарлық жаңалықтар мен тақырыптар телехабарлар көру
48. Республикада, қалада болып жатқан оқиғаларды білу.
49. Достарына үй тапсырмаларын орындай алмаған жағдайда оларға өз көмегін беру.
50. Досымның, танысымның немесе әдебиет кейіпкерінің қылығына шынайы пікір айту.
51. Үйге азық – түлік сатып алу, сапар кезінде барлығына тамақ даярлау.
52. Математиктер өмірбаяны мен қызметтері, математика саласындағы жаңалықтар туралы танымал ғылыми әдебиеттер оқу.
53. Жаңалықтармен қызығу.
54. Шет тілде көркем әдебиеттер оқу.
55. Редакциялық алқа мүшесі болу, газеттің көркем безендірілуімен айналысу.
56. Драмалық театр немесе жас көрермен театрына бару.
57. Симфониялық немесе опералық музыка тыңдау.
58. Спорттық жарыстарға қатысу, спорттық радио және телехабарлар көру, тыңдау.
59. Биологиялық үйірмелерге қатысу.
60. Географиялық үйірмемен айналысу.
61. Географиялық жер нысандардың, минералдардың бейнесі мен суреттемесін
жинақтау, құрастыру.
62. Адамның ағзасының қызметін зерттеу, аурудың туу салдары мен оны емдеу
жолдарын оқып білу.
63. Аспазшылар үйірмесіне қатысу, үйде ас даярлау.
64. Физика саласында тәжірибе жинау.
65. Ерітінделер жасау, реактивтерді өлшеу.
66. Түрлі механизмдерді жөндеу (сағат, үтік).
67. Дәлдік өлшеуіш құралдарын қолдану (осциллограмма, вольтметр, амперметр).
68. Түрлі бұйымдар және металл құралдарын жасау.
69. Ағаш сүрегінен түрлі бұйымдар мен құралдар жасау немесе ағаш өңдеу (кесу, күйдіру).
70. Әр түрлі құрылыстық эскиздер жасау немесе құрылыстық сызбалар даярлау. Жас автосүйерлер мен темір жолшылар үйірмесіне қатысу.
71. Жас теміржолшылар мен автокөлік қызығушыларының үйірмелеріне қатысу
72. Парашютисттердің секциясына қатысу және авиаклуб жұмыстарына бару.
73. Атқыштар секциясына қатысу.
74. Түрлі халық пен мемлекеттердің пайда болу тарихын зерттеу.
75. Әдебиеттен үй тапсырмасын немесе сынып жұмыстарын орындау.
76. Басқа адамдар өмірін, қылықтарын бақылау.
77. Қоғамдық жұмыстарды орындау, достардың белгілі бір жұмысқа бірігуін
ұйымдастыру.
78. Кішкентай балалармен уақыт өткізу, оларға кітап оқу, мәлеметтер айту,
жәрдемдесу.
79. Өзіңмен жасты және кішілер арасында тәртіп орнату.
80. Сатушы, даяршы, аспазшы жұмыстарын байқау.
81. Математикалық үйірмелерге қатынасу.
82. Өнеркәсіп даму сұрақтарын зерттеу, жоспарлау аймағындағы жетістіктерін білу.
83. Шет тілдегі сөздіктермен жұмыс істеу, аз таныс тілдік ерекшеліктерін оқып –үйрену.
84. Көркем көрмелер мен музейлерге бару.
85. Көрермендер алдында сахнаға шығу.
86. Музыкалық аспапта ойнау.
87. Спорттық ойындар ойнау.
88. Өсімдіктер мен жануарлардың дамуын, өсуін бақылау, байқау жазбаларын
ұйымдастыру.
89. Өз бетімен географиялық карталар жасау, географиялық түрлі ақпараттар
жинақтау.
90. Географиялық музей үшін минералдар коллекциясын жинау.
91. Дәрігер, медбике, фармацевт қызметтерімен танысу.
92. Тігу мен тоқу үйірмелеріне қатысу, жанұя мүшелері және өзіме киім тігу.
93. Физика үйірмелеріне немесе факультативті қосымша сабақтарына қатысу.
94. Химия үйірмелеріне немесе факультативті қосымша сабақтарына қатысу.
95. Техникалық үйірмелерінің біріне қатысу (ұшақтар, кемелер моделін жасау).
96. Электросаймандар құрылғыларымен, электроаппараттарымен, электр
машиналарымен танысу, оларды жинау, радиоқабылдағыштарды, қабылдағыштарды басқару.
97. Слесар – станок шеберханалары және мектептегі еңбек сабақтары.
98. «Іскер қолдар» атты үйірмеге қатысу нмесе столяр үйірмесіне бару.
99. Құрылыста болу, құрылыстың жүру жолдарын бақылау.
100. Жаяу жүрушілердің және транспорттық көліктердің жол жүру ережелерін
сақтауы.
101. Ескекшілер, желкенді кеме, аквалангист, батушыларға көмек берушілер
секциясына қатысу.
102. Әскериленген ойындарға, алғашқы әскери дайындық сабақтарына қатысу
103. Тарихи музейлерге бару, қала мәдениетінің ескерткіштерімен танысу.
104. Әдеби үйірмелерге қатысу, әдебиет және шет тілінен қосымша сабақарға бару.
105. Жеке күнделік арнау.
106. Халықаралық жағдайлар ақпараттарына арналған мәлімдемемен сыныпта сөз сөйлеу.
107. Тәрбиеші көмекшісінің жұмысын атқару.
108. Адамдардың жасырғысы келген қылықтары мен істерінің себептерін анықтау.
109. Дүкенде оған қажетті затты сатып алуға көмектесу.
110. Математикадан қиын есептерді шешу.
111. Өзінің ақша шығындарын нақты басқару.
112. Шет тілінен үйірмелерге қатысу немесе факультативті сабақтарға бару.
113. Көркем үйірмелереге қатысу.
114. Өзіндік көркем дамыту қойылымдарға қатысу.
115. Хорға немесе музыкалық үйірмемен айналысу.
116. Спорттық лекциямен айналысу.
117. Биологиялық олимпиадаларға қатысу немесе өсімдіктер және жануарлар
көрмесін даярлау.
118. Географиялық экспедицияларға қатысу.
119. Геологиялық экспедицияларға қатысу.
120. Сырқаттарды күту және бақылау, оларға көмек көрсету, жағдайларын жақсартуға үлес қосу.
121. Аспаздық және кондитерлік жұмыстарының көрмесіне бару немесе ат салысу.
122. Физика олимпиадасына қатысу.
123. Химиядан берілген қиын тапсырмаларды орындау, химия олимпиадаларына қатысу.
124. Техникалық сызбалар мен сызуларды қарастыру, сызу немесе құрастыру.
125. Қиын радиосызбалармен айналысу.
126. Экскурсия барысында өнеркәсіп орындарына бару, станоктардың жаңа
түрлерімен танысу, олардың жұмысын бақылау.
127. Ағаштан бұйым жасау.
128. Құрылыс жұмыстарында белсенділік таныту.
129. Автомобиль, троллейбус жөқндеуінде белсенділік танытып, оны талқыға салу.
130. Кез келеген ауа райында жедел жәрдем ұшағында ұшу немесе өте жылдам
ұшақтарды басқару.
131. Қатаң қағидаларды ұстанып, күнделікті тәртіп ережелерін қатаң ұстану.
132. Тарихи үйірмелерге қатысу, мәліметтер жинақтау, тарихи тақырыптарда
баяндамалар оқу.
133. Әдебиеттер көздерімен жұмыс атқару, оқығандардан алған әсерлерді тіркейтін күнделік арнау.
134. Пікір таластарға және жастар конференцияларында ат салысып қатысу.
135. Жастармен жиналыстар ұйымдастырып, өткізу.
136. Жасы кіші балалардың тәрбиеленуіне көмек беру, балалардың және
жасөспірімдердің аймағында көтерілетін сұрақтарын талқыға салу.
137. Құқық қорғау қызметкерлерінің жұмысына көмек беру.
138. Әрдайым түрлі адамдармен қатынас жасау.
139. Математикалық олимпиадаларына қатысу.
140. Тауарлардың бағаларына қызығушылық білдіру, бағалық өзгерістердің мәселесін түсінуге талпыну, еңбек және жалақы ұйымдастырылуын білу.
141. Достарыммен шет тілінде тіл табысу.
142. Бейнелеу өнер көрмесіне ат салысу.
143. Театр үйірмелеріне қатысу.
144. Театрлық – сайыстағы байқауларына қатысу.
145. Спорттық жарыстарына жеке қатысу.
146. Бау- бақшада өсімдіктер өсіру, жануарларды өсіру және оларды күту.
147. Тұрығылықты жердің топографиялық суреттерін шығару.
148. Қарбалас жұмыс кезінде ұзақ еңбек сапарларын ұйымдастыру.
149. Ауруханада, клиникада немесе дәріханада жұмыс істеу.
150. Азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп орындарында маман болып жұмыс істеу.
151. Физикадан қиын есептерді шығару.
152. Химиялық кәсіпорындарында жұмыс істеу.
153. Техникалық шығармашылық көрмелеріне қатысу.
154. Электроэнергетика немесе радиоэлектроника аймағында жұмыс істеу.
155. Станокта жұмыс істеу, бөлшектер мен заттар өндіру.
156. Сызба бойынша ағаш шеберлігі немесе моделдік жұмыстар орындау.
157. Құрылыс бригадаларында жұмыс атқару.
158. Жолаушыларды немесе жүктер тасымалдау, көше жол ережесін қатаң сақтау.
159. Үлкен өзендерде немесе ашық теңізде қатты дауыл кезінде жұмыс істеу.
160. Әскери инженермен немесе командирмен біріге жұмыс істеу.
161. Туған қаланың тарихи орындарына саяхаттау.
162. Әңгімелер жазу, аңыз, өлең шығару.
163. Мерзімді басылымда немесе қабырға газеттерінде очерктер жазу.
164. Десанттық еңбек кезінде бригаданы басқару.
165. Балаларға арнап ойындар немесе мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру.
166. Заңдық мекемелерде жұмыс істеу (сот, прокутарурада, адвокатурада, заңдық
кеңестерде).
167. Адамдарға түрлі қызмет көрсету.
168. Математикалық білімді үнемі қажет ететін жұмыстар орындау.
169. Жоспарлау, қаржылау, экономика кәсіпорындар аймақтарында жұмыс істеу.
170. Олимпиадаларда, байқауларда, конференцияларда шет тілінде қатысу.
171. Бейнелеу өнері көрмелеріне қатысу.
172. Сахнада кейіпкерлерді сомдау немесе киноға түсу.
173. Музыкант, музыкалық режиссер, музыка мұғалімі болу.
174. Дене шынықтыру мұғалімі немесе жаттықтырушы болып жұмыс істеу.
Қызығушылық картасының шифры
Жолдың нөмiрi |
Қызығушылық аймағы |
Жолдың нөмiрi
|
Қызығушылық аймағы |
1 |
Биология |
16 |
Тарих |
2 |
География |
17 |
Әдебиет |
3 |
Геология |
18 |
Журналистика |
4 |
Медицина |
19 |
Қоғамдық жұмыс |
5 |
Жеңіл және азық-түлік өнеркәсіп |
20 |
Педагогика
|
6 |
Физика |
21 |
Құқық, заң |
7 |
Химия |
22 |
Қызмет көрсету аясы, сауда |
8 |
Техника |
23 |
Математика |
9 |
Электр және радиотехника |
24 |
Экономика |
10 |
Металл өңдеу |
25 |
Шет тілдері |
11 |
Ағаш өңдеу |
26 |
Бейнелеу өнері |
12 |
Құрылыс |
27 |
Сахналық өнер |
13 |
Көлік |
28 |
Музыка |
14 |
Авиация, теңіз жұмысы |
29 |
Дене шынықтыру, спорт |
15 |
Әскери мамандық |
|
|
Қызығушылық картасына арналған жауаптар бланкісі
Аты-жөні, тегі _________________________________________________
1 |
|
30 |
|
59 |
|
88 |
|
117 |
|
146 |
|
|
2 |
|
31 |
|
60 |
|
89 |
|
118 |
|
147 |
|
|
3 |
|
32 |
|
61 |
|
90 |
|
119 |
|
148 |
|
|
4 |
|
33 |
|
62 |
|
91 |
|
120 |
|
149 |
|
|
5 |
|
34 |
|
63 |
|
92 |
|
121 |
|
150 |
|
|
6 |
|
35 |
|
64 |
|
93 |
|
122 |
|
151 |
|
|
7 |
|
36 |
|
65 |
|
94 |
|
123 |
|
152 |
|
|
8 |
|
37 |
|
66 |
|
95 |
|
124 |
|
153 |
|
|
9 |
|
38 |
|
67 |
|
96 |
|
125 |
|
154 |
|
|
10 |
|
39 |
|
68 |
|
97 |
|
126 |
|
155 |
|
|
11 |
|
40 |
|
69 |
|
98 |
|
127 |
|
156 |
|
|
12 |
|
41 |
|
70 |
|
99 |
|
128 |
|
157 |
|
|
13 |
|
42 |
|
71 |
|
100 |
|
129 |
|
158 |
|
|
14 |
|
43 |
|
72 |
|
101 |
|
130 |
|
159 |
|
|
15 |
|
44 |
|
73 |
|
102 |
|
131 |
|
160 |
|
|
16 |
|
45 |
|
74 |
|
103 |
|
132 |
|
161 |
|
|
17 |
|
46 |
|
75 |
|
104 |
|
133 |
|
162 |
|
|
18 |
|
47 |
|
76 |
|
105 |
|
134 |
|
163 |
|
|
19 |
|
48 |
|
77 |
|
106 |
|
135 |
|
164 |
|
|
20 |
|
49 |
|
78 |
|
107 |
|
136 |
|
165 |
|
|
21 |
|
50 |
|
79 |
|
108 |
|
137 |
|
166 |
|
|
22 |
|
51 |
|
80 |
|
109 |
|
138 |
|
167 |
|
|
23 |
|
52 |
|
81 |
|
110 |
|
139 |
|
168 |
|
|
24 |
|
53 |
|
82 |
|
111 |
|
140 |
|
169 |
|
|
25 |
|
54 |
|
83 |
|
112 |
|
141 |
|
170 |
|
|
26 |
|
55 |
|
84 |
|
113 |
|
142 |
|
171 |
|
|
27 |
|
56 |
|
85 |
|
114 |
|
143 |
|
172 |
|
|
28 |
|
57 |
|
86 |
|
115 |
|
144 |
|
173 |
|
|
29 |
|
58 |
|
87 |
|
116 |
|
145 |
|
174 |
|
|