Материалдар / Танымдық сабақ.7,8-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Танымдық сабақ.7,8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздардың ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойы қарсаныңда ұйымдастырылған акцияға қатысып, Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә» повесін қысқаша түсіндіру. оқу сауаттылығын арттыру және оқу мәдениетін жетілдіру. Шыңғыс Айтматов туралы алған білімдерін әрі қарай дамыту. Өз ойларын тұжырымдап, еркін айтуға, сөздік қорларын молайтуға, байланыстырып сөйлеуге машықтау, шығармашылық деңгейде жұмыс істеуге жетелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2021
719
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Болгар мектеп-бақшасы КММ









Танымдық сабақ



Тақырыбы: «Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар»















Кітапханашы: Кадирова Р.Ж















2021-2022 оқу жылы



Тақырыбы: «Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар»
Мақсаты:
Білімділік: Ұстаздардың ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойы қарсаныңда ұйымдастырылған акцияға қатысып,
Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә» повесін қысқаша түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру және оқу мәдениетін жетілдіру. Шыңғыс Айтматов туралы алған білімдерін әрі қарай дамыту. Өз ойларын тұжырымдап, еркін айтуға, сөздік қорларын молайтуға, байланыстырып сөйлеуге машықтау, шығармашылық деңгейде жұмыс істеуге жетелеу.

Тәрбиелік: Осындай маңызды істерге шамшырағы жарқыраған аралдай, оты өшпеген қара ошақтай, қараңғы түнде алдан жарқыраған жарық сәуледей жол нұсқайтын – кітапхана екенің аңғарту. Қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы оқушыларға рухани- мәдени тәрбие беру.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ- жауап, түсіндіру, ой қозғау, топтастыру, талдау- жинақтау.

Кіріспе.
Ұстаздардың ұстазы Ыбырай Алтынсарин атамыз: «Оқысаңыз, балалар, шамнан шырақ жағылар» деп алдағыны көрсеткендіктен болжаған. Мұндағы «шамы» тұңғиық терең білім, ғылым болса керек. Алтынсариннің тәрбие жөніндегі негізгі тақырыбының бірі – талап. Талап етіп талпынбаса, адам баласы ешбір алға баспаған болар еді. «Талапты ерге нұр жауар», — деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған пікір. Жастық шақ жігер, қайраттың толы кезі. Бойдағы жасырын талант, өнерлерін жарыққа шығарып қалатын кез де осы. Ол үшін талап керек. Әр нәрсені де жігермен істе, өзіңнің не нәрсеге қабілетің, ыңғайың бар, қолыңнан не келеді, соны жақсы біл, қай өнердің соңына түссең, әрі өзіңе, әрі қоғамға пайда келтіре аласың, талаптан да таңдап ал дейді. Кейде талаптың, жігердің жоқтығынан жап – жақсы өнердің жарыққа шықпай кетуі де мүмкін. Сондықтан өз талабыңмен өрге шық дегенді айтады.Осынау білім деген шамның жарқырай түсуі үшін кітаптың, сол кітаптың жинақталар жері – кітапхананың қашанда тұғыры биік болуы тиіс.

Жоспар:

  1. Оқушыларға танымдық сабақтың мақсатын түсіндіру.

Сабаққа қатысатын оқушылар тізімі:



Оқушылардың аты- жөні

Класс

Жауапты маман

1

Сырбова Аня

7



Кітапханашы

Кадирова Р.Ж

2

Мысина Вита

7

3

Юлдашев Ардак

7

4

Генова Карина

8

5

Аймағанбетов Ұлан

8

6

Аманғос Аслан

8

7

Амангелді Акерке

9

8

Рзабай Дәулет

9



  1. Кітапты таңдап,оқушыларға тарату.24.09.2021

  2. Таңдалған кітап: Шыңғыс Айтматов «Жәмилә»

Қысқаша мазмұны:

Бүгіннің зиялылары мыңдаған жылдар бойы қос қапталын мекен еткен Алатауымыз ғана ортақ емес,айырмасыз тіліміз ғана емес қазақ пен қырғыздың генетикалық коды да ортақ екенін,

тағдырымызды шынайы бауырластығымыз бен тамыры терең этномәдени түсіністігіміз байланыстырып отырғанын айтып та,жазып та жатыр.

Бұл повесть шын мәнінде «советтік санаға» төңкеріс жасаған туынды болды. Айтматов адамды тек қоршаған қоғамның тәуелді мүшесі ғана емес,өз ойы, өзіндік пікірі бар, жүрек сезіміне бағынатын,жан әлемі қалтарыс-бұлтарыстыжеке тұлға ретінде қарастырды. «Жәмилә» - сол дәуірдің саясатын ұстанған шығарма болатын болса-басты кейіпкері соғысқа кеткен жарын пір тұтуы,күйеуін жігерлендіретін хаттар жазып, зарыға күтуі керек еді.

Сыншылар да, саясатшылар да дағдарып қалған осы кезеңдежас қаламгердің туындысын әдебиет әлеміндегі үлкен бетбұрыс екенін алғаш байқаған Мұхтар Әуезов болды. Жәмилә адамдық сезімнің жетегіне еріп , қазақ жігітімен қашып кетті. Сыншылар тарапынан резонанс тудырғанда осы жайт-ты. Күйеуі соғыста жүрген әйелдің басқа ер адамды сүйіп қалуы, оның үстіне сүйген жігітінің өз ұлтынан емес, қазақ жігіті болуы, онымен бірге басы ауған жаққа қашып кетуі-идеологияға мүлдем жат қылық.

Алғашында қазақ тілінде жарық көрген, кейін орыс тіліне аударылған бұл туынды қазақ жазушылары арасында ғана емес, КСРО көлемінде де үлкен серпіліс тудырды. Кейін кеңестік көркем сөздің айтулы тұлғаларына айналған біршама жас қаламгерлер әдебиетке келді, «Жәмиләга» еліктеген көптеген шығармалар пайда болды.

Мінеки, «Айтматов жылымығы» деп осыны айтамыз!



  1. Оқушыларға дайындыққа уақыт 25-30 қыркүйек

  2. Оқушылармен жұмыс түсінік айту, фото-видео коллаж жасау

  3. Қорытындылау

Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, оған қоса адамгершілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, шындық, адалдық, үлкендерді құрметтей білу сияқты асыл қасиеттер бала бойына кітап арқылы біртіндеп сіңеді. Баланы кітап оқуға көбірек баулу және пайдалы оқу үшін, ең басты балаларға кітапты сүюге көмектесу керек. Қазіргі балалардың көбінің қиялдары компьютерлік ойындарға ауып кетуіне қарамастан, кітапханашылар мен ата - аналарда, балаларға кітап әлемін сыйлау мүмкіндігі және құқығы қалады. Кітап оқуға үйрету үшін ең алдымен ата - анарға кеңес беру керек. Балаға бір жасынан - ақ кітап ұстатып үйреткен дұрыс. Яғни, ол сәби кезінен бастап кітапты көруге тиіс. Баланы кітапқа қызықтыру үшін суретті, санамақ кітаптардан бастау керек. Үнемі газет - журнал, кітап оқып отырған ата - ананы көрген бала да кітапқа қызығып өседі. 4 - 5 жастан бастап әңгіме, ертегілер оқуға болады.

Кітап оқу баланың ой - өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады, танымдық және дамытушылық қызметін анықтайды. Баланы кітап оқуға көбірек баулу және пайдалы оқу үшін, ең басты балаларға кітапты сүюге көмектесіп, алдын ала бос уақытында оқитын кітаптарының тізімін белгілеп, оны ата - анасы өздері ұсынуға болады. Баланы жас кезінен кітапты құрметтеуге және оны күтіп ұстауға баулыған жөн. Сондай - ақ, білімнің бір көзі – балалар басылымы. «Айгөлек», «Балдырған», «Мөлдір бұлақ», «Ақ желкен» журналдарына алып, оқып отырса, баланың білімі мен танымы талабына сай болады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!