400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

танымдық сабақ "Балалықтан-даналыққа"

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына шолу
Материалдың қысқаша нұсқасы

№1 М. Әуезов атындағы мектеп-гимназия












Балалықтан – даналыққа




Пәні: әдебиет

Пән мұғалімі: Ж. Бимұратова

Сыныптар: 5Б,8Ә,11Ә














Сарыағаш қаласы 2016 жыл

Мерзімі: жиырма алтыншы қыркүйек

Сабақтың тақырыбы: Балалықтан - даналыққа

Сабақтың мақсаты:

М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін жинақтау, жазушының шығармаларына жас ерекшелігіне сай талдау жасай білу қажет.

Күтілетін нәтижелер:

М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдері артып, шығармаларының тақырыбы мен идеясын түсінеді, талдау жасай біледі.

Енгізілген модульдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, СТО, АКТ, ОүБ және ОБ, Дарынды, талантты оқушымен жұмыс

Әдіс-тәсілдер:

Блум таксономиясы, топтық жұмыс, диалог, шығармашылық жұмыс

Дереккөздер:

оқулық, ғаламтор мәліметтері, интертақта

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Ұйымдастыру кезеңі (4 мин.)

Сәлемдесу, оқушыларды шаттық шеңберіне шақыру, «Ыстық жүрек» тренингін өткізу, өз топтарының атауын қорғату.

1-топ: 5-сынып «Қоңыр қозы» тобы.

2-топ: 8-сынып «Әділет» тобы.

3-топ: 11-сынып «Өмір жолы» тобы.

Шаттық шеңберінде «Ыстық жүрек» тренингінде бір-бірлеріне ыстық лебіздерін білдіру. Өз топ атауларын қорғау.

1-топ: 5-сынып «Қоңыр қозы» тобы.

2-топ: 8-сынып «Әділет» тобы.

3-топ: 11-сынып «Өмір жолы» тобы.

  1. Жаңа сабақ (38 мин.)

І Білу. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай жазушының өміріне шолу жасату.















ІІ Түсіну, қолдану, талдау. Жазушы шығармаларына талдау жасату.

















ІІІ Оқушының шығармашылық қабілетін шыңдау.



IV Жинақтау. «Ең, ең, ең...» айдарымен оқушы білімін қорытынылау, жинақтау.

















V Бағалау. Инсерт әдісімен өз білімдерін бағалату.

1- «Қоңыр қозы» тобы: М.Әуезовтің дүниеге келуі, балалық шағы туралы әңгімелеу, ұлы ақын Абай Құнанбаев пен бала Мұхтардың кездескен сәтін сахналау. Бүктемені қорғау.

2- «Әділет» тобы: жазушының жастық шағы, білім алған орындары туралы әңгімелеу.

3- «Өмір жолы» тобы: жазушының кемелденген сәті, атқарған қызметтері, өмірлік мақсаты мен ұстанымы туралы әңгімелеу.

1- «Қоңыр қозы» тобы: М.Әуезовтің әңгімелеріне талдау жасау. Жетім Қасымның суретін салу, қорғау.

2- «Әділет» тобы: жазушының повестеріне (қолдарында қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың суреті болады), интертақтадан көрсетілетін «Көксерек» фильміне (үзіндісі) талдау жасау.

3- «Өмір жолы» тобы: романдары туралы әңгімелеу («Абай жолы» эпопеясының 4 кітабын көрсету), интертақтадан көрсетілетін «Абай» фильміндегі (бесінші бөлім) Абайдың ағасы Тәкежанмен бақұлдасу сәтіндегі ақын сөзі арқылы жазушының айтқысы келген ойына, Абай мұрасы туралы елбасымыз Н.Назарбаевтің сөзін негізге ала отырып,бүгінгі таңдағы ұлттық идеологиямызға талдау жасау.

Үш топ та заңғар жазушыға өз арнауларын оқиды.

«Ең, ең, ең...» айдарымен берілген жазушының өмірі, шығармашылығы, еңбектері туралы сұрақтарға жауап беру.

Ең алғаш сауат ашуы (1908ж. Семейдегі Камалиддин хазірет медресесі).

Ең алғашқы мақаласы (1917ж. Адамдық негізі–әйел).

Ең алғашқы пьесасы (1917ж. Еңлік - Кебек).

Ең алғашқы әңгімесі (1921ж. Қорғансыздың күні).

Ең алғашқы тарихи роман-эпопея (1942, 1946-47, 1950, 1954жж.«Абай жолы» роман-эпопеясы).

Не білуші едім?

Не білдім?

Не білгім келеді?






3. Бағалау (1 мин.)

Формативті бағалау.

Сабақтың соңында өзге топтарды бағалау.

4.Рефлексия (1 мин.)

Бүгінгі тақырып бойынша алған әсерлері мен пікірлерін стикерлерге жазғызу, жапсырту. Ауызша пікірлерін сұрау.

Бүгінгі тақырып бойынша алған әсерлері мен пікірлерін стикерлерге жазу, таудың суретіне жапсыру. Ауызша пікір білдіру.

5. Үйге тапсырма (1 мин.)

Жазушы шығармаларын оқу.

Күнделіктеріне белгілеп алу.

Рефлексия

Не сәтті болды?











Не сәтсіз болды?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
2235
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі