Материалдар / Танымдық сағат: «Қазақ жырының қыраны»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Танымдық сағат: «Қазақ жырының қыраны»

Материал туралы қысқаша түсінік
Танымдық сағат: «Қазақ жырының қыраны» Қасым Аманжоловқа 110 жыл толуына орай. 8 сынып оқушыларына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2021
633
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қазақ жырының қыраны»

Қ.Аманжоловтың 110 жыл толуына орай танымдык сағат


Мақсаты:

  1. Білімділік:

  • ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру,

  • қазақ поэзиясында асыл өлең жазған ақынның шығармаларын оқуға қызығушылықтарын арттыру;

  1. Дамытушылық:

  • әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, ойлау, есту, көру қабілетін дамыту;

  • шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным- түсініктерін дамыту;

  1. Тәрбиелік:

  • ақын қаламынан туған өлеңдері арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу,

  • автор көтерген тағылымдар арқылы ақынның азаматтық бейнесін аша отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін арттыру, үлгі-өнеге алуға шақыру.

Көрнекілігі: Қасым Аманжоловтың портреті, «Өмірін өрген өлеңмен» атты виртуалды көрме бейнеролигі, ақын туралы естеліктер мен дәйексөздер.

 

Барысы.

Уа, тәкаппар Дүние!

Маған да бір қарашы,

Танисың ба сен мені?!

Мен қазақтың баласы!


«Қазақ жырының қыраны» атты Қ.Аманжоловтың 110 жыл толуына орай танымдык сагатымызды ашуға рұқсат етініздер!


1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!  Бүгінгі танымдық сағатымыз қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрлана, жарқырап өткен Қасым Аманжоловқа арналады. Өмірге іңкәр, өмірді жырлап өткен сыршыл ақын жайлы сыр шертіп, Қасым ақын әлеміне сапар шексек деп отырмыз.

Бұлбұлым, сайра кеудемде,

Бұлбұлым – менің жүрегім.

Көңілдің күйі келгенде

Ағыл да тегіл жыр едім.

Ағыттым ойдан ел үшін

Өлеңнің ерке өзенін, —  деп ақынның өзі айтқандай, уақыттың сынынан сынбай,сүрінбей өткен, сымбаты бөлек, сырлы әлемнің сәулетшісі болып қала беретін, алаштың ақиық  ақындарының  бірі – Қасым Аманжолов.

2-жүргізуші : Қасым Аманжолов 1911 жылы қараша айының 10 жұлдызында қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Қызыл ауылында дүние есігін ашқан. Ата – анадан кішкентайынан жетім қалған, Қасым бірсыпыра жылдар бойы ағасының қолында тәрбиеленеді. Бастапқы кезде бірінші рет ашылып отырған ауыл мектебінде білім алып, сауатын ашады. 1924 жылдары, ағасы Қасым Аманжоловты Семей қаласындағы интернатқа тапсырады. Қасым Аманжолов ол жерде 1927 жылдарға дейін оқып, тоқып шығады. Бұдан соң үш жылдай Семейдегі мал дәрігерлік техникумында білім алады. Бірінші шумақтарын да осы кезде жазады. 1930 жылы Алматыға келіп, бірсыпыра мезет «Лениншіл жас» газетінде істейді. 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп білім алады. Алайда, денсаулығына қатысты бірнеше жылдан кейін жұртына оралып, Орал қаласында «Екпінді құрылыс» газетіне жұмысқа орналасады.


1-жүргізуші: Қасым Аманжоловтың ақын, азамат болып қалыптасуына Орал қаласы үлкен әсер етті. Осы қалада ол ең алғашқы махаббат, жастық жырларын жазды. 1935 жылы әскер қызметінен босасымен Қасым Оралдың театр труппасын ұйымдастырып, өзі көркем басқарушысы болады. Бұл труппа тез өсіп,аз уақыт ішінде театр болып құрылды. Мұндағы Қасымның еңбегі өте зор еді. Осы кездері Қасымның ақындық, әншілік, артистік таланты жұртшылыққа танылды.


 2-жүргізуші: Ақын өлеңдерінде шынайы достықты, адамгершілікті ту етеді. Ол барша адам баласын зұлымдықтан бойын аулақ ұстап, жаманнан жиреніп, жақсыны үйренуге шақырады. Олай болса ортамызға 8 «А» сынып оқушысы Байнашев Мадиярды ортаға шақырамыз Қасым Аманжоловтын «Балалық шақ туралы» өленіне назар аударайық                                      

 

8 «А» сынып оқушысы Байнашев Мадияр : «Балалық шақ туралы».


Түседі еске жалаң аяқ күндерім,

Ақсүйекті ала қашқан түндерім.

Сол ашқаннан мол қашыпты балалық,

Қайда екенін көптен бері-ақ білмедім.

 

Қуар едім осы күні етікшең,

Бірақ маған жалаң аяқ жеткізсең.

Менмұндамын, сен қайдасың білмеймін,

Жеңіл аяқты жетім болып кеттің сен.

 

Өткен екен талай жылдар, талай күн,

Өмір жолын, өлең  жолын санаймын.

Сонау қарттың жөтелгенін есітіп,

Есік жаққа қайта-қайта  қараймын.


1-жүргізуші: Алғашқы өлеңдерін Қасым Семейде жазған. 1930 жылы жазған өлеңдері өзі қызмет істеп жүрген "Лениншіл жас", "Қызыл әскер" және "Пионер" газеттерінде жарияланған.

Қ.Аманжоловтың бірінші өлеңдер жинағы 1938 жылы "Өмір сыры" деген атпен шықты.

1939-1941 жылдар арасында Қасымның шығармашылық елеулі өрлеу дәуірі басталады. Осы кездерде жазған "Атамекен", "Дауыл", "Көкшетау", "Орамал", "Заула, заула Турксиб", "Сұлтанмахмұт туралы баллада" сияқты өлеңдерінде өрісті ойлар, терең сезім қуаты, өткір тіл байлығы байқалады.

Келесі кезек 8 «А» сынып оқушысы Сағындық Даянаға беріледі Касым Аманжолов «Атамекен» өлеңіне назар аударамыз


8 «А» сынып оқушысы Даяна Сағындық : « Атамекен»


Сүйем сені туған ел – атамекен.

Абзал анам сенсің ғой құшағың кең.

Жер мен көктің жаннаты бірөзіңсің,

Сенен артық не табам, қайда кетем.

Асан қайғы емеспін, Қасыммын  мен,

Қобызымен сырласып күңіренген.

Іздеймін деп «Жерұйық» көр басында,

Ерке жанмын, өмірде өстім еркін.

«Еркелеме, ей жігіт, еспе» дер кім?!

Өз елімде өзендей гүрілдеймін,

Тасып, шалқып өтемін, осы сертім.

 

    2-жүргізуші:   Ақын көркем аударма саласында да жемісті еңбек етті. Пушкин, Лермонтов, Шевченко, Байрон, Маяковскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударуы Қасымның шығармашылық өнерінің өсу жолын анықтай түседі..

Пушкиннің"Полтава" поэмасын, М.Лермонтовтың"Маскарад" драмасын,А.Твардовскийдің "Василий Теркин" поэмасын қазақ тіліне аударады.

Маяковскийдің он шақты өлеңін аударып 1941 жылы "Бар дауыспен" деген атпен жеке жинақ етіп жариялады.

1-жүргізуші: Қасым Аманжолов қалың жұртшылыққа өзінің ақындығы, аудармасымен ғана емес, сонымен қоса әнімен, домбыра, сырнай, скрипка, пианино тартатын әдемі өнерімен де танылған. Ол өз өлеңіне ән шығаруды өте қызық көрген. "Дариға", "Туған жер" атты өлеңдері бүгінгі жақсы әндер тізіміне қосылады

Ортаға 8 «А» сынып оқушысы Бекман Інкарға                                      


 8 «А» сынып оқушысы Бекман Інкар: « Туған жер».

 

Шықшы тауға, қарашы кең далаңа:

Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.

Ол  шеті мен бұл шетіне жүгірсең,

Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?

Уа, дариға – алтын бесік туған  жер,

Қадырыңды келсем білмей, кеше гөр!

Жатса алмас ем топырағыңда тебіренбей,

Ақын болмай, тасың  болсам мен егер.

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің!

Нендей күйге жүрегімді бөледің?


Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем, —

Арманым жоқ бұл дүниеде, — дер едім;

Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім;

Қызығыңды көріп еркін келемін,

Сен де аямай бердің маған барыңды,

Мен де аямай барым саған беремін.


    2-жүргізуші:   Ақын 1941 жылы армия қатарына шақырылады. Намыскер, өр, қайсар Қасым жауынгерлік міндетін жан аямай атқарады, абыройлы болады. Соғыс майданында жүріп Қасым көптеген лирикалы өлең жазған. "Үстімде сұр шинелім", "Жеңіс дауысы", "Орал", "Ертіс", "Сибирь", "Сарыарқа" сияқты өлеңдері туған жердің сыр-сипатын, сұлулық бейнесін, соғыс өмірін суреттейді. Ал "Елге хат", "Достар қайда жүрсіңдер?", "Ағайға" деген өлеңдері туған елді, дос жорандарын, ағайын-туыстарын сағынған солдаттың сезім дүниесін жырлайды.


Ақын таланты Ұлы Отан соғысы майданында толысты. Ол қазақ әдебиетіндегі әскери лириканы туғызып, қалыптастырып, жетілдіру жолында үлкен мектептен өтті. Соғыс кезіндегі ұранға, шақыруға, мадақтауға құрылған көп жырларға қарама-қарсы ақын майдан өмірінің өткір де қатыгез шындығын өз өлеңдеріне арқау етті.

 Ортаға 8 «А» сынып оқушысы Нығметоллаева Сағынайды шакырамыз. Қасым Аманжоловтын «Қоштасу»   өлеңіне назар аударайық                                   


      8 «А» сынып оқушысы Нығметоллаева Сағынай «Қоштасу»

.

Қош бол, досым, жақыным!

Уақыт тығыз, сөз қысқа.

Кетіп бара жатырмын

Сұрапыл бір соғысқа.

Тепкісінде соғыстың

Дүние меңзеп жатқанда.

Ажал бейне фашист сұм

Қасқыр болып шапқанда.

Қоян емен адаммын,

Қайтып бұғып жатырмын!

«Жаны тәтті жаманның»,

Сыналар күні мақалдың.

Сыналар күні жігіттің,

Қош бол, досым, сөз қысқа!

Зіл боп ойым, мен кеттім

Сұрапыл  бір соғысқа!

 


    1-жүргізуші:   Құрметті оқушылар осымен Қасым Аманжоловтын 110 жылдығына арналған «Қазақ жырының қыраны» атты танымдық сағатымыз өз мәресіне жетті .

Қасым асыл өлең жазған ұлы тұлға. Оның артында өлең- жырдың мол мұрасы қалды.Атында мектеп, көше атаулары бар. Көптеген шығармалары жарияланып кітап болып басылды

«Өмірін өрген өлеңмен» атты виртуалды көрме бейнеролигіне назар аударыныздар

Бейнероликтің демонстрациясы


 2 -жүргізуші:   Өмірден ерте кеткенімен, Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. Сол жырлары ақын атын мәңгілік өшірмейді.

«Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді» демекші, артына қалдырған асыл мұрасы - шығармаларымен таныстыңыздар.

Бүгінгі іс-шарамызды қортындылай келе, сіздермен бірге кішігірім сұрақ-жауап постерін құрастырайық.

Құрметті оқырмандар!

Ақын туралы осы кітаптар сіздерді қызықтырса, біз сіздерді кітапханада күтеміз!

Музыка пәнінің мұғалімі Гульбарам Уатхановнаның орындауында

Қасым Аманжоловтың «Туған жер» әңімен аяқтаймыз.



Келесі кездескенше, Қош сау болыңыздар!









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!