Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Танымдық-зияткерлік ойын "Мұхтар шыңына саяхат" 10- сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Мұхтар шыңына саяхат (танымдық-зияткерлік саяхат)
Мақсаты: М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін жинақтау,
Функционалдық сауаттылығын дамыту.
Оқыту нәтижелері : М.Әуезовтың өмірі туралы біледі.
Шығармашылығы туралы білімдерін саралайды.
Құндылықтарға баулу: Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының:
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.
Ұлттық дәстүрді құрметтеуге баулу.
Дереккөздер: Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толык жинағы. - Алматы: Ғылым, 1998,- 432 б. т-2
1.Жұртбай Т.
Бесігіңді аяла!.. Монография-эссе.–Астана: Фолиант,
2003.- 504 б.
2. Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары. – Алматы:
Рауан, 1990. – 200 б.
3. Бітібаева Қ. М.Әуезов туындыларын мектепте оқыту. – Алматы:
Мектеп, 2002. – 120 б.
5. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. – Алматы:
Мектеп, 2003. – 144 б.
Көрнекіліктер: Ұлы жазушы өмірі мен шығармашылығына арналған бұрыш, «Дегдар» видиосы, сабақ барысы бойыншакөрсетілім. Тапсырмалар конверттері
Өткен ғасыр... үн келеді алыстан,
Қоңыраулатып, құлын- тайы жарысқан.
Үн қатады даналықтың тілімен,
Бабам менің ой түбінен ағытқан.
Бетке алып асқарлы Мұхтар шыңын
Аттанды аламанға,жүректе-жалын.
Көрсетіңдер білім мен тапқырлықты
Ауыздап бұл сайыстың шарттарын,- дей келе сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.
1. М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға жауап береді;
2. Сайыс барысында әлсіздік көрсеткен ойыншылар топтан шығарылып отырды.
3. Сайыс сұрақтары 3 деңгейлік тапсырмамен берілген әрі әр топ өз қалауларынша таңдап ала алады.
Топтастыру: квест тапсырма: ұсынылған сурет арқылы топқа бөлінеді, сурет қималарын құрастырып, артында жасырылған сөзді табады. Табылған сөз жасырылған пікірге бағыттап, бүгінгі тақырыптың түйінді ойын болжайды.
Мінеки, алдарыңызда 3 түрлі жол жатыр. Айдай сұлу Айсұлуды іздеп шыққан батыр осы жол қиылысына келгенде қай жолға түсерін өз шамасы, өз күшіне қарай бағалап барып түскен деседі.
Қызыл – жалынды, қызулы, білімді жастарға арналған жол—қиын, қиын да болса, ОЛЖАЛЫ ЖОЛ- 40-50 ұпайға ие боласың.
Жасыл- Терең ақыл, кең сабыр тоғысқан жол- ТАБЫСТЫ ЖОЛ- 20-30 ұпайға ие боласың.
Сары - «Сабыр түбі – сары алтын» жолы, «Өрмелеп ұшып қыран шыққан шыңға асықпай өрмелеп жылан да шыққан» деген ҚАНАҒАТТЫ ЖОЛ – 1-10 ұпай.
«Суға кеткен тал қармайды» - көмегі –«01»
Жанкүйерден Жүргізушіден
сілтеме алу
ЕСКЕРТУ: сілтемеден соң сұраққа жауап болмаса, ***** жинаған ұпайы ҚАРСЫЛАСТАРҒА беріледі.
***** Дұрыс жауап бергенде, егер көмек жанкүйерден болса, 5 ұпай шегеріледі.
***** жүргізушіден болса, жинаған балынан 7 ұпай шегеріледі.
****** ТОП жетекшісі, таймкипер, бағалаушы сайланып алады. Әр айналымнан соң топ жинаған ұпай санын есептеп отырады.
Ойқозғау
«Дегдар Мұхтар» видиосын тамашалау
1-АЙНАЛЫМ
Отбасы –өнеге қазығы
сұрақ |
жауап |
Мұхтардың әжесі мен атасы |
Дінәсіл мен Әуез |
Әуез атасы жаттатын қолжазба |
Абай өлеңдері , қарасөздері |
әкесі мен анасы |
Омархан, Нұржамал |
Мұхтардың неше жасында анасы қайтыс болады? |
15 |
Мұхтардың сүйегі қайда жерленді? |
Алматы,Ташкент даңғылы қазақ зиратында |
**** жарлары |
Кәкен қызы Райхан, Мағауия қызы Кәмилә, ( ***) Валентина Никалаевна |
Құнанбай,Әуез, Абай,Мұхтар есімдерінің бір-бірімен байланысын тарат |
Әуездің қарындасы Берді қызы Нұрғаным Құнанбайдың 4 әйелі, Мұхтардың атасы Әуез Абаймен дос-жар сыйлас адамдар. |
«Әбсәмбет жиенің, Ол сенің біреуің. Достығын достыкпен, Өтемек тілеуің» – кімнің өлеңі және бұл өлеңнің Мұхтарға қатысы қандай? |
Абайдың жиені Әпсеметтің қызы Нуржамал Мұхтардың анасы |
«Менің аталарым ХХ ғасырдың бас кезінде Орта Азия жатқан келіп, Тобықты руына сіңіп кетті» кімнің сөзі? |
Мұхтардың Мұхтардың аталары, бұл қожалар әулетінін - Сауд Арабиясындағы арабтын хашия тайпасынан, Мүхамед Пайғамбар мен Халиф Әзірет Әлиден басталатыны бүгінде шежірелер аркылы белгілі болып отьір. Саяқтын бәйбішесінен Өзбек, Қанкожа, Қаракожа, Сәсейіт, Солтан, Темір тарайды. Бүлар Аякөздін Акшатау , Акшәулі, Қоңыршәулі бойында өсіп - өнген. Саякптың кіші әйелінен - Берді, Қылыш, Төлген туады. ұрпактары тобьіқты елінде өсіп, өнген. Саякып - ЬІрғызбайдың, Берді - Өскенбайдын, Әуез - Қүнанбайдын, Омархан - Абайдың замандасы.” [Жұртбаев Т. Бесігінді түзе. Алматы 1982, 30 -бет.] |
2 – АЙНАЛЫМ
ТАЛАНТЫНА ТАЛАБЫ ҚАНАТ БОЛҒАН
сұрақ |
жауап |
Алғашқы оқу орны |
Семейдегі 5 жылдық орыс училищесіне 1908 жылы түскен. |
Баспа бетін көрген алғашқы мақаласы |
1917 жылы Ташкентте шығ. «Алаш» газетте «Қазақтың өзгеше мінездері», Семейде «Сарыарқа» газетінде «Адамдық негізі- әйел» мақаласы. |
Алғашқы драмасы |
«Еңлік- Кебек» |
Ленинградта қандай оқу орнында оқыды? |
1928 жылы Ленинград универ. Филология фак. бітірген. |
Мұғалімдер семинариясын қай жылы аяқтады? |
1919 жылы 4 жылдық семинарияны аяқтаған. |
Аспирантураны қайда оқыды? |
Ташкент қаласындағы Орта Азия универ. аспирантурасын 1930 жылы |
М.Әуезов - полиглот |
Мұхтар аспиранттык бағдарламасы - неміс, ағылшын, түрік тілдерін меңгеруде табыска жетеді. Әсіресе, неміс тілін еркін меңгеріп, ағылшын тілінен сөздік бойынша жұмыс істеу дәрежесіне жетеді. Түрік халқынын тілін еркін біліп, ал азербайжан тілін ана тіліндей жетік біліпті. Ал араб, шағатай тілдерін жас кезінде атасынан үйренгенді. |
Мұхтардың студенттік шағындағы сүйікті ісі |
М.Әуезов ойнаған - 1913 жылы алғаш құрылған футбол командасында «Ярыш-Жарыс» жартылай қорғаушы болған |
Мухтар Омарханович, сен “’Большой писатель” боласың +5 қойдым!”- деп жас шәкірттің шығармашылық өміріне ен алғашкы тамсанумен қатар әділ бағасын берген екен. |
- М.оқитын сынып балаларына орыс тілінің жаңадан келген жас мұғалімі Василий Иванович Попов “ Әркім озін толғандырып жүрген такырыпта еркін шығарма жазуды” косады. Сонда Мүқаң сонау бала кезіндегі боранда адасуын есіне алып, “Буря” атты шығармасын жазады. Окытушы Попов талапкер Мүхтарды тақтаға шақырып: - Мүхтар Омарханович, сен “’Большой писатель” боласын +5 койдым!” деп жас шәкірттің шығармашылық өміріне ен алғашкы тамсанумен қатар әділ бағасын берген екен. |
3-АЙНАЛЫМ
Жыры да, мұңы да -қазағы
Ғұлама ғалым, абайтанушы, Мұхтар Әуезов шәкірті |
Қайым Мұхаметханов |
«Қарагөз» трагедиясының кейіпкерлері |
Сырым мен Қарагөз |
Қараадырдағы адамдардың зорлығы |
Көксерек |
«Түнгі сарын» драматургиясының негізгі тақырыбы анықтаңдар |
1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс |
Әйелі Валентинаның сатып әкелген күнтізбесі әсер етіп,Мұхтар қандай шығарма жазды? |
Көксерек |
Қараш-Қараш асуында неге оқ атылды? |
Бақтығұл өзін алдап, қылмысқа итермелеген Жарасбайдан кек алмақ болып өлтірген еді. |
Топырағы әлі қармен жабылып та үлгермеген 3 мола артта қалды... Қандай және қашан жазылған шығармадан үзінді? |
1921 жылы жазылған алғашқы әңгімесі «Қорғансыздың күнінен» үзінді |
«Еңлік –Кебек» пьесасы 1 рет қайда, қашан қойылды? |
1917 жылы 07.06. Ойқұдық жайлауында Әйгерімнің 8 қанат отауында қойылды. |
Бірінші рет сахналанған кезде «Еңлік- Кебек» пьесасында кімдер ойнады? |
Еңлік- Ахмет Әуезов, Кебек-Ақкенже, Еңліктің шешесі-Жағыпар Мағауия ұлы, Жапал-Жебірейіл, Кеңгірбай -Ысмайыл |
4- АЙНАЛЫМ
НҰРЫН ШАШЫП, БАҒЫН АШЫП ҚАЗАҚТЫҢ,
АБАЙ АТЫН КІМ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТТЫ?
1930 жылдары “Қазак жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін, Менін бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнін барлығы да Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда маған Абай деген сөз, қазақ деген сөзбен теңбе - тең түсетін кездері бар сиқты. Абайды сүюім үнемі акылдан туған, сыннан туған сүю емес, кейде туған орта, кір жуып, кіндік кескен жерді сүюмен бара - бар болатыны бар”
Қ.Сәтпаев : «Абай жолы эпопеясы – қазақ өмірінің айнасы, энциклопедиясы»,- деп жоғары бағалаған «Абай жолы» роман- эпопеясы дүниежүзінің 30-дай елінің тіліне аударылған.
Роман басындағы бала жасында |
13 |
Әйгерімнің шын аты |
Шүкіман |
Жатақта кімдер тұрады? |
Аталының зорлығы қосқандар: Дәркембай, Базаралы, т.б. |
Әйгілі неміс жазушысы, аудармашы Альфред Курелланың «А.Ж» туралы пікірі |
«Сіз әлі «Абайды» оқыған жоқсыз ба? Онда мүлдем ештеңе оқымағаныңыз. Бұл- таңғажайып, бұл- керемет! |
«Абай жолында» Абайды шошытқан оқиға |
Қодар оқиғасы |
«Қозыкөш» әні туралы не білесің? |
«А.Ж» Біржан сал ауылдан аттанып бара жатып салған ән |
««Абай жолы» - қазақ өмірінің айнасы» кім және неліктен айтқан? |
Қ.Сәтбаев жарты ғасырдан артық уақытты қамтыған, 3 ұрпақтың өмірі мен тұрмысын, салт- дәстүрін шынайы бейнелеген. |
«Абайдың өсуі – Құнанбайдың құлдырауы» кім және неліктен айтқан? |
Ғ.Мүсірепов Қайтқанда- Қат-қабатта, Шытырманда, Бел-белесте, Өрде, Қияда- Абай жолы, өрлеу жолы; керісінше қарасаң , Құнанбайдың түсу-төмендеу жолы. |
«Абай жолында»: «Қазақ баласы айтпағанды сен айтарсың, Абай! Асылым! Шөлімдегі жалғыз алтын тірегім!- деп, толғанған кім? |
Дәркембай |
5- АЙНАЛЫМ
ҚҰМСАҒАТПЕН ТАРТЫС, « КІМ ШАПШАҢ?»
1. Мұхтар -Әуезов
2. «Абай жолы»- эпопея
3. Мұхтардың анасы- Нұржамал
4. Жетім бала- Қасым
5. Еңлік – Кебек
6. Мұхтарды оқуға әкеткен аға – Қасымбек
7. Айман –Шолпан
8. Бақтығұлдың інісі- Тектіғұл
9. Тектіғұлдың жеңгесі- Қатша
10. Мұхтар туған жер- Бөрілі
11. Мұхтардың әжесі – Дінәсіл
12. Әкесі Абайға бойындағы неше мінді атады?
13. Абайдың алғашқы азаматтық ісі- Бөжейдің асын өткеруі
14. Абайдың әжесі –Зере.
15. Разақ – Мұхтарды қамқорлығына алған ағасы
1. «Қыр суреттері» - әңгіме
2. Еңлікті алмақ батыр – Есен
3. «Кім кінәлі?» - Ғазиза
4. Жапал - «Еңлік – Кебек»
5. Қорғасыздың күні» әңгімесінің басты тақырыбы? (ауыл өмірі, ауыл тағдыры)
6.Ақан, Қалтай – «Қорғасыздың күнінің» кейіпкері
7. Құрмаш- «Көксерек кейіпкері
8. 1897 – Мұхтар туды
9.Ғ.Жұбанова –«Абай либереттосын жазды
10.1908 жылы қайда сабақ алды? (Семей медресесінде)
11. Жазушының қарындасының есімі кім? ( Гүлнар Омарханова)
12. Мұхтардың ғасырлық туындысы (Абай жолы)
13. «Абай жолы» романы қай жылы аяқталды? ( 1957 жылы)
14. «Қарагөз» қандай туынды? (Пьеса)
15. «Ділдә» қай шығарманың кейіпкері? (Абай жолы)
№1
1. Мұхтардың әкесі кім? (Омархан)
2.Ташкент мемлекеттік университетіне өз бетімен тыңдаушы болып қай жылы түседі? (1922)
3.1908 жылы қайда сабақ алды? (Семей медресесінде)
4.Мұхтардың ғасырлық туындысы (Абай жолы)
5. Драматургиялық шығармасы (Еңлік-Кебек)
6.Құрмаш қай әңгіменің кейіпкері? (Көксерек)
7.«Үш ұры»-ны кімнен аударды? (Л.Толстой)
8.«Абай операсы» қай жылы жарық көрді? (1944)
9.Ғазиза қай шығарма кейіпкері? («Кім кінәлі»)
10.«Жетім қандай жанр»? ( әңгіме )
11.«Еңлік-Кебек» трагедиясының негізгі тақырыбы. (Жастар тағдыры)
12.1957 жылы қаандай орденмен марапатталды? (Лениндік орденмен)
13. Қай жылдан бастап көркем әдебиет саласына өнімді еңбек етуді бастады? (1923)
14. «Қарагөз» қандай туынды? (Пьеса)
15.Мұхтардың екінші жұбайы кім? ( Валентина)
16. Жазушы 1955 жылы қайда барады? (Үндістанға)
17. «Абай жолы» романында сомдалған Абайдың шәкірттерінің бірі кім?
(Көкбай)
18. Мұхтардың арғы атасы кім? (Бердіқожа )
19. Жазушының қарындасының есімі кім? ( Гүлнар Омарханова)
20. Мұхтардың сүйегі қайда жерленді? (Алматы,Ташкент даңғылы қазақ зиратында)
№2
1. Мұхтардың немере ағасы кім? (Қасымбек)
2. «Отелло» пьесасын кімнен аударды? (Шекспирден)
3. 1923 жылы қайда оқуға түседі? (Санкт-Петербургте)
4. «Өрде» Абай жолы романының нешінші бөлімі? ( Ү бөлімі)
5. «Бәйбіше-Тоқал» қандай шығарма? (Драматургиялық)
6. «Салтанат» қай шығарманың кейіпкер? (Абай жолы)
7. «Алтын шеттеуік» мысалын кімнен аударды? (Паульсоннан)
8. «Сын сағатта» пьесасы қай жылы жарық көрді? (1941)
9. «Кеңгірбай» қай шығарма кейіпкері? ( Еңлік-Кебек)
10. «Барымта» қандай жанр? (Әңгіме)
11. «Қаралы сұлуда» қандай оқиға суреттелген? (Жесір қалған Қарагөз тағдыры)
12.100 жыл толуына орай қандай оқиға болды? ЮНЕСКО бойынша атап өтті)
13. 1921 жылы жазылған алғашқы әңгімесі? (Қорғансыздың күні)
14. «Асауға тұсау» қандай туынды? (Комедия)
15. Мұхтардың әжесінің аты. ( Дінәсіл)
16. Әйелі Валентинаның сатып әкелген күнтізбесі әсер етіп,Мұхтар қандай шығарма жазды? («Көксерек» әңгімесі)
17. «Абай жолы» романы қай жылы аяқталды? ( 1957 жылы)
18. «Түнгі сарын» драматургиясының негізгі тақырыбы. ( 1916 Жылғы ұлт азаттық көтеріліс)
19. «Қараш-қараш оқиғасындағы» байдың есімі. (Жарасбай)
20. Мұхтар қай жылдары түрмеде отырды? (1930-32 жылдары)