Материалдар / Танымға бастар жол
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Танымға бастар жол

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет.Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше.Себебі өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды.Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2018
465
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектеп:

Күні:

Сынып: 5

: 5

Мұғалімі:

Оқушылардың саны:

Сабақтың тақырыбы: Танымға бастар жол

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық, шынайылық.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға танып – білудің қажеттілігін сүйіспеншілік құндылығы арқылы түсіндіру.

Білімділік: оқушыларды адамдарға риясыз қызмету етуге үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың бойындағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды шынайылыққа тәрбиелеу

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды көңіл – күйге келу. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!


2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №4 - сабақ. Жоба тапсырмасы
Сұрақтарға жауаптарыңды, бақылауларыңды, ойларыңды дәптерде
берілген жоба күнделігіне жазып толтыр.
Менің қандай қабілеттерім бар?
Мен достаса аламын ба?
Мен достарыммен бірге не істегенді ұнатамын?

2. Келесі сабақ. №5, «Қожа Ахмет Йассауи» аңызын оқып келу.

Сұрақтар:

1. Ахметтің жақсы білім алуына кімдер ықпал етті?

2. Ахметтің іс-әрекетінен нені ұғуға болады?

3. «Ар-ұжданым бәрін көріп тұр» дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Адам ар-ұждан даусын қалай ести алады?

5. Өзің ар-ұжданыңа сай іс-әрекет жасап жүрсің бе?


3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

«Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы»

Уильям Гэзлит

Ағылшын философы.

Сұрақтар:

  1. Жақсы мінез қандай болады?

  2. Сарқылмас байлық деген не?

  3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


4. Оқиға айту. (Мұғалім сыйы)

Ата ақылы

Ата, мен сенің жалғыз ұлдан көрген тұңғыш немерең едім.Ұзақ күткеніңнен шығар, мені өте жақсы көрдің. Бірақ, ешқашан есірте еркелетіп, бетіммен жіберген жоқсың. Көбіне қасыңнан тастамайтынсың. Не туралы сөйлессең де, сөз аяғын үнемі сыйластыққа, кішіпейілділікке, ақылдылыққа, т.б. толып жатқан жақсы қасиеттерге әкеліп тірейтінсің. Әрине, оның бәрін түсіндім, қабылдадым деп айту қиын. Бірақ, жақсылыққа деген ынтызарлық, жамандыққа деген жиіркеніш, адалдыққа, шыншылдыққа ұмтылушылық хылқымыздың кейбір жақсы салт-дәстүрлерін қадірлеушілік сияқты қасиеттер біртіндеп болса да көкірегіме жинала берді.

Ата, жалғыз менімен ғана емес, кез-келген адаммен тіл табысып, ашық-жарқын әңгімелесіп кететінсің. Танысын-танымасын, әйтеуір, кездескен кісілердің бәріне жақсылық жасауға ұмтылатынсың. Бір жанұяның түтіні түзу шықпай, отбасында жанжал өрбісе, болмаса ауыл адамдарының арасында негізсіз кикілжің, қақтығыс етек алса, үнемі сол жерден табылатынсың. Елдің тату-тәттілігі мен отбасы сыйластығы үшін бар күшіңді салатынсың. Сондықтан, жұрттың бәрі сені ардақтайтын, құрметтейтін.

Әсіресе жас балаларды жақсы көретінсің. Қашанда қамқор болып жүретінсің. Әсіресе, жетім-жесір мен тәрбиесі қиын балаларға келгенде көмегіңді аямайтынсың. Бар өмірін ұстаздыққа арнаған өзіңе, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі» деген атақ берілген-ді. Иә, шын мәніндегі нағыз ұстаз едің-ау... Бала, бала деп соққан жүрегің өзгеше болатын.

Ата, өзіңнен әр нәрсені бір сұрай беретінмін. Бәріне де салмақты жауабың дайын. Бар ықыласыңмен түсіндіретінсің.

Тағы да сондай бас қосуда:

Ата, жақсы деген не? – деймін ғой, баяғы.

Е, айналайын жақсыны білгісі келетін өзіңнен. Жақсы дегеннің бойында ізгілігі, қайырымдылығы, адалдығы болады.

Ата, ал жаман деген немене?

Е – е, жаманның бойында қараулығы, арамдығы, күншілдігі сезіліп тұрады.

Ата, қашан мен жақсының қатарында боламын?

Е, айналайыным-ай, үлкейгенде жақсының қасиеттерін игеріп, кездескен қиындыққа көне білсең, бәле-жалаға сабыр етсең, жақсының қатарында болғаным деп есептегін.

Иә, онда бар-жоғы жеті жастағыбалдырған едім ғой. Соданбері қанша жыл өтсе де, осынау сөз жадымнан шыққан емес. Ата, өзің берген тәрбиенің арқасында қанаттанып өстім. Әйтеуір, жаманның қатарында жоқпын деп есептеймін. Ал жақсының қатарын толықтыру мақсатында талмай ізденіп, өзің айтқан сөздерді жадымда сақтап келемін.

Сұрақтар:

  1. Атасының бойындағы басты қасиеттер қандай болған?

  2. Немересінің сұрағына атасының жауабы қалай болды?

  3. Қандай адамды жақсы адам деп білуімізге болады екен?

  1. Ата-әжелерімізден көп нәрсе сұрап білуімізге мүмкіндігіміз мол екенін ұмытпайық.


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс:

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

Тапсырма: мақалдарды толықтыру.

1. Жақсы адам ... танылғы. (жолдасынан)

2. Жақсымын деп мақтанба,
... айтпай,
Батырмын деп мақтанба,
... қайтпай. (халық, жеңіп)

3. Жақсы  – ай мен күндей  –
... бірдей. (әлемге)

4. Жақсы туса  – ... ырысы,
Жауын жауса  –... ырысы.(ел, жер)

5. Атадан — өсиет,
Анадан — .... (қасиет)

6. Кешірім - ... белгісі (ізгіліктің)


6. Топпен ән айту

«Жан досым» әні

Iздегенде табылатын қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн,
Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!

Қайырмасы: 
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесiн!


Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
Қатар жүріп сырымызды сан аштық.
Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық,
Адассақ та бiрге жүрiп адастық.


Қайырмасы: 
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпес


7. Үй тапсырмасы.

1. №5 - сабақ. Адамгершілік қасиеттер туралы өз түсініктеріңді жазып, кестені толтырыңдар.


Адамгершiлiк
ұғымдар

Адамгершiлiк ұғымдар туралы түсінік

Жауапкершiлiк

Адамның белгiлi бiр iстi, өзiне тапсырылған мiндеттi қалтқысыз орындауы. Адамның мақсатына жетуi, iсiнiң сәттi болуы, көбiнесе, оның жауапкершiлiктi сезiнуiне тiкелей байланысты болады.

Адалдық


Әдептiлiк


Қамқорлық


Кешірімділік


Татулық


2. Келесі сабақ. №6, «Қайырымдылық» аңызын оқып келу



8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!