Тапқыр достар сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тапқыр достар сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сыныпқа
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тапқыр достар» зияткерлік ойын.
Мақсаты: Сынып аралық білім сайысы арқылы оқушылардың білімін шыңдай түсу, логикалық шапшаң ойлау дағдысын арттыру, дарынды, білімді оқушыны анықтай білу, жеңімпаз, озат болуға тәрбиелеу;Сөйлеу шеберліктерін арттырып,сөздік қорларын дамыту.
Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, жасырын сөздер, ребустар бетшесі;

Түрі: сайыс
Жүру барысы: 1. Ұйымдастыру
Ал, қанекей, келіңдер, келіңдер,
Бір - біріңе серік болып еріңдер
Білгендеріңді тексеріп, еске түсіріп
Зияткерлік сайыста сайыста
Бақтарыңды сынап, қатысып бір көріңдер - деп білім сайысына құлшынып келген білімді оқушыларымызды шақырамыз.
1 - топ –«Болашақ»

Бір сыныпта оқимыз, бәріміз де
Достық сөзі әрқашан дәрі бізге
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге.
Біздің тобымыздың ұраны: «Білімдіге – дүние жарық, білімсіздің күні – кәріп»
2 - топ –« Арман»

Біз дайынбыз жарысуға достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Біздің тобымыздың ұраны: «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы»


Шын жүйріктер сыналады жарыста
Жарыстың ба орта жолда қалыспа
Әділқазы бағалайды сіздерді
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?- деп әділ қазылар алқасымен таныстыру:
Бүгінгі сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар:
1. «Кәне, ойлан!» Ребус шешу
2. «Елімнің болашағымын» жоба қорғау.
3. Суреттер сөйлейді (Суреттерге қарап мақал-мәтел құрастыру)
4. «Кім тапқыр»
ақын-жазушылардың кім екенін табады.
5. Сөз тапқанға.... (әріп суыру арқылы сол әріптен басталатын сөз арқылы
сұраққа жауап беру)

6. «Түсін мені» (берілген сөзді өз топ мүшелеріне ымдап түсіндіру)

- Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер - деп білім сайысымыздың бірінші бөліміне кезек береміз.

1-бөлім «Кәне, ойлан!» ребус шешу

2-бөлім «Елімнің болашағымын» жоба қорғау
3-бөлім Суреттер сөйлейді (Суреттерге қарап мақал-мәтел құрастыру)
1.Біреуге ор қазба,өзің түсерсің.

2.Сырты бүтін,іші түтін.

3.Асыққан қалар ұятқа.

4.Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер.

5.Жеті рет өлшеп,бір рет кес.

6.Қорыққанға қос көрінер.

5. «Кім тапқыр» ақын-жазушылардың кім екенін табады
Қазақтың аса көрнекті ақыны,ірі қоғам қайраткері,өте білімдар ғалымы,Торғай өңірінде туған,балаларға арнап тұңғыш қазақ “ Әліппесін” жазған. Оның “Оқуға шақыру”, “Әліппенің атасы” т.б шығармаларымен таныспыз.Бұл кім туралы айтылған?(Ахмет Байтұрсынов)

Қазақтың аса көрнекті ақыны,Солтүстік Қазақстан облысының тумасы,4 жастан мектеп табалдырығын аттаған,өз ұлтың өте жақсы көрген ,жастарға үміт артқан ақын.Оның “Қарағым”, “Аққала” т.б шығармаларымен таныспыз.Бұл кім туралы айтылған?( Мағжан Жұмабаев)

Жырау,жыршы әрі айтыс ақыны.Жамбыл облысында дүниеге келген.Ол он бес жасынан қолына домбырасын алып,ел кезіп,өлең айтып,айтысқа түскен.Ұлы Отан соғысы кезінде ел жігерін қайраған ақын.Бұл кім туралы айтылған?(Жамбыл Жабаев )


Дарынды ақын.Ол небары 27 жас қана өмір сүрген.Сол азғана өмірінде ақын артына мол мұра қалдырды. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп жырлаған жалынды ақын мысал өлеңдерде жазды. (Сұлтанмахмұт Торайғыров)

6. Сөз тапқанға.... (әріп суыру арқылы сол әріптен басталатын сөз арқылы
сұраққа жауап беру)
1- топқа ( Б)
Суды немен ішесің?
Сенің досың кім?
Бүгін сенде неше сабақ?
Қандай тағамды ұнатасың?
Қай көшеде тұрасың?
Жасың нешеде?
Қай ертегіні ұнатасың?
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Көршің кім?
Ағаңның есімі?
2-топқа (М)
Сенің көршің кім?
Дос қызыңның есімі?
Қандай ертегі ұнатасың?
Қай жануар ұнайды?
Зат есімге мысал?
Көйлекті неден тіккен?
Пырылдап ұйықтайтын не?
Сүйікті пәнің?
Күн ішінде не бар?
Үй тапсырмасын шығаруға кім көмектеседі?

6. «Түсін мені» (берілген сөзді өз топ мүшелеріне ымдап түсіндіру)

Шарты: Топтан бір мүше шығып үстелде тұрған сөздерді таңдап, 1 минут ішінде қалған өз топ мүшелеріне ымдап немесе жұмбақтап сөзбен жеткізуі керек. Балмұздақ, түйе, пияз, күшік, қоян,жылан


Еліміздің   ертеңі,  Тәуелсіз    Қазақстанның    кемел болашағын келешекке  жеткізер  осынау  озық  ойлы  ұрпағы  бар елдің   жалауы  ешқандай  еңкеймек  емес. Алдағы  уақытта  да  тек  қана  биіктерден  көріне  бер деген   ізгі  ниетпен  біз  сайысымызды  аяқтаймыз.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.06.2018
1497
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі