Тапқырлар додасы сайысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тапқырлар додасы сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тапқырлар додасы сайысы оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру,жаратылыстану пәндеріне қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеуге бағытталған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тапқырлар додасы» интеллектуалдық сайысы

Мақсаты:

-білімділік: оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;

-дамытушылық: ізденімпаздық, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;

-тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, жаратылыстану пәндеріне қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: безендірілген зал, слайдтар, қорапша, әр топқа ерекше даярланған үстел,нақыл сөздер.

Сайыстың барысы:

Жүргізуші:

Армысыздар құрметті жиналған қауым!

Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез

Нұрын, сырын білуге,

Көкірегіңде болсын көз -дей келе , бүгінгі «Тапқырлар додасы» интеллектуалды сайысымызды бастаймыз.

Жүргізуші:

Сіздерді сайысқа шақырамыз,

Сұрақтармен бастарыңды қатырамыз.

Логикалық сұрақтар қоя отырып,

Аз да болсын, білімдеріңді толтырамыз - дей отырып, 10-11 сынып оқушыларының арасындағы ұшқыр ойлыларынан құралған «Алғырлар» , «Тапқырлар» топтарын ортаға шақырып, құрмет-қошемет көрсетіп қояйық.

Жүргізуші:

Жарыс десе жаныңыз,

Жасырғанды табыңыз.

Күш сынасып көріңіз,

Жеткенінше әліңіз (шамаңыз)

Алғырлар мен тапқыштар,

Бар өнерін салады.

Математика сырлары,

Қызықтырады біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді – дей келе сайыскерлеріміздің білімі мен біліктілігіне қара қалды қақ жарып әділ баға беретін Әділқазылар алқасымен таныстыра кетейік.

Жүргізуші: Интеллектуалды сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

Сайыс кезеңдері:

  1. Топтардың құрамымен танысу

  2. Топ басшылар сайысы (әр топ басшысы 10 сұраққа жауап береді)

  3. «Тапқыр болсаң, тауып көр» сайысы (тапсырмалар орындайды)

  4. Жанкүйерлер сайысы (Видеоролик сұрақтары жауап беру)

  5. Ойымды жалғастыр. (білімге, математика ғылымына байланысты нақыл-сөздерді жалғастыру, авторын табу)

1-кезең. Топтар өздерін таныстырады

  1. 10-сынып оқушыларынан құрылған «Алғырлар » тобы.

Топ басшысы:

  1. 11-сынып оқушыларынан құрылған « Тапқырлар » тобы.

Топ басшысы:

Жүргізуші:

Мықты болсаң – алдағыны басып оз,

Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң – тайғанама, құлама!

Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт! – дей отырып, 2-кезең Топ басшылар сайысын бастаймыз.

«Топ басшылар» сайысы

(Топ басшысы 10 сұраққа жауап береді)

  1. «Алғырлар» тобы. Топ басшысы:

  1. Саңырауқұлақтар неліктен зонтқа ұқсайды? (Жаңбыр астында өскендіктен)

  2. Бір бөлмеде 9 свеча жанып тұр, үшеуін сөндірсек қаншауы қалады? (Үшеуі қалады, қалғандары жанып, таусыып жоқ болады.

  3. Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе? (Есіміміз)

  4. Лимонның жартысы неге ұқсайды? ( Екінші жартысына)

  5. Қай жерде жексенбі сенбіден бұрын келеді? (Сөздікте)

  6. Машинаның қай дөңгелегі айналмайды? (Қосымша дөңгелек)

  7. Екі адам бес партиядан дойбы ойнады. Әрқайсысы бес реттен жеңді. Бұл мүмкін бе? ( Иә.Өйткені, олар әртүрлі адамдармен ойнады.)

  8. 1;2;5;10;17;..... тізбегіндегі келесі санды анықтаңыз. 26

  9. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше қалды? ( 3 стакан)

  10. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? (жоғары)

  1. «Тапқырлар» тобы. Топ басшысы:

  1. Қай сұраққа болымды жауап берілмейді? (Ұйықтап жатсың ба?)

  2. Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен тұрса қанша кг? ( 3 кг)

  3. Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не? (Өмір)

  4. Қай айда 28 күн бар? (Барлық айда)

  5. Екі күн қатарынан жаңбыр жаууы мүмкін бе? (жоқ, Себебі, екі күннің арасында бір түн бар)

  6. Есікті ашу үшін не қажет? (Есіктің жабық болуы қажет)

  7. Адамдар мен көліктер басып өтетін жануар қалай аталады? (Зебра)

  8. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? (Сіріңке)

  9. Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі? (Алма ағашында)

  10. Тарихта ең үлкен қалпақ киген кім? (Басы ең үлкен адам)

Жүргізуші:

Мәңгі- бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын- деп келесі кезекті « Тапқыр болсаң, тауып көр» сайысына жол береміз.

  1. 4 сурет.1 сөз ( 4 сурет көрсетіледі. Әр топ өзіне байланысты сұраққа жауап береді.Таба алмаса, «Қарсыластар» сөзінен кейін қарсыластар жауап бере алады.)

  1. Айып

  2. Қадам

  3. Айналым

  1. Қорапта не бар? ( Әр топ өз жауатарын қағазға жазып, маған береді,сосын жауаптарын айтады)

  1. Жәшікте кореялық жұмбақтың жауабы жасырылған: «Онға он – әлі де он.Он онсыз , тағы да он.» (Қолғап)

  2. Жәшікте Ежелгі Египетте ойлап табылған нәрсе бар,ол өте тәбетті көрінеді, бірақ ол жеуге жарамсыз деп есептеледі, сонда да көптеген адамдар оны күніне бірнеше рет жейді және бірден келесі бөлігін үстемелейді. (Ерін далабы)

  3. Түрлі құрылғылар тасымалданатын әшіктерде көп бос орын қалды.Әдетте бұлар пенопластпен толтырылады. Бірақ кейін оны жою қиын, ия және пенопласт өндірісі қоршаған ортаға зиян келтіреді. АҚШ-та осы мақсаттар үшін пенопласттарды ауыстыру үшін патенттелген жаңа материал пайда болды. Экологиялық жағынан мүлдем зиянсыз және арзан, ал өзінің белгілері бойнша ол пенопластқа өте ұқсас. Қазір ол жәшікте. (Попкорн)

4-кезең. Жанкүйерлер сайысы (Видеоролик сұрақтары қойылады)

5-кезең. «Ойымды жалғастыр...» (жүргізуші нақыл сөздердің басын оқиды ,қатысушылар жалғастырып, нақыл сөздің авторын айтулары қажет).

Қолданылған нақыл сөздер:

Көп білгенге мәз болу қате. Білімнің саны емес, сапасы маңызды.

Л.Н.Толстой

Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот.

Н.Байғанин

Білген адам білімді өмір бойы іздейді.

А.Иүгінеки

Әлемдегі терең сыр-ғылыммен ғана ашылмақ...

С.Торайғыров

Математика ғылымдардың патшасы.

К.Гаусс

Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.

Р.Бэкон

Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін – математика.

М.В.Ломоносов



Жүргізуші: Осымен сайыс кезеңдері аяқталды. Сөз кезегін топтарымызды марапаттау үшін, әділ қазыларға берейік.

Қазіргі өмір талабына сай ғылым жолы ауыр да қиын, әрі қызықты. Тек қана төзімділік еңбекқорлық пен тапқырлық сіздерді ғылым жолында алға жетелейді. Отанымыздың арқа сүйер азаматы болыңыздар. Осымен біздің бүгінгі «Тапқырлар додасы» атты интеллектуалды сайысымыз өз мәресіне жетті. Келіп көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2021
620
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі