Тексерілді:
«Күншуақ»балабақша
Меңгеруші:
_________
А.Қ
Құлымбетова
«____»
______2017ж
Тақырыбы:
«9мамыр Жеңіс
күні»
Тәрбиеші: Амантаева
АБ
.
. ...
. 9мамыр Жеңіс
күні.
Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу.Өз
Отанын,елін,жерін сүю,туған жерге сүйіспеншілігін арттыру.Отанын
қорғай білуге тәрбиелеу. Соғыста ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың
істерін қастерлеп,өнеге тұту.
1941жылдын 22маусымында таңғы
сағат 4-те бейқам жатқан елімізге фашистік Германия тұтқиылдан
шабуыл жасады.
Радиодан:
«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Сөйлеп тұрған Москва! Фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жарялап,
елімізге басып кірді».
Көрініс:(Ер-азаматтарды майданға шығып
салып тұрған қыз-келіншектер.)
Толғанай: « Соғыс , соғыс дейді,
естідіңдер ме? Сұмдық – ай енді кайттік? Күніміз не болар
екен?»
Алуа: «Қойыңдар жамандық шақырмай.
Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес
пе?»
Қанат:
Ат басына күн
туса,
Ауыздықпен су
ішер
Ер басына күн
туса,
Етігімен су кешер – деген бар
емес пе, жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар.
Мирас:
Уа,
халқым!
Күн туды сенің
басыңа,
Жау кірді сенің
жеріңе,
Сұм фашистен
қорғауға,
Аттан, халқым майданға! – деп
қоштасып, арттарынан Алуа мен Толғанай «Аман – есен келіңдер!»-деп
шығарып салады.
Сахнаға ұлдар өз елдерін
қорғап жүрген сарбаздар ретінде кіріп би билеп сахнада шығып
кетеді.
Би:
«Жеңіс»
Радио: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Сөйлеп тұрған Москва! 1945 жылы 8 мамырда Германия жеңілгендігін
мойындап Актіге қол қойды. 9 мамыр Жеңіс
күні!»
Халық қуанысып, бір – бірінен
сүйінші сұрасып сахнаға кіреді.
«Сүйінші! Халқым, жұртым,
сүйінші! О, жасаған, шынымен соғыс
аяқталды.»
Тәрбиеші:
Жаңғыртып әнмен аспан
кеңістігін,
Халқымыз қуанышты тегіс
бүгін
Жауды жаншып, Отанды азат
еткен,
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс
күнін,-деп ақын жырлағандай, біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат
мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас күнге 1945
жылдың 9-мамырында қайта оралды.
Хор: :«Жеңіс туы
желбіреп»
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді далама.
Жеңіс келді әке боп
Жеңіс келді ән болып.
Жеңіс келді алақай
Тоя жейтін нан болып.
Қара бұлтқа оранбасын күн
көкте,
Барлық халық бейбіт өмір
сүрмекте
Отанының бақыты үшін мерт
болған
Батырларды есіңде ұста,
құрметте!
Мадияр:
-Сүйінші,халқым,сүйінші.
Сүйінші,
сүйінші.
Шаттан
ата-бабамыз!
Шаттан
ана-бабамыз!
Кек қайтарып
фашистен.
Соғыс бітті
жеңіспен!
Жеңдік жауды
күресте.
Жасасын
той-мереке!
Аянат:
Әлия,Мәншүк
анамыз.
Бауыржандай
атамыз.
Фашистерден
Отанды,
Қорғап батыр
атанды.
Біз еліктеп
өсеміз.
Батырларың десе
кім.
Әлия,Мәншүк
анамыз.
Бауыржан-біздің
атамыз.
Айша:
Жеңіс күні бар әлемге
әйгілі.
Көктем шуақ тоғызыншы май
күні.
Айтшы қане біздің жеңіс
шеруі.
Кездейсоқ па көктемге сай
келуі.
Біздің ұлы жеңісіміз көктем
боп.
Көңілдерге шұғыласын төккен
кеп.
Сонау жылы тоғызыншы май
күні
Алмастырған қуанышқа
қайғыны.
Көп қой батыр ағалар,
Халық сүйіп бағалар.
Көп қой батыр ағалар.
Жаттап алғын балалар.
Болашақты бізге мирас етем деп,
Қыршын кетті Әлия, Мәншүк апалар.
Әлияны бұл
күнде
Барлық бала
біледі,
Әлия аты
көңілде,
Әпкеміз деп
жүреді.
Ән: «
»
Тәрбиеші:
-Балалар жауынгер батыр
ағаларымызбен қатар, батыр да қайсар қыздарымызда қорықпай соғысқа
аттанды. Солардың бірі Алия Молдағұлова.
Осы Алия Молдағұлованы бір сәт
еске алсақ.
(Осы кезде сахнаға Әлия шығады
өз апасына хат жазып отырған бейнені көрсету үнтаспадан
дауыс.)
«Қымбатты менің Сапурам, біз
алғы шеттеміз. Терең окопта хат жазып отырмын.Немістермен бетпе-бет
келіп жүрміз. Менің басымда каска, белімде граната, қолымда
винтовка солдаттар таң қалады. Таңертен командиріміз былай дейді:
«Мерген Әлия Модағулова халқы үшін ерлік көрсетті»-деп айтты.
Иә,Сапура, командир алғыс жариялады.Көріскенше жеңіспен
қауышайық.Сүйдім Әлия 1943ж 13 желтоқсан.
(Әлия хатты почтаға салып
сахнадан шығып кетеді. Үнтаспадан)
-Әнін, жерін қорғаған Әлия
соғыста ерлік көрсетіп,қаза тапты.
-Батыр Әлия, жерін сүйген
Әлия, халқына жыр болған Әлия Розадай сіңілісіне ән болған Әлия,
қош Әлия қош.
Сахнаға бір топ қыздар
гүлдерімен келіп қарама – қарсы тұрып шымыл- дықты ашады. Әлияның
ескерткішіне қарап би билей бастайды. Сол кезде ескерткішке жан
бітіп, қыздармен қосылып билейді.
Би:
«Гүлдер»
Тәрбиеші:
Әйгерім:
Әлия Молдағүлова Қазақстан
қаһарман қызы. Соғыста мерген болған. Ол мергендігімен батылдығымен
жауға қарсы шыға білген.19жасында Сұрапыл соғыста қаза тапты.
Әлияға Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Әлия Молдағулова атында
Ақтөбе,Алматы қалаларында көшелер мен ескерткіштер
бар.
Толғанай:
Бауыржан Момышұлы 1941жылы
соғыс басталысымен майданға аттан ды.Соғыста Полк жәнеБатальон
командиры болды. Сан рет жау қорша -
уынан жауынгерлерін аман сау
алып шықты. Әскери шеберлігімен,ерекше ерлігімен ел есінде
қалды.Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін
Президентіміз Н.Назарбаевтың жарлығымен батыр атамызға «Халық
қаһарманы» атағы берілді.
Дилара:
Батыр апаларымыздың бірі
қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметова. Соғыс басталған кезде
Мәншүк медициналық институтта оқыды.1942жылы ол өз еркімен әскерге
сұранып кетті.Сұрапыл соғыста қазақ қызы пулеметші болған, ол
мергендігімен,батылдығымен көзге түсті. Қан майданда Невель қаласы
үшін демі біткенше соғысып Қаһармандықпен қаза тапты.Туған қаласы
Оралда Мәншүк атында көше бар.Республиканың ондаған мектептері
Мәншүк апамыздың есімінде.
Ән: « Отан
»
Ойын:-«Әкелер»
Шарты: Ортаға екі әкелерді
шығарып 45секунта әскери киімді кию.
Ән:-«Жеңіс
күні!»
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар
бүгінгі жеңіс күнге арналған ертенгілігіміз аяқталды.Еліміз аман,
берекелі заман болсын. Аспанымыз ашық,ұйқымыз тыныш
болсын!
Тәрбиеші:
Жеңіс бізге атылған оқпен ғана
келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі,
жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс
дабылын қақты.
Хор
:-«Катюша»
Тәрбиеші:
7 май «Отан қорғаушылар күні»
деп аталады. Соған орай халыққа қызмет көрсетіп жүрген ер
азаматымыз Атығаев Жомарт өз перзенті Атығаев Жанболатқа болашақта
қайсарлы да қайратты жігіт болып өссін деген тілекпен, Қазақстанның
туы әрқашанда биіктен желбіресін деген ниетпен туды табыстауға
рұқсат етіңіздер!
Бала маршпен келіп, ант беріп,
туды сүйеді.
Әкесі:
Туыңды
көтер,
Туыңды көтер
туыңды!
Туыңды
көтер!
Таптатпау ушін
намысты.
Неліктен ерлер көтеріп туын
жығылды,
Неліктен ерлер астында тудың
жиылды.
Отаның
–біреу,
Жүрегің-
біреу,
Ту-
біреу.
Сондықтан жөнғой «жүректен
туым туды » деу.
Туыңдай берік, туыңдай нәзік
бола алсаң,
Туыңды ұстау-аманат саған,
саған сән.
Туыңды
көтер,
Туыңды көтер,
туыңды!
Өз Отаның мен, өз жүрегіңнен
жаралсаң! Маршпен әке мен бала шеңбер боймен
айналады.
Ән:
«Егеменді
ел»
Тәрбиеші:
Ағалар саптан
шықпасын,
Аналар қабақ
шытпасын.
Бақытқа жетіп, бар
адам,
Сәбилер тыныш ұйықтасын – дей
отырып ертеңгілігімізді аяқтаймыз!