Материалдар / Тақырыбы: «Бала құқығы туралы Заң»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: «Бала құқығы туралы Заң»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Бала құқығы туралы Заң» барлық оқушыларға арналған. Олардың құқықтары мен бостандықтары өтуралы жкткізіледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2018
1720
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Біржан Исадилов атындағы ЖОББМ» КММ













Кітапханалық сағат


Тақырыбы: «Бала құқығы туралы Заң»


7-8 сынып












Өткізген: Г.С.Исабекова











Тақырыбы: «Бала құқығы туралы Заң»

Мақсаты: - оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенінұғындыру;

- ой-өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту;

- оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру;

Көрнекілік: нақылсөздер, Бала құқығы туралы конвенция, слайд

Сабақтың түрі: құқықтық сауаттандыру


Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Кіріспе 

 Мұғалімнің Заң туралы кіріспе сөзі   

 ІІІ. Негізгі бөлім

  1. «Бала құқығы туралы халықаралық конвенция»

  2. Қазақстан Республикасындағы баланың  құқықтары туралы Заңы

  3. «Менің құқығым» әр оқушы өз құқығын айтады.

  4. Тренинг «Мен»

  5. «Сен білесің бе?» сұрақ-жауап.

  6. Құқық сөзінің кілті

ІV. Қорытынды

 

Мұғалімнің Заң туралы кіріспе сөзі   

Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет.Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,ойлау қабілеттерін дамытады,өз пікірін айтуға,тұжырым жасауға үйретіп,патриоттық тәрбие береді. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді.Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмірсүреді: отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерде.

Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол.

Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады.

Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың.

Әнұран орындалады. (сынып ұжымы)


  1. «Бала құқығытуралыхалықаралық конвенция»


Заң дегеніміз - қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер. Ата Заңымыз- еліміздің рәміздерінің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, Әнұраны,  және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады.

 Конституция - елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де, өзге елдің заңына бағынуға міндетті. Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар. Олой болмағанда дүние астаң-кестеңі шығып, небір жан түршігерлік нәрселер болар еді. Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне, сонымен қатар түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеугеболады, не істейалады?» дегенсұрақтартуындайбастады. Міне, осы кездеәрелдіңзаңы, ережелерішығабастады.

 Міне, балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының  жалпыға бірдей декларациясы», соныменқатар 1959 жылықабылданған «Бала құқықтарыдекларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қолқойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығытуралы конвенция» қабылданды. Қазірдебұған 91 мемлекеткірген. 

«Бала құқығытуралыхалықаралықконвенциядан»

  • Мемлекетәрбірбаланыңаман-сауөсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

   - Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.

   - Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.

   - Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкім ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.

   - Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.

   -  Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.

   - Бала   өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.

   -  Бала денсаулығынсақтауға, емделугеқұқылы.

   - Бала өз ойын еркін айтуғақұқылы.

   Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау үшін арнайы күндер берілген.

 Конвенция дегеніміз – арнаулы мәселелер жөніндегі келесімшарт.  

Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығытуралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан  «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп Қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген.

                 





2.Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы

 10 тарау, 53 баптан тұрады.

1 тарау. Жалпы ережелер

2 тарау. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат

3 тарау. Баланыңнегізгіқұқықтары мен міндеттері

4 тарау. Бала жәнеотбасы

5 тарау. Ата-анасыныңқамқорлығынсызқалғанбаланыңқұқықтары

6 тарау. Мүгедекбаланыңқұқықтары

7 тарау. Бала жәнеқоғам

8тарау.  Баланыңқұқықтарынжәнезаңменқорғалатынмүдделерінқорғау

9 тарау. Бала жауапкершілігінің және оның мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері

10 тарау. Қорытынды ережелер.


3. «Менің құқығым» әр оқушы өз құқығын айтады.

     

4. Тренинг «Мен жұлдызбын»


Қолдарыңда не бар?

- Иа,себебі сендер бір-бір жүректің иесісіңдер.

- Жүректерің қандай?

- Мейірімді.

- Тақтадағы жұлдыздарды көріп тұрмыз ба? Себебі біз нелерміз?

- Жұлдыздармыз.

- Ендеше өз суреттеріңді жұлдыздарға орналастыра қойыңдар.

- Қандай әдемісіңдер!

                                         

5. «Сен білесің бе?» сұрақ-жауап.

  1. Біздің мемлекет – ҚР. ә) Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. б) Мемлекеттік рәміздеріміз – әнұран, ту, елтаңба. в) Елорда – Астана. г) ҚР кім басқарады? – Президент.

  1. Конституция – бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат.

  1. Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі.

  2. Құқық немен қорғалады? -Заңмен қорғалады.

  3. Құқық – мемлекет тарапынан, болмаса тиісті қаулы, заңмен әрбір адамға берілген ерік, бостандық.

  4. Бала құқығын қорғау туралы заң қанша бап,қанша тараудан тұрады?





  1. Құқық сөзінің кілті

Қ-азақ

Ұ-лты

Қ-айырымдылықты

Ы-ымырашылдықты

Қ-олдайды

-Бәріміз бірге оқиықшы. Хормен оқыту.

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.

  • Сонымен, қорытындылай келе, біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай, ешкімнің ала жібін аттамай, өзқұқығымызды да, өзгенің құқығын да бұзбай, тәуелсіз еліміздің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!