Маңғыстау облысы, Бейнеу
ауданы
«Атамекен» бөбекжайы» ЖБҚ
МКҚК-нің тәрбиешісі
Джанабаева Даметкен
Анесовна
Білім беру
саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу
қызметі: «Тіл
дамыту»
Тақырыбы: «Бауырсақ»
ертегісі
Мақсаты: Балаларға ертегілер
туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра
отырып,қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын,
байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларға жағымды, жағымсыз
қасиеттерді айыра білуді үйрету.
Тәрбиелігі: Өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, біреуге
қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақта, орман, орманды
мекендеген аңдар, ағаштар.
Шаттық
шеңбері:
Сәлем, сәлем, басым!
Сәлем, сәлем, көзім!
Сәлем, сәлем, бетім!
Сәлем, сәлем, тісім!
Сәлем, сәлем, балалар!
Сәлем, сәлем, апайлар!
- Балалар бүгін бізге “Бауырса» ертегінің кейіпкерлері қонаққа
келіп отыр екен.
Әуен естіледі (сол кезде тәрбиеші ертегіні әңгімелей
бастайды).
Тәрбиеші:
Ата мен әже болыпты.
Бірде шал жалынып:
Ата:
-Кемпір-ау, маған
бауырсақ пісіріп берсеңші.
Кемпір:
- Неден пісірейін? Ұн жоқ қой!
Әже :
- Әй, кемпірім-ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн
табылып қалар.
Тәрбиеші:
Кемпірі солай істейді:
қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап,
қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы
қояды.
Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап
түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға
жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап
бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді.
Қоян:
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен
сені жеп қоямын!
Бауырсақ:
Жоқ, сен мені жеме,
саған қандай өлең айтып берер екем, онан да соны
тыңда.
Тәрбиеші:
Қоян құлағын түреді, ал
бауырсақ әнге басады:
Бауырсақ
:
Әжей қойма қырнаған,
екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қоян:
-Қой, бауырсақ сенің
өленің жақсы сен одан да менің тапсырмамды орында .
Тәрбиеші:Ал балалар қояннан
бауырсақты құтқарып сұрағына жауап берейік.
1.Қоянның
тапсырмасы:
Артикулятциялық
жаттығу
Ян-ян-ян секеңдеген
қоян,
Р-р-р көкжал
қасқыр
Ю- ю-ю қорбаңдаған
аю,
К-к-к қутыңдаған ку
түлкі.
Тәрбиеші:
Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға
келіп:
Қасқыр:
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен
сені жеп қоямын!
Бауырсақ:
- Сен мені жеме, мен
саған өлең айтып берейін.
Тәрбиеші:
Бауырсақ әндете
жөнеледі
Бауырсақ
:
Әжей қойма қырнаған,екі
уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым, қасқыр, сенен құтылу
Қиын емес бұл маған
Қасқыр:
- Жоқ, бауырсақ, өлеңің
керек жоқ сен менің тапсырмамды орында.
Тәрбиеші:
-Ал, балалар, қояннан
бауырсақты құтқарып алдық, енді қасқырдың сұрағына жауап
берейік.
2.Қасқырдың
тапсырмасы
Дидактикалық ойын: «Айырмашылығын тап»
Мақсаты: Балалардың логикалық
ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін
дамыту.
Көрнекіліктер: Перне
тақта.
Ойын
шарты: Бірдей екі суреттің
айырмашылықтарын айтып беру.
Тәрбиеші:
Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы
шығады.
Аю:
- Әй , бауырсақ ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ:
- Сен мені жеме, мен
саған өлең айтып берейін.
Әжей қойма қырнаған, екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым,
Маймақ, сенен құтылу, қиын емес бұл маған!
Аю:
Аю: Әй, балалар,
балалар!
Менде қызық ойын бар,
Ал ықылас қойындар
Кәне, тәртіп сақтайық,
Мен берген тапсырманы,
Бұлжытпай орындайық.
3.Аюдың
тапсырмасы
Сергіту
сәті: ( музыка әуенімен
аңдардың қимылын жасайды)
Тәрбиеші:
-Осылай бауырсақ әрі
қарай домалай жөнеледі.
Түлкі:
-Амансың ба, бауырсақ!
Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы!
Тәрбиеші:
Бауырсақ мақтағанға мәз
болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп,
қыбырын білдірмей,бауырымен сырғып, жақындай
береді.
Бауырсақ:
Әжей қойма қырнаған,
екі уыс ұн жинаған.
Балқаймаққа шылаған, пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!
Атайдан да құтылдым, әжейден де құтылдым.
Қояннан да сытылдым, қасқырдан да құтылдым,
Аюдан да сытылдым, түлкі, сенен құтылу
Қиын емес бұл маған!
Түлкі:
- Оңай құтала алмасың,
менің тапсырмамды орында.
4.Түлкінің
тапсырмасы
Дидактикалық
ойын: «Аңдарды
көректендір»
Мақсаты: Балалардың логикалық
ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту. Қол
маторикасын жетілдіру.
Көрнекіліктер: Қорапша, аңдардың
суреті.
Ойын
шарты: Қорапшаны ашу арқылы
аңдардың көрегін салып, корашаны жабу.
Тәрбиеші:
Түлкі бауырсақты бас
сап жейіндеп жатқанда, балалар айғайлап жібереді.
Балалар:
-Жоқ, қу түлкі олай
болмайды біз сенің тапсырмаларынды түгел орындадық. Сен бауырсақты
жей алмайсың деп бауырсақты алып кетеді.
Тәрбиеші: Түлкі ештене істей
алмай жөніне кете береді.
Ал балалар, бауырсақты жетектеп ата мен әжеге
келеді.
Қорытындылау:
- Балалар ертегі
сендерге ұнады ма?
-Ертегіде қандай
кейіпкерлер кездесті?
-Бауырсақты жегізбеу үшін қандай тапсырмаларды
орындадық?