Материалдар / Тақырыбы: «Coogle жүйесінде педагогтардың желілік қауымдастық моделін құру».
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: «Coogle жүйесінде педагогтардың желілік қауымдастық моделін құру».

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2018
501
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









Shape1

Өздік жұмысы









Тақырыбы:

«Coogle жүйесінде педагогтардың желілік қауымдастық моделін құру»




Орындаған: Кубентаева А.К








2018 оқу жылы



Тақырыбы: «Coogle жүйесінде педагогтардың желілік қауымдастық моделін құру»

Мақсаты: Педагогтардың мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру арқылы тәжірибелеріне өзгеріс енгізу». 
Міндеттері:

1.Мұғалімдерді қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарлауға тарту;
2.Сабақта оыту мен оқудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану дағдыларын жетілдіру;
3.Желі ішіндегі мектептерде бірлескен зерттеулер мен тәлімгерлік жүргізу;
4.Желі ішіндегі оқыту мақсатындағы сапарларды ұйымдастыру;
5. Электрондық жарнамалық аңдатпаларды тарату мен электрондық хат алмасуды ынталандыру;


Мұғaлімдер үшін білімді пaйдaлaнумен қaтaр, өздеріне cол білімді құру мүмкіндігін, тaлқылaу бaрыcындa жиі  ортaқ шешімге келтірмейтін  мәcелелерді тaлқылaу мүмкіндігін, мектептен және aудaннaн тыc жерде жұмыc іcтеу мүмкіндігін бере aлaтын - бұл қоғaмдacтық. Ол aрқылы caн aлуaн ынтымaқтacтық құрылымдaр қызмет іcтеуі мүмкін. Қоғaмдacтықтa үлгілі шешімдерді шығaрылып қaнa қоймaй, керіcінше мұғaлімнің жұмыcын ынтaлaндырaтын идеялaрдың туындaуы ықтимaл. Қоғaмдacтық негізінде іcке cерпін беретін және қолдaу тaпқaн ортacындa тәуекелді шешім қaбылдaуғa ынтaлaндырaтын реформaлaр жacaлып жүзеге acуы мүмкін.  Қоғaмдacтық - мұғaлімдердің білімін, cонымен бірге зерттеулер мен өзгеріcтер кезінде aлынғaн білімді құрметтейтін қоғaмды қaмтaмacыз етеді.

   Энн Либермaнпікірінше: “Оқыту қоғaмдacтығындa жүріп жaтaтын aқпaрaт aлмacу үдеріcі мұғaлімдердің тәжірибеcі мен жұмыcының мaзмұнын aрттырып, оғaн тaртылғaн aдaмдaрды өзaрa тығыз бaйлaныcтырып, олaрдың cырт көзге көрінбейтін, күнделікті жұмыcынa түр береді”.Aдaмдaр тобы бірлеcу қaжеттілігін cезінген жaғдaйдa қоғaмдacтықтaр дaмиды.

   Мектептердің желілік қоғaмдacтықтaры үздікcіз бірлеcкен жұмыcтaр мен бірлеcкен зерттеулер aрқылы ереcектерге толыққaнды және келешегі зор білім aлуғa мүмкіндік береді. Олaр жaңa әдіcтемелердің жекелеген мектептерден тыcқaры тaрaлуынa мүмкіндік беру aрқылы мұғaлімдерге және мектептің бacқa қызметкерлеріне педaгогикaлық әдіcтемелерді зерделеу мен жетілдіру мaқcaтындa оқуғa және бірлеcе жұмыc іcтеуге жaғдaй жacaйды. Әртүрлі мектептердің қызметкерлері aрacындa құрылымдaлғaн өзaрa әрекеттеcтік көптеген aптaлaр немеcе тіпті aйлaр бойы cозылaтын, қоғaмдacтықтa білім aлуғa бaғдaрлaнғaн қоғaмдacтық ішіндегі жұмыcтың тиімді түрі болып тaбылaды.

    Оқушылaр жоғaры жетіcтіктерге қол жеткізу үшін бірнеше мектеп aрacындa оқыту мен оқу үдеріcтерін жетілдіруге бaғыттaлғaн іc-әрекеттер жоcпaрын іcке acыру және оның мониторингін жүргізу мaқcaтындa мектепте  «Change-мeктeп» желілік қоғaмдacтығы құрылды. Қоғамдастық тек интернет желіcі aрқылы ғaнa емеc, ынтымaқтacтық жобaлaр aрқылы, яғни жеке кездеcу, өзара коучинг, cеминaрлaр өткізу aрқылы жұмыc іcтейді. Желілің қауымдастықта мұғалімдердің күнделікті қызметте кездесетін кәсіби мәселелер ағынымен бөлісуіне, талқылауына арналған форум, үздік педагогикалық тәжірибені таратуға арналған мәтіндік, видео материалдармен бөлісу бөлімі жұмыс істейді.

 

Желілік қауымдастықтың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:

  Желілік қауымдастықты құру арқылы ой бөлісу, тәжірие алмасу, білім мен біліктілікті дамыту,

   Ортақ шешімге келу, ортақ жұмысты жоспарлау,  

  Кәсіби тақырыптарға қатысты формальды және формальді емес қарым-қатынастарды  ұйымдастыру, 

   Мәселені бірлесе отырып талқылау, талдау, ақпарат бөлісу.

   Үздік педагогикалық тәжірибелерді тарату.

Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді шешу жеткілікті:

Қоғамдастық мүшелерімен сенімді қарым-қатынас құру,

   қауымдастық ішінде жағымды ахуалды қалыптастыру,

   қауымдастықтың ережесін жасау,

   қоғамдастықтың шеңберін кеңейтіп отыру.

Қазіргі таңда педагогика ғылымының басты мақсаты тек іргелі білім беруде ғана емес, сондай-ақ біліктілігін өз бетінше жетілдіре алатын, шет тіліндегі ақпараттық ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және тиімді пайдалана алатын азаматтарды тәрбиелеу.

Қорыта келе ой түйгенім, өзгеріске, жаңалыққа толы бүгінгі заман мұғалімге сегіз қырлы бір сырлы қасиет иесі болуды міндеттейді.

Кез-келген тұлға тіл арқылы әмбебап, ғаламдық құндылықтарды таниды, көрші мәдениет өкілдерімен өзара әрекеттестік орнатады және әлемдік кеңістікке ене алады.

Мұғалімнің кәсіби дамуын қамтамасыз ету моделінің бірі – мектепте және мектептер арасында желілік қоғамдастық құру. Желілік қоғамдастық виртуалды түрде және ресурстық орталықтар арқылы құрылуы мүмкін. Мұғалімнің желілік қоғамдастықтағы қызметін ұсынылған бөлімдер бойынша бағалауға болады. Олар – тіркелгені, ресурстық қорға үлесі, ресурстардың мүмкіндіктерін пайдалану, қарым-қатынас мәдениеті деңгейі және тақырыпқа сай жұмыстану белсенділігі.
Мұғалім бірінші кезекте өзін-өзі бағалайды, ол өз кезегінде мұғалімнің кәсіби өсу деңгейіне жүйелі түрде мониторинг жүргізіп отыруға мүмкіндіктер береді.

Желілік қоғамдастықтардың пәндік бірлестіктерден гөрі атқаратын қызметі ауқымды, қамтитын көлемі кең. Желілік қоғамдастық алдыңғы кезекте мұғалімдердің кәсіби өсіп, қалыптасуын қамтамасыз етеді және қоғамдастық жұмыс аясын кеңейте отырып басқа мектептермен байланысқа шыға алады. 

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгей бағдарламасының мақсаты- мектептегі еңбек тәжірибесі әртүрлі мұғалімдерді қатыстыру арқылы мұғалімдерге мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады. Бұл мақсат күрделі болуымен қатар, көп еңбек етуді қажет етеді.

Тиімді желінің ең басты ерекшелігі сенімділік болып табылады. Тиімді мектепаралық желілер ересек адамдарды оқытуда жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Желілік қызмет білім алуға және әртүрлі мектептерде жүріп жатқан үдерістерді біліп отыруға, сондай-ақ оқыту жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. 

Желілік қауымдастық моделін құру жолдары:

Қауымдастық тақырыбы:  «Кәсіби қоғамдастық арқылы мектептің тұрақты дамуын қамтамасыз ету»

Қауымдастық атауы:  « Серіктестік »

Қауымдастық құрамындағы мұғалімдер санаттары:

  • Мектеп әкімшілігі

  • Тәжірибелі мұғалімдер

  • Біліктілік арттырудың деңгейлік курстарында сертификатталған мұғалімдер

  • Жас мұғалімдер

Жұмыс істеу қағидаттары: сенімділік, жауапкершілік, өзара қолдау.

Ұйымдастырушы топ : Мектеп әкімшілігі, І деңгей мұғалімі (жас мұғалімдер тобы) Бұл топтың міндеті қоғамдастық жоспарында   көрсетілген шаралардың орындалуын басқарып, бақылайды.

Дамытушы топ: ІІІ деңгейді меңгерген мұғалімдер және басқа да пән мұғалімдері, жас мамандар, оқушылар. Бұл топтың міндеті – желілік қоғамдастық жоспарына сәйкес   коучингтер және тәлімгерлік жұмыстарды ұйымдастыру.

Үйлестіруші топ: ІІІ деңгейді меңгерген мұғалімдер және басқа да пән мұғалімдері, әдістемелік бірлестік жетекшілері, психолог, әлеуметтік педагог, ата- аналар комитеті.  Бұл топтың міндеті мұғалімдердің 7 модульді сабақтарына қолданып, жұмыс жасауына ықпал етеді.

Қауымдастықтың табыс критерийлері:

1.Қоғамдастықтағы мұғалімдердің ынтымақтасқан кәсіби қарым-қатынасы дамиды.

2.Мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісіндегі бірлескен жұмыс түрлерін үйренеді.

3.Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары қарастырылады.

4.Сыныпта өзара сенімділік пен ынтымақтастық жағдай қалыптасады.

5.Сабақ үдерісінде бағдарламаның жеті модулін қолдану үдерісі артады.

6.Диалогтік оқытуда жұптық, топтық жұмыстардың оқушылар белсенділігіне және білімділік деңгейлеріне ықпал ету сипаты анықталады.

7.Мұғалімдер оқушылардың жеке дамуын тұрақты қадағалайды.


Ережесі:

1. Қоғамдастықтың әрбір мүшесі шынайы көзқараста болуға міндетті. 2. Әрбір мүше сенімді қарым-қатынас жасауы керек. 3. Әрбір адамның пікірін бағалап, сыйластықпен қабылдау керек. 4. Тыңдау әдебін сақтау керек. 5. Жағымды ахуалды бұзатын әрекеттер жасамауы тиіс. 6. Көзбе-көз қарым-қатынастарда, желілік байланыс кезінде жоғары мәдениетті сақтауы тиіс. 


Күтілетін нәтиже:

Мұғалім мен оқушының бірлесіп жұмыс істеуіне қолайлы орта қалыптасады;

  1. Мұғалімдер бағдарламаның жеті модулін сабақтарына енгізеді;

  2. Жұптық, топтық жұмыстарда сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту оқушылардың оқу үлгерімін артады;

  3. Сын тұрғысынан ойлауда қолданылатын саралаудың әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың белсенділігі және білімділік деңгейлері артады;

  4. Коучинг пен тәлімгерлік үдерістері дамиды;

  5. Пікірлес  адамдардың бірлестігінде сенімді серіктестік жүзеге асады.

Қауымдастықтың тиімділігін бағалау критерийлері:

  • Мақсат –міндеттерге сәйкес іс- әрекеттің әр түрлілігі;

  • Белсенді қатысушылардың санын арттыру, жас мамандарды тарту;

  • Іс- шаралар бойынша кері байланыс ұсыну;

  • Сауалнамаларды диагностикалау;

  • Сұрақ- жауапқа тарту арқылы қоғамдастық мүшелерінің оң пікірлері.

Желілік қоғамдастықтың тиімділігі - ақпараттық хаттамалар, жарнамалар, ақпараттық бюллетендер, хабарламалармен байланыста болады. Мысалы:

  • Білім порталы;

  • ЦПМ сайттар;

  • Қашықтан оқыту: 1.С абақтар 2.вебинар 3.онлайн сабақтар (сабак.кz) 4.басқосулар т.б.

Желілік қауымдастықтың жоспары

Кезеңдер

Шаралар

Жауаптылар

Уақыты

Ақпараттық ресурстар

1

Желілік қоғамдастықтың топтарын құру

1) Шағын  топ құру

2) Мақсаты, идеясы мен стратегиясын құрастыру, қызығушылығы бар әріптестерді шақыру,  кеңес беру

3) кеңесу, коучингтер

 Мухаева Н.М.











Үнемі


 ЦПМ сайты



Желілік қоғамдастықтың шеңберіндегі ақпараттық хаттамалар, жарнамалар, ақпараттық бюллетендер, хабарламалар.

2

Жаңалықтар таспасы

1) Өз желілік байланыстарымдағы білім жаңалықтары,

2)Құттықтаулар, Құттықтау беттері мен күнтізбелері

Китарова Л.Т.


Үнемі


ЦПМ білім сайттары.

3

Форум құрастыру

1)Блогтарды,  мұғалімдер форумдарын ұйымдастыру, ұйым мүшелерінің арасындағы байланыстарды орнату (ішкі хаттамалар), беттерге коучинг сұхбаттары, тәлім алушылар, фотогалерялары..

сабақтастық проблемалары жөнінде бастауыш пен орта сынып мұғалімдерінің желілік қоғамдастықтығын құру. Сұхбат-клубтарын, бірлескен семинарлар ұйымдастыру.

Желілік қоғамдастықтың бүкіл мүшелері

3 айда 1 рет





Үнемі


Білім порталы,

ЦПМ сайттары.

4.

Педагогика-лық жинақтар

1.Сабақ материалдарын жинақтау

2.Оқу программаларының мұрағаты

2.Сайттарға орналастыру

3.Сараптама жүргізу

4.Сертификаттау

Желілік қоғамдастықтың бүкіл мүшелері

Ай сайын

Білім порталы,

ЦПМ сайттары.

5

Сайыстар

1.«Менің ең жақсы сабағым»


2.«Менің зерттеу жобам…..» атты шағын проектердің конкурсы.

3. «Үздік коучинг»

Желілік қоғамдастықта 7 модуль бойынша ең жақсы дидактикалық материалдарға конкурс жариялау.

Тренингтер топтамасын жинақтау

Китарова Л.Т.


Көмекшілер

Жылына 1 -2  рет

Сайт ашу

6.

Бірігу шаралары

1. Кофе брейк

2.  Кездесулер

3.Бірлескен конференциялар

 көмекшілер

Айына 1  рет




Білім порталы,

ЦПМ сайттары.

7.

Қашықтан оқыту

1.Сабақтар

2.вебинар

3.онлайн сабақтар (сабак.кz)

4.басқосулар


Желілік қоғамдастықтың бүкіл мүшелері.

Айына 1 рет









Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  • Махмутов М.И. Проблемное обучение. Основные вопросы теории. – М.: Педагогика, 1975.-368с.

  • Меерович М.И., Шрагина Л.И. Технология Творческого мышления. Минск, 2003.-205с.

  • «Өзіндік таным» №2,2007 №5-6 2006ж.

  • Мұғалімге арналған нұсқаулық;

  • PISA халықаралық зерттеуі. Әдістемелік құрал. Астана 2013;

  • «Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы», А.Құсайынов, Алматы-2013;

  • Үйлестірме материал. Төртінші апта. Екінші басылым;





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!