Тақырыбы:
«Электрондық оқулықтарды
сабақта пайдалану
тиімділігі»
Мемлекетімізде болып жатқан
әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім беру жүйесінің алдыфна
үлкен міндеттер қойып отырғандықтан ХХІ ғасыр табалдырығын білім
мен ғылымды жаңа инновациялық технология бағытында дамыту
мақсатымен аттауымыз – үлкен үміттің басты нышаны. Егемен ел болып,
өз бетінше өркендеп, өсу үрдісін таңдаған біздің елімізде білім
берудің бағыт-бағдары Қазақстан Республикасының Конституциясында,
Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасында, Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың
Мемлекеттік бағдарламасында және басқа да құжаттарда
негізделген.
Қазақстан Республикасының
үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі
жан-жақты, жоғары білімді , шығармашылық қабілетті жас ұрпақты
тәрбиелеу. «Білім туралы» заңда білім беру жүйесінің басты
міндеті «Ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде
жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін жағдайлар
жасау» деп атап көрсетілген [слайд
2]. Қазіргі кезеңдерде негізгі мәселелердің бірі – оқыту процесінде
білім, тәрбие берудің пәнменділігін, білімнің тәрбиелік, тәрбиенің
білімдік мәнін жоғары дәрежеге жеткізу болып табылады. Білім
берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану
оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай,
логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек
етуіне жағдай жасайды. Әлі де білім беру саласында тек мұғалімнің
айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын
қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында
электронды оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. [слайд
3]
Оқу үрдісінде теориялық және
әдістемелік білімді ұдайы толықтырып үздіксіз іздену – бүгінгі
ақпараттық қоғамның басты талаптарының бірі. Соның ішінде
электрондық оқулықты білім беру үдерісінде пайдалану. Электрондық
оқулық – комплексті емес біртұтас, дидактикалық, әдістемелік,
интерактивті бағдарламалық жүйе. [слайд 4] Электрондық оқулықты
сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп,
өз бетімен шығармашылық тапсырмалар
орындайды.
Сабақта оқушыларды шығармашылыққа жұмылдырып,
оларды іскерлікке баулу, сабақта электронды оқулықтарды
пайдаланудың тиімді жақтары көп. Мысалы, физика, химия пәндерінен
құралдар жетіспеушілігі сабақтыөз деңгейінде білім беруде қиын, ал
электронды оқулықта барлық тәжірибелер, ғалымдар өмірі, анықтама
сөздік және т.б. материалдардың барлығын пайдалана аламыз. Әр
тарауда тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік есептері бар, бұл
оқушылар білімін бақылауда және оқушының үлкен ізденісін
туғызады.
Ал
электрондық оқулық арқылы зертханалық жұмыстарды орындап қана
қоймай, оқушыны шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландырады. Сабақ
сапасы артады.
Электрондық оқулықпен
оқытудың негізгі мақсаттары:
-
Сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық
материалды қолдану тиімділігі артады;
-
Ақпараттық ізденіс қабілетін
дамытады;
-
Оқушылардың пәнге қызығушылығы
артады;
-
Оқушылардың алған білім, білік дағды деңгейін
бағалайды;
-
Тақырып бойынша оқушының ынта-жігерін, ойлауын,
ізденісін қалыптастырады;
-
Сарамандық тапсырмалар
орындайды және т.б. [слайд 5]
Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видео
көріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине
мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргеннен әлдеқайда тиімді, әрі
әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарда компьютердің көмегімен
оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы
оянады деп ойлаймын.
Электрондық оқулықты
күнделікті сабақта пайдалану
тиімділігі:
Үйге берілген тапсырманы оқушы білімін
компьютерде тес орындау арқылы толық қорытынды шығарылып оқушы
еңбегі бағаланады. Жаңа сабақ мазмұнын түсіндіру кезінде де
электрондық оқулықтан демонстрациялар, слайдтар, кестелер, сызбалар
және т.б. көрсетіледі. Сабақтың қорытындылау бөлімінде өтілген жаңа
сабақ мазмұнын пысықтау, бекіту сұрақ-жауап, есептер шығару арқылы
жүзеге асырылады. Үйге тапсырма беруде электрондық оқулықтағы
көрнекілік, сурет, сызбалар компьютер арқылы көрсетіліп беріледі.
Сабақта электрондық оқулықты қолдану – оқушылардың біліммен
қарулануына, ғылыми ойлай алуының дамуына, дүниетаным негіздерінің
қалауына себептесетін болады.
Оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, білім
алу сеніміне ие болады
Оқытудың қарқынын
жоғарлатады
Оқушылардың ойлау қабілеті дамып, дүние
және білім танымы кеңейеді
Оқыту сапасын
арттырады
Толық үлгерімге қол
жеткізеді
Заман талабына сай ұрпаққа сапалы білім беруде
электрондық оқулықтарды пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының
бір түрі ретінде қарастыруға болады. Электрондық оқулық «оқушы –
компьютер – мұғалім» жүйесін қалыптастырады. Электрондық оқулықпен
оқыту жүйесінің құрылымдық диаграммасын қарастырайық. Оның құраушы
элементтері «оқушы – компьютер – мұғалім» арасындағы қарым-қатынас.
Осы элементтердің барлығы да бір-біріне өзара әсер ететін
ақпараттар ағынымен байланысқан. Заман ағымына қарай күнделікті
сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді,
интерактивті тақтаны қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Кез келген
сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық
белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін
қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай
жасайды.
Сөзімді қорыта келе, «Қазіргі замнда жастарға
ақпараттық технологиямен байданысты әлемдік стандартқа сай мүдделі
жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас
ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үдерісінде
оңтайландыру мен тиімділігін арттыру маңызы зор.