Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тауелсіздік»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тауелсіздік»
Мақсаты: еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен, бойында ұлттық рухы, Отанға, еліне деген патриоттық сезімі қалыптасқан жастардың өмірін болашақ ұрпаққа үлгі ету, тарихымызды таныту.
Барысы
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Елимнің бақытын тербеткен Тәуелсиздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
2 жүргізуші
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз.
Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 26 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.
Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды.
Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елді өзінің тез көркейіп өсуімен таңқалдырып, жаңа астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты ел екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан-жылға ұлғайып мәдени, рухани даму деңгейіне көтерілуде. Өзіне тән барлық рухани, мәдени қасиеттері бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құралды.
Әнұраным жанұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым
Мәңгі бақи шырқалады,
Республикам әнұраны, - дей отырып әнұран орындалады.
1-жүргізуші: Ассалаумағалейкүм, халқым менің
Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбек жемісінің бәрін жегін.
Отанымыз Қазақстан – ата-бабамыздың қоныстанып мекендеген жері, кіндік кесіп, кірін жуып, өніп өскен жері.
2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы.
Кең байтақ даламыз Еуразия материгінің екі бөлігін түйістіре отырып көлемді аумақта орналасқан. Туған жеріміз Каспий мен Еділ бойы жазықтарынан шығыста таулы Алтайға дейін, солтүстігінде Ресейден және оңтістігінен Өзбекстан, Қырғыстан елдеріне дейінгі көз тартарлық көркем жерге қанат жайған.
1-жүргізуші: Қазақ елін бір тудың астына жинап біртұтас тәуелсіз ел болу үшін күрескен алаш арыстары еді: Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы,
Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхамбетов т.б. Олар қазақ елінің тәуелсіздігі үшін өмірлерін қиды. Алаш ұлдарының арман-тілегі ұлттық сананы оятуда рухани түрткі болды. Олар қазақ елінің дамуы мен өркениетті ел қатарына қосылуының іргесін қалады.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айтабергімкеледі, айтабергім..
2-жүргізуші: Халқымыздыңтарихындаерекшеорны бар қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған–бұл 1986жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы да айтпақпыз.
1986 жылы 16-желтоқсан Алматы қаласындамыңдағанқазақжастары наразылығын білдіріп шеругешықты. Олар «Қазақелінің өз көсемі сайлансын» дегентілекбілдірді. Солкездегіүкіметбасшыларыныңбұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің құқын талап етіп шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.
Әрдәуірдің еркіне сай
Нарқы өзгерген алтынның.
Айналайын, алтын әнім,
Жасөркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын
Шырқаймын деп шарқұрдың,
Желтоқсанда егеменді
Ел болсақ деп талпындың.
1-жүргізуші: Иә,
бұлкүнгежету үшіната – бабамыз қантөкті, жанын берді, бүкіл
жеріміздің тұтастығын сақтап ұрпақтан – ұрпаққ а табыс етті. Бірақ
қазақтың өрұлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады. Оның айғағы 27
жылбұрынғы ел намысы үшін жанын құрбандыққа желтоқсандықтар
болатын. Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, ҚайратРысқұлбеков
2 - жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Оқушылар сәлемдемесі оқушылар
1 - жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
2 - жүргізуші:
Құттықтау сөз кезегі колледжіміздің тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары Медет Кадирбековке
беріледі
Ән «Желтоқсан желі» орындайтын 1 курс студенті Қайырбеков
Марғұлан
1 - жүргізуші:
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып - күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой - қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық
«Балбырауын» күйі. Орындайтын: Ақанов Тұрсын
Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Алтынай биі»
2 - жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз
жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді
десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай,
күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін
үзбеді.
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
2курс студенті Думанқызы Жупаргулдің орындауында ән «Сарбаздар»
«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер
байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің
арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 125
- дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған
өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні
теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде
өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын
көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән: Қазағымай!» орындайтын: - Қанибеков Қуаныш
1 жүргізуші
Желтоқсан – заман толғағы
байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып
2-жүргізуші:
Ақ Орда тігіп, Астана қылған қаласын,
Тарихын танып, ардақтап жатқан бабасын,
Барша әлем білген бөрі-жүректі баласын,
Қиналмай өтер алдынан шықса дара сын,
Көк туың мәңгі желбірей берсін көгіңде,
Айбарлы менің Алашым!
1-жүргізуші
: Қазақстаным, Тәуелсіз Қазақстаным!
Ақ қанат таңның көрдім мен ғажап ұшқанын.
Көрдім мен сенің мөп-мөлдір айдындарыңды,
Алатау, Алтай, Қаратау айбындарыңды
2-жүргізуші:
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел , жел ұмытпас,
Ел үшін жанын қиып, жауды қуған
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас
Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас
Арқаның селі, желі, шөлі, белі, -
Ерлерді ұмытпаса ел ұмытпас, - деп Мағжан Жұмабаев ағамыз айтқандай дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.
Бүгінгі «Ұлытаулар аласармайды,
Ұлы есімдер ұмытылмайды»
2-жүргізуші:
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Кеудемдегі қоламта қоздатқаным
Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім.
Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,
Жалтақтап кете барған боздақтарым.
Көрініс: «Көңіл толқыны» күйі жәймен орындалып, ортада Ана отырады. Сахна сыртынан Қайраттың рухы: Елбең, елбең жүгірген
Ебелек отқа семірген
Арғымақ мінген жаратып
Ақсауыт киген темірден
Алатаудай бабалар
Аруағыңмен жебей көр! – деген
Қайраттың дауысы естілді.
Ана: Ойпырмай, биіктен құлаған тау суындай буырқанған тасқынды бұл
үн кімдікі өзі? Жас тұлпар тұяғының дүбірі естілгендей ме өзінен?
Оқыстан шыққан айқай – шуды, сол шуға бүйірі қызған дара боздың шабысындай мына үнді қайдан естіген едім? Ойпырмай, ия, ия, сол дауыс қой мынау, Қайраттың дауысы ғой, таныдым. Тоқыраудың тоғышарлары тобықтан қағып құлатқан Қайратымыздың үні ғой бұл. Ия, ия, дәл сол!
Қалай болып еді өзі?!
1- жүргізуші: Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның
16 желтоқсаны еді. Таңертеңгілі сағат 10-да бар-жоғы 18 минутта
26 жыл Қазақстанды үздіксіз басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы
Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Генадий Васильевич Колбин
ешкімнің пікірнсіз тағайындалған еді ғой.
(Ана ортадан ақырындап кетеді)
Көрініс:
Ортаға дабырлай басып бір топ жастар шығады. Барлығы дабырласа: Естідіңдер ме? Бұл не масқара? Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз? Ең болмаса ішімізден неге сайламаған? Ел қамын біз ойламағанда кім ойлайды? Жан-жаққа жатақханаларға, институттарға, қыздарға хабар бардыма екен?
1-жігіт: Дүрсілкінді қайдан да қоңыр аймақ,
Бағы жана ма қала ма соры қайнап
Ұран жазып қып-қызыл ту көтерген
Бізде шықтық алаңға «Елім-ай – лап»
2-жігіт: Ербол Сыпатаев: демократияны бұғаудан босатыңдар, әр халыққа
өзінің көсемі керек.
1-қыз: Сәбира Мұхамеджанова: бұл дегенің ҚКП-да беделдің қалмағаны,
құрып барады емес пе?
3-жігіт: Ескерусіз дін жатыр сүресінде
Қақпақ қойып ауызға, көзді байлап.
Санаспайды-әй, бұлар тегі ешкіммен
Жариялылық дегенің елес, білем.
2-қыз: Ләззат: Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр
Көлеңке күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген,
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?
3-қыз Гүлнәр: Өгей қозы біз болдық енемізге
Келімсектер шықты ғой төбемізге
Ақиқат жоқ маңайың толған аңыз
Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз.
Осы кезде жан-жақтан милиция, солдаттар қоршай бір дөкей шығады.
- Тараңдар әйтпесе күш қолданамыз.
(Ешкім қозғалмайды, осы кезде жаңағы дөкей қолын сілтеп қалады. Сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреу, тепкілеу, айқай шу, қызыл қанға боялады)
Сол кезде жігіт: Бар болғаны осы еді «қылмысыз»
Савитскийді көрген жоқ бір кісіміз
Кейін соның қазасы таңылғанда
Аң-таң болып, қан жылап тұрды ішіміз
Қыз: Темір құрсау біздерді бүргені шын
Мұң шағады қапаста кімге құсың
Ақ-қараңды тексерер түрме деген
Концлагерь болды ғой біздер үшін
2- жүргізуші: Ия, тарихта «Құйын-86» деген атпен мәңгі қалатын бұл жойқын
шабуылдың құрбаны болып қазақ қыздары мен жігіттері біздің
арамыздан кете барды.
Ортаға Сәбира, Ләззат, Қайрат, Ерболдың суреттерін ұстаған төрт оқушы шығады.
1-оқушы: 19-желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған
энергетика институтының екінші курс студенті Ербол Сыпатаев
әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол біреудің
жалғыз баласы еді. «Құйын-86» операциясының құрбаны болды.
2-оқушы: Сол бір ерте түскен қыс тоқырау жанжалының табанында аяусыз,
армансыз тапталған ар-намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі
шыңылдап тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің
де ләззат үнің талып естіледі. Сен тірі болсаң, қазағыңның мәдениетін
дамытуда үлкен үлес қосар едің-ау.
Еліңнің сен намысы үшін
Құрбан еттің жаныңды
Мазақ етіп қорлай алмас
Ешкім сенің арыңды.
3-оқушы: Сәбира, Сәбира Мұхамеджанова бар жоғы 16 жаста еді.
26-желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар-
намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына
училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай, Өскемен
педучилищесінің 1- курс студенті Сәбира Мұхамеджанова
жатақхананың 5-ші қабатынан құлап өлді.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.
4-оқушы: Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десең атыңдар!
- Ия, бұл жазықсыз құрбан болған қазақ азаматы Қайраттың соңғы күні. Ол 1987 жылдың 1-қаңтар күні үйінде жаңа жылды тойлау үстінде тұтқындылған еді.
Көрініс:
Тергеуші Қайраттан сұрақ алады.
Тергеуші: Сен өзіңнің Совицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба, жоқ па?
Қайрат: Жоқ. Мен Совицкийді өлтіргенім жоқ!
Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер, Атыңдар! Көзін құртыңдар!
Қайрат: Күнәдан таза басым бар
Жиырма бірде жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десең атыңдар!
2- жүргізуші: М.Мансұрдың орындауындағы «Желтоқсан желі» әнін
желтоқсан құрбандарын еске алып, тағзым етіп қосыла шырқайық!
1- жүргізуші: Пешенесіне жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін
рахым күтіп, кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екендігі сезе алмаған еді.
2- жүргізуші: Бостандықтың жарық сәулесі үшін аянбай арпалысып
жатқанда, оның тағдырына бүкіл әлем құлақ түрген еді. 1987 жылдың шілдесінде КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы А. Громыконың атына Венгрияның 41 адамы қол қойған хат келді. Чехословакияда 77 адам қол қойып, үндеу көтерді. Варшава да үн қосты. 70 адам қол қойған Лех Валенса бастаған хат кешірілім беруін талап етті. Германияда 1987 жылы 31 тамызда ГХДП жастар бөлімінің төрағасы Христоф Боркет Қайрат Рысқұлбековты босатуын талап етті. Америкада Рональд Рейган 1987 жылы 19 шілдеде М. Горбачев пен бас прокурор А. Рекуновқа телеграмма жолдады.
1- жүргізуші: Халықаралық осы пікірлердің өлім жазасының 20 жылға
ауыстырылуына сөзсіз ықпалы болған еді. 500 күннен астам өлім камерасында өзегі талып үміт пен үрей құшағында отырған Қайрат енді 20 жылға Свердловскіге айдалып бара жатып, кенеттен Семейден шықты. 21 -мамырда Семей түрмесінде 21-камерада қаскөйлікпен қаза тапты.
Көрініс: Алаң. Құлпытас жаны. М.Шаханов және қыз бен жігіт, ана, оқушы.
Жігіт: Алматыға жолым түсіп келе қалсам мен міндетті түрде Республика
алаңына соғамын. Алаңға кіре бергенде денем түршігіп, жүрегім шымырлап кетеді. Есіме марғау дүниені дүр сілкіндірген қасіретті де қасиетті Желтоқсан оқиғасы түседі. Себебі, алаңға егемендік үшін құрбан болған Қайратпен бірге мен де болған едім.
Қыз: Мен де осы алаңға келсем, барлығы маған не айтасың дегендей болады.
Ақтық сөзің армандарың хатта қалды
Көріп жүрміз қиып ап сақтағанды
Қайрат! Қайрат!
Сен мені естимісің
Есін жиған халқымыз «Зек» халқымыз
Лагерде шірітпей, ақтап алды, - дегім келеді және келген сайын осы сөзді қайталай беремін.
М.Шаханов: Ия, дұрыс айтасыңдар!
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!
Ортаға ақырындап ана шығады. Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қояды. Жанында немересі болады.
Ана: Ия, айналайын балапандарым!
Өсер елдің қай сәттерде бірлік болмақ қалауы
Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!
Өздеріңдей ар - намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы.
Желтоқсан құрбандарын еске алып 1 минуттық үнсіздік жарияланады.
Осыдан кейін барлық оқушылар, қатысушылар
1-жүргізуші: **** Білесің бе, бүгін ерекше күн болды.
Тәуелсіз елдің ұрпақтары ұлы күнді ұлықтап жатса, ұлықтай берсе керемет емес пе?
2-жүргізуші:
Турасын айттың. Елдің ертеңін
ойлар болашақ білікті мамандар мен осы жастар. Сондықтан
тәуелсіздіктің қадірі біліп қою аздық етеді, соның жолында өмір
бойына еңбек ету – парыз.
1 - жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық
Нұрлы достық
Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты
Флешмоб биі. Орындайтын 3 б
тобының ұлдары
2 - жүргізуші: Қасиетті
Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Ән: «Аманат » Орындайтын:Ержүрекұлы Мейірбек
2 - жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі
тәуелсіздігіміздің
26 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тауелсіздік » атты
мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Ән Елім менің
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары,
егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.
Келесі кездескенше сау саламатта
болыңыздар!