Тақырыбы: «Ғарыш әлемі» (МАД сынып)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Ғарыш әлемі» (МАД сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Ғарыш әлемі» Мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып (үш тілде атауларды айту), алғаш самғаған әлемдік және қазақстандық ғарышкерлер туралы мағлұмат беру. Дамытушылығы: Ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін, зейінін және сөздік қорларын арттыру. Тәрбиелілігі: тапсырманы өз бетімен орындауға, адамгершілік қасиетке, көмектесе білуге, шығармашылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу және патриоттық сезімін ояту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«14 жалпы білім беру орта мектебі» КММ















Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: « Ғарыш әлемі»















Орындаған: Әйгерім Өтегенова

Ақмарал Атчибаева

Сыныбы: МАД сыныптары



Ақтау-2018 ж.

Тақырыбы: «Ғарыш әлемі»

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып (үш тілде атауларды айту), алғаш самғаған әлемдік және қазақстандық ғарышкерлер туралы мағлұмат беру.

Дамытушылығы: Ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін, зейінін және сөздік қорларын арттыру.

Тәрбиелілігі: тапсырманы өз бетімен орындауға, адамгершілік қасиетке, көмектесе білуге, шығармашылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу және патриоттық сезімін ояту.

Әдіс- тәсілі: қайталау, көрсету, түсіндіру, өздік жұмыс, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктері: суреттер, интербелсенді тақта (слайд), видеоролик.


Әрекет кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру



Барысы.

І.Қызығушылығын ояту. Психологиялық дайындық.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!


Жұмбақ

Жерде болса тұрағым,

Марсқа ұшып тұрамын.


Балалар амандасады.





Бұл-ғарышкер (косманавт-cosmonaut)

Ізденістер

ұйымдастыру










ІІ. Негізгі бөлім. Тосын сәт.


-Балалар, бүгін бізде қонақта – Робот. Ол сендерді ғарыш әлеміне саяхатқа шығуға шақырады. Ол үшін 8 планетада тапсырмаларды мүдірмей орындап шығу керексіңдер. Дайынсыңдар ма?


  1. Меркурий тапсырмасы. Видеороликті көрсету. «Сен білесің бе?». – Балалар, 1961 жылы 12 сәуірде тұңғыш ғарышқа Юрий Гагарин ұшты. Қазақстаннан 1991 жылы қазанның 2-інде ғарыш кемесімен ұшты.


Ал, Талған Мұсабаев 1994 жылы, одан кейін 2015 жылы қыркүйектің 2-сі күні үшінші ғарышкеріміз Айдын Айымбетов ұшқан болатын.


-Сонда, ғарышкерлер мекені қай жер?

-Ғарышқа сапар шеккен алғашқы ғарышкер ит?


2. Шолпан тапсырмасы.

-Олай болса, кім ғарыш туралы тақпақ айтады?


Жұмабай Диана:

Тоқтар ұшты ғарышқа,

Талғат пен Айдын болды ғарышта.

Таңғалдырып қазағым,

Тағы ұшса ғой Марсқа.


Жангирхан Қасым:

Жұмбақ әлем,

Жұмбақ жұлдыз,

Олар көп.

Ғарышкерлер, біреуіне

-Қонар кеп.

Тұрсынғалиев Ернар:

Қонып тұрып,

Адам ойы мазасыз,

Сұра тағы

Бұдан әрі не бар? – деп.


Топтық жұмыс.


3. Марс тапсырмасы.

1 топ-ЗЫМЫРАН. Мозаика құрастыру: Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың суреті.


4. Юпитер тапсырмасы.

2 топ-ҒАРЫШ. Ермексаздан Ай, жұлдыздар бейнесін мүсіндеу.

Ай-луна- moon, жұлдыздар-звезды-stars.

5. Сатурн тапсырмасы.

3 топ-ЖЕР. Байқоңыр, зымыран артындағы цифрын ретімен қойса, осы сөздер шығады.


Дыбыстық талдау жасату.

Байқоңыр- Байконур-Baikonur

зымыран-ракета-rocket

6. Уранның тапсырмасы. «Кім робот сияқты билейді?» қимыл-қозғалыс ойыны (би тоқтағанда тоқтап тұрып қалу керек).

Сергіту сәті: (видеоролик)


7. Нептунның тапсырмасы.

-Бұл мультфильм қалай аталады? Не туралы? (мультфилімнен үзінді көрсетіледі).


-Тамаша, балалар! Ендеше, кім аспан денелері туралы мақал-мәтелдер айтады?


Сарсенбаев Ербол:

Таразы туса, таң суиды.

Сүмбіле туса су суиды.


Мекебай Інжу:

Айдың шалқалап туғаны-

Боран-шаңның болғаны.


Құралбаев Бексұлтан:

Жұлдыз жиі болса,

Күн ашық болады.


Мереке Альмира:

Үркер суға түссе құт,

Жерге түссе жұт болады.


Даулетбай Нұрай:

Күн қораланса күрегіңді,

Ай қораланса аяғыңды сайла.


Эрик Санжар:

Тірліктің жемісі түнде,

-Тамыры жерде.


8. Плутонның тапсырмасы.

-Жарайсыңдар! Балалар, сонымен ғарышкер қандай болу керек?


(ғарыш әлемінің толық суреті көрсетіледі).



Балалардың жауабы.

Иә, біз дайынбыз.








Қазақ еліндегі ғарышкерлер мекені Байқоңыр ғарыш айлағы осы жерде орналасқан. (Ж.Хадиша айтады).


Алғашқы ғарышкер ит аты-Лайка 1957 жылы ғарышқа ұшырылды.

(Д. Нұрасыл)


Балалар тақпақтарын айтып шығады.

















Оқушылар тапсырманы белсене орындап, қызығушылықпен қатысады.







Балалар буынға бөліп, сөйлемдер құрайды.








Балалар қызығушылықпен қимылдарды қайталайды.






Бұл мультфилім «Қап, бәлем!-Ну,погоди!» деп аталады.






Балалар мақал-мәтелдерін айтып шығады.











Ғарышкер болу үшін математик, батыл, спортсмен, шыдамды болуың керек. Өйткені, сен ғарыш әлемін зерттейсің.


(Б. Нұрасыл жауап береді).



Ғарыш-космос-space

Қорытынды

Қорытынды. Мадақтау.


-Тамаша! Балалар, бізде сонымен 3 топтан кім, қай топ жеңіске жетті?(марапаттау)


-Сынып сағаты ұнады ма?


-Әр адам ғарышқа саяхаттағысы келеді. Әр адам ұшқышғ ғарышкер болғысы келеді. Бірақ, ол үшін адам баласына шыдамдылық пен ақылдылық, ғарыш туралы көп мәліметтер білуі керек. Осы қасиеттер болса, біз армандарымызға жетеміз.

-Осымен, ғарышқа саяхатымыз аяқталды.


Мадақтау.-Бүгін бәріңде өте жақсы, белсенді қатыстыңдар.


-Сау болыңыздар!


Балалардың толық жауаптары.


Балалар ұнаса бас бармақ саусақпен бағалайды.






Күтілетін нәтиже:


Білуі тиіс: ғарыш туралы көп мәліметтер білуі керек;

Болуы керек:тапсырманы зейін, қызығушылық, белсенділік танытып және сұрақтарға толық жауап беру;

Баланың қолынан келуі: ермексазбен жұмыс, логикалық құрастыру, сөйлем құрай алу және дыбыстық талдау жасау.






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.10.2018
1412
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі