Материалдар / Тақырыбы: «Махаббаттың сарқылмас бұлағы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: «Махаббаттың сарқылмас бұлағы»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Махаббат» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Адам бойындағы махаббат сезімін, сүйіспеншілікті танып, оны құрмет тұтуға баулу;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Сәуір 2021
369
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Махаббаттың сарқылмас бұлағы»

Мақсаты:

1.     Білімділік мақсаты: «Махаббат» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Адам бойындағы махаббат сезімін, сүйіспеншілікті танып, оны құрмет тұтуға баулу;

2.     Дамытушылық мақсаты: адамды, өмірді, табиғатты сүйе білуге, оны құрметтеп, қадір тұтуға баулу және өз сезімін дамытуына, сезім шуағынан ләззат алуға жетелеу;

3.     Тәрбиелілік мақсаты: сүйңспеншілікке, сезімталдыққа, нәзіктілікке, өз қанағат сезімдерін басқара алуға тәрбиелеу.

Қолданылатын әдістерпікірлесу, сұрақ-жауап, ойын

Көрнекіліктерақ қағаз, гүл шоғыры.

 

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Тренинг мақсатын хабарлап айту.

Сабақтың тақырыбын ашатындай «Махаббаттың сарқылмас бұлағы», «Махаббат – өмір нәрі» дегендей ұғымдарға сипаттама береміз. Махаббат сезімі  туралы, оның неге әкелетіні, бұл өмірде неге қажетті екені сияқты сұрақтарды талқылаймыз. Сіздерге махаббат сөзінің түсінігін кеңейтетін, ол туралы ой  дамытатын, өзінің өмірлік мәнін сезіндіретін түрлі жаттығулар мен тапсырмалар ұсынылады.

 ІІ. Әңгімелесу:

Танысқан өлең бойынша сұрақ – жауап өткізіп, талқылау жасау.

1.   Неліктен махаббат құдыретті де қасиетті ұғым?

2.   «Ғашықтық» және «құштарлық» ұғымдарының мәнін қалай түсінесіз?

3.   Туған жерге, туған елге деген махаббат сезімін қалай түсінесіз?

4.   Махаббаттың сыйластық пен достыққа деген қандай байланысы бар?

5.   Махаббат сезімінсіз адам бола ма?

6.   Қандай құс махаббаттың белгісі деп аталады?

 

Махаббат түрлерімен танысу:

  • Анаға           

  • Балаға               

  • Екі жастың            

  • Отбасыға             

  • Отанға

  • Табиғатқа     


Тапсырма: бір күн ішінде өз басынан кешкен жақсы көру және жек көру сезімдері туралы есеп жүргізіп, нәтижесін сұрыптап, көңіл-күйіңе әсері туралы тұжырым жасаңыздар.

Қатысушыларға  дәптер, қалам беріледі. Олар өздерінің ой тұжырымдарын жазады.

Қажетті заттар: дәптер, медитациялық музыка.

ІІІ. Бекіту кезеңі:

Махаббат тарихына қысқаша шолу жасау. Сұрақ-жауап жүргізу. Атақты махаббат жұптарымен таныстыру: Қозы Көрпеш- Қыз Жібек,  Еңлік-Кебек, Баян сұлу мен Төлеген, Қалқаман- Мамыр, Ләйлі-Мәжнүн, Ер Тарғын- Ақжүніс т.б

 

«Қызықты жағдаяттарды талдау»

1.    Бір-бірін ұнатқан екі жас, яғни қыз бен жігіт көшеде келе жатады.Сол кезде қыз жігітті сынамақшы болып сұрақ қояды.

Сұрақ: жолдың шетінде бір құмыра жатады,қыз жігітке сен мені шын сүйсең осы құмыраның ішіне кіріп кет дейді.Сол кезде жігіт қызға жауабын қалай қайтарады?

2.    Бейтаныс қыз бен жігіт өтіп бара жатқан екі автобустың екеуінде отырады.Сол кезде бір-бірін бақылап ғашық  болып,танысып үлгіреді.Екі автобус екі жаққа жүріп кете береді.

Сұрақ: Сол екі ортада қалай танысып үлгіреді?

 

Тыныштық сәті: Оқушыларды ыңғайына қарай дұрыстап отырғызу, көздерін жауып, босаңсып отыруын қадағалау. Медитациялық музыка ойнап тұрады, мұғалім І.Есенберлиннің айтылған сөзін оқиды: «Жақсы көру деген бір ұлы қасиет. Кім өзінің ата-анасын,туған бауырларын жақсы көрмейді? Солар үшін жан аямай еңбек еткісі келмейді? Кім өзінің сүйген адамы үшін сын сағаты туса, жанын құрбан етуден бас тартады? Бұл-қайсымыздың болса да қолымыздан келетін іс.Бірақ біреуді жақсы көру, ұнату бар да, не болмаса оны шын жүректен өлердей сүю, онсыз өмір сүре алмайтындай ғашық болу бар. Жан-тәнімен сүю, ғашық болу меніңше адамда бір-ақ рет кездесетін қасиет.

        Сен махаббаттан құмарлықты, еркек пен әйелдік сезімді алып тасташы, сонда бірін-бірі жақсы көрген екі адам бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын екі аққуға ұқсаса, міне,сонда ғана олар- шын ғашықтар»

 

Сұрақ-жауап:

-Ғашық болып көрдіңізбе?

-Өз махаббаттарыңның тарихын айтып беріңіздерші?

-Махаббат неден басталады?

-”Махаббатсыз өмір бос” деген пікірмен келісесіңдер ме?

-”Құлай сүю-ерлік”,-деген оймен келісер ме едіңіздер?

 

Шығармашылық жұмыс:

«Махаббат бейнесі» тақырыбында оқушылар өз пікірлері негізінде махаббат бейнесін салады.

 

Ойын: «Ашық хат» оқушылар бір-бірлеріне хат жазады.

 

 ІV. Қорытындылау:

«Махаббат»  сөзіне түйіндеме жасау.

     Жүрек – менің алақаным достарыма ашылған.

     Жүрек – менің жұдырығым жауларыма ашынған.

     Жақынымды аялайды, мейірімін төгеді.

     Жұрттың бәрін құшағыма алып, сүйе бергім келеді.

     Жүрек  жасыл  жапырақтай  жасарады көктемде.

     Жазғы  жаңбыр жұпар иісін төккенде.

 

«Бос микрофон» (рефлексия)

    Еркін түрінде қатысушылар  алған әсерлері туралы пікір бөліседі.









































Психологиялық жұмыстың жүргізілуі туралы хаттама


Күні: 2015-2016

Тақырыбы: «Махаббаттың сарқылмас бұлағы»

Мақсаты: «Махаббат» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, табиғатты, өмірді сүйе білуге баулу

Қатысқандар саны: 20

Сыныбы: 10 «Б»


Жүргізілу барысы:

Сабақтың тақырыбын ашатындай «Махаббаттың сарқылмас бұлағы», «Махаббат-өмір нәрі» деген ұғымдарға сипаттама берілді, махаббаттың түрлерімен танысты. Қызықты жағдаяттық сұрақтар талқыланды. Әртүрлі сұрақ- жауаптар ұйымдастырылды.

«Махаббат бейнесі», «Ашық хат», «Бос мирофон» жаттығулары жүргізілді


Қорытынды:

Оқушылар махаббат, сүйіспеншілік тақырыбында білімдерін кеңейтті, көңіл-күйлері көтерілді, белсенділіктері артты















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!