«№ 21 жалпы білім беру орта
мектебі» КММ
Тренинг
сабақ
Тақырыбы: «Мамандығым -
мақтанышым»
Педагог –
психолог:Тасболатова
М.А
Ақтау
2017
Тақырыбы: «Мамандығым
мақтанышым»
Мерзімі: 16.02.2017
жыл
Мақсаты:Окушыларга таңдаған
мамандықтарын үлгі тұтатындай, әріптестермен жақсы
қарым-қатынас жасауға, кездейсоқ жағдайлардан шыға білетін
эмоциясын ситуацияға пара-пар етіп көрсете білуге, эмоционалдық
тұрғыда көңіл-күйлерінің орнығып, жұмысқа қабілеттерін
арттыру;
Көрнекілігі:
Слайд, бланка
және музыка аппараты, жағымды баяу
әуенді диск
Жоспары:
-
Танысу шеңбері, топтарға
бөлу.
-
Релаксация.
Кіріспе.
-
«Ең жақсы» ойын
жаттығуы.
-
Сергіту сәті
/Психогеометриялық фигуралар.
-
«Мамандық тап»
ойыны.
-
Топтық жұмыс. /
тілектер/
-
Қортынды релаксация. / 2
минут/
-
Кері байланыс. «Бос микрафон».
/ 3 минут/
Тренинг
барысы:
Сәлемдесу: Танысу шеңбері
«Жіптік курс»
Барлық қатысушылар дөңгеленіп
тұрады. «Біз осы мамандығымызды сүйемізбе?», «Ұжымымызға деген
көзқарасыңыз қандай?»
Топқа
бөлу:
Кәмпит арқылы. Жас мамандар
алдарыңызда мына ыдыста кәмпиттер бар, сіз қазір өзіңізге бір
кәмпит аласыз және түстері сәйкес келген жас мамандар бір топта
болады.
Кіріспе: Тыныштық
сәті. .
- Көз алдыңызға жаңа көрген
табиғат көріністерін елестетіңіз.
- Терең дем алып, әуеннің
ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ
салыңыз.
- Ал, бастаймыз. (музыка
қосылады)
- Соқпақ жолмен жүріп келесіз
…
- Жол ұзақ, шаршадыңыз,
шөлдедіңіз …
- Кенет алдыңыздан ғажайып бақ
көрінді …
- Алма бағы
…
- Қып – қызыл алмалар қол
созым жерде …
- Сіз үзіп алып жей бастадыңыз
…
- Дәмі керемет
…
- Жеген сайын жегіңіз келеді
…
- Қалтаңыздан дорба алып
алмаларды жинай бастадыңыз …
- Күн кешкірді … Қайту керек …
Бақтан шығып жолға түстіңіз … Иығыңызда
дорба.
- Жүгіңіз ауыр. Жол бітер
емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді
…
- Сіз дорбаны емес, жалқау
ойыңызды тастап кетіңіз …
- Міне, қалашыққа да жеттіңіз
… Алдыңыздан қуана секіріп балалар
шықты
- Оларға өзіңіз терген
алмалардан үлестіре бастадыңыз …
- Алма тергеніңіз мұншама
абырой болар ма?Сізге балалар да, олардың ата – аналары да дән риза
…
- Балалардың бақытты күлкісі
сіздің де көңіліңізді көкке көтерді! Музыка тоқтатылып, мұғалімдер
көзін ашады. Өз әсерлерін бөліседі
«Ең жақсы»
ойыны.
Әрбір командаға мынадай нұсқау
беріледі, мұғалімдер берілген мінездеме қай мамандыққа сай
екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай
мамандық ең ақшалы болып табылады.
Қатысушыларға келесі мамандық
мінездемелері ұсынылады:
Ең ақшасы көп- бухгалтер,
экономист.
Ең жасыл- эколог, географ,
бақташы, гүл өсіруші.
Ең тәтті-аспазшы,
кондитер.
Ең күлкілі- клоун,
карикатурашы.
Ең жауапты- сот,
бухгалтер.
Ең
салмақты-мұғалім,заңгер.
«Психогеометрия» өзін - өзі
тану: Өздеріне ұнаған геометриялық фигураларды
таңданыз./3
минут/
Шаршы – ұйымдастырғыш, дәлдік
бақылауға қатал, қадағалайтын, ойлаушы, нұсқаушы, ақпаратқа
байқампаз, хабаршыл, жазбаша сөздікке ынталы, ұқыпты, тазалық
сүйгіш, сақтанғыш, суық, үндемейтін, қырсық, табанды, еңбексүйгіш,
эрудициясы басым, бас саясаткер, достары мен таныстары шағын,
еңбекқор адам.
Үшбұрыш – көшбасшы, билікке талпынғыш,
тазалықты сүйгіш, жеңісе құмар, өз-өзіне сенімді, шешім қабылдағыш,
батыл, сезімі күшті, энергиясы жеткілікті, қауіп-қатерге жақын,
лауазымды қызметкер, шыдамсыз ,саясаткер, сөз тапқыш, ортадағы
қарым-қатынас кең, жақын достары мен ортасы шағын, көшбасшы
адам.
Тіктөртбұрыш
– көңіл-үйі өзгермелі, өз-өзін
қадағаламайды, қозғыш, көп нәрсені білгенді ұнатады, батыл, өз-өзін
төмен бағалайды, өз-өзіне сенімсіз, басқаларға сенгіш, көңіл-күйі
жылдам өзгереді, дау-дамайдан қашады, тиянақсыз, ізденімпаз
адам.
Шеңбер – қарым –қатынасты жоғары
бағалайтын, өзгелерді қадағалайтын, кең пейілді, түйсігі жақсы
дамыған, шыдамды, эмоцианалды, сезімтал, сенгіш, тез шешім қабылдай
алмайды, бас саясаткер, әңгіме айтқанды ұнатады, біреуді көндіре
алады, өзгелерге көзқарасын дәлелдей алады, өткен өміріне көп көңіл
бөледі, көпшіл, ынталы, достары мен таныстары көп, мейірімді
адам.
Зигзаг – көңіл-күйі өзгеруге бейім,
креативті, білімге ынталы, түйсігі жақсы дамыған, өз идеяларына
ұстамды, арманшыл, болашаққа талпынысы жоғары, барлық жаңа
өзгерістерге қызығущылығы жоғары, қағаз жұмыстарын ұнатпайды,
адамдардың ортасында бірқалыпты, ойын-сауыққа құмар, қаржы
мәселесіне немқұрайлы қарайды, шығармашыл
адам
«Мамандықты тап» ойыны./3
минут/
Тренингке қатысушыларға
карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол
мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты
табу керек.
Хирург
Фабрика
басшысы
Хатшы
Кітапханашы
Банк
қызметкері
Сатушы
Мұғалім
Есепші
Тілші
Жол
сақшысы
Суретші
Ғарышкер
Спортшы
Биші
Әнші
Қортынды:
«Топтық
жұмыс»
тренингі
Мұғалімдерден құралған
үш топқа бөлініп тапсырма беріледі: 1- топ плакатқа күннің арайы
салынып, олар ата - аналарға деген тілектерін бірлесіп жазады. 2-
топ плакатқа құмырадағы гүлдің суретін салып, оның жапырақтарына
шәкірттеріне деген ізгі тілектерін салады. 3- топ үлкен жүрек
салып, аналарға деген тілектерін жазады. Топтық жұмыс
аяқталған соң әр топтан бір мұғалім шығып постер
қорғайды.
«Бос
микрафон». Тренингке қатысушылар өз
ойларын айтады.