Материалдар / Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалар үшін этикалық әңгімелердің сабақ конспектілерін әзірлеу »
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалар үшін этикалық әңгімелердің сабақ конспектілерін әзірлеу »

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалар үшін этикалық әңгімелердің сабақ конспектілерін әзірлеу »
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2022
634
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі

балалар үшін этикалық әңгімелердің

сабақ конспектілерін әзірлеу »

















Жоспары:

І Кіріспе

1) Мектеп жасына дейінгі балаларды этикалық тәрбиелеу

ІІ Негізгі бөлім

1) Балабақшадағы этикалық тәрбие

2)Этикалық тәрбиенің мақсаты

3) Этикалық тәрбиенің жалпы міндеті


ІІІ Қортынды


«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас   
ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың   
тағдыры ұстаздардың қолында»  
Н.Ә.Назарбаев



Мектеп жасына дейінгі балаларды этикалық тәрбиелеу – белгілі бір категориялар мен нормаларды, моральдық құндылықтарды, мәдениетті, әдеп пен дағдыларды, адамгершілік құндылықтар мен заңдылықтарды балаларға меңгерту арқылы балалардың эткалық тәрбиесін қалыптастыру процесі болып табылады. Этикалық тәрбие – тәрбиеленушілерде әдептілікті, мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруды көздейтін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің мақсатты ықпалдасуы

Ел Президентінің «Қазақстан – 2030 жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білім мен әл-ауқатын арттыруға, экологиялық ортаны жақсартуға ерекше мән берілген». Демек жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, рухани – адамгершілігін жетілдіру мәселелеріне тың көзқарастардың қажеттігі туындауда. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі  - жетілген тұлға тәрбиелеу.

Қазіргі кезде білім беру ісінде, жеке тұлғаны жан – жақты жетілдіріп, танымдық іс-әрекеті мен ой -  санасын дамытып, қалыптастыру барысында білім берудің ұлттық, педагогикалық, психологиялық негізін айқындау керек. Елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени өзгерістерге байланысты оқу – тәрбие процесін ұлттық сипатта ұйымдастыру – өмір талабы.

Кейбір зерттеушілер этикалық тәрбиені ұрпақтан – ұрпаққа берілген өзгеріссіз, ал өзгерген жағдайда ұзақ уақыт қызмет ететін мораль эелементтерінің тұрғысынан қарастырылады.

Этикалық тәрбие – бұл тәрбиеленушілердің қоғамдық мораль тарапына сай санасына, сезіміне, әдет-қылығына, мақсат-бағытына жүйелі түрде ықпал ету.




ІІ Негізгі бөлім

Балабақшадағы этикалық тәрбие тым сан алуан және оның нәтижелері қилы-қилы әрекет барысында көрініс табады. Бұл жұмыстардың көздейтін мақсаттары – тұрмыста, еңбек, ойын барысында қоғамдық және табиғи құбылыстармен таныстыру арқылы айналадағы ортаға әдептілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Баланың алғашқы этикалық түсініктерді аңғарып, мінез-құлқы мен тәртібін қалыптастыруда мектепке дейінгі шақ – ең жауапты кезең. Балалар үй ішіндегі жақындарымен қарым-қатынасында, оқу-тәрбие ісінде, тікелей өмір тәжірибесінде ненің жақсы, ненің жаман екенін байқайды, жақсы мен жаманға үлкендер тарапынан берілген бағаны меңгереді.

Мектепке дейінгі жаста балаларда бастапқы әдептілілік сезімдер мен ұғымдар, адамшылық мінез-құлықтың ең қарапайым дағдылары қалыптасады. Баланың мектеп жасына дейінгі кезде қалыптасқан мінез-құлықтарының және ересек адамдармен, құрбы-құрдастарымен қатынастарының формалары, адамгершілік білімдері мен сезімдері негізінде адамгершілік көзқарастардың, мінез-құлықтың, сезім мен сананың жаңа формалары одан әрі дамытылады.

Ол барлық тәрбие беру және даму заңдылықтары физиологияға негізделген деп көрсетті. Сонда тәрбиеші осы айтылған заңдарды оқушылардың жастарына сай пайдаланып, оқу-тәрбие жұмыстарының бағытын дұрыс анықтауы тиіс..

Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысы балабақшада өтілетін барлық сабақтарда (шығарма оқу, сауат ашу, сурет, математика, музыка, дене шынықтыру, т.б.) баланың жасына қарай жүргізіледі. Мысалы, жазда балабақша ауласында, «Жайлауға саяхат», «Шопан ата қонақта», «Ыдыс дүкені», «Мектеп», «Мұғалім», «Дәрігер», т.б. творчествалық ойындар өткізіледі. Бұл ойындарға қажетті материалдарды тәрбиешілер дайындап, балаларды қатыстыра отырып, өздері жасайды. Олар әзірленген түрлі түсті «кәмпит», «нан», «тоқаш», «құрт», «ыдыс-аяқ», «Жайлау» ойыны үшін жасалған киіз үй, үй мүліктері, төсек-орын, көрпе жастық, кілем, алаша — балалардың бұрын үйренген сөздердің дұрыс айтуға, бір-бірімен сөйлесіп, пікір алысуға, бір-біріне әңгімелеп беруге мүмкіндік беретіні сөзсіз.


Этикалық тәрбиенің мақсаты - адамгершілік мінез-қүлықтарды қалыптастыру, тәрбие ісінің күнделікті өмір жағдайындағы адамгершілік іс-әрекет бірлігінен қүралады. Өз қылықтарымен адам айналамен байланысып, ондағы жағдайлармен қарым-қатынас бейнелейді.


Этикалық тәрбиенің негізгі міндеттері:

     ізгілік сана қалыптастыру;

     инабаттылық сезімдерге тәрбиелеу;

     этикалық әдет-қылықтың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.


Этикалық тәрбиенің жалпы міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлқы мен тәртібін, адамгершілік сезімі мен сана нышандарын, адамгершілік түсініктері мен мінез-құлқын қалыптастыру болып табылады. Этикалық сезім адамгершілік түсініктерді меңгерудің негізінде туып, балалардың іс-әрекеті мен мінез-құлқынан, тәртібінен көрініс табады. Эткалық тәрбиеінің міндетін жүзеге асыру барысында баланың бойында енді дами бастаған сезімдерін пайдалана отырып, үлкенді сыйлауға, мәдени мінез-құлықтың қарапайым ережелерін, әдеті мен дағдыларын моральдық сапаларын, мінез-құлықтарын, өзін және өзгелерді әділ бағалай білу қабілетін дамытып, қарапайым да күрделі сезімдер мен қарым-қатынастар қалыптастыруға ықпал ете білуге үйрету көзделеді.

Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты біреу, ол — жас ұрпақты жан жақты тәрбиелеу, ой өрісін, сана-сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім-дағдыларға үйрету. Сол себепті қазақ педагогикасы және «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында» сәбидің тілін дамыту, ауызекі дұрыс, мәдинетті сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге бағыттап отыру ісіне назар аударады. Өйткені баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі — тіл. Ал тілдің дамуы оның сана сезімінің, ой өрісінің жетіле түсуіне негіз болады.

Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын, бала айналадағы адамдармен, өзі қатарлас балалармен белсенді қарым-қатынас жасайды. Өмірде кездесетін түрлі іс-әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі жайттар туралы әңгімелейтін болады. Дәл осы жас шамасында баланың сөз қолдану ерекшелігін терең зерттеп, талдаған балалардың көрнекті жазушысы К. Чуковский оларды «данышпан лингвистер» деп атаған болатын.

Баланың айналадағы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балабақшада арнайы өтетін сабақ, ойын, еңбек процестерінде тәрбиешінің басшылығымен іске асады. Балаға бағдарламалық материал негізінде білім беруге баса назар аудару керек.

Оқу жылына жоспар жасағанда баланың жақсы сөйлей білуін бағдарлау, сөздік қорын дамыту, ой өрісін кеңейту жұмысына өте мұқият қарау қажет. Ол үшін әр тәрбиеші, әрбір балабақша меңгерушісі бағдарламада берілген материалды өздері ыждағаттықпен оқып-үйренуі керек. Осыдан соң тәрбиеші қандай тақырыпты қай кезде, қалай, қандай мақсатта, қай сабақпен байланыстыра өткізу керектігін анықтай отырып, әр сабаққа қажетті материалды, балаларға қойылатын нақты сұрақтарды (көркем әдебиет тақырыбы, ойын, балаларға қойылатын сұрақтар) көрсетіп, жоспарлайды.

Тәрбиеші бағдарламалық материалға талдау жасай отырып, тіл дамыту жұмыстарын, сабақ түрлерін (ойын-сабақ, сурет, ойыншық көрсетіп әңгімелесу, шығарма оқу, сөздің дыбысталуын дұрыс айтуға үйрету сияқты), жұмыс түрлерін белгілейді. Оған қажетті материалдар әзірлейді.Мысалы бір үлгісін көрсетіп кетсек

Білім беру саласы: Вариативтік компонент.

Бөлімдері: Этнопедагогика

Тақырыбы: Халық шеберлері.

Мақсаты: а) Шебер жөніндегі түсініктерін кеңейту, мамандық түрлерімен таныстыру, бұйымдарды атауға үйрету.

ә) Сөздік қорларын дамыту.

б) Үлкендердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Билингвальды сыңары: шебер – мастер.

Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық

Қозғаушы

Балаларды жылулық шеңберіне тұрғызып, амандасып болған соң, педагог балаларға өзінің сандықшасының сынып қалғанын айтады.

-Балалар, менің әдемі сандықшам бар еді. Сол сандықшам кеше сынып қалды.Енді не істерімді білмей тұрмын?

Сандықшамды кімге жөндетсем екен деп ойланып тұрмын.

-Қалай ойлайсыңдар, маған кім көмектесе алады?

-Әрине шеберлер маған көмектеседі.

Билингвальді компонент: шебер-мастер.


Таңғы жиынды жақсы айтып шықты.





Тақпақты қайталап айтып шықты.




Қонақты қарсы алды.






Іздендіру-

Ұйымдастырушы

-Балалар, біздің үйіміздегі диван, сөрелер, айна, кереует, сандық, шефанерлерді кім жасайды екен, білесіңдер ме?

Иә, дұрыс айтасыңдар, шеберлер жасайды. Олар ағаштан, темірден, пластмасса тағы өзге де материалдардан адам өміріне қажетті бұйымдарды жасайды.

Егер шеберлер болмаса біздің үйімізде дүниеміз болмас еді.

-Сондықтан да біз шеберлер жасап берген бұйымдарды дұрыс қолдана білу керек екен. Оларды сызбай, кірлетпей, сындырмай ұқыпты ұстау керек екен.

-Менің сандықшамды шеберге тапсырып кеткен едім, ол қазір лезде сандығымды жөндеп, жап-жаңа етіп әкеліп береді.

Педагог ескі сандықша мен жаңа сандықшаны ауыстырып көрсетеді.

-Міне, көрдіңдер ме балалар?

-Менің сандықшамды қолы алтын шеберлер жап-жаңа етіп әкеліп берді.

Бірақ балалар бұйымдар жасауөте қиын, көпуақыт пен еңбекті қажет етеді.

Сондықтан шеберлер жасаған бұйымдарды бүдіремізбе?


Сергіту сәті:

Өрмек тоқу.

Алуан жіпті тізбелеп,

Далаға керме кереді.

Берейік көмек біз де, -деп

Көршілер де келеді.

Адырғысын тіктейді,

Арқау жібін өткізіп.

Қылшығын қағып бүктейді,

Түбіне тақап жеткізіп.

Өстіп дайын болады,

Алуан басқұр алаша.

Көргеннің көңілі толады,

Тамашалап қараса.









-Жоқ, болмайды.





-Ақылымызды айтамыз.





Рефлексивті түзеушілік

-Балалар, бүгін қандай тақырып өттік?

-«Шебер» деген кім екен?

-Қандай шеберлік түрлері бар екен?

-Шеберлер жасаған дүниелерді күтіп қараймыз ба?


Балалар сұрақтарға жауап беріп, белсене қатысып отырады.




Біледі:. шебердің кім екенін. Игерді: шебердің жасаған дүниелерін ұқыпты қарауға. Меңгерді: ұқыптылықты меңгерді


ІІІ Қорытынды

Халық педагогикасының тәрбиесі арқылы балалардыңэтикалық тәрбиесін қалыптастыру үшін жүйелі де кешенді жұмыстар жүргізу керек, педагогикалық мүмкіндіктерін қажет.

        Балалар бойында өнегелік тәрбие арқылы этикалық қасиеттер қалыптастыру үшін, ең алдымен балабақша өмірін педагогикалық жүйе, яғни тұтас педагогикалық үрдіс ретінде қарастыруға қол жеткізу керек.

Балалардың этикалық тәрбиесін, әсіресе адамгершілік сезімін оятатындай, белгілі бір жүйеде, әр топтағы баланың жасына, түйсігіне лайықты етіп, барлық тәлім-тәрбие жұмыстарымен ұштастыра жүргізгенде ғана нәтижеге жетуге болады. «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын», - деп ұлы атамыз Абай айтқандай: халқымыз бәрінен жоғары қойған адам бойындағы ең асыл қасиет – ар, ұят-имандылықтан бастау алып, мейірімділікке, адалдыққа, қайырымдылыққа, жомарттыққа, ынтымаққа, бір сөзбен айтқанда адамгершілікке апарар тура жол болып табылады.

 











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!