Оқушыларға фотосурет
жайында ақпарат беру:
Оқушыларға фотосурет және
суретке қалай түсіру қажет екендігі жайында ақпарат беру. "Камераны
бұрын кім қолданып көрді?» деген сұрақ
қою.
Оқушылардың жауаптарын
тыңдау.
Фотосурет – фотоаппараттың
көмегімен алынған бейне. Фотосуреттің дұрыс және айқын шығуына әсер
ететін бірқатар визуалды нысандар бар. Бұлар: композиция, формат,
ракурс, фотоға түсіру сәті, көрініс, жарық,
түс.
Жас фотосуретшіге
кеңес:
Презентация
көрсету.
5-ші
слайд: камераны көз деңгейінде
ұстаңыз (түсіретін нысанның). Төменнен жоғары қарай, немесе өз
бойыңыздан төмен қарай фотоға түсірмеңіз. Фотоға ерекше әсер
бергіңіз келсе, сонда ғана осылай түсіруге болады. Балаларды
түсіретін болсаңыз,олардың көзінің деңгейіне дейін төмен түсіңіз,
әйтпесе пропорциялар қате шығады.
6-ші
слайд: фотоға түсіргенде фотосуреттің
форматына басты назар аудару керек. Егер түсіретін нысан биік, тік
болса, онда фотосурет форматы тік болу керек. (фотоаппаратты тік
ұстау керек). Егер кеңістік түсірілетін болса, фотосурет форматы
көлденең болуы керек.
7-слайд: фотоға түсіру сәті – бір
сәтті, қимылды түсіріп алу.
8-слайд: Оқушыларға бірнеше
фотосуреттер көрсетіледі. Осы суреттердің ішінен дұрыс түсірілген
фотосуретті тауып алуы қажет. Оқушылар жауаптарын дәлелдеп
береді.
Шығармашылық
жұмыс:
Оқушылар алдын ала сабаққа
фотокамера немесе ұялы телефон әкелген
болатын.
Мектепке саяхат жасау үшін
оқушыларды жұптап бөлу.
Оқушыларды жұпқа
бөлу. Жұпқа бөлу үшін тақтаға
тізіп оқушылардың туған күндерін жазып шығу. Тізбектелген сандары
басынан бастап екі-екіден бөліп шығу.
Әр жұпта бір фотоаппарат
болсын (ұялы телефон камерасын да қолдануға болады). Оларға сандық
фотоаппаратпен қызықты нысандарды, ұнаған орындарды және мектептің
басқа да бөліктерін фотоға түсіру үшін бірге жұмыс істейтіндерін
түсіндіру. Мұғалім алдын ала қозғалыс маршрутын сызып алып, сол
маршрут арқылы қозғалулары тиіс.
Оқушылар сыныптан шықпас бұрын
оларға фотоаппаратты күтіп ұстау
қажет екендігін және сынғыш, қымбат заттарды ұқыпты ұстауға дайын
болуы керек екендігін ескеру.
Оқушыларға мектептің қызықты
нысандарын, ұнаған орындарын фотоға түсіруді тапсыру. Нысанды
фотоға түсірмес бұрын, оны қай жағынан түсірген дұрыс болатынын
ойлап алу керек. Фотоаппаратты көз деңгейінде қозғалтпай ұстау,
жарықтың арттан түсіп тұру керек екенін естеріне салу. Оқушылар
өздерінің идеяларымен таныстырып, неліктен сол орынды таңдап
алғандарын және фотосуретте қандай сызықтар мен пішіндер
кездесетінін түсіндіріп берулері керек.
|