Монитормен
танысу
(Ересектер,
№14 Ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінің
технологиялық
картасы)
Информатика маманы:
Апсаликов Оралбек Маратович
05 желтоқсан 2014
ж
№14 Ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінің технологиялық
картасы
Күні: 05.12.2014
ж
Білім беру саласы:
Таным
Ұйымдастырылған оқу
іс-әрекеті: Информатика
Тақырыбы: Монитормен
танысу.
Мақсаты: Монитор туралы
түсінік беру. Атқаратын қызметімен таныстыру. Компьютерге
қызығушылығын одан әрі арттыру. Баланың танымын, ойлау қабілетін
одан әрі жетілдіру.
Билингвальды компанент:
Пернетақта-клавиатура, тінтуір-мышь
т.б
Әдіс-тәсілі: Көрсету,
түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын
Көрнекілігі: Компьютер
құрылымдары: монитор, жүйелік қорап,
тінтуір.
Әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
әрекеті
|
Баланың
әрекеті
|
Мотивациялық
қозғаушы
|
Шаттық
шеңбері
Кел, балалар
күлейік,
Күлкіменен
түлейік.
Күлкі көңіл
ашады,
Күліп өмір
сүрейік.
Жүректен-жүрекке жылы
лебіздер.
-
Қазір жылдың қай
мезгілі?
-
Қыс неше ай қонақта
болады?
-
Қыс айларын
ата?
-
Қыс ерекшелігін
ата?
-
Қыс несімен
қызықты?
-
Қыс туралы суреттерді
әңгімелеу
Жұмбақтар:
Шанамен зырғып
желдетіп,
Шаңғы, коньки
тебетін.
Аққала жасап
ойнайтын,
Қай мезгіл деп
ойлайсың?
Мамықтай
ұлпа,
Қанттай
ақ.
Қыста жер бетін
басады,
Жазда сайға
қашады.
|
Балалар шаттық шеңберіне
тұрып, таңмен, күнмен, достарымен
амандасады.
Бір-біріне жылы лебіздер
айтады.
Балалардың
түрлі
жауаптары.
Қыс
мезгілі.
Қар.
|
Іздену
ұйымдастырушы
|
Өткен тақырыпты еске
түсірейік.
Компьютер құрылымдарына не
жатады?
Пернетақта –дегеніміз
не?
Тінтуір дегеніміз
не?
Жаңа
тақырып: «Монитор»
Монитор
(дисплей)-бұл кез келген ақпараттарды (текстік, графиктік және т.б)
экранған шығаруға негізделген
құрылғы.
Монитор туралы түсінік
беріледі.
Монитор қосулы болса біз
компьютерде сақталған ақпараттарды көре аламыз, ал сөндірулі болса
біз ештеңе көре алмаймыз. Монитордың компьютер құрылымдарында
алатын орны
ерекше.
Әліммен бірге сарамандылық
жұмыс:
Мониторды қосу және
өшіру.
Монитордың қосулы
күйі.
Монитордың өшірулі
күйі.
|
Жүйелік қорап, тінтуір,
монитор,
пернетақта
Пернетақта
–әріптерден, сандардан,
функциональды, қызметші, қосымша пернелерден
тұрады.
Тінтуір-өзін тегіс бетте
қозғалтқанда бейне беттегі жүгіргіні /курсорды/ жылжытатын шағын
манипулятор.
Тәрбиешінің әңгімесін зер
салып тыңдайды.
Жаңа тақырыпқа
қызығушылықпен
қарайды.
Берілген
нұсқаулықтарын
орындайды.
Мониторды қосып жәні өшіріп
көреді.
|
Іздену
ұйымдастырушы
|
Дидактикалық ойын: «Мен
атаған санды
көрсет»
Шарты: Тәрбиеші компьютер
құрылғыларының атын атайды, балалар құрылғыларды тауып көрсетеді
және атын атайды.
Мақсаты: Естеу сақтауын
арттыру, ойлауын дамыту, зейінін тұрақтандыру. Сөздік қорын
байыту.
Бой сергіту
жаттығуы:
Жарға шығып
ойнайды,
Ойынға бір
тоймайды.
Болса дағы
сақалы,
Секеңдеуді
қоймайды.
Тапсырма: Дыбыс шығаратын
заттарды боя.
Арунамен бірге саусақ
жаттығуы:
Қайық суда
жүзеді,
Ескектерін
түзеді.
|
Ойын
ойнайды.
Бой сергіту жаттығуын
жасайды.
Тапсырмадағы дыбыс
шығаратын нысандарды
бояйды.
Саусақ жаттығуын
жасайды.
|
Рефлексті
коррекциялау
|
Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде
не туралы өттік? Компьютер құрылымдарын еске түсірейік. Пернетақта
дегеніміз не?
Тінтуір дегеніміз
не?Жүйелік қорап дегеніміз
не?
Мадақтау.
Қорытындылау.
|
Балалардың
түрлі
жауаптары.
Алған білімдерімен
бөліседі.
|
Күтілетін
нәтиже:
Білуі керек: Монитор-
компьютер құрылымдарының бірі.
Болуы керек: Танымы,
ойлауы, зейіні, сөздік қоры, байланыстыра
сөйлеуі.
Баланың қолынан келуі:
Сұрақтарға жауап беру; Суреттерді әңгімелеу; Тәрбиешінің
нұсқаулығын орындау; Саусақ жаттығуларын жасау; Компьютер
құрылымдарының атын атау;