Материалдар / тақырыбы: Қимылды қозғалыстар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

тақырыбы: Қимылды қозғалыстар

Материал туралы қысқаша түсінік
санатка ұсыну
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2018
435
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Пән: Дене шынықтыру Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім: Қазақ ұлттық қозғалыс ойындары



Күні: 8.01.2018

Мектебі: «Свободный орта мектебі»КММ

Сыныбы: 1 «а»

Мұғалімнің аты-жөні: Ержан Т


Қатысқан оқушы саны:___

Қатыспағаны:___

Сабақтың тақырыбы:

Қозғалмалы ойындар арқылы тарту

Оқу бағдарламасына сілтеме:

2.6. Эмоциялар, көңіл-күйлер және тақырыптарды көрсету үшін бірқатар құрылымдық идеяларды дамытады

Сабақ мақсаттары:

1.2.6.6. Тақырыптарды, көңіл күйлер мен эмоцияларды жеткізу үшін кейбір композициялық элементтермен танысады және пайдаланады

Жетістік критерийлері:

Негізгі дене қозғалыстарын атайды.

Негізгі дене қозғалыстарын қарапайым дене жаттығуларымен салыстырады.

Тілдік мақсаттар:

денені басқарудағдыларын еденде және қарапайым гимнастикалық снарядтарда сипаттау және көрсету

Құндылықтарды дарыту:

оқушылардың бойына сініру арқылы дұрыс әрекет жасауға, сүйіспеншілікке, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.

Пәнаралық байланыс:

Сауат ашу

Акт қолдану:

Дағдыларды талдау, карточка қолдану

Бастапқы білім:

Оқушыларда үйде не/немесе балабақшада ойынға негізделген қозғалыстың алдыңғы тәжірибелерін жетілдіреді.

САБАҚ БАРЫСЫ.

Б-барлық сынып, Т-топтық, ЖЖ-жұпптық жұмыс, Ж-жеке,Тәж -оқушы тәжірибесі, К-мұғалімнің көрсетілімі, Ф-фор.бағалау.

Сабақ кезендері:

уақыт

Сабақтағы іс-әрекеттер:

құрал жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

мөлшерленген


(Б, Ж.Тәж.К) Сапқа тұрғызу.Сәлемдесу.

Сабақ барысын түсіндіру.

Саптағы жаттығулар:Еркін жүгірулер.Сап түзіп жүру, асықпай баяу жүгіру, секіру, ырғу, керілу. Жалпы дамыту жаттығуларын орындау.


Гимнастикалық төсеніштер.

Кең алаң.

Сабақтың ортасы:

мөлшерленген


(Б) «Жылдам орамал» («Көрінбейтін орамал»)

Сіздер «орамалды» тізелеріңнің астынан өткізіп, бір-біріңе «Әне орамал кетті, әне орамал кетті!» деген сөздермен бересіздер.

«Жүргізушінің» тапсырмасы – көрінбейтін орамал кімнің қолында екенін анықтап, сол оқушының есімін атау қажет.

Дегенмен бұл айтарлықтай оңай емес! Өйткені шеңберде отырғандардың барлығы біріне-бірі «орамал» табыстаған секілді бір қимылды қайталап жасай береді. Және де «Әне орамал кетті, әне орамал кетті!» деп қайталап отырады. «Жүргізуші», мысалы Марат дейік, бір ойыншының бөгеліп қалғанын байқап қалып, «Марат!» деп айқай салып, ойыншының иығынан түртеді. «Ұсталған» «жүргізушінің» орнын алмастырады. Егер де қателік туындап, «жүргізуші» шатасқан болса, онда ол кінәсіз Мараттың алдында өз кінәсін ән айтумен не тақпақ оқумен жуып-шаяды.


(Б, Ф) «Қаршығалар және қарлығаштар». Ойынға саны шексіз оқушылар қатысады. Ойыншылар екі топқа бөлініп, біріне-бірі арқамен қарайды. Бір топта қаршығалар, екінші топта қарлығаштар болады. Бір ойыншыны жүргізуші етіп таңдайды. Ол ойыншылардың арасында жүріп, сөздерді буынға бөліп айтады: қарлығаш – пауза – нүкте немесе қар..., ал сөздің аяғын айтпайды. Сол кезде, аты толығымен аталған топ жан-жаққа қаша бастайды, ал аты аталмаған топ ойыншылары оларды қуа жөнеледі. Қолға түскен ойыншылар ұстаушы топтың мүшесі болып саналады.





Кең алаң. Гимнастикалық төсеніштер, мұғалімге арналған ысқырғыштар.

Сабақтың соңы:

мөлшерленген


Соңында оқушылармен рефлексия жүргізу:

  • нені білдім, нені үйрендім.

Физикалық белсенділік өздеріңді едәуір бақытты болып сезінуге әсер ете ме? Қолға түсу үшін сендерге не істеуі қажет?


Саралау- оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау: бір оқушыдан күтілетін нәтиже, төзімділік, иілгіштік, шыдам/бұлшықет төзімділігі, дербес қолдау көрсету, уақытты ұтымды пайдалана отырып, сабақтың тығыздығына көңіл бөлу.

Бағалау- оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін қолданылатын белгілі бір критерийлер бойынша тәсілдер арқылы бағалай алады.

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:

Денсаулық сақтау әдістері,сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері,сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлекия:

1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Сабақты оқыту жүзеге асырылды.Оқушылардың қашыққа жүгіру мен секіру жаттығулары арқылы денсаулықты сақтауды түсінді.

2.Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Ия,топтарда қауіпсіздікті сақтай отырып жүгіру, секіру әдістерін орындады,сонымен қатар кеңістікті дұрыс пайдаланды.

3.Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Ия

4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ?

Ия

5.Сабақ жоспары қандай ауытқулар болды неліктен?

Ия, болды. Себебі,оқушылардың көбі жаңа тапсырмаларды бастапқыда толық түсінбеді, түсіндіруге уақыт бөлдік.

Жалпы оқушыларды бағалау:


Оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін сұрақ берілді-жауап алынды, бірігіп жұмыс жасау барысында өзара қарым-қатынастарына назар аударылды, мәселеге жалпы түрде шолу жасалынды.


Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға,үйренуге қатысты.)

1: Жұппен,топпен жұмыс және жаттығу жеке жүгіру дағдыларын жақсартады.

2: Өзін-өзі тәртіпке, шыдамдылыққа, төзімділікке, ептілікке баулиды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

1: Жоспарды дәл, нақты жоспарлап, жаттығуларды дұрыс түсіндіру қажет.

2: Топтық, жұптық іс - әрекеттерді жетілдіре отырып, жекелей тапсырмалар беріп сабақты өткізу.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!