Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
тақырыбы: Шығармашылық -тіршіліктің көзі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Шығармашылық –бүкіл тіршіліктің көзі.
Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап бүгінігі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. «Шығармашылық» ұғымы жөнінде Қазақстан Республикасы орта білімді дамыту тұжырымдамасында: «Шығармашылық –бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмытылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түюді, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдерді қабылдай біліуді үйренуі қажет» -деп көрсетіген.
Жеке тұлғаның рухани өсуі дегеніміз –кісілік қасиетін, шығармашылық дүниетанымын кеңейту. Жеке тұлғаның ерекшелігі – біреулер айналадағы құбылысқа таңдана, тамашалай қарайды, ал енді біреулер –сын көзімен қарап, ой қорытуы, сыни пікірлер айтуы мүмкін. Таңдана, тамашалай қараған баладан шығармашылық қасиеті тани білу мұғалім парызы. Психологтердің зерттеуі бойынша әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады дегенді айтады. Сондықтан баланы сәби кезінен бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей , жүйелі түрде шығармашылық мүмкіндігі зор, шығармашылықпен тұрақты , белсенді айналысыуға икемдеуге болатын жас деуге болады. Мектебімізде балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда осы теорияларды негізге ала отырып, балғын балаларымыздың жетістіктерін көре білдік.
Бұлардың бойыда шығармашылықпен айналасуға деген мынандай ерекшеліктер бар: балалардың өздік ойлау ерекшеліктері басым, түрлі болжамдар жасауға қабілетті, қиялы ұшқыр, өзін танытуға құштар; шығармашылықпен айналысуға ұмытылып тұрады, шығармашылық күшін сынауға тырысады; қиялдары жүйрік бейнелер сомдауға шебер, жан дүниесі нәзік, лирик болып келеді, болмыстары поэзиядан құрылады; бұл жастағылар ақыл-ой қабілеттілігін тек өзін қызықтырған іске бағыттайды, ал қызықтырмаған істе қалыпты білік-дағдыларымен шетеледі;
Оқушылар мазмұндама, мінездеме жазудан гөрі әңгіме,өлең, ертегі жазуға бейім.Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік баланы психологиялық дайындық , яғни педагогтің психлогиялық әсері шығармашылық кезеңінде баланың шабытытн оятып, ұстаздың берер әсері мынандай болмақ: «сенің қолыңнан бәрі келеді», «сен қабілеттісің», «жаз», «үйрен» деп, баланы еркін билеп, сенім білдіру;
Оқушының кішкентай жетістігі болса да, жоғары бағалап мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу;
Шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін бақылау, қамқорлық таныту;
Ақын-жазушылардың, өнер адамдарының шығармашылық дәстүрінен қызғылықты оқиғаларды әңгіме ету;
Оқушылар үшін өзін қарапайым жан есебінде таныта білу, оқиға, сюжет, образ жасауда оларға сенім білдіру;
Шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар мақтанышы, пікірлес досы, бапкері болуға тиіс деп өзіме міндет алдым.
Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, мектеп басшылары, ата-аналар тарапынан да қолдау керек. Мысалы, біздің мектебімізде оқушылар шығармашылығына арналған әдеби бұрыш және «Таңшолпан» аттас газет шығарып тұрамыз. Мұнда оқушылардың оқыған әдеби шығармалары бойынша салынған суреттері, жинағы әдеби материалдарды жинақталып, іріктеленіп беріліп отырады. Сонымен қатар еркін тақырыпқа жазған шығармаларын, өздері құрастырған ертегілерін, шығарған өлеңдерін апта сайын басып ауыстырып отырамыз. Әрине, өзінің тырнақалды шағын болсын еңбектерін осы бұрыштан басқалардың қызыға танысқанын көрген сәттегі олардың қуаныш-мақтаныш сезімдерінде шек болмайды. Бұл біржағынан өз бойларында бұндан да асырамын деген құлшынысын оятса, екіншіден басқаларға үлгі болып сынып балаларының, басқа сыныптастарының қызығушылықтарын артырады. Өз еңбектерінен, өз тапсырмаларынан, өз ізденістерінен туған туындылардың өздеріне де, басқаға да әсері мол екендігін бәрімізге дәлелдеудің қажеті жоқ екенін білеміз.
Ал енді осындай оқушыларымның шығармашылықтарын ортаға шығаруға дейінгі дайындық жұмыстарын қалайша жүргіздім, оған не түрткі болды, соған тоқталып өтейін. Балаларымды да жаңа бір серпіліс кезеңіне түсірген бір жылдық «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» семинары. Екі семинарына қатыстым, әлі екі семинармен аяқтауымыз керек.Осы семинар басталғаннан бері өз бойымда бір ерекше өзгеріс, жаңалыққа деген құлшыныс пайда болады. Мен әлі жаңа ғана бастап жатырмын, жетер жетістігім өте зор деген бойымда бір сенімділік туындап келеді. Бұл жоба өте қызғылықты , оқыған сайын терең бойлай бергім келеді . Екі семинардан алған білімім мені де, оқушылармды да бір сатыға болсада көтерді. Жұмысқа да, алдымдағы балаларға басқа көзбен қарай бастадым. Өмірдегі неше түрлі атақты ғұлама шығармашыл мен сияқты ұстаздардың алдында оқыған шығар, мен неге сондай тұлғалардың қалыптасуына бастама болмаймын деген шешім қабылдадым. Сонымен екі семинарда алған білімім, оның ішінде жаңа білімді оқушының өзіне қалай меңгертуге болатындығын дәлелдеген бірнеше әдістерге сүйене, өз жұмыстарыма терең ой толғаныс , талдау жасай отыра оқушыға жай ғана дайын білім беріп қоймай, әр оқушының не нәрсеге қабілетті екенін анықтай отыра олардың шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамытуды мақсат еттім.
Көрнекі бір француз математигінің адамдар шығармашылық үрдісті мынандай бес кезеңге:
-
Жаңалықпен бетпе-бет келу.
-
Шығармашылық бір ізгілік.
-
Шешімнің жарық көруі.
-
Шығармашылық акт.
-
Шешімнің дұрыстығын дәләлдеу
Шығармашылықтың әр кезеңінде бала бойында әр түрлі қасиеттер қалыптасып жатады. Қандай шығармашылық жұмыс болмасын баланың өзін қоршаған ортада кездескен, көрген немесе басқалардан естіген, өздері оқыған оқиғаларының жалғасы немесе сол оқиғаның себеп салдарын тереңдей түсінейін деп зерттегенінен, яғни ой жетегінен бастадады. Сондықтан мен әр сабақта оқушылардың өздері кездескен дүниеге немқұрайлы қарамай, сабақта оқыған материалын жан-жақты түсіне оқып, тереңдей білуі үшін оны нақты ойландыратындай, жауабын тапқызбай қоймайтындай, сол оқиғаға өзіндік көзқарасын білдіретіндей, бағасын беруді талап ететіндей проблемалық сұрақтар қоя отырып, жауапкершілікпен орындауларына бағыт беріп отырмын. Сабақ кезінде қойылатын сұрақтар ойлауды,пайымдауды қажет ететіндей болып берілсе, ол міндетті түрде оқушының өзіндік бір туындысын туғызатындай шығармашылық үрдіске жалғасады. Қойылған сұрақтарға жауаптардың бірнеше түрі болуы мүмкін екендігін қарастырамын, барлық жауаптарды мақұлдап қабылдап алғандықтан, барлығы жауап беруге қатысып отырады. Әр тапсырмаға ізденіс барысында менің әр баланың көңіл- күйін бақылауға, ой пікірін байқауға мүмкіндігім болады.Бала өз ойын қорықпай сеніммен айта алатынына көзім жетті.
Мен әр сабақты баланың бүгінгі өтетін тақырыпқа байланысты білгенін есіне түсіруге, ойларын тұжымдауға нақты тапсырма беруден бастаймын. Бұл кезеңде бала жаңа тақырыпқа қызығушылығының артуымен бірге оның есте сақтау қабілеті дамиды, білгендерін салыстыруға дағылданады.Әр қайсысы өз алдына сұрақтарға жауап іздеп , жан -жақты ойланады. Оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақырту, ойын тұжырымдату, қасындағы оқушымен пікірлестіріп, топтастырып ортақ ой шығарту- сабағымның негізгі құрылымы. Оқушылар өз пікірін еркін сөйлеу арқылы айтуға, ойын жеткізуге, оны дәлелдей алуға бейімделіп, сонымен қатар қасындағы оқушы пікірін де тыңдап, қорытынды шығаруға талпынады. Сол пікірлерді салыстырады, басқалармен жұмыс істеуге , бірлесіп жұмыс істеу сәтінде қасындағы досына құрметпен қарауға , зер салып тыңдауға, мәдениетті, батыл сөйлеуге , топпен ортақ тұжырымға келуге мүмкіндік алады. Бірлесіп жасаған жұмыстардан өз ойларының тыңдаушысы табылады, жауаптары қабылданып, бағаланып әр қайсысы өз үлестерін көруден оқушылардың біртіндеп қызығыушылықтары оянып , оларды шығармашылық жұмыстарға жетелей бастады.
Мақал-мәтелдерді бала шығармашылығын дамытатындай етіп таныстырамын. Бұл жанрмен жұмысты былайша жұргіземін:
-
Әр түрлі жағдайларға, тақырыптарға байланысты мақал-мәтел айтқызу;
-
Керісінше, мақал-мәтелдердің мағынасына қарай қарама-қарсы өздеріне мақалдар құрғызу;
-
Суретке қарап тұрып, бірнеше мақал айтқызу;
-
Мақалдың мәтінін ашатын суреттер жинау ;
-
«Халық даналығын ұмытқан жоқсын бы?» түріндегі ойындар ұйымдастыру.
Баланы жинақы, дұрыс сөйлеп, өз ойын аз сөзбен анық айтып, түсіндіруге дағдыландыру үшін тірек сызбаларды пайдаланамын. Әр түрлі суреттер, сөзді бейнелейтін шартты белгілер, таңбамен белгіленген жасырын сөздер балалардың сенімін оятып, сурет салуға, жаңа сөзді меңгеруге, сол сөзді қатыстырып сөйлем құрауға, кейіннен мәнерлеп өлең-тақпақ оқуға жетелейді.
Сөз байлығы жеткілікті бала әңгіме, шығарма мазмұндаманы еркін жазатыны белгіл. Бағдарлама бойынша қазақ тілі пәндерінде әр тақырыпты өткен сайын, алған білімін шығармамен, мазмұндамамен қорытындыланып отыруы көзделген. Шәкіртердің ойлаған ойын жазуға үйреткен екінші бір нәрсе ол-өзіміз оқып отырған тіл сабақтарындағы «өзің ұйқасын тап», «әңгімені әрі қарай жалғастыр» жеңілдігіне қарай лайықтана қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйсіктерін қамтамасыз етеді. Осындай азда болса өздерін ойландырып, әр оқушы өз шығармаларын көрсете алады .»
«Ұстазы мейірлі болса, шәкірті пейілді» деген ғұлама сөзді, әр уақытта өзіме ұран ретінде ұстаймын. Өйткені, мен өз ойын, өз пікірін айтқысы келген оқушыларды тыңдау, ой-пікір білдірушінің жағына шығып, оның логикасын түсіну , қатте пікірді бірден жоққа шығармай, оқушылардың өзара пікір алысу барысында елеусіз түзету, әр оқушыда «Менің ойымша....» «Мен онымен келіспеймін, себебі.....», «Мен былай түсінемін ,,,,» деген сияқты өз ой-пікірі бар тұлға екнін сезінуге, әр оқу ордасының, өзіне де, мұғалімге де ортақ еңбек алаңы екенін түсініп, өзін еркін ұстауына мүмкіндік беретін ситуациялар туғызуда басшылыққа аламын. Әр оқушының бойында туындап жатқан болар- болмас жаңалық болса, соны сыртқа шығаруға мұғалімнің дұрыс башылығы болсы, шығармашыл тұлға қалыптасады дегім келеді.