Тақырыбы: «Сылдырмақ»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Сылдырмақ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабакшага озім үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бірінші кіші « Балапан» тобындағы үйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 26.11.2020. Тәрбиеші:Мендыбаева У.Б Білім беру саласы: «Шығармашылық» Пән: Аппликация Өтпелі тақырып: «Халық - өнердің қайнар көзі. (музыкалық аспаптар.» Тақырыбы: «Сылдырмақ» Мақсаты:

1.Тәрбиелік: Тапсырманы орындау кезінде дәлдікке тәрбиелеу.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, тіл байлығын , қол моторикасын дамыту.

3.Оқыту: Суреттер жасау арқылы аппликацияға қызығушылық тудыруды жалғастырыңыз. Шеңбер пішінімен таныстыру, сылдырмақ ойыншығы жайлы білімдерін бекіту.

Педагогикалық технологиялар: АҚТ, ойын технологиясы,денсаулық технологиясы. 

Ресурстармен қамтамасыз ету: үлестірмелі материалдар, сылдырмақтың суреті, магнитті тақта, дайын пішіндер.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: 1. Үйыдастырушылық кезең: - Қараңдаршы балалар, бізге қуыршақ Айсұлу қонаққа келді, ол бізге сыйлықтар әкеліпті.

Тосын сәт: сылдырмақ салынған қорап сылдырлайды.

-Бұл не?

-Қорап (сиқырлы қорап).

-Ішін ашып көреміз, іші толған сылдырмақ.

2. Негізі болімі : Әңгіме: - Айсұлудың сендерге өтініші бар. Қуыршақ Айсұлуға қонақтар келуі керек, ол оларға сыйлық жасағысы келеді. Достары сылдырмақпен ойнап көңіл көтергенді жақсы көреді екен. Сондықтан Айсұлу сендерден сылдырмақ жасауға көмек сұрап келіпті.

- Қуыршақ Айсұлуға көмектесейік?

Балалардың назарын тақтадағы суреттерге аудрамын. Сылдырмақтың кішкентай сәбилерге арналған ойншықтарының бірі екендігін, сылдырмақ арқылы дыбыстарды, түстерді ажыратуға болатындығын түсіндіремін.Сылдырмақтың дөңгелек пішінге ұқсап келетінін көрсетемін. Дөңгелек пішініне түсінік беремін ( дөңгелектің бұрыштары болмайды, домалайды) - Ендеше сылдырмақ жасауға кірісейік. Бірақ жұмысты бастамай тұрып серігіп ойын ойнап алайық. Шеңберге тұрып, қуыршақ Айсұлумен ойнайық! Сергіту сәті: «Сылдырмақ»

Сылдырмақты алайық,

Ақырындап қағайық.

Жайлап билеп көрейік,

Ырғағына ерейік

Шақ-шақ-шақ,

Шақ-шақ-шақ.

Сылдырмақты алайық,

Қатты-қатты қағайық.

Күш түсіре табанға,

Би билейік табанда.

Тақ-тақ-тақ

Тақ-тақ-тақ.

(балалар әуенмен сылдырмақпен ойнайды, оларды қол қимылымен сүйемелдейді)

Көрсету: Қағаздың ортасына сылдырмақтың жоғарғы бөлігін қоямыз.Ал астына сылдырмақтың таяқшасын қоямыз.

3. Қорытынды: -Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келді?

- Біз Айсұлуға не істедік?

Айсұлу алғыс айтып қоштасады. Балаларды мақтап, мадақтаймын. Көрме ұйымдастырамыз.



















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.03.2021
587
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі