Материалдар / Тақырыбы-Тәрбие тал бесіктен басталады
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы-Тәрбие тал бесіктен басталады

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесінің маңыздылығы. Ата-ананың ролі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2020
469
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие - тал бесіктен басталады



«Бала тәрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті» деп, талай ғасыр бұрын Платон бекер айтпаса керек. Қай кезеңде болсын ұрпақ тәрбиесі бәріненде маңызды. Міне, осы тақырып бүгінде де бізді қатты ойландырып, толғандырып отырған жайы бар. Дәл қазіргі жағдайда біз қайда барамыз, қандай ұрпақты тәрбиелеп жатырмыз, алдымызда не күтір тұр деген сұрақтарға жауап беру қиындап барады..
Ұрпақ тағдыры дегеніміз – ұлт тағдыры. Әрбір ұлттың болашағы оның білімді де, іскер, талантты да, мәдениетті, адамгершілік асыл қасиеттері бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтардың қолында. Ал мұндай ұрпақ тәрбиеші мен ата-ананың ортақ тәрбиесінің нәтижесі арқылы ғана қалыптасады. Отбасындағы әке мен шешенің жүріс-тұрысы, мәдени деңгейі бала үшін ең тамаша көрнекі әрі тиімді тәрбие тәсілі екенін ата-аналар әрдайым есете ұстаса жөн болар еді. Балаға «ананы істе», «мынаны істе», «олай жасама» дегеннен гөрі, өзін үлгілі жағынан көрсете біліп, баланы еңбекке баулу арқылы жемісті тәрбиеге қол жеткізуге болады.
Ұл әкесіне, қы зшешесіне қарап бой түзейді. Өйткені бала ересектерге қарап еліктейді, көп нәрсені – жақсыны да, жаманды да солардан үйренеді, бәрін қайталайды. 
Осы ретте бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне келер болсақ, көптеген балалар мен жасөспірімдер өз ата-аналарының жауапсыздығы мен немқұрайлылығының құрбаны болуда. Нәтижесінде ашылмаған жас бүршік гүлденбей солып қалады. Осыдан – ақ жанұядағы бала тәрбиесінің бейнесін көруге болады. Балалық шақ – адам өміріндегі ең маңызды да, ерекше уақыт. Сондықтан осы кезді тиімді пайдалану өте маңызды.
Бала өскен сайын әурешілігі де көбейе түседі. Яғни, баланы әлі бала деп қарамай ертерек тәрбие беруді қолға алған жөн.
Ата-бабамыз ұрпақ тәрбиесіне аса зор мән береді. Өйткені, ұрпақ – болашақ. Оны әбден түсінген халық: «Балаңды беске дейін патшадай күт, он беске дейін қосшыңдай жұмса, он бестен кейін құрдасың дайсыйла»,-деп бүкіл тәрбиелік тағылымды үш-ақ сөзге сыйдырады. «Патшадай күт» дегені – қамқоршы бол, өсір, мәпеле, жас шыбықтай баулы дегені, «қос шыңдай жұмса» дегені – жәрдемшің ет, жұмысқа сал, буынын бекіт, еріншектерден аулақтат дегені, ал «құрбыңдай сыйла» дегені – балаңа ескірді, ақыл иесі болды, енді оның отау құруы жақын, оның да түбі өзіңдей ұрпақ қамқоршысы болатынын естен шығарма дегені. Ал осы ұлағатты сөзде ұрыс, ренжіт, қорқыт, еңсесін түсір деген бірде-бір сөз айтылмайды. Қазақтың ұрпақ өсіру пәл сапасы, міне, осындай қарапайымдылыққа құрылған. «Тәрбие – отбасынан басталады» демекші баланың отбасынан көрген – білгені оның бүкіл өміріне жолдама болып қалмақ. Ата-ана баласына көбірек көңіл бөлмесе, таңертеңнен кешке дейін теледидардың алдында отырған өскіншек керектіні де, керексізді де өзінің бойына талғамсыз сіңіре береді. Нәтижесінде бала психикалық ауытқушылыққа ұрынуы да мүмкін. Балалар ата-аналарынан гөрі өз заманына ұқсайды деген сөз бар. Ата-аналар балаларының қай заманда өсіп жатқанын ескермейді, бала тәрбиесі назардан тыс қалып жатады. Бүгінгі күнде күн көріс қамы бірінші кезекке шықты, балаға әр күні ең болмағанда 2-3 сағат көңіл бөлу жөн.
Бала тәрбиесіндегі
тағы бір үлкен жайт- үйде күтуші ұстау. Күтушінің барлығы мұғалім емес. Сол себепті жаңадан өсіп келе жатқан бала күтушінің бойындағы қылықтарды, әдеттерді өзінің бойына жинақтайды. Егер басқа ұлт өкілі болса, бала орыстанып кетеді. Сосын мектепке баруға 1-2 жыл қалғанда ата-ана баласын балабақшаға алып келеді. «Қазақ мектебіне берейік деп едік, қазақша үйренсін» дейді. Ол туғанынан басқа тілде сөйлесе, ұлттық тәрбие бойына сіңірілмесе, бізге оны ары қарай түзеу қиынға түседі. Сол үшін де баланың игі тәрбиесі анна құрсағынан басталады. Анасы баласымен сөйлесіп, қазақтың әдемі әуендерін тыңдап, қазақша жақсы шығармалар оқуы керек. Сәби өмірге келгесін, бесік жырын тыңдауы керек. Сонда ұлттық тәрбие баланың бойына ананың сүтімен дариды.
Ұрпағымыздың
бойында ұлттық тәрбиені, имандылық қасиеттерді жетілдірсек, сонда ғана халқының салтын жақсы білетін, ата-анасын сыйлайтын, ел үшін еңбек ететін азаматты қалыптастырамыз. Қорытындылай келе, қазақтың ұлы ғұламасы ӘбуНасырәл-Фарабидің сөзімен айтсақ «Адамға еңбірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қасжауы, ол келешекте оның өміріне азап әкеледі» - деген сөзі бекерден бекер айтылмаса керек. Қазақстанның дамуына үлес қосатын, әлемді көркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азаматтар биелеп шығару – қоғам, ұстаздар мен ата-аналар, біздің қолымызда дегім келеді менің.



Ильясова Жазира Шахмаралқызы

71 орта мектебінің педагог-психологы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!