Материалдар / Тақырыбы: Теңдеулерді шешудің әр түрлі тәсілдері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: Теңдеулерді шешудің әр түрлі тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2020
439
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Математика

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Теңдеулерді шешудің әртүрлі тәсілдері

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор

Сабақтың жабдығы

суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Теңдеу ұғымын танытуды жалғастыру. Теңдеу - белгісіз саны бар теңдік екенін, белгісіз санның мәні теңдеудің түбірі екенін яғни теңдеудің шешуі болатынын меңгереді.
Оқыту нәтижесі 1. Теңдеу шешу тәсілін меңгереді. 
2. Теңдеу шешу -теңдеуді дұрыс сандық теңдеуге айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу екенін ұғынады.
3. Күрделі теңдеуді шешу үшін әуелі орындауға болатын бөлігін есептеп алатынын үйренеді.
Негізгі идеялар Теңдеулерді шешу және тексеру. Берілген әріптер мен цифрлардан өрнек құрастырып, жазып, оқу.
Үшбұрыштың периметрін өрнек түрінде жазу. Мазмұнды есептер шығару.

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топқа бөлу

Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.

Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.

Ынтымақтастық атмосферасы

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.



Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Үй тапсырмасын пысықтау


Көбейту кестесін еске түсіру

Оқушылар ауызша орындайды

Жаңа сабақ

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындау.

Дәптермен жұмыс.

Тапсырмалар
1-топ: “Теңдеу” деген не? 
2-топ: Белгісіз сан немен белгіленеді? 
3-топ: “Теңдеу шешу” деген не?

Теңдеулерді шеш:
300 - а=160 -------- 240 - х=130 ------------ 680: а=10 ------------ 630: а=9
а=300 - 160 --------- х=240 - 130 ----------- а=680: 10 ----------- х=630: 9
а=140 ----------------- х=110 ------------------ а=68 ------------------ х=70

Сергіту сәті

Жолдарыңа үңіліп,

Екі бақа жүгіріп,

Секіреді, бақ-бақ,

Ағаштарды аттап.

Олар ерте тұрады,

Беті-қолын жуады.

Оңға-солға шайқалып,

Бақылдайды ән салып.

Судан шіркей табады,

Өсіп үлкен болады.

Бақ-бақ, нақ-нақ,

Біздер айттық тақпақ.

/Б.Бөрiбаев/

Ой толғаныс

1-топ

1. Бір сапфир мен екі асылтас зүбаржатқа қарағанда 3 есе бағалы. Ал жеті сапфир мен бір асылтас 8 есе бағалы. Сапфир бағалы ма, әлде асылтас бағалы ма соны тауып, есеп құрастырыңдар.
2-топ

2. Тас жолдың бойындағы көрсеткіш тақта екі ауылға - Балталы мен Бағаналы ауылдарына баратын жолдың қашықтықтарын көрсетіп тұр. Бір жолаушы дұрыстап қарап екі жақтағы сандардың бірдей 13 екенін байқады. Енді Балталы ауылы мен Бағаналы ауылының арақашықтығы қанша екенін тап.
3-топ

3. Қыздар үш - қара, сары және ақ мысықтарды қолдарына ұстап көтеріп тұр. Қыздардың есімдері мынандай: Қарақыз, Сарықыз, Аққыз. Бірақ бірде бір қыз өзімен аттас мысықты ұстап тұрған жоқ. Аққыз қасындағы құрбысы ұстап тұрған қара мысыққа қарап тұр. Кім қандай мысықты ұстап тұр?

Сабақты бекіту

Үй тапсырмасы

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау

Оқушылар күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.

Бағалау парақшасын толтырады

Кері байланыс





Математика




Сабақтың тақырыбы

Теңдеу құру арқылы есептер шығару

Қайталау

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор

Сабақтың жабдығы

қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Есепті теңдеу құру арқылы шығару қабілетін қалыптастыру,есептеу дағдысын жетілдіру.

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Топқа бөлу

Парталарда суреттер тұрады, оқушылар мұғалімнің үстелінде жатқан суреттерді таңдап, сол сурет орналасқан партаға отырады. Сөйтіп 4 топ құрамыз.

Сол суреттерге байланысты төрт топқа бөлініп отырады

Ынтымақтастық атмосферасы

Күн жарығын алақанға саламын.

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Бағалау парақшасымен таныстыру

Әр топқа бағалау парағын таратамыз. Онда жалпы бағалау жүйесі мен ұпай көрсеткіштері көрсетілген.

Оқушылар бағалау нұсқаларымен танысады

Үй тапсырмасын пысықтау

Сұрақтарға жауап беріңдер. 1)Жұмыстың жылдамдығы (өнімділік) 2) Әріппен белгіленіп,ауыспалы шамамен берілген теңдік (теңдеу) 3) Арифметикалық амал, кері көбейту (бөлу) 4) Бұрыштарды өлшеуге арналған құрал ( транспортир) 5) Бөлу амалының нәтижесі (бөлінді) Ауызша тапсырма Жай теңдеу тақтаға орындаңыз. Х+160 = 350 120+х = 205 х= 350-160 х= 205-120 х= 190 х = 85 190+160 = 350 120+85 = 205

Жаңа сабақ

Оқулықтағы тапсырмаларды топпен бөліп орындау.

Дәптермен жұмыс.

Қосымша тапсырма:

Топтар арасындағы жарыс. Танымдық есеп.
1т. Қой 15жыл өмір сүреді, ол қояннан 5жыл артық өмір сүреді. Қоян неше жыл өмір сүреді? Теңдеу құрып шығар.
2т. Қой 15жыл өмір сүреді. Ал қоян одан 5жыл кем өмір сүреді. Қоян неше жыл өмір сүреді? Теңдеу құрып шығар.
3т. Қоян 10 жыл өмір сүреді. Ол қойдан 5жыл кем өмір сүреді. Қой неше жыл өмір сүреді? Теңдеу құрып шығар.
Теңдеу құр, шығар.

Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Оқушылар әуенге билеп,сергиді

Ой толғаныс

Есепке нұсқау. 1- машина 1 доп+2 текше 1 машина+ 1 текше 2 доп 1 машина 1 доппен және 2 текшемен алмастырамыз,сода: 1 доп+ 2 текше +1 текше 2 доп,әр бөліктен бір –бір допты алып тастайсыз: 3 текше 1 доп. Есептің бастапқы шарты бойынша, 1 машина 3 текше+ 2 текше, яғни, 1 машина 5 текше.

Шығармашылыққа тапсырма

Айдостың есебі

Айдос 5 дүкенге кіріп, қалтасындағы бүкіл ақшасын жұмсайды. Әр дүкенде, сол дүкенге кірер кездегі ақшасының жартысынан 1 теңге артығын жұмсайды. Айдостың үйінен шығар кезде қалтасында қанша теңге бар еді?


Айдос соңғы дүкеннен шыққанында ақшасы мүлдем қалмағанына қарағанда, сол дүкенге кірерде жартысы 1 теңге болатын ақшасы бар деген сөз. Яғни екі теңгесі қалған еді. Мұнан алдыңғы дүкендерге кеткен ақшаны есептеу үшін бұл ақшаларға 1 теңге қосып, 2 ге көбейтсек, Айдостың әр дүкенге кірер кезде қалтасында қанша ақша болғанын табамыз.

4- дүкенде: 2 (2+1)= 6 теңге

3- дүкенде: 2 (6+1)= 14 теңге

2- дүкенде: 2 (14+1)= 30 теңге

1- дүкенде: 2 (30+1)= 62 теңге

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Оқушылар күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»

Бағалау парақшасын толтырады

Кеі байланыс









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!