Материалдар / Тақырып: «Сабақты зерттеу(Lesson Study): Мұғалімдердің кәсіби өсуі»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тақырып: «Сабақты зерттеу(Lesson Study): Мұғалімдердің кәсіби өсуі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдердің кәсіби мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған үйлесімді әрі тиімді жүйені ұйымдастыруға үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2020
646
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тегі, аты, әкесінің аты (толық): Мекежанова Кулзира

Мырзахановна

Жұмыс орны: Нұр-Сұлтан қаласы, «№34 орта мектеп»

КММ, директордың ОІЖ орынбары

Байланыс телефоны және e-mail:+77026724370,

gulzira1070@mail.ru

Тегі, аты, әкесінің аты (толық): Талипова Гулжан Кошановна Жұмыс орны: Нұр-Сұлтан қаласы, «№34 орта мектеп» КММ,

LS бойынша тренері, математика пәні мұғалімі

Байланыс телефоны және e-mail: +77055852852,

talipova_gulzhan@mail.ru




Тақырып: «Сабақты зерттеу(Lesson Study): Мұғалімдердің кәсіби өсуі»


Өзгеріс болмаса, даму да болмайды,

себебі өз көзқарасын өзгерте алмайтын адам

ешнәрсені де өзгерте алмайды.

Д.Бернард Шоу

Тренерліктегі басты ұстаным қызмет емес, қарым-қатынас болып табылады, оның барысында тренер объективті тыңдаушы және бағыттаушы болады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 80 бет)

Зерттеу сабақтары (Lesson Study) мектепте қалай жүргізілді?

Педкеңестің шешімі бойынша, «Білім сапасы төмен пәндерге LS жүргізу жүктелсін» деген қаулы шығарылып, пән мұғалімдерінен сыныптарда зерттеу сабақтарын жүргізу міндеттелді. Мұғалімдердің өздігінен проблемманы көрмей, қажеттілікті сезінбей тек берілген міндетті атқарып шығуынан нәтижеге қол жеткізе алмадық. «Өзгерісті қалай енгіземіз, неден бастаймыз?» деп өзімізге сұрақ қойдық. ПШО тренерлерімен кәсіби кездесу өткіздік, «Lesson Study box» жинағымен жетік таныстық. Теория бойынша, Лессон Стади зерттеу сабағыны оқушының оқуына, мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына ықпал ететін педагагогикалық тәсіл, яғни оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып, білім сапасын арттыруда тиімді тәсіл екенімен танысқаннан кейін, рефлексивтік-практик ретінде «Көшбасшы» тобын зерттеу сабағын тәжірибеге енгізсек, өзіміздегі өзекті проблеманың шешуін табады екенбіз деген ойға келдік.

Зерттеу сұрағы: «Тәжірбиедегі рефлекция, мұғалімдерге «Сабақты зерттеу(Lesson Study)» жұмысын жүргізу әдістемесін қалай үйретеміз?»

Зертеу мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған үйлесімді әрі тиімді жүйені ұйымдастыруға үйрету.

1. Сабақты зерттеудің басты проблеасын анықтау.

Пән мұғалімдері, психолог мамандар және сынып жетекшілерімен ақылдаса отырып, проблема зерттеу үшін оқушылардан MALS сауалнамалары алынды. Проблемаларды жан-жақты қарастыра отырып, зерттеу тақырыбынан сұрақтарын құрастыра отырып, бақыланатын оқушылырды анықтады. Мұнда А оқушысы – сабақты жақсы оқиды, бірақ өзіндегі ақпаратпен бөліспейді. В оқушысы – сабақта үлгерімі ортадан жоғары, мінезі тұйық, бірақ ұқыпты, белсенділік танытпайды, тек сұрағанда ғана жауап беретін оқушы. Ал С оқушысы – деңгейі төмен, сабаққа қызығушылығы жоқ, сылтау тауып сабақтан қалуға тырысып отыратын оқушы.

2. Зерттеу сұрағын таңдау (нақты топталған, ықшамды, кешенді және дәлелді талап ететін сұрақтар.

Ж.Байғаринованың «Сабақты зерттеу (Lesson Study): А-дан Я-ға дейін» атты әдістемелік ұсынымдарында, зерттеу мәселесі-жұмыстың ең күрделі, көп еңбектену қажет ететін бөлігі. Мәселе өте ауқымды болмауы тиіс(13 бет) дегенге сүйене отырып, зерттеу сұрағы талқыланды. Зерттеу сұрақтары (Кім? Не? Қайда? Ең басты сұрақ ҚАЛАЙ? деген сұрақ) шеңбер аясында. Қазақ тілі, әдебиет пәнінің мұғалімдерінің тақырыбы: «Қазақ әдебиеті сабағында нақтылаушы сұрақтар арқылы оқушылардың айтылым дағдысын қалай жетілдіру болады?» деп алдық.

3. Сабақты бірлесе жоспарлауда зерттелетін мәселелерді есепке ала отырып, сабақты бақылау нысандарын әзірлеу

Сабақты жоспарлаудан алдын, әріптестеріммен күнделікті бір-біріміздің сабағымызға қатысып, сабақтағы әдіс-тәсілдерді және оқушыларды бақыладық. Сабақты бірлесіп жаңа әдістермен қатар формативті бағалаудың түрлерін тиімді қолданып, оқушыларды бақылауды жоспарладық. №1. Зерттеу сабағының жоспарды талқылау барысында тағы да ұсыныстар айтылды. Осы ұсыныстарды ескеріп, қайта жоспарладық. Біз бұнда айтылым дағдысын қалыптастыруды басты назарда ұстадық.

4. Бақылауда, бақылаушылар сабақта бақыланған дәлелдемелерді жинақтайтын нұсқауларға көңіл бөлуі.

Бақылау барысында В-оқушы бізді таң қалдырды, топтық жұмыста басқалардың пікіріне қосылмады. Өз-өзіне сенімсіз отырды, ал жеке жұмыста өз ойын жинақтай алды. Осы мәселе келесі сабақты жоспарлағанда қызу талқыланды, келесі сабақта топтық жұмыста әр оқушыдан қысқаша кері байланыс алуды ұсынды. Келесі сабақта топтық жұмыста өз ойын еркін айтуға түрткі болы. Әрбір сабақтан кейін сұхбаттасып, ұсыныстар айтылып кеткен кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталып отырдық.

5. Талқылау, оқушылар қалайша сабақ мақсатына жетті?, Сабақты қалай жақсартуға болар еді?Бұл тәжірибеден біз не білдік?

Сабақты талдағанда, өз ойын еркін жеткізе алмай тұрған оқушыға «сынақтан өткізуге арналған» сұрақ қойып жібергенде, ол оқушы ойын жинақтап, жеткізе алар ма еді деген ой болды. Себебі, мұндай сұрақтар оқушылардың толық жауап беруіне, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылады. Осы орайда, біз мұғалімдерге оқушылардың білім алуын қолдап, өз ойын еркін айтуы үшін сұрақ қоюдың әр түрлі тәсілдерін пайдалануға болатынын айттық.

Бұл өзгерістерден мұғалімнің өсуін байқадым. Мұғалімдер мен оқушылардың білімге деген көзқарасы өзгергендігін, сабаққа деген ынта-жігері артқаның, қалай оқитындығына көңіл аудара бастағандығы, яғни мектепте оқыту мен оқу үдерісіне өзгеріс енгізіле бастағандығы байқалып тұр.

6. Әріптестер мен тәжірибе алмасу

Мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптасып дамытылды, мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударылды, өз тәжірибелерімен әріптестер арасында бөлісіп отырды. Ең бастысы мұғалімдердің сабақты бақылау және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастырды.


Қорытынды:

  1. Мұғалімдердің өз бойындағы қателіктерін дер кезінде жоюы.

  2. Зерттеу сабағына деген қажеттілікті сезінуі, әдіс-тәсілдер қорының молайуы

  3. Келесі оқу жылында ұстаздардың барлығын қамту.

  4. Тәжірибе алмасу мақсатында басқа мұғалімдермен өз тәжірибесімен бөлісу

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!