Тақырып:Көркем еңбек сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырып:Көркем еңбек сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың шығармашылық қабілетін, шеберлігін дамыту және өз бетінше орындайтын жұмыстардың деңгейін көтеру үшін әр түрлі әдіс тәсілдерді қолданам. Жәй ғана түсіндіріп, бірақ орындалу әдісін көрсетпесе менімше оқушылар еш қандай жұмыс жасай алмайды. Тіпті дайын көрнекілікті алдарына қойып қойсада, орындалу тәсілін білмегендіктен жалқауланып түк істемейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Талдықорған қаласы Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп гимназия

Көркем еңбек пәні мұғалімі Шукеева Г.К.


Көркем еңбек сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.


Адамды биік шынға жеткізетін еңбек. Біз баға жетпес білім қорын арттырып, оны жаңаша түрлендіре білуіміз керек” – деген бірінші Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзін қолдай отырып, жас ұрпақты тәрбиелеуде технология пәнінің мұғалімдері білімді, білікті, жан жақты дамыған, шеберлі, мәдениетті, адамгершілігі мол болуы қажет деп есептеймін.

Технология” грек тілінен аударғанда өнер, шеберлік, іскерлік деген мағынаны білдіреді. Сонымен технология пәнінің негізгі мақсаты болып жалпы білім беретін мекемелердегі оқушыларды еңбек саласына даярлау болып тадылады. Өйткені технология сабағы – мектеп оқушыларын рухани байытып, дүние танымын қалыптастыратын пәндердің бірі болып табылады.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруге технология сабағының атқаратын маңызы зор.

Мұғалімнің міндеті әр оқушының бойында жасырынып жатқан өнерін аша білу. Шығармашылық қабілетін ашудың және дамытудың көп тәсілі бар. Оларды әр түрлі шығармашылыққа қызықтыру, бірте-бірте күрделене түсетін тапсырмалар мен шешуін таба алатын міндеттер жүктеу арқылы орындалады. Берілген тапсырмалардың шешу жолдарын өздері тауып, ойлау қабілеттері өз бетімен болса шығармашылықтың дамуына түрткі болады.

Технология сабағында, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру үшін алдыма келесі мақсаттарды қойдым:

  • оқушылар білім алу үшін оңтайлы жағдай жасау;

  • оқушылармен арақатынасты жақсы жолға қойып, сенім туғызу;

  • оқушыларды еңбекқорлыққа, рухани мәдениетке, іскерлікке, шыдамдылық пен ізденімпаздылыққа дағдыландыру;

  • әр оқушыға жеке әдіс тәсілдерді қолдану;


Оқушылардың шығармашылық қабілетін, шеберлігін дамыту және өз бетінше орындайтын жұмыстардың деңгейін көтеру үшін әр түрлі әдіс тәсілдерді қолданам. Жәй ғана түсіндіріп, бірақ орындалу әдісін көрсетпесе менімше оқушылар еш қандай жұмыс жасай алмайды. Тіпті дайын көрнекілікті алдарына қойып қойсада, орындалу тәсілін білмегендіктен жалқауланып түк істемейді. Соның салдарынан үлгерімі нашарлайды. Сондықтан да мен оқушылардың қабілеттерін дамыту үшін жұмыстың орындалу реттілігін көрсетіп отырамын, соның ішінде ең тиімділігін, тез жасалатын әдісін көрсетіп үйретемін. Негізгі орындалу әдісін үйренген оқушы өз ойымен әр түрлі заттар жасап жататы.

Шығармашылық міндеттерге жүгенсек, ол ең алдымен, дәстүрлі халықтық қолданбалы қолөнермен таныстыру, өндеу технологиясын көрсетіп үйрету. Таныстырудың түрі көп, мысалы түсіндіру арқылы мәлеметтер беру, оның ішінде ең бастысы – сабақта көрнекі құралдарды тиімді пайдалана отырып таныстыру.

Қазіргі заман талабына сай, және де сұранысқа байланысты халықтық қолданбалы қолөнері дамып келеді. Сондықтан да оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру үшін мен көп ізденіс жұмыстарын жұргізем.

Оқушыларды қызықтыру үшін алдымен өзім қолданбалы өнер элементтерін пайдалана отырып бұйым жасаймын, дайын бұйымды әшекейлеп оқушыларға көрсетіп қызықтырамын. Қызыққан оқушы бастаған жұмысты бітірмей қоймайды. Бастаған жұмыстары қандай болатынын олар білмейді, сондықтан да оны бітіруге асығады.

Қазіргі кезде оқушылар көбінесе ұсақ моншақтан әр түрлі гүлдер тоқуға, капроннан раушан гүлдерін жасауға, үлкен моншактан гүл салатын құты, кәмпит салғыш, қобдиша, нан салғыш, сонымен қатар құрақ құрау өнерлеріне әсіресе кейінгі кезде гипстан әр түрлі жұмыстар жасап, көп қызығуда, осы қызығушылықтың арқасында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудамын. Оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өзін-өзі бағалау әрекеттерін ұйымдастырып, дайын жұмыстарын қалалық және мектепшілік көрмелерге шығарамыз.

Оқушыларымның жетістіктері




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.12.2023
1740
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі