Сын тұрғысынан ойлауды
дамытуға арналған жұптық әңгіме.
Сәтті сабақтың алты сипатын
басшылыққа ала отырып, мен мектептегі тәжірибе кезеңіндегі
тізбектелген төрт сабағымды оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын арттырып, шығармашылыққа баулу үшін, ойын еркін
жеткізетін,сөйлеу тілін дамыту үшін пікір алмаса алатын оқушы
шығару үшін жұмыстандым. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын
арттыру үшін, достық қарым-қатынастары артуы үшін сабақты бірінші
ынтымақтастық атмосферасын құрудан бастадым. Нәтижесінде оқушылар
жақыс көтерінкі көңіл күймен,ынтымақтастық арқылы жаңа сабаққа
кіріседі. Мектептегі тәжірибемді
3-сыныптың әдебиеттік оқу пәнінен тізбектелген сабақтар
топтамасының қысқа және орта мерзімді жоспарын құрудан
бастадым. Сыныпта 21 оқушы болды мен
оқушыларды әр сабақта 3-4 топқа бөліп
отырдым
Бірінші тапсырма: Сыни
тұрғыдан ойлауға үйрету модулін оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға
үйрету мақсатында миға шабуыл әдісі арқылы төрт топтың
оқушыларының назарын интерактивтік тақтаға
аудара отырып проблемалық сұрақтар қойдым.
Модуль Диалогтық
оқыту
Ғылыми зерттеу нәтижелері
сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен
Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың
қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне
үлес қосатындығын атап көрсетеді.(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 39
бет) «Оқытуды басқару және
көшбасшылық модулін» басшылыққа ала отырып, топ ішінде белсенділік
танытып, ой ұшқырлығын көрсеткен әр топтағы оқушылар топ басшысы
болып, топты ұйымдастыра білді. Оқушылар өздеріне берілген
тапсырманы ойдағыдай етіп орындады. Алдыңғы сабақтарда өз ойын ашып
айта алмаған,сабаққа қызықпайтын,сабақ үстінде басқа нарселермен
көп шұғылданатын, топпен жұмыс жасауда қиындықтарға тап болған
Нұрсұлтан есімді оқушы осы тапсырманы орындаған кезде белсенділік
танытты. Бұрынғы сабақтарымызда
бір-бірінің желкесінен қарап отыратын, бір-бірімен әңгімелесіп,
пікірлесуге мүмкіндігі болмайтын болса, ендігі жерде топтаса
отырып, бірге жұмыс істейтіндіктерін естіген балалар қызығушылық
танытты. Әсіресе өз ойларын түрлі әдістермен жеткізу мүмкіндігі,
суреттер салып, өз беттерінше дәлелдемелер келтіру балалардың
сабаққа ынтасын арттырды. Келесі тапсырма миға шабуыл
жасау арқылы сұрақтар қою және топтар арасында диалогты
орнату Диалогтік оқытудың басты
белгілері: біріншіден, диалогтың екі немесе одан да көп адамның
арасында өрбуі; екіншіден, диалогке қатысушы адамдардың бірде
тыңдаушы, бірде сөйлеуші болып, кезекпе-кезек олардың арасындағы
рөлдердің ауысып отыруы; үшіншіден, диалог барысында ақпараттардың
жеткізілу жағдайы және оларды қабылдау ерекшеліктерінің
байқалуы;төртіншіден-пікір алмасушылардың алынған ақпаратқа,хабарға
деген көзқарастары,реакциясы және оны жеткізудегі
бет-әлпеті,қимыл-қозғалысы болуы.Мен диалогтік оқытудың осы аталған
ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, осы әдісті сабағымда
пайдаландым және айтарлықтай жетістікке жеттім деп ойлаймын.. 2
топқа 3 тапсырма диалог түрінде, яғни бір-біріне жүйелі түрде сұрақ
қойып жауап берілді. Осы тапсырма кезінде диалогтік оқытудың
оқушының ойын, тілін,сөйлеу мәдениетін, дүниетанымын кеңейтетініне
көзім жетті.Мен оқушылардан үй тапсырмасын телефонда сөйлесу арқылы
сұрадым.Бұл әдіс оқушыларға өте қызықты болды ұнады. Диалогтік
оқытуда оқушы-оқушы, мұғалім-оқушы, оқушы–мұғалім түрінде диалогтер
құрылатынын ескерсек, менде осы тапсырма арқылы диалогтік оқытудың
осы мақсаттарын қолдандым және ең басты ерекшелігі мұғалім мен
оқушы тең қарым-қатынаста болды десек,менің сабағымда да осы
ерекшелік сақталды. Төртіншіден, сабақ айту өзгергенін байқадым.
Сабақ айтқанда тек оқулықпен шектелмей, сабақты өмірмен
байланыстырып пәнаралық байланыс арқылы постер қорғаумен айта
білді.Постер салудың өзі, оны қорғау үлкен жауапкершілік екенін
сезінді. Оны ойдағы сөзбен айтатынды суретпен беру деп ұғынды.
Постер қорғау кезінде топ мүшелері бір-бірін тыңдай білді. Осылай
тыңдау арқылы біріншіден сыныnтасының білімін бағалайды, екіншіден
өтілген тақырып бойынша мәліметтерді сурет арқылы, сызба арқылы
ұзақ уақыт есіне сақтауына мүмкіндік туады.Сабақта ашық ойын айта
алмайтын оқушы суретке қарап сөйлеу тілін дамыта
алады.