Материалдар / Тақырыптық сабақ балабақша "Елің сүйген Елбасы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыптық сабақ балабақша "Елің сүйген Елбасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыптық сабақ тәрбиешіліге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
1931
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Елің сүйген Елбасы».
Мақсаты:Елбасымыздың туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталады. (Балалар орындарынан тұрып әнұранды айтады.)


Шаттық шеңбері:

Отаным менің кең - байтақ,
Жайнаған сансыз қаласы,
Ел - Отан біздің кең - байтақ,
Отанның біздер баласы.

- Балалар, бүгінгі тақырыптық ашық оқу іс - әрекетіміз қызықты өтпек, себебі бүгін мереке, бүгін - Президент күні.


- Бүгінгі тақырыптық ашық оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: «Президент – ел тірегі».
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайында деректі фильм көріп жіберейік.


Тосын сәт: Слайдтан ғаламшардан келген Томпақ көрінеді.
Томпақ: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен ғаламшардан келдім. Менің атым - Томпақ. Мен сендердің елдерің туралы білгім келеді.
Тәрбиеші:
- Сәлеметсіз бе, Томпақ! Келгеніңіз қандай жақсы болды, бүгін бізде мереке, біздің еліміздің – президент күні.
Томпақ:
- Мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші:
- Балалар, Томпаққа өз еліміз туралы айтпас бұрын өз өнерлеріміз туралы айтып өтейік.


Дамеля:Отан - жерім,Отан - суым, 
Отан қуат, нәр берді. 
Отан - ұран,Отан - туым, 
Отан мәңгі гүлденді. 

Мансур: Асыл өлкем ерекше, 
Қазақстан - мекенім! 
Беп - белгілі емес пе 
Сенің ғажап екенің! 

Аруна: Отан - менің ата- анам, 
Отан - досым, бауырым. 
Отан - өлкем,астанам, 
Отан - аудан,ауылым. 


Хақназар: Бақыт елі - бұл Отан, 
Бәріне мен иемін. 
Біздің Отан - ұлы Отан 
Ұлы Отанды сүйеміз. 

Жансерік:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды,
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.

Адиль:
Елбасы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды,
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Айару:
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады,
Орындалып - арманы,
Халқымызда - ажарлы
Осының бәрі - әрине,
Елбасының – арқасы.
Томпақ:
- Жарайсыңдар, балалар, Қазақстанның қалаларын біледі екенсіңдер, енді менің сендерге қояр сұрақтарым бар.
- Балалар, Отаныңыз қалай аталады?
- Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.
- Президентіңіз кім және президентіңіз туралы не білесіңдер?
- Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев.
- Н. Ә. Назарбаев Алматы облысында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқыған, ұшқыш болуды армандаған.

Ойын: «Кім алғыр»

Ойын ережесі: Балалар үстелдегі әр түрлі мемлекеттердің туы мен елтаңбасының арасыннан Қазақстан Республикасының ту мен елтаңбасын тауып алу қажет.
- Өте жақсы балалар, келесі менің білгім келетіні, Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?
- Қазақстан Республикасының рәміздері: ту, елтаңба, гимн.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы 1992 жылы маусым айында бекітілді. Тудың авторы: Ш. Ниязбеков.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы 1992 жылы 4 маусымда бекітілді, авторы: Мәлібаев және Уәлиханов.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің әнін жазған Шәмші Қалдаяқов сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші:
- Жарайсыңдар, балалар, шаршап қалған болармыз, сергіту сәтімен бір сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Балалар слайдтағы балалармен бірге «Қара жорға» әніне билейміз.
- Көрдің бе, Томпақ, біздің балалар өз елінің президенті, рәміздері жайлы барлығын біледі.
- Енді балалар, қазақтың салт - дәстүрі бойынша келген қонақты құр жібермейік, Томпаққа өз қолымызбен естелік жасап берейік..

Ойын:

«Туған жерді гүлдендір»

(Балалар алдын-ала суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдерді алып, әуен ырғағымен жүріп,гүлдердің артында балалардың еліне деген тілектері жазылған. Қазақстан картасына апарып гүлдерін орналастырады.)

Томпақ:
- Рахмет, сіздерге балалар, мен қатты қуанып тұрмын сіздердің берген сыйлықтарыңды мен өз ғаламшарыма алып кетемін. Сау болыңыздар!
Балалар Томпақпен қоштасады.
Тәрбиеші:
Егеменді ел болып, тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт - Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Осының бәрі - еліміздің тұңғыш президенті - Н. Ә. Назарбаевтың арқасында!
Бүгінгі президент күніне арналған тақырыптық ашық оқу іс - әрекетімізді аяқтаймыз.

Рефлексті коорекциялаушы

- Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келді?
- Томпақ бізге риза болды ма?
- Томпаққа сыйлыққа не беріп жібердік?
Балалар сұрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Қазақстан Республикасының президентін таниды, өмірімен танысады.
Игеруі: Рәміздер туралы түсініктері бар.
Білді: Ағаш үйді оюлар мен әшекейлей білді



6 «Нұрай» балабақшасы










Тақырыбы: «Елің сүйген Елбасы!»

5 «Наурыз» ортаңғы тобы



Тәрбиеші: Сакенова А.Е












Көкшетау

Айару:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды,
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.
Адиль:
Елбасы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды,
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.

Жансерік
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады,
Орындалып - арманы,
Халқымызда - ажарлы
Осының бәрі - әрине,
Елбасының – арқасы.


Дамеля:Отан - жерім,Отан - суым, 
Отан қуат, нәр берді. 
Отан - ұран,Отан - туым, 
Отан мәңгі гүлденді. 

Мансур: Асыл өлкем ерекше, 
Қазақстан - мекенім! 
Беп - белгілі емес пе 
Сенің ғажап екенің

Аруна: Отан - менің ата- анам, 
Отан - досым, бауырым. 
Отан - өлкем,астанам, 
Отан - аудан,ауылым. 


Хақназар: Бақыт елі - бұл Отан, 
Бәріне мен иемін. 
Біздің Отан - ұлы Отан 
Ұлы Отанды сүйеміз. 









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!