400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тарату қорабында сымдарды қосу

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарату қорабы, түрлері және оларды орнату туралы мәлімет беру. Оқушылардың алған білімдерін жадына сақтау мен ойлау қабілетін, білімге деген құштарлығын ықыласын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

« БЕКІТЕМІН»

Аға шебер: ____________М.Ж. Нұрекешев

« » _______________ 2016 ж.


ӨНДІРІСТІК ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ



Өтетін күндері: 13. 04.2016ж.

20.04.2013 ж.

27.04.2013 ж.

54 топ

Тақырыбы: Тарату қорабында сымдарды қосу


Мақсаты:

1. Ақпараттық: Тарату қорабында алюминий сымдарды қосуды меңгеру.

2. Кұзіреттілік: Оқушылардың алған білімдерін жадына сақтау мен ойлау қабілетін, білімге деген құштарлығын ықыласын дамыту.

3. Проблемалық: Өз бетінше оқып үйренуге, пәнге қызуғышылығын арттыра отырып мамандыққа сай құзыретті маман дайындау.


Пайдаланылатын құрал-жабдықтар: Бұрағыш, тістеуіктер, монтер пышағы, пассатиждер мен дөңгелек қысқыштар, егеу қағазы, жалпақ сымдар кесінділері, қысқышты тармақтау қорабы.


Өтетін орны: Электрлік құрастыру шеберханасы

Сабақтың жоспары:

І.Ұйымдастыру бөлімі: 5 минут

2.Кіріспе нұсқау: 40 минут

3.Өзіндік жұмыс: 215 минут

4.Қортынды нұсқау: 10минут


I.Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларды журнал бойынша түгендеу түгендеу.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды тексеру.

Жұмыс орынының жұмысқа дайындығын тексеру.

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.


ІІ. Кіріспе нұсқау:

  1. Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қою, білімдерін тексеру.

  2. Өтетін тақырыпқа байланысты қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.





ІІІ.Жұмыстың орындалу реттілігі:

  1. Сымның ұшынан ұзындығы 100 мм көлемінде бөлгіш қабықты қиып алыңыз.

  2. Сымдарды арнаулы саңылаулар арқылы қорапқа кіргізіңіз. Сымның артық, 50 мм-ден кем емес жерін қондырыңыз.

  3. Түйіспе бұраманың диаметрін өлшеңіз. Сақина жасауға қажетті талсымның ұзындығын анықтаңыз. Қосатын талсымның ұшындағы оқшаулағышты анықталған қашықтықта 2-3 мм етіп алып тастаңыз.

  4. Оқшаулағышы жоқ талсымның ұшын металл жылтырағанша тазалаңыз, оны тазалаған бойда таза кварц-вазелинді паста қабатымен таза тазартқан қабатына жағып шығыңыз.

  5. Түйіспелі бұрама қысқыштары бар тармақтайтын қораптардағы түйіспе бұрамасын қосуға дайындаған талсымның ұшын КУ-1 әмбебап қармауышымен немесе дөңгелек қысқыш көмегімен бүзіңіз. Дайындалған сақинаны тіліккешектейтін жұлдызша арқылы немесе топсамен және бұрауышпен серіппелі шайбаны бұрамамен тығыз қосыңыз.

  6. Қоаптың ішінде сымдарды бұрамасыз қосу үшін серіппемен басылатын топсаның астына талсымның дайындалған ұшын енгізіңіз.

  7. Қысқыштары алынатын шайба орналасқан қораптардың түбіне арнайы дайындалатын шайбаларды орналастырып, қақпағын жабыңыз.


IV.Ағымдағы нұсқау:

  1. Оқушылардың жұмыс барысын тексеру.

  2. Қателерін түзету, жұмыс барысының дұрыс жүруін қадағалау.

  3. Қауіпсіздік ережелерін орындалуын қадағалау.



V.Қорытынды нұсқау:

  1. Әр оқушының жұмысын жеке-жеке тексеру арқылы, жіберілген қателеріне тоқталу.

  2. Дұрыс орындалған жұмысты көрсету, бағалау.

  3. Жұмыс орнын жинастыру.


VI.Үйге тапсырма: Өткізілген тақырыпты оқулықтан қайталау.



Өндірістік оқыту шебері___________К. Тлеубергенов.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10.02.2023
387
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі