Материалдар / Тарауға жасалған сабақ жоспары "Ауылшаруашылық өндірісінің технологиясы" 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тарауға жасалған сабақ жоспары "Ауылшаруашылық өндірісінің технологиясы" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Модульдік оқыту технологиясымен дайындалған сабақ жоспары бір тарауды қамтиды. Пән мұғалімдеріне ұсынылып отыр. Оқу жылының төртінші оқу тоқсанында мектептің тәжірибе үлескісінде сарамандық, тәжірибе жұмыстарын жүргізу арқылы оқыту және модуль сонында оқушыладың бөлім бойынша алған білімдерін тестік тапсырмалармен қорытынды жасау қарастырылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қаңтар 2018
622
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қ.Билялов атындағы гимназия»КММ










Сабақтың тақырыбы

Ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиясы









Технология пәнінің мұғалімі: Кожахметова Ш.М.
























Ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиясы

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға ауыл шаруашылық өндірісінің жетекші саласы- өсімдік шаруашылығының ғылымдарының жаңа технологиялық жетістіктеріне сәйкес, мәдени өсімдіктерді өсіру, зерттеу мәселесіндегі биологиялық ерекшеліктеріне қойылатын агротехникалық талаптарын сарамандық жумыс негізінде түсіндіру.

2. Оқушыларға өсімдік шаруашылығының қыр-сыры мен пайдасы

туралы біліктіліктерін пайдалана отырып, болашаққа жаңаша көз-

қараспен қарау, нарықтық экономика жағдайында халықтың иелігіне

жаратуда жаңа жоспарлар жасауға ықпал ету.

3. Еңбек мәдениетіне, істі аяғына дейін жеткізуге, шыдамдылыққа

тәрбиелеу.

Бөлім

Сағат саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

бөлім

1-сабақ

1.Модуль құрылымын түсіндіру.

2.Өсімдік шаруашылығы туралы түсінік.

3.Өсімдік селекциясы.

4.Тұқым сапасы.Агротехникалық талаптар.

5-мин

12- мин

8- мин

20- мин

2-сабақ

1.Тамыр жемісті дақылдарды(қант

қызылшасы,сәбіз,пияз)өсіру технологиясы.

2.Тұқымды даярлау,себу.

Тірек сызбасын түсіндіру.

Дәптер оқулықпен жұмыс.

Зерттеу күнделігін толтыру.

15- мин


20- мин


10- мин

Сөйлеу

бөлімі

3-сабақ

«Қарлы кесек» оқыта үйрету сабағы.

45- мин

4-сабақ

Сарамандық жұмыс.

45- мин

5-сабақ

Сарамандық жұмыс.

45- мин

6-сабақ

Сарамандық жұмыс.

45- мин

Қорытынды бөлім

7-сабақ

1. Зерттеу күнделігін қорғау.

2. Сынақ.

3. Қорытынды.


45- мин


1-сабақ .Кіріспе сабақ

Өсімдік шаруашылығы туралы түсінік. Өсімдік селекциясы.


Өсімдік шаруашылығы-ауыл шаруашылық өндірісінің жетекші саласы. Өсімдік шаруашылы-ғының міндеті- Адамға азық-түлік, малға жем-шөп, өнеркәсіпке шикізат беретін өсімдіктерді өсіру. Өсімдік шаруашылығы топырақтану, егіншілік, мал шаруашылығы салаларымен тығыз байланысты. Мысалы, өсімдік шаруашылығы жұмыртқа және адамға қажетті басқа да азық-түлік береді. Ал, мал шаруашылығы топырақтың құнарлығын арттырып, ауыл шаруашылық дақылдарынан мол өнім алуды қамтамасыз ететін органикалық құнды тыңайтқыш, көң тезек береді. Кез-келген дақылдан мол өнім алу үшін егіншілік мәдениетін көтеру керек. Ол дегеніміз егістік жер көлемінің неғұрлым қолайлы экономикалық жағынан тиімді құрамын енгізіп, ауыл шаруашылық процестерін жаңа техника мен технологиямен жабдықтап еңбек өнімділігін арттыру есебінен жүзеге асыру деген сөз. Өсімдіктерді өсіру еңбек пен күш-қайратты барынша аз жұмсай отырп, жыртылатын жердің әр гектарынан өсімдік өнімін неғұрлым көп алуды қамтамасыз етуді талап етеді.

Қазіргі кезде өсімдікті өсіру ғылыми жолға қойылған. Бұл ғылым ауыл шаруашылық өсімдіктерінің түсімін молайту, өнім сапасын жақсарту. Қаржы мен еңбекті аз жұмсап, көп өнім алу мәселесін зерттейді. Сондай-ақ өсімдіктердің түр тармағын, сорт гибридтерінің биология-сын, өсіру ерекшелігін, агрохимиясын т.б жағдайларын қарастырады.


Өсімдік өсіру зерттеулерінде қолданылатын әдістер


Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің жаңа сорттарын, гибриттерін шығаратын және бұлардың шығару әдістерін зерттейтін ғылыми-өсімдік селекциясы деп аталады. Соңғы кезде біздің республикамыздың ғалымдары сапасы жақсы, өнімді көп беретін, жергілікті ауа-райына жақсы бейімделген, дәнінің сапасы жоғары, арнайы сорттар шығара бастайды. Жаңа сорттар шығару олардың сапасын жақсарту тек селекционерлердің ғана жұмысы емес, бұл жұмысқа көптеген мамандар қатысады. Барлық жағынан жақсы баға алған сорттарды сынайтын мемлекеттік станцияға жібереді. Бұл станцияда жаңа сорт бірнеше жыл тағы сыналады.

Қазақстанда қазіргі ауыл шаруашылық дақылдарының 9 мыңнан астам түрі бар. Ғалымдар жаңа сорт шығару үшін әр түрлі сорттарды будандастырады, содан кейін сорттайды.

Ал, селекционер Р.А.Оразалиев басқарған ұжым шығарған сорттар будандастырылып, олар өндірісте де ауыл шаруашылығына көптеген пайда келтіруде. «Өткен 5 жылда Қазақстан аграрлық секторды дамытуды айтарлықтай нәтижелерге жетті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2002 жылмен салыстырғанда 2 есе өсті. Инвестициялар 3 еседен астамға ұлғайды.

Әдіс-тәсіл

Дақыл түрлері

Мақсаты

Жұмыстың орындалу жолы


Зарасыз-дандыру


Барлық дақылдар


Саңырауқұлақ және бактериялық аурудың қоздырғыштары-нан тазарту

1 Тұқымды марганцовка

ерітіндісіне 20-25 мин

салып,таза сумен бірнеше

қайтара жуып кептіреді

2 Тұқымды мақта матасына

орап 50ºС қайнатылған

суға салып 20 мин.

Кейін 3 мин суық суға

салып кептіреді

Тұқымды іріктеу

Барлық дақылдар

(қауын,қарбыз

қияр,асқабақ,

қызынақ)

Әлсіз, ұсақ өсіп жеңілмеген, көктеп кеткен уатылған, зақымдалған тұқымдардан сапалысын бөліп алу

1 Іріктеу

2 1л суға 30-50гр тузды

ерітіп тұқым салу керек,

сапалы тұқым ыдыстың

түбіне отырады,ал сапасыз

тұқым судың бетінде қалады

Тұқымды дымқыл-дау арқылы өнгішті-гін байқау

Көкеніс дақылдары және гүл өсімдіктерінің тұқымдары

Тұқымның өсіп жетілуін жылдамдату

Тұқымды мақта матасына

орап2-3сағ суға салып

ылғалданған мата батіне

тұқым жайып, шыны ыдыс-

қа салып үстін тағы бір

қабат ылғалдынған матамен

жауып жылы жерде 20-25ºС

ұстау керек.Тұқым үнемі

ылғал болып тұруын

қадағалап, күнделікті

ыдыстың бетін 1-2 мин

ашып отыру керек

Тұқымды шынық-тыру

Қызанақ, кияр,асқабақ

Тұқым өсіп шығуы жақсарып суыққа төзімділігі нығаяды

Өсіп шыққан тұқымды

5-7 күн 0-3ºС 16 сағ

және 8 сағ 20ºС шынық-

тыру керек

Тұқымды себер алдында жылулық-пен өңдеу

Қияр,асқабақ гүл өсімдік-терінің тұқымдары

Ерте гүлдеп мол өнім беру үшін

Құрғақ тұқымды 3-3,5сағ

50-55ºС ыстық жерде

қыздыру керек

Бұл аграрлық секторды мемлекеттің орасан қолдауы нәтижесінде мүмкін болды. Соңғы жылдары қазіргі заманғы технологияларды қолданудың арқасында дәнді-дақылдарды жинау күрт артты» (Елбасы Жолдауынан.)


2-сабақ Тірек сызбасын түсіндіру. Дәптер оқулықпен жұмыс


Тұқым сапасына қойылатын агротехникалық талптар


Тұқымның дымқылдығы

Тұқымның ірілігі мен біртегістігі

Тұқымның өңгіштігі

Тұқымның сақталуы

Агротехникалық талаптар

Тұқымның тазалығы

Прямая соединительная линия 146 Прямая соединительная линия 142 Прямая соединительная линия 144 Прямая соединительная линия 143 Прямая соединительная линия 145














Тұқымды себер алдында арнайы өңдеу

Өсімдікті күтіп баптау ерекшеліктері


Жұмыстың түрі

Тамыр жемісті дақылдар

Сәбіз

Қызылша

Пияз

Түріне анықтама

Суыққа,құрғақшылыққа төзімді, 2жылдық дәрумендерге, оның ішінде каротинге бай дақыл

Жылу сүйгіш,2жылдық өсімдік

Суыққа төзімді,

2жылдық өсімдік

Егу

Борпылдақ,құмдақ әкке бай қышқыл топырақта жақсы өсіп, өнім береді. Жеңіл топыраққа 2-2,5см, ал ауыр топыраққа

1,5-2см тереңдікке тұқымын сіңіреді

Ерте көктемде жер дегдісімен ылғалы мол топырақта 2-3см, ал үстіңгі қабаты құрғап кеткенде 3-4см тереңдікке тұқымды сіңіру керек

Пияздың тамыр жүйесі әлсіз. Сондықтан құнарлы жақсы өңделген жерге1-1,5см тереңдікке егіп үстінгі қаба-тын 1см шым тезекпен жауып қойған дұрыс

Суару

Бастапқы кезде жиі суару керек. Өнім берер кезде топырақта ылғалдың мол болғанын ұнатады.Ұзақ уақыт құрғақшылықтан кейін суарса түбірі жуандап, жарылып,

нашар сақталады

1 күннен бастап суды қажет ете бастайды.Суды ең көп қажет ететін мерзімі оның жақсы өсетін уақыты-шілде,тамыз айларына сәйкес келеді

Пияз өсіп-өну үшін жақсы ылғалданған топырақ қажет.Құрғақшылсуыққа төзімді. Пиязшығы өсіп, жетілгенде оның әрі қарай жақсы дамуы үшін ылғалдығы төмен топырақ қажет

Сирету(сирету жұмысы

2 бөлімнен тұрады)

1 Өнім шыққан 2 жұмадан кейін ара қашықтығын 2-3см сиретеді

2 Сәбіз көлемі саусақтайөскеннен кейін ара қашықтығы 4-5см етіп сиретеді

1 Қызылшаның екі негізгі жапырағы өскен кезде ара қашықтығы 2-3см етіп сиретеді

2 4-жапырақ пайда болғаннан соң ара қашықтығы 6-10см сиретеді

Пиязды сиретпейді. Пияздың арасын 1см қалдырып

1-1,5см тереңдікке егеді

Топырақты тыңайту

Бірінші сиреткеннен соң 10 л суға 10-13г калий,азот,фосфор ерітіндісін10 м танапқа сіңіреді

Бірінші сиреткеннен соң 10л суға 20-30г калий,азот,фосфор ерітіндісін 10 танапқа сіңіреді

1-2 жапырағы шыққан кезде 10л суға 15г азот

20г калий ерітіндісін 10-15м танапқа сіңіреді.Жаз айларында 3-4 рет құс саңғырығымен қоректендіреді

Өнімді жинау

Қыркүйек,қазан айларынан бастап үсік түскенше жақсы піскен өнім жақсы сақталады

15-20 қыркүйектен бастап суық түскенше жинап алынады

Өнімді қыркүйек айында сабағы сарғая бастағанда жинайды

Кіріспе сабақ бойынша үйге берілетін тапсырма:

  1. § 1,2,5,6,7,8. оқу мазмұндау.

  2. Өздерін тұратын аймақта қандай ауыл шаруашылық дақылдары өседі.

  3. Үй манындағы бақшада кеш пісетін қандай өсімдіктер өседі.

  4. Оқулықтың 8 бетінде ескерту белгісіндегі тапсырманы орында.


3 сабақ .Сөйлеу бөлімі

«Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны

Құрал жабдығы: 1.Қатысушылардың номері жазылған жетондар.

2.Үстелдің белгілеуге арналған сілтемелер

3. Бағыттау парақтары.

І. Ұйымдастыру кезені 3 минут

а) Сабаққа қатысушылардың санын анықтау.

б) Журналдағы тізім бойынша оқушыларды 1,2,3-үстелдерге орналастыру.

в) Қатысушылардың номер жетондарын тарату. Үстелдің сілтемелерін қою.

ІІ Ойын шартымен таныстыру 1 минут

ІІІ Топтарға тапсырма тарату 1 минут

1 - Өсімдік шаруашылығы туралы түсінік. Өсімдік селекциясы.

2 – Тұқымның сапасына қойылатын агротехникалық талаптар.

3 – Тұқымда даярлау мен себу. Тамыр жемісті дақылдарды өсіру технологиясы

ІV Берілген тақырыпқа тірек сызбасын сызып, тақырыптың негізін түсіндіруге дайындық. Жеке, жұппен, топпен 10 минут

V Дайындыққа бөлінген уақыт аяқталысымен І тур жарияланады.Оқушылар орындарынан тұрып әрқайсысы өздерінің бағыттау парағы бойынша келесі үстелге отырады.Өз тақырыбын әңгімелейді 10 минут .

Топ мүшелерін тыңдап болған соң, әрбір оқушы өз жауабын неғурлым қызықты жоғары танымдық ақпараттық деңгейде дәлелдеген деп есептейтін сөйлеушінің номерін анықтап, өзінің бағыттау парағындағы «Ең жақсы сөйлеуші»жолына жазып алады.

ІV Ойынның ІІ туры жарияланады 10 минут

ІІV Ойынның ІІІ туры жарияланады 8 минут

№ 3 жетоны бар оқушы тақтада жұмыс істейді (өсімдікті күтіп-баптау кестесін толтыру)

VІ Қорытынды шығару 2 минут

4-сабақ.. Сарамандық жұмыс

1. Сарамандық жұмыс. Тұқымды тазарту, сорттау. Алдын ала дайындалған арнайы

қорапшаларға тұқымды егу.

2. Зерттеу күнделегін толтыру:

Топ:--------- Сыныбы:------------

А) Оқушының аты-жөні:---------------------------------------------------------------------------------------

Б) Тәжірибе тақырыбы:----------------------------------------------------------------------------------------

В) Жеміс дақылдарының атауы:------------------------------------------------------------------------------

Г) Жер телімі бөлімдерінің өлшемі:-------------------------------------------------------------------------

Д) Тәжірибе аланы:------------- Сынақ аланы--------------------------------------------------------------

Е) Тәжірибенің міндеті:----------------------------------------------------------------------------------------

Ж) Тәжірибеге қойылатын талаптар:------------------------------------------------------------------------

З) Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері:-----------------------------------------------------------------

И) Тәжірибенің жұмыс жоспары:-----------------------------------------------------------------------------

Тұқымның атауы.Сорты

Тұқымның күнделікті өңгіштігінің байқалуы

Өңген тұқым℅

2-күн

3-күн

4-күн

5-күн

6-күн

7-күн

Барлығы











Күні

Қажетті тұқым есебі

Негізгі егу

Қайталап егу

Қажетті құрал-жабдықтар

Сынақ

Тәжірибе

Сынақ

Тәжірибе









3.Үй тапсырмасы: Тұқымның өңгіштігін байқау. Тұқымның күнделікті өңгіштігінің

бақылау. Зерттеу күнделегін толтыру.

5-сабақ . Сарамандық жұмыс

Топырақты егіс алдында өңдеу технологиясы. Мектеп тәжірибе үлескісіне жұмыс

6-сабақ . Сарамандық жұмыс

Екі жылдық тамыр жемісті дақылдарын мектеп тәжірибе үлескісіне отырғызу.

7-сабақ. Қорытынды бөлім

1. Зерттеу күнделігін қорғау.

2. Сынақ. (тест түрінде).

Тест тапсырмасы.

1. Ауыл шаруашылық өндірісінің жетекші саласы?

А) Өндіріс саласы. Б) Өсімдік шаруашылығы. С) Егін шаруашылығы.



2. Кеш пісетін өсімдіктер деген қандай өсімдіктер?

А) Биологиялық қасиеттері тез дамитын.

Б) Биологиялық қасиеттері орташа деңгейде дамитын.

С) Биологиялық қасиеттері баяу дамитын.

3. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің қанша ерекшеліктері болады?

А) 3. Б) 1. С) 2.

4. Екпе дақылдары егілетін мақсаты мен күту әдісіне қарай неше топқа бөлінеді?

А) 4. Б) 6. С) 5.

5. Талшықты өсімдікті не үшін өсіреді?

А) Жем-шөп алу үшін.

Б) Талшық алынатын сабағымен мақта алу үшін.

С) Тағам, мал азығын алу үшін.

6. Өсімдік өсірузерттеулерінде қандай әдістер бар?

А) Егістік, химиялық.

Б) Егістік, вегетациялық және лабороториялық.

С) Вегетациялық, биологиялық.

7. Ауыл шаруашылық өндірісінің жаңа сорттарын гибриттерін шығару

әдістерін зерттейтін ғылым?

А) Селекция. Б) Вегетация. С) Агрономия.

8. Қолайлы жағдайда өндіргенде тұқымның белгілі мерзімде қалыпты дамыған өскіндер

Беруге қабілеттілігін қалай атайды?

А) Дәннің толықтығы. Б) Дәннің тазалығы. С) тұқымның өңгіштігі.

9. Тұқымның біртегістігі қандай жағдайда болғанда жақсы түсім алуға болады?

А) 50℅ Б) 60℅ С) 80℅

10.Тұқымның толысуы мен пісіп жетілуінде негізгі неше процесс жүреді?

А) 6. Б) 4. С) 2.

11. Тұқымды сақтауға қойғанда тұқымның дымқылдығы қандай болу керек?

А) 14-15℅ Б) 16-17℅ С) 18℅ жоғары

12. Арнайы кептірілген шкафтардың температурасы қандай болу керек?

А) 100ºС С 60 минут Б) 120 ºС С 30 минут С) 130 ºС С 40 минут

13. Қант қызылшасы қандай температурада бөртіп өне бастайды?

А) 2-5 ºС Б) 1-3 ºС С)8-10 ºС

14. Қант қызылшасы жақсы даму үшін топырақ температурасы қанша болу керек?

А)25-30 ºС Б)+20 ºС С) +15-18 ºС

15. Қандай суықтық болғанда қант қызылшасы үсікке шалдығады?

А)-6-7 ºС Б) -4-5 ºС С)-2-4 ºС

16. Себу мөлшері дәл болу үшін тұқымды намен араластырған жөн?

А) Топырақпен.

Б) Құммен, ағаш үгіндісімен, супер фосфатпен.

С) Бормен.

17. Сәбіз тұқымын сіңіру тереңдігі қандай?

А) Жеңіл топыраққа 2-2,5см, ауыр топыраққа 1,5-2см.

Б) Жеңіл топыраққа 4-4,5см, ауыр топыраққа 3,5-4см.

С) Жеңіл топыраққа 3-3,5см, ауыр топыраққа 2,5-3см.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!