Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тарауға жасалған сабақ жоспары "Тік белдемшенің конструкциялық модельдеу негіздері" 7сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Қ.Билялов атындағы гимназия»КММ
Сабақтың тақырыбы
Тік белдемше негізінің конструкциялық модельдеу технологиясы
Технология пәнінің мұғалімі: Кожахметова Ш.М,
Тік белдемше негізінің конструкциялық модельдеу технологиясы
Модуль құрылымы |
Сағат саны |
Сабақтың мазмұны |
Уақыты |
Кіріспе бөлім |
1 сабақ |
1. Модуль құрылысымен таныстыру 2. Тақырыпты тірек сызбамен түсіндіру. 3. Оқулық, дәптермен жұмыс. 4. Қорытынды |
5 мин 15 мин 20 мин 5 мин |
Сөйлеу бөлімі |
2 сабақ |
Тақырыпты меңгерту: 1.«Мұғалім оқушы» рольдік ойын 2. Сарамандық жұмыс 3. Қорытынды. 4. Үйге тапсырма. |
20 мин 20 мин 5 мин |
3 сабақ |
Білімді дамыту. 1. «Сән үйі» рольдік ойын 2. Қорытынды. 3.Үйге тапсырма |
40 мин 5 мин |
|
4 сабақ |
Тақырыпты пысықтау, бекіту. 1. «Сиқырлы сандық» қорытынды үйге тапсырма 2. «Қатені тап» ойын 3.Қорытынды . |
20 мин 20 мин 5 мин |
|
5 сабақ |
Білім іскерлік, дағдыларын бекіту. 1. « Тірек белгілер» Оқыта үйрету 2.«Шешендер жарысы» 3. Қорытынды |
20 мин 20 мин 5 мин |
|
Қорытынды бөлім |
6 сабақ |
1.Тест 2.Бақылау жұмысы |
15 мин 30 мин |
Мақсаты:
Білімділік: Тігін бұйымдарының жіктелуіне қарай жеңіл киім түрі белдемше түрлерінен таныстырып көркем жобасын, конструкциялық модульдеу технологиясын үйрету.
Дамытушылық: Оқушының өзіндік әрекетінің ең жоғарғы формасы шығармашылық, ой-қиялын жобалау, құрастыру есептерін өз бетімен шешу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Топпен жұмыс істеу, белсенділікке, жауапкершілікке, іскерлікке өзін-өзі жетілдіруге тәрбиелеу.
Оқушы нені білу керек.
-
Тігін бұйымдарының жіктелінуін.
-
Жеңіл киім ішінде белдемше түрлерін
-
Белдемшенің көркем жобасын конструкциялық модельдеу технологиясын
-
Қазіргі тігін өндірісіндегі мамандарды.
Оқушы нені меңгеру керек:
-
Киімді көркемдеп сәндеу жұмыстарын
-
Тігін бұйымының конструкциялық сызбасын тұрғызды
-
Техникалық модельдеу
1 сабақ. Кіріспе бөлім.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Модельдік құрамын түсіндіру
ІІІ. Тігін бұйымдарының жіктелінуі
ІV. Жеңіл киім түрі белдемше түрлерімен таныстыру.
V. Сән таңдау
VІ. Белдемшенің конструкциялық негізін (үлгі) тұрғызу.
VІІ. Үлгі негізінде модельдеу технологиясы.
VІІІ. Тігін өндірісінің мамандықтары.
Кіріспе сабақ № 1
1. Тақырыпты тірек сызбамен түсіндіру.
2. Лекция тезисі:
Тігін бұйымдары пайдалануына қарай
Бас киім
Сырт киім
Жеңіл киім
Іш киім
Иықты
Белдемшелі
Жеңіл киім
Көйлек, жейде, кеудеше, костюм халат, шапан, комзол т.б. Иықтан киілетін бұйымдар
Алжапқыш белдеме шалбар белгі киілетін бұйымдар
Белдемше қыз балалардың ең қажетті киім түрі болып саналады, оны әр түрлі жейдемен, кеудеше, костюммен кие беруге болатын әрі кең тараған ыңғайлы киім.
-
Сән бағытына байланысты белдемшелер ұзындығы «міni» яғни өте қысқа, және «maxi» яғни тым ұзын, киінгі кезде сәнге еңген француз ұзындығы яғни тізеден сәл төмен түрлері бар.
-
Конструкциялық ерекшеліктеріне байланысты белдемшелер 3 негізгі топқа бөлінеді.
Тік
Б елдемше Қынамалы
Кең етекті
-
Белдемшені жылдың төрт мезгілінде киюге болғандықтан бүйым тігілетін матаны соған сәйкес тандаған жөн сондай-ақ матаның пайдалы және сәнді қасиеттері ескеріледі.
Табиғи
Матаның пайдалы қасиеттері
Технологиялық
Гигиеналық
Талшық құрымы
Денсаулыққа пайдасы
Тез жуылуы
Тез кебуі
Ауа,ылғал өткізгіш
Жылу сақтағыш
Химиялық
Синтетика-лық
Қоспалы
Матаның түсі
Матаның сәндік қасиеттері
Түтіктелмеуі
Көп қыртыстанбауы
Қатпардың дұрыс жатуы
Созылмауы
Матаның түсі белдемшенің арналуына байланысты (салтанатты, күнделкті, кешке) таңдап алынады.
-
Тігін бұйымы дайын болып шығуына арнайы білімдері бар мамандар жұмыс жасайды.
Киімнің қолдану орнын
Көркемдеуші сәнгер дизайнер
Сәннің бағытын
Көркемдік әшекей түрі
Эскиз
Тігелетін мата түсін фурнитура аксессуар
Есептеу формуласы
Инженер құрастырушы
Сурет сызба схема
Үлгі
Техникалық модельдеуші
Модельді зерттеу
Жаңа үлгі
Фасондық түзетулер
Тігін операциялары
Өңдеу, көктеу жұмыстары
Пішін жұмыстары
Өңдеу, тігу жұмыстары
Қию жұмыстары
Дымқыл жылулықпен өңдеу
Дайын бұйым
-
Тігін өндірісінде тігін бұйымын конструкциялау барысында бірыңғай
Ц Н И Ш П А (Центр научно-иследовательского института швейного производство) ұсынған ғылыми негізделген өлшем бірліктері қолданылады, ал жекеше тігін бұйымын конструкциялау үшін жекеше қажетті өлшем алынады.
* Белдемше конструкциясын жасау үшін 4 негізгі өлшем алынады.
Жба- жартылай бел айналымы (33,8)
Жма- жартылай мықын айналымы (45,4)
Абұ - арқанын белге дейінгі ұзындығы (35,1)
Бұ - бұйымның ұзындығы (50)
Жба, Жма өлшемдеріне еркін қозғалыс қосымшалары қосылады. (ПСО)
Нұсқау карта №1
Р/с |
Өлшем бірліктері |
Шартты белгі |
Мөлшері |
1. |
жартылай бел айналымы |
Жба |
33,8 |
2. |
жартылай мықын айналымы |
Жма |
45,4 |
3. |
арқанын белге дейінгі ұзындығы |
Абұ |
35,1 |
4. |
бұйым ұзындығы |
Бұ |
50 |
Тік белдемше негізін тұрғызу..
Тік белдемшелер 1, 2, 3 тігісті, бір жақты, қарама-қарсы, қатармалы, түрлі ф
фигуралары иінішті, белдік түрі жіңішке, жалпақ бел сызығынан
жоғары не төмен орналасқан қалталы, қалтасыз түрлерімен ажыратылады.
Белдемшеге қажетті қосымша (Псо)
1 |
Бел айналымына қосымша |
Қ б |
1 |
2 |
Мықын айналымына қосымша |
Қ м |
3 |
Тік белдемше сызбасын тұрғызу.
Жұмыс жоспары.
1. Қажетті өлшемдерін алу
2. Тор құру (вертикаль, горинзонталь сызықтарын жүргізу)
3. Белдемшенің артқы бойын тұрғызу
4. Белдемшенің алдыңғы бойын тұрғызу
5. Сызбаны контур бойынша бастыру.
Нұсқау карта №2.
Р/c |
Шартты белгі |
Жұмыстың орындалу жуйесі |
Есеп форму-ласы |
Есебі |
1 |
Т |
Тік бұрыш. Бел сызығын ортанғы, артқы бой сызығына қйылыстыру арқылы |
|
Сызбасын құру |
2 |
ТН |
Бұйым ұзындығы |
Бұ |
50 |
3 |
ТТ1 |
Белдемше ені |
Жма+Км |
45,4 + 3 = 48,4 |
4 |
ТТ1НН1 |
Тік бұрышын құру |
|
Сызбасын құру |
5 |
ТБ |
Мықын сызығы. Бел сызығынан мықын сызығына дейінгі |
Абұ : 2 |
35,1 : 2 = 17,6 |
6 |
ББ1 |
Мықын сызығы |
|
Сызбасын құру |
7 |
ББ2 |
Артқы бойдың ені |
Жма : 2 |
45,4 : 2 = 22,7 |
8 |
Т2Н2 |
Бүйір сызығы |
|
Сызбасын тұрғызу |
9 |
Т2О |
Бел сызығын бүйір тұсынан көтеру. |
п/в=1 |
1 |
10 |
ТОТ1 |
Бел сызығын О нүктесімен ТТ1 нүктесімен қосу |
|
Сызбасын тұрғызу |
11 |
ББ3=Б1Б4 |
Қатарманың орыны. Белгілеу |
0,2 * Жма |
0,2 * 45,4 = 9,1 |
12 |
|
Қатарма нүктелері |
|
Сызбаны көрсету |
13 |
|
Қатарма есебі |
(Жма+Км) – (Жба + Кб) |
(45,4 + 3) – (33,8 + 1) = 13,6 |
14 |
Т3Т4 |
Бүйір сызығы: қатармасы |
: 2 |
13,6 : 2 = 6,8 |
15 |
Т5Т6 |
Артқы бой қатармасы |
: 3 |
13,6 : 3 = 4,5 |
16 |
Т7Т8 |
Алдыңғы бой қатармасы |
: : 6 |
13,6 : 6 = 2,3 |
17 |
Б2Б5 |
Бүйір қатармасының тереңдігі |
п/в=1 |
1 |
18 |
Б3Б6 |
Артқы бой қатармасының тереңдігі |
п/в=2 |
2 |
19 |
Б4Б7 |
Алдыңғы бой қатармасының тереңдігі |
п/в=4 |
4 |
20 |
|
Қатарма сызбаларын жургізу (Т4Б5Т3) (Т6Б6Т5) (Т8Б7Т7) |
|
|
21 |
Т4Б5 |
Бүйір сызығы |
0,5 |
Сызбадан 0,5 тұрғызу |
22 |
|
Қатарманың ось сызбаларын көтеру: - бүйір қатармасы - артқы қатармасы - алдыңғы қатармасы |
Т4Т3 : 8 = Т6Т5 : 8 = Т8Т7 : 8 = |
6,8 : 8 = 0,9 4.5 : 8 = 0,6 2,3 : 8 = 0,3 |
23 |
|
Қатарманы тұрғызу |
|
Сызбадан құру |
24 |
|
Сызбаны контур бойынша бастыру |
|
|
Модельдеу термині «үлгі» сөзінен туындайды, яғни көркемдеушісәнгер жасайтын көркем жобасы (эскиз).
Киімді модельдеу – жаңа киім үлгілерін жасаудағы шығармашылық.
Киімді модельдеудің 2 түрі бар, көркемдік және техникалық.
(жоғарыда айтылған еске сала отырып техникалық модельдеу жұмысына тоқталу)
Техникалық модельдеу дегеніміз есептеу арқылы бүрмелер, қатармалар, иініштер, қалталар, және т.б. анықтау арқылы үлгіге жасалатын өзгертулер.
-
Үш түрлі конструкциялық ерекшешеліктеріне байланысты
-
М1:4 жасалған лекало негізіне үлгілеу жұмыстарын көрсету.
Тік белдемшені үлгілеу әдістері. Тік белдемше үлгісіне көптеген
фасондық өзгертулер жасауға болады.
Барлық белдемшелер кең етекті келеді.
Кейбіреуі 1 немесе 2, қарама-қарсы, бүкпелері алдында, жанында, артында орналасқан.
Өңделуде – қалталы иінішті, белдіксіз т.б.
Кең етекті үлгіні жасау әдісі.
а) бүйір сызығынан етегін кеңейту.
б ) қынаманы жабу арқылы кеңейту.
в) үлгіге бірнеше түзулер жүргізе кеңейту.
Бір немесе екі, қарама-қарсы бүкпелі үлгіні жасау әдісі.
а) белдемшенің орта тұсындағы бір жақты бүкпе.
б) қынама нүктелерінен жасалатын екі жақты бүкпе.
в) қарама-қарсы немесе көп қатармалы бүкпе.
Белдемшенің оңделуі не әр түрлі кесте, тігіс, өңдеу, фурнитура,
аксесуарлар қолданылады.
Түрлі фигуралы иінішті негізгі үлгіге жасалады.
2 сабақ. Сөйлеу бөлімі. Тақырыпты меңгерту.
«Мұғалім - оқушы» рольдік ойыны
Ойынның мақсаты. Оқушыларды өздігінен жұмыс істей білуге, ойлауға, қосымша материалдарды іздестіруге және оларды пайдалана білуге дағдыландыру.
Ойын барысы. Оқушылар жұпқа бөлінеді.
1. Әр оқушы тапсырма алады. Берілген тақырып бойынша материалды пысықтап, басты ұғамдарды бөліп атап тезис конспект немесе ауызша дайындалады дайындауға 5 минут.
2. Дайын оқушы өз конспектісін пайдалана отырып меңгергенін серігіне айтып береді, яғни «мұғалім» рөлінде болады: ал серігі яғни «оқушы» жауап береді. 5 минут.
3. Рольдермен ауысады. 5 минут.
4. Бірін-бірі тексереді.
5. Тапсырма аяқталған соң «оқушы» мен «мұғалім» бір бірін бағалайды.
Сарамандық жұмыс. Практикалық бөлімді меңгерту.
Қажетті құрал жабдық өлшем таспасы, сызғыш карандаш, қатырма қағаз.
Тік белдемшеге қажетті өлшемдерді алуға және оның белгілерін
белгілеп, нұсқау карта есебін шығару, М 1:1 сызбасын тұрғызу.
Өлшем алу ережесі.
1. Адамның оң жағында тұрып өлшеу керек.
2. Ұзындық өлшемдері өлшеніп толық жазылады.
3. Орамдар көлденеңінен өлшеніп жартысы жазылады.
4. Белге жіп немесе резеңке байлау керек.
Нұсқау картасына өз өлшемдерін түсіріп есебін шығару.
М 1:1 сызбасын тұрғызу, үлгі жасау.
Қорытынды, үйге тапсырма.
1. Талдау жасау, ережені оқу, үлгіні дұрыстығын тексеру, жіберген
қателерді түзету, бағалау.
2. Жоба үлгісі «Белдемше»
3 сабақ. Білімді дамыту. «Сән үйі» рольдік ойын
Ойынның мақсаты: Тігін өндірісінің мамандарының жұмыстарымен жақын танысу. Теориялық және практикалық білімдерін, тәжірибелерін сарапқа салу.
Сынып оқушылары топқа бөлінеді, топ ішінде әр қайсысы тігін өндірісінің мамандары болып тағайындалады.
1. Әр бір топ тапсырыс (заказ) алады.
2. Тапсырыс берушінің өлшем бірліктері алынады.
3. қалаған үлгінің көркем жобасы алынады. (көркемдеуші сәнгер)
4. Нұсқау карта есебі, шағарылып (инженер-конструктор)
5. үлгі негізіне модельдеу жұмыстары жасалады (көркемдеуші, модельдеуші)
6. Жұмыс аяқталған соң 2 топ бірінің жұмысын бірі тнксереді (эскиз, нұсқау карта, үлгі, модельдеу жұмысын) бағалайды.
Қорытынды.
-
Мұғалімнін бағасы қойылады
-
Оқушылардың бағасы.
-
Тапсырма берушінің бағасы
-
Ортақ баға шығарылып, бағаланады.
Үйге тапсырма: 10 сұрақтан 2 нұсқада тест сұрақтарын дайындап келу.
4 сабақ. Тақырыпты пысықтау.
І «Сиқырлы сандықша» оқыта үйрету ойынның шарты. 20 мин.
1. Сиқырлы сандықша сұрақтармен толтырылады.
2. Әрбір оқушы кезегімен сұрақ алып дауыстап оқып жауап береді.
3. балдық жүйе бойынша әр қайсысы тиісті балдарын алады.
(берілген ақпараттың мәнділігіне қарай)
Сұрақтар.
1. Сән бағытына байланысты
Белдесшенің неше түрі бар? Атап бер?
2. Конструкциялық ерекшеліктеріне байланысты 3 негізгі топты ата
3. Матаның пайдалы және сәндік қасиеттерін ата.
4. Бріңғай ғылыми негізделген өлшем бірліктерін кім ұсынады?
5. Техникалық модельдеу дегеніміз не?
6. Көркемдік модельдеу дегеніміз не?
7. Тік белдемше неше бөлшектен құралады.
8. Сызбада белдемшенің енін қалай есептеледі?
9. (Тсо) қосымша не үшін және қай өлшемдерге қосылады?
10. Бел сызығы бойындағы қатарма есебін қалай есептейді?
11. Иінгішті белдемшенің қатармасын техникалық үлгілеу де қайда жылжытамыз?
12. Қарама-қарсы бүкпеге қосылған мата есебі қалай есептеледі?
13. Жма қосылатын қосымша мөлшері.
ІІ «Қатені тап» ойыны 20 мин.
Сынып оқушылары топқа бөлінеді әр топ тапсырма алады:
1) тік белдемше негізінен құру нұсқау карта есебіне 1-2 қате жіберу керек.
2) тақырпқа байлагысты мәтін құрастырып, онда бірнеше сөз тастап кету, немесе таратып шашып тастау керек.
Ойын 15 мин созылады.
Топтар бірінің қатесін бірі тауып болған соң 5 мин. Материалды қайталауына беріледі.
Қорытынды: ойын қорытындысын шығару жолы ұпай сандарын есептеу оқушыларды бағалау.
Жақсы ойыншыларды атап өту.
5 сабақ. Білім мен іскерлік дағдыларын бекіту.
«Тірек белгілер» оқыта үйрету ойыны 20 мин.
Ойын шарты.
1) Нұсқау картасын оқимыз 5 мин.
2) тақтаға 1 ойыншы тірек белгілерін жазады 3 ойыншы сызбасын сызады. 4 ойыншы тұрғызылып түсіндіреді. 2 ойыншы, есебін шығарады.
3) қалған ойыншылар бағалап озық ойыншыны таңдайды.
«Шешендер жарысы» оқыта үйрету ойыны
1) 1-ші ойынға қатыспаған ойыншылар қатысады.
2) тапсырма: үлгі негізінде модельдеу жұмыстарын көрсете әңгімелесіп түсіндіреді.
3) тек білім ғана емес кәсіби терминдерді қолдана сөйлеу, шеберлігінде бағаланады.
Қортынды. Ойын қортытындысын шығару.
Жақсы ойыншыларды атап өту. Бағалау.
6 сабақ. Қортытынды бөлім.
Мақсаты: Конструкциялық модельдеу техникасын меңгеруін тексеру.
Тест сұрақтары. (15 мин.)
1. Белдемше арналуына байланысты неше түрге бөлінеді?
А) 3 Б) 2 В) 4
2. Қай өлшем толық жазылыды?
А) Жба Б) Жма В) Бұ
3. Жба-не үшін алынады?
А) Белдіктің енін анықтау үшін
Б) Бұйымның ұзындығын анықтау үшін В) Бұйымның ұзындығын анықтау үшін
4. Әйелдер белдемшесінің өлшемі қай өлшем арқылы білуге болады
А) Ба Б) Ма В) Ка
5. Абұ - өлшемі не үшін алынады?
А) арқаның ұзындығын анықтау үшін Б) бұйымның ұзындығын анықтау үшін В) мықын ұзындығын анықтау үшін
6. Орамдар өлшеніп қалай жазылады
А) толық Б) жартылай В) жартысының жартысы
7. Адамның қай жағынан өлшем алынады?
А) оң жағынан Б) сол жағынан
8. Жаңа үлгі жасайды?
А) суретші көркемдеуші Б) техникалық модельдеуші В) инженер конструктор
9. Сән бағытын, қолдану орнын, қандай матадан тігілетін, көркемдік әшекей түрін жақсы меңгерген маман?
А) Инженер конструктор Б) техникалық модельдеуші В) көркемдеуші сәнгер
10. Иінішті белдемшеге жасырын қалта салуға бола ма?
А) Ия Б) Жоқ В) Кейбіреулеріне ғана
Бақылау жұмысы:
«burda» сән журналы ұсынған өлшем бірліктері
Бойы 168
42 44
Ба-78 82
Ма-102 106
АБ ұ-43 43
Бұ-58 58
1. нұсқа ЦНИШ па ұсынған 46 өлшем
2. нұсқа. ЦНИШ па ұсынған 48 өлшем.
Нұсқау карта есебін шағара, сызбасын тұрғызу.