Материалдар / Тәрбие басы –тал бесік!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие басы –тал бесік!

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға, сынып тәрбиешілеріне ата-аналар жиналысына қажетті баяндама.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2020
396
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие басы –тал бесік!


«Тәрбие басы- тал бесік!» қазақтың мағыналы сөздеріне үңілсек үлкен астар бар. Адам баласы дүниеге келісімен өзі көріп отырған адамдардың іс-әрекетінен, өнеге алады. Сондықтан да «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің»-деп айтылған.Отбасында өнегелі тәрбие көрген бала, өскенде соны ілері анық. Тәрбие бөтен жақтан келмейді, оны білім сияқты кітаптан оқып бере алмаймыз. Тәрбие –ол беріп отырған күнделікті өнегеміз.Яғни өзіміздің көшірмеміз десек те болады.Ата-ана ұқыпты сөзіне тұрақты, білімді сауатты, бала алдында жауапкершілігі мол болса. Баламыздың да осынау тәрбиеден алыс кетпейтіні анық. Алма бұтағынан алыс түспейді дегендей.Сонымен қатар отбасындағы үлкенді сыйлау, кішіге құрмет көрсету, отбасындағы әдептілік, міне осының бәрі балаға беріп отырған тәлім тәрбиеміз. Осының бәрі көріп, көкірегіне түйіп өскен балада жауапкершілігі мықты болмақ. Отбасының ең маңызды қызметінің бірі- тәрбие беру.Бала тәрбиесіне әке мен ана қатар жауапты. «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген аталы сөз ұлға әкенің, қызға ананың берер тәрбиесінің маңызды екенін ұғындырады. Сондықтан ұрпақ тәрбиесін уыстан шығармай Әке- адалдықты, еңбексүйгіштікті, жауапкершілікіті үйретсе, Анасы-тазалықты, пәктікті, нәзіктікті, білімділікті және еңбекке баулыса ұлымыз бен қыздарымыз осындай ұлағатты бойына сіңірсе болашағы жаман болмасы анық. Егер тек сөз жүзінде ғана айтып, іс- әрекетіміз басқаша болса балаларымыз көлгірсу мен жалғандықты үйренеді. Өмір шындығына жүгінсек тәрбие бастауы, оның қайнар көзі шынында да- отбасы.Егер отбасында жақсы тәрбие алған болса, өскенде сол тәрбиенің ізімен баруы сөзсіз.Балаңыз өскенде, сіздің қартайған шағыңызда жігеріңізді құм қылып жерге қаратпасын десек, дұрыс тәлім тәрбие бер деп дана халқымыз айтқандай- уақытында көңіл бөліп, саналы, білімді ұрпақ тәрбиелейік.

Үйімізде тәлім мен тәрбие көрген баламыз бала бақшаға барып, көпшілікпен араласады. Балабақшада баламыз жауапкершілікті, көпшілікпен қарым қатынас жасауды үйренеді.

Ал мектеп табалдырығын аттап үлкен өмірге алғашқы қадам басқанда, оңы мен солын танып,білім баспалдағына көтеріледі.

В.А Сухомлинский «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқылы мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін» деп ұтымды ой айтқан. Ата-бабамыздан келе жатқан ибалылық пен инабаттылықты өзіміз түпкілікті түсініп, балаларымызға сол тәрбиенің нәрін сіңіре білсек , бұл қазіргі заманда бала тәбиесіне, қоғамға қосқан үлесіміз болар еді. Дәл қазіргі таңда «Балапан басымен, тұрымтай тұсымен» дегендей қиын қыстау кезеңде ғаламторға үңілмей, оның керекті тұсын ғана алып бала тәрбиесіне көп ден қойғанымыз абзал.

Адамның адамшылығы жақсы ата-анамен білікті тәрбиешіден. Тәрбие – таразы секілді екенін ескерсек екі басының иең түсіуіне көп көңіл бөлген жөн.

М.Жұмабаев « Тәрбиедегі мақсат баланы тәрбиешінің дәл өзіңдей етіп шығару емес, өз заманынна лайық етіп шығару» деп-дөп басып айтқан.Сондықтан балаңыз ибалы, адамгершілігігі мол, білімді болып өссе- ол сіздің мәуелі бәйтерегіңіз, ертеңгі жемісіңіз. Ата- ана тәрбиесі бала өмірінің айнасы Жақсы өнегелі ұрпақ көргіңіз келсе, алдымен өзіңіз жақсы болыңыз.

Қ.Рысбеков атындағы №5 мектеп интернатының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Оразбекова

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!