Материалдар / «Тәрбие ісінің меңгерушісінің атқаратын рөлі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тәрбие ісінің меңгерушісінің атқаратын рөлі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие ісі меңгерушісінің қызметінің жалпы жүйесіндегі маңызды буын болып саналады. Ойластырып жоспарлау оны дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Жұмыс перспективалармен белгілейді, тәрбие жұмысынын белгілі бір жүйесін жүзеге асыруға көмектеседі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қазан 2022
484
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тәрбие ісінің меңгерушісінің атқаратын рөлі»

Мақсаты:Тәрбие жұмысын жоспарлау тәрбие ісі меңгерушісінің қызметінің жалпы жүйесіндегі маңызды буын болып саналады. Ойластырып жоспарлау оны дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Жұмыс перспективалармен белгілейді, тәрбие жұмысынын белгілі бір жүйесін жүзеге асыруға көмектеседі.

Жұмысымызды бастамас бұрын топқа бөлініп алайық.

Топқа бөлу : Тренинг «Бас. Қол. Жүрек»-

Келген мұғалімдер «Бас. Қол. Жүрек» суреттері салынған стикерларды таңдап, сол бойынша топтарға бөлінеді.

Әр топтағы мұғалімдер өздері туралы мәлімет біледі.

Сұрақ: Бүгінгі біздің тақырыбымызға бас,қол, жүректің қандай қатысы бар?

Жұмыс барысы:

Топтық тапсырма – Постер /қосымша ресурстар беріледі

«Бас» тобы: Тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың формалары ?


«Қол» тобы: Оқушыларды тәрбиелеудің заманауи жолдары?


«Жүрек» тобы: Сынып жетекшілердің жұмысы бойынша мониторинг жасау жолдары?


5минутта әр топ постер даярлайды

Қорытынды:

Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар:

Жоспардың қоғам талабына, мақсатына сәйкестігі.

Өмірмен тығыз байланыстылығы.

Жоспардың жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларының қамтамасыз етілуі.

Тәрбие жұмысының формаларының тәрбиеленушілердің жас және тәрбиелік деңгейіне сәйкестігі.

Жоспардың нақтылығы.

Жоспар – ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында тәрбиеленушілердің белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.

Тәрбие жоспарының мақсат, міндеттерінің айқындығы.

Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы.

Тәрбиеленушілердің жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.


Егер сынып жетекші тұрғысынан алсақ, бас - ол жетекшінің теориялық білімі, қол – оның жетекшілік жұмысын атқаруы, жүрек – бала жанын түсінуі.

Жауап: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек», -
деп Абай Құнанбаев айтқандай, адам адамды тәрбиелеу үшін өзінің ақылын,қайратын, сезімін бірдей ұстаса ғана өмірде қойған мақсатына жетеді.
























































































Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының негізгі басқару функциясы.


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының  басқару объектісі: педагог кадрлары, оқушылар және ата-аналар ұжымы. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының  өзіндік басқару қызметі алдын ала жоспарлануы қажет. Осыған байланысты  «Педагог – Оқушы – Ата-ана»  үштігі қызметінің   дамуын  қамтамасыз етуші басқару қызметінің жоспары мен  мазмұнын  қарастырайық.





I . Басқару қызметінің мазмұны:

  1. Педагог кадрлармен жұмыс.

Мақсаты:  сыныптар ұжымының қарым-қатынасын ұйымдастыру

  1. Сынып жетекшілерімен жүргізілетін  әдістемелік жұмыстар.

Мақсаты: кәсіби білімі мен білік, дағдысының ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру.

Мазмұны:сынып ұжымындағы тәрбие жұмысын  басқару, заманауи   технологиялар мен  әдістерді меңгерту,  ұжымдық шығармашылық істер әзірлемелерін дайындау, тәрбие сағаттарын ұйымдастыру,  сыныптағы зерттеу жұмысы, оқушы тәрибелік деңгейінің диагностикасы

Негізгі формалар мен әдістер: әдістемелік бірлестіктер жұмысы,  семинарлар,  педагогикалық оқулар, іскерлік ойындар, дөңгелек үстел отырыстары,  психологиялық-педагогикалық консилиумдар, ашық тәрбиелік шаралар.

Күтілетін нәтижелер: сынып ұжымымен атқарылатын жұмыстарда сараланған әдіс-тәсілдерді қолдану



2.Тәжірибе алмасу.

Мақсаты: тәрбие жұмысы бойынша  озық іс-тәжірибе жинақтау.

Мазмұны: барлық  категорияларды қамтиды: мақсат, міндеттер, қағидалар,  әдіс-тәсілдер мен технологиялар.

Негізгі формалар мен әдістер:  педагогикалық кеңестер, ғылыми-практикалық конференциялар,  дискуссиялар,  педагогикалық оқулар, ашық тәрбиелік шаралар.

         5.Пәндік әдістемелік бірлестіктермен ынтымақтастық

Мақсаты:пәндік циклдар бойынша  сыныптан тыс тәрбиелік шаралар жоспарын  келістіру, тәрбие мақсатының  оқыту үдерісінде орындалуын ұйымдастыру және қадағалау.

Мазмұны: сабақтың тәрбиелік функциясының орындау  әдістемесі, педагогикалық талап бірізділігін қамтамасыз ету.

Негізгі формалар мен әдістер:  пәндік әдістемелік бірлестік отырыстары, педагогикалық оқулар мен кеңестер, әдістемелік нұсқаулықтар дайындау, публикациялар.

Нәтиже:бірлескен жоспар негізінде барлық  тәрбиелік қызмет түрлерінің бір-бірімен байланысы мен үйлесімділігі.






3.Оқушылар ұжымымен жұмыс

Мақсаты:қызығушылығы  негізінде оқушылар топтарымен қарым-қатынас арқылы олардың  өмірлік қызметтерін ұйымдастыру.

  1. Жалпы мектепішілік ұжымдық шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру (бұдан әрі -ҰШЖ)

Мақсаты: оқушылардың шығармашылық белсенділігін, ұйымдастырушылық  қабілетін  дамыту.

Мазмұны: ұжымдықшығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу,  бірлесе жоспарлау.

Негізгі формалар мен әдістер: топтық және бұқаралық шараларды атқару

Нәтиже:  оқушылардың мектептік өміріне  ризашылығы,  мектеп дәстүрін анықтау, оқушылардың ұйымдастырушылық қабілетінің дамуы.

  1. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарымен жұмыс

Мақсаты:  оқушылардың өзін-өзі басқаруына жағдай жасау,  бала құқығының бұзылмауын қамтамасыз ету.

Мазмұны:жұмыс формасын  таңдау,  жоспарлау, іске асыру.

Негізгі формалар мен әдістер: оқушылардың өзін-өзі басқару органының отырысы,  тренингтер, іскерлік ойындар,  хабарландырулар, талдау-сараптама жұмыстары

Нәтиже:  оқушылар белсенділігін артуы, әлеуметтік мәнді қасиеттерінің жетілуі,  өз ісіне деген жауапкершіліктерінің  артуы.

  1. Оқушылармен жеке жұмыстар

Мақсаты:жекелеген сұрақтар бойынша оқушыға көмек, қолдау көрсету.

Мазмұны: жұмыс формасын  таңдау,  жоспарлау, іске асыру.

Негізгі формалар мен әдістер:психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, консультация беру, әңгімелесу, ой қозғау.

Нәтиже: оқушылардың әлеуметтік  қорғалынуы.


4.Ата-аналар ұжымымен жұмыс

Мақсаты:  ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту,  ата-ананың оқу-тәрбие үдерісіне қатысуын қамтамасыз ету

Мазмұны:мектептегі жағдаяттармен ата-аналарды хабардар етіп отыру, оларды оқу-тәрбие ісіне қатыстыру, ата-аналардың педагогика-психологиялық білімдерін жетілдіру,  отбасы тәрбиесіне көмектесу.

Негізгі формалар мен әдістер:ата-аналар жиналысы,  ашық есік күндері, лекторийлар, тәрбие ісі бойынша психологиялық-педагогикалық кеңес беру.

Нәтиже: ата-аналардың мектеп өміріне  ризашылығы, отбасы тәрбиесінде  педагогтармен бірлескен іс-әрекеттер.


5.Қосымша білім беру ұйымдарымен жұмыс


Мақсаты:  Қоғамдық және әлеуметтік ұйымдармен қарым-қатынасты ұйымдастыру

Мазмұны:оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, сұраныстары  негізінде қосымша білім беру

Негізгі формалар мен әдістер:. Клубтар, үйірмелер, секциялар, бұқаралық тәрбиелік шаралар ұйымдастыру

Нәтиже: социумның тәрбиелік мүмкіндігін пайдалану

Білім беру ұйымының жұмысы  нақты да дәл жоспарланған жағдайда ғана болжамдалған  педагогикалық  жетістікке жету мүмкіндігін береді.Сондықтан, педагогикалық қызметті жоспарлауды  педагогикалық-психологиялық проблеманың  шешу жолын анықтайтын нормативті басқару құжаты ретінде қабылдап, күтілетін нәтижені алдын ала болжамдау деп түсінуге болады. Бұл құжат  мекеменің даму бағытын нақтылай отырып, оны жүзеге асыру жолдары белгіленген  басқару тетігі.

Ал, мектеп жұмысын  дұрыс жоспарлай білу  және оны іске асыру –  педагогикалық ұжым еңбегін ғылыми тұрғыда  дәл есеппен ұйымдастыру болып табылады.

Жоспарлау  дегеніміз -басқару қызметінінің  мақсаты мен міндетінің  орындалуын   қамтамасыз ететін,  өткізілетін уақыты мен орны, әдістері мен формалары,  оған қатысушылары нақты белгіленген  іс-шаралар жүйесі.

Қазіргі  кезде мектепте төмендегі жоспарлау түрлері кездеседі:

  1. Мектептің, сыныптың, балалар мен ересектердің басқа да түрлі  ұжымдары (үйірме, клуб, секция, қоғамдық ұйымдар, өзін-өзі  басқару) жұмысының жоспары.

  2. Күнтізбелік,  ұзақ мерзімдік.

  3. Оқушының жеке тұлғасын  дамыту және т.б.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!