Материалдар / Тәрбие жоспары 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие жоспары 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2020
750
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



1 мектеп-гимназиясы» КММ



















1 мектеп – гимназиясының

2020-2021 оқу жылындағы

«Атамекен» шаңырағының

жылдық тәрбие жоспары



5 «А» сынып

Сынып жетекші: Ажибекова С.А



















2020-2021 оқу жылы

Б.Момышұлы ауылы




«Бекітемін» «Келісемін» Бірлестік отырысында қаралды.

1 мектеп – гимназия Директордың тәрбие ісі Хаттама №1

директоры: жөніндегі орынбасары Бірлестік жетекшісі:

-------------- Э.Абишева _____ Б.Мамедова ________Э.Жамашева

« __»________2020 ж «__» _________ 2020 ж «___» _____________ 2020ж













1 мектеп – гимназиясының

2020-2021 оқу жылындағы

«Атамекен» шаңырағының

жылдық тәрбие жоспары

5 «А» сыныбы





Сынып жетекшісі: Ажибекова С.А























Бауыржан Момышұлы ауылы – 2020жыл



Құрамы: – 5 «А» сыныбы



Сынып жетекшісі - Ажибекова С.А



Шаңырақ аты «Атамекен»

Төс белгісі



Ұраны: Асыл тұлпар желде ескен арыңды,

Оқуменен еңбекке сал барыңды.





































«Атамекен» шаңырағының мақсаты:

Бірлескен сыныптардағы оқушыларды ұйымшылдыққа, өзара бірлікке оқыту, үлкенге құрмет, кішіге ізеттілікке үйрету, көшбасшылық қасиеттерді, өзара қолдау мен ынтымақтастықты дамыту, позитивті өзара қарым-қатынасты қалыптастыру, креативті ойлауға, шешімдерді қабылдап, оларды жүзеге асыруға баулу.





Міндеттері:



  • Бірыңғай топтарды құру арқылы оқушыларды ынтымақтастыққа үйрету;

  • Қайырымдылық, қамқорлық және әріптестікті қалыптастыру.

  • бірыңғай топтар құру арқылы оқушыларды ауызбірлікке, біртұтастыққа бейімдеу

  • жоғары сынып пен төменгі сынып оқушылары арасында бауырмалдық, қамқорлық қарым-қатынас қалыптастыру.

  • Оқушыларды салауатты  бәсекелестікке  баулу;

  • Кішілерге үлкен топтардың басшылық етуі арқылы жоғары сынып оқушыларының бойында көшбасшылық қасиетін дамыту;

  • Бірлескен, біріккен, ұйымшыл командалар құру, бірігіп бос  уақыт тиімді өткізуді ұйымдастыру.

  • Оқушылардың бойында үлкенге деген құрмет, толеранттылық,әр түрлі көзқарастағы адамдар арасындағы өзара түсінушілік сынды адами қасиеттердің қалыптасуына жағдай жасау;

  • Оқушылардың айналадағы қоғаммен бірге дамуына жағдай туғызу;

  • Ұжымда жұмыс жасауға, алдына мақсат қоюға, оқу мен шығармашылық жұмыстарды жоспарлауға және ұйымдастыруға  тәрбиелеу;

  • Оқушыларды табысты тұлға ретінде әлеуметтендіруге және қосымша мүмкіндіктерін дамыту





























"Атамекен " шаңырағының мүшелер



Shape1



5 «А» сынып жетекшісі: Ажибекова С.А

6 «Ә» сынып жетекшісі: Атабекова Т.Б

7 «Ә» сынып жетекшісі: Омарова А.Б























Шаңырақ белсенділері:



Қызметі

5 «А»

1

Шаңырақ басшысы:

Ерланқызы Шынар

2

Орынбасары:

Тұрсынбай Сымбат

3

Білім министрі:

Сәбит Әмина

4

Әлеуметтік жобалар

Әли Каусар

Рысбай Арсен

5

Қаржы министрлері:

Дәуренұлы Сағыныш

Байдатхан Бекарыс

6

Мәдениет секторы:

Әбдіқұл Гүлсезім

Қуанышқызы Кәусар

7

Спорт секторы

Смаил Али

Аман Айбек

8

Қыздар ұйымының төрайымы:

Мейірхан Инабат

9

Ұлдар ұйымының төрағасы:

Әскербек Аңсат








































Мазмұны



  1. Түсінік хат

  2. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері

  3. Тәрбие жұмысының тақырыбы, мақсат, міндеттері

  4. Сынып тізімі

  5. Сыныпқа мінездеме

  6. Тәрбие жұмысының жоспары

  7. Күтілетін нәтиже








































  1. Түсінік хат


Бүгінгі күні елімізде қоғам мен мемлекеттің қазіргі заманғы қажеттілігіне бағытталған тұтас тәрбие жүйесі қалыптасқан. 

1 мектеп –гимназиясында өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қойылатын талаптар бұл, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында қазақстандық қоғамдағы заманауи әлеуметтікмәдени трансформация ескеріле отырып әзірленді. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, адам өмірі мен денсаулығын, тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизм, еңбексүйгіштік, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында отбасылық тәрбие құндылықтары, сондай-ақ оқу және тәрбие процестерінің өзара кірігуі негізінде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оқыту мен тәрбиенің кіріктірілуіне, тәрбие әдіснамасын, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағдарланған. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде тәрбиенің даму перспективасын, басым бағыттарын, тәрбие мақсаттарын, міндеттерін, бағалау өлшемдерін және механизмдерін анықтайды. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жаһандану дәуірінде қазіргі адамда қоршаған әлемге технократтық және тұтынушылық көзқарас үстем болатын заманауи қоғам дамуының ерекшеліктерін ескереді. Осыған байланысты адамзатты ұлттың тұрақты дамуының, рухани әлеуетінің артуына кепіл болатын прогрестің рухани-адамгершілік құндылықтарына, ана тілі мен ұлттық менталитеттің маңыздылығын нығайтуға қайта бағдарлау қажет.

Жалпыәлемдік тәрбие жүйесін зерттеу және талдау елімізде біртұтас кешенді тәрбие жүйесін, оның мақсаты мен мазмұнын ұлттық мақсаттар, мәдени құндылықтар мен дәстүрлер, діл ерекшеліктерін ескере отырып, әлемдік озық тәжірибе, заманауи прогрессивті ағымдар, инновациялар үйлесімінде құрудың маңыздылығын көрсетіп отыр. Туған жерін, халқын сүю және құрметтеу, отбасылық құндылықтарды қастерлеу, үлкенді сыйлау, кең пейілділік, бауырмалдық, ашықтық, қонақжайлылық, толеранттық – қазақ халқының діл ерекшелігі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей, егеменді даму жылдарында барша қазақстандықтарды біріктіретін және ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Жолдауда бұл құндылықтар атап көрсетілген:

Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы; қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім; зайырлы қоғам және жоғары руханият; индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім; Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы; тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Тұңғыш Президент сонымен қатар, жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін беретін белсенді, білімді және дені сау азамат қалыптастыру міндетін қойды

Патриот, білімді, дені сау, жауапты және жігерлі, инновациялық экономика жағдайында табысты қызмет ететін, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, қазақ халқының жалпыадамзаттық құндылықтар мен мәдениетті бойына сіңірген, толерантты, дүниежүзіне танымал және мәртебелі – 2020 жылғы қазақстандық жастар осындай болады.

Қазақстанның білім беру жүйесінде оң метапәндік және тәрбиелік әлеуеті бар «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы (Бағдарлама идеясының авторы – С.А. Назарбаева) іске асырылуда. Бағдарлама білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының барлық салаларын қамтиды және тиісінше іске асырылған жағдайда қоғамда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту механизмдерінің мықты катализаторы рөлін атқарады. Халықтық педагогиканың көпғасырлық тәжірибесіне негізделген, заманауи тәрбие теорияларының шабыттандыратын идеялары қолданылған «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасына (бұдан әрі - АРБ) әлемдік білім беру кеңістігінде аналог жоқ. Ол балалар мен оқушы жастардың адамгершілік-рухани тәрбиесінде білім берудің барлық деңгейлерінің үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз етеді. Жалпыадамзаттық мәңгілік құндылықтарғабағдарланған «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы ізгі ниетті, адамгершілік қасиеттері бар лайықты азамат тәрбиелеуге ықпал етеді, және Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыруда басты механизм болып табылады.

Тәрбие жүйесінде жаһандану процесіндегі шиеленіспен байланысты бірқатар проблемалар байқалады: - балалар мен оқушы жастардың бұқаралық мәдениет құндылықтарына, сапасы төмен бұқаралық ақпарат құралдары ақпаратына және интернет-сайттарға бағдарлануы;

- қатыгездікті насихаттау, балалар мен жасөспірімдердің темекі шегуге, алкоголь және есірткі қолдануға әуестенуі, оқушылар арасындағы жезөкшелік;

- еңбек тәрбиесі рөлінің төмендеуі;

- отбасылық құндылықтар мен отбасылық тәрбие дәстүрлері рөлінің төмендеуі;

- әлеуметтік жетімдік, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид, нашақорлық, діни секталарға қатысу және т.б.

ЮНИСЕФ және ДДҰ 2012 және 2013 жылдардағы деректері бойынша Қазақстан суицид себебінен болған өлім-жітім көрсеткіші жағынан жасөспірімдер арасында екінші орында, ал қыздар арасында бірінші орында. Қазақстан 10-14 жасар жасөспірімдер мен қыздар арасындағы өлім коэффициентінің деңгейі бойынша бірінші орында тұр.

Балаларға қосымша білім беру жағдайы жақсартуды қажет етеді. Көптеген қызмет түрлері ақылы болғандықтан балалардың барлығына бірдей қолжетімді емес. Мұндай жағдайдың бірден бір себебі тәрбиені әлеуметтік құбылыс және мақсатты процесс ретінде жете бағаламаушылық болып табылады. Тек тәрбие жастардың тұлға ретінде қалыптасуына негіз болатын рухани-адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді қалайды

Сонымен, қазіргі жағдайда тәрбиенің үйреншікті үлгілері тиімсіз болып қалды және жалпыадамзаттық әрі ұлттық құндылықтарға тәрбиеленген Қазақстан азаматын қалыптастырудың жаңа жағдайлары мен талаптарына жауап беретін Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін дайындаудың объективті алғышарттары қалыптасты.



































































ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!