Тәрбие жұмысындағы этнопедагогиканың қолданылуы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие жұмысындағы этнопедагогиканың қолданылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие жұмысы барысындағы қолданылатын этнопедагогиканың рөлі туралы баяндама.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Тәрбие беру процесінде этнопедагогиканы қолдану.

Орта ғасыр данышпаны- Әл- Фараби: «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім  — адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі»,-  деп айтып өткен болатын. Ғұламаның бұл сөзінен туындайтын тағылым – жастарды тәрбиелей отырып оқыту, білім беру ғана нәтижелі болмақ. Яғни, осыдан екеуін ұштастыра отырып жүргізгенде ғана адам қалыптасады деген қорытындыға келеміз. Ал, этнопедагогика дегеніміз – этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы, белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік мәдени мұрасы. Ол халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі озат тәжірбиесінің мазмұны мен әдіс-тәсілдерін зерттейтін ғылыми педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.Халықтық педагогикаға келетін болсақ, олбелгілі бір халықтың жас ұрпақты тәрбиелеудегі өзіндік ерекшелігі бар ғасырлар бойы қалыптасқан іс –тәжірбиесі. Осы іс-тәжірибені ғылыми тұрғыдан саралап, зерттейтін ғылым-этнопедагогика. Олай болатын болса, этнопедагогиканы халық тәрбиесін зерттейтін ғылым ретінде қарастырамыз. «Тәрбие- кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету  деген сөз» (М. Жұмабаев)“Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады.”Абай         Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен  туады. Біреуіішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген,  құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені(Жетінші сөз).Мектептің басты мақсаты — жалғыз білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру» М.ДулатовЭтнопедагогикажас жеткіншекті тәрбиелеудегі халық бұқарасының тәжірибесін, олардың  көзқарастарын, ұлттар мен ұлыстардың тәлім-тәрбиелік тәжірибе жүйесімен тәрбиелеу.Мақсаты: бойында «ақыл», «қайырымдылық», «еңбекқорлық» қасиеттері бар жан-жақты жетілген адамды тәрбиелеу;Негізгі міндеттері:Халық педагогикасының бала тәрбиесіндегі ерекшелігін, оның жақсы жақтарын, қазіргі заманғы бала тәрбиесіне ықпалын айқындау;Халық тәрбиесінің негізгі категориялары мен заңдылықтарын айқындау;Ұлттық мінез-құлықты қалыптастыру;

Мазмұны:ақыл-ой тәрбиесі;адамгершілік тәрбиесі;сұлулық тәрбиесі;дене тәрбиесі;денсаулық тәрбиесі;еңбек тәрбиесі;Халық тәрбиешілеріәке-шешесі;апа-ағалары;ауыл үлкендері;өнер иелері;Әдіс-тәсілдері:Әңгімелесу;Кеңесу;түсіндіру;сендіру;кеңес беру;тыйым салу;үйрету;көрсету, үлгі көрсету,өтіну, бұйыру,жаттықтыру,бата беру, мадақтау, алғыс айту,Құралдары:санамақ;жаңылтпаш;өлең-жырлар;бесік жыры;тақпақ;жұмбақ;ертегі-аңыздар;айтыс;мақал-мәтелдер;шешендік сөздер;ұлттық ойындар;жол-жоралғылар.Сондықтан, көне ойшылдың тұлға маңыздылығы туралы тәлімі қазіргі антропологиялық ғылымдармен, халық даналығымен сабақтасып байланыса отырып ұлттық тәрбиенің негізін құрайды. Берілген үлгі ұлттық тәрбиенің соңғы нәтижесі – ұлттық тәрбие  ретінде ұсынылуы мүмкін.Әр ұстаз өз оқушыларының бойындағы қасиетті саралап алса, онда бала бойына ұлттық дәстүр мен салт-сананы нақтылы түрде сіңіре алады деген сөз





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ"ЭЛЕКТРОТЕХНИКА КОЛЛЕДЖІ" КМҚК























Тақырыбы:



"ТӘРБИЕ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫ ҚОЛДАНУ"

















Орындаған: Ж. Г. Жарылгасинова























Семей қаласы2019 жыл
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2019
593
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі