Материалдар / Тәрбие жұмысының жоспары 2-сынып

Тәрбие жұмысының жоспары 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптар бойынша І жартыжылдық есебі. 2016 – 2017 оқу жылына жоспарланған І тоқсанда жұмыстар жоспар бойынша атқарылды. Мемлекеттік бағдарламаға сай мектеп жұмыстарын жоспарлау, әдістемелік жұмыстарын бекіту, мотивациясы жоғары және мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс жоспары, үйірме жоспары түзілді. 1–4 сыныптар аралығында сабақтарға қатысу, оқу жылдамдығын тексеру, жұмыс дәптерін және бақылау дәптерлерін тексеру жұмыстары жүргізілді. Әдістеме бірлестігінде І тоқсанда 1 отырыс өткізілді. Бастауыш сыныптар бойынша барлығы 398 оқушы оқиды. Оның 221 қазақ сыныптар, 189 орыс сыныптарында оқиды. 2 үйде оқытылатын оқушы бар, 1 Сайфидинова С. 4 «Б» қазақ сыныбында, Ержанова А. 3 «Г» орыс сыныбында оқиды. Жалпы 2-4 сыныптар арасында ____ үздік, __ екпінді. Бастауыш сыныптар бойынша:
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2018
20697
103 рет жүктелген
693 ₸ 770 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





А.Баймұлдин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп



«Қаралды» «Тексерілді» «Бекітемін» ӘБ жетекшісі тәрбие ісінің меңгерушісі мектеп директоры Х.Нурдхан Е.Ш.Байшукиров К.Ш.Шоманов _______________ _______________ _______________ «___» _________2018ж «___» __________2018ж «___» _________2018ж







Тәрбие жұмысының жоспары

2 – сынып

Сынып жетекші: Елемесова Толкын Тулеутаевна







2018-2019 оқу жылы



ТҮСІНІК ХАТ

2018-2019 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы балалар құқықтары», Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және бірлестіктер туралы», Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері» туралы Заңы, Қазақстан Республикасы Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Заңы, Қазақстан Республикасының «АҚТҚ ЖҚТБ – ның алдын алу» туралы Заңы Қазақстан Республикасының Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Заңы,Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы, Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқығы туралы Конвенциясын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы қараша айында бекітілген «Қазақстан Республикасы Үздіксіз Білім беру жүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасының «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарын», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері н басшылыққа алынып, құрылды.



























Мектепішілік тәрбие жұмысының әдістемелік тақырыбы:

«Жас жеткіншектердің бойында азаматтық пен Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәмізін құрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге тәрбиелеу».

Сынып жетекшінің зерттеу тақырыбы:«Оқушыларды тәрбие бағыттарын қолдана отырып, адамгершілікке, мәдениеттілікке, білімге құштарлыққа, белсенділікке тәрбиелеу».















2018-2019 оқу жылында 2- сыныптағы тәрбие жұмысының мақсаты:

Тәрбие жұмысында тәрбиенің жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы өзін-өзі тани алатын,өзін-өзі басқара алатын,интелектуалды дамыған адамгершілігі мол,мәдениетті,отансүйгіш тұлға тәрбиелеу.Міндеттері:
  • Сыныпта денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;
  • Оқушыларды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
  • Табиғатты қорғауға,қоршаған ортаны бағалауға тәрбиелеу;
  • отбасын сынып жұмысының тәрбие жүйесіне араластыру.
  • Оқушы бойында рухани-адамгершілік тәрбие негізін қалыптастыру,эстетикалық тәрбие арқылы жан сұлулығы мен мейірімділік қасиеттерін жетілдіру
  • Сыныптағы, мектепішілік,қоғамдық жұмыстарға жұмыстарға белсене қатысуға дағдыландыру.




Күтілетін нәтиже:

  • Ой-өрісі кеңінен,жан-жақты тұлға қалыптасады.
  • Оқушылармен жеке тұлға ретінде қарым-қатынас орнайды.
  • Жеке бас гигеналарын ұстануды үйренеді.
  • Ата-анамаен жүйеді байланыс орнап,мектеп,ата-ана арасындағы байланыс нығаяды.
Өзін-өзі тануға ұмтылады,белсенділіктері артады





Тәрбие жүйесінде басшылыққа алынатын құжаттар:Бала құқығы жөніндегі конвенция /1994/Азаматтардың еркіндігі және тәуелсіз елдердің біріккен КонвенциясыАҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу жайлы декларация /2001ж/ Тұжырымдамалар, бағдарламаларҚР-дағы білім беру мекемелерінің Тәрбие тұжырымдамасы /2009ж/Мектеп және мектепке дейінгі балалар тәрбиесі жайлы тұжырымдамасы. /26.06.1995ж/СӨС қалыптастыру және дұрыс тамақтану жайлы ҚР-сы Үкіметінің қаулысы /07.06.1999ж/Адамгершілік және жыныстық тәрбие жайлы мемлекеттік бағдарлама тұжырымдамасы /25.11.2001ж. №1500/ҚР-сы «Тілдерді дамыту»бағдарламасы /07.02.2000ж/ Жалпы білім беретін мектеп білім беруді дамыту бағдарламасы Қазақстан Республикасының заңдарыҚР-ның Конститутциясы /1995ж/ҚР-ның «Білім туралы»заңы /1994ж/ҚР-ның «Дене шынықтыру және спорт»жайлы заңы /02.12.1999ж/ҚР-ның «Мейрам күндер»жайлы бағдарламасы. /2001ж/ҚР-ның «Неке және отбасы»туралы заңы /2001ж/ҚР-ның «Бала құқығы туралы заңы /2002ж/ҚР-ның қылмыстық кодексі /10-бап/ҚР-ның «Тіл туралы заңы» /1997ж/ҚР-ның Азаматтық кодексі /925,926,927,1124-баптар/ҚР-ның Еңбекпен түзету кодексі /96-бап/ҚР-ның «Еңбек туралы заңы» /172,177-баптар/ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық жайлы кодексі /12,154-баптарҚР-ның «Мемлекеттік жастар саясаты» туралы заңыҚР-ның «Азаматтардың денсаулығын қорғау»туралы заңыҚР-ның «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы»заңы







А.Баймұлдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің2018-2019 оқы жылындағы 2-сыныпта атқарылатынтәрбие жұмыстары туралы

М ә л і м е т

2-сыныпта барлығы 2 оқушы. Ұл-2. Сыныптың әлеуметтік құрамы-аз қамтылған отбасы балалары-жоқ, Көп балалы отбасы баласы-2, толық емес отбасы-2, ыстық тамақпен қамтылғаны-2. Сыныпта сынып белсенділері сайланған. Оларға міндеттері түсіндіріліп отырады. Жыл соңында сынып жиналысында есептері тыңдалады.Сыныпта жыл бойына тәрбие сағаттары жүргізіліп тұрады. «Азаматтық,патриоттық құқықтық және көпмәдениеттік тәрбие» бағытта: барлығы 6 сынып сағаты жоспарланған. "Мен кішкентай патриотпын", "Жеңіс туы желбірей бер!","Елі сүйген,елін сүйген Елбасы", "Мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздік символы" «Мемлекеттің биік мәртебесі-Мемлекеттік Туы,Елтаңбасы,Әнұраны», «Қазақстан-бірлік пен татулықтың мекені» атты сынып сағаттары өткізіледі. Бұл сынып сағаттарының түрлері- мерекелік, саяхат,саяси,интерактивті сағаттары түрінде өтеді.Оның ішінде «Елі сүйген,елін сүйген Елбасы» атты сынып сағатында топтық, шығармашылық тапсырмалар орындалады.Әртүрлі қызықты тапсырмалар орындатылады. Интерактивті тақта арқылы слайдтар көрсетіліп, СТО элементтері қолданылады. Оқушылар кластер құрады. "Рухани адамгершілік тәрбие" бағытында 2 сынып сағаты: ", "Ұлтты тану –ұрпақ борышы.", " Досы көпті жау алмайды" тақырыбында сыр сұхбат,танымдық кеш түрінде сынып сағаттары өтеді. Топтық ойындар, тренингтер, рөлдік ойындар, жағдаяттар шешу жұмыстары қамтылады. " Ұлтты тану-ұрпақ борышы" атты сынып сағатында қазақ халқына тән салт-дәстүрлер,киім үлгілер,ұлттық тағам түрлерімен танысады. Оқушылар өз беттерімен жұмыстанып,көп деген тың деректермен танысады. Ата-аналардың қатысуымен көріністер қойылады. «Отбасы тәрбиесі, отбасы қатынасы мәдениетін қалыптастыру» бағытында 4 сынып сағаты "Менің отбасымның дәстүрлері мен құндылықтары" өнеге сағаты, "Ана-өмір,ана-бақыт, ана-гүл"атты мерекелік концерт, "Әке –асқар тауым,ана-сая болар бағым"атты тағылымдық кеш, «Отбасым-бақыт мекенім» танымдық сынып сағаттары өткізіледі-"Ана-өмір,ана-бақыт, ана-гүл"мерекелік кеш түріндегі сынып сағаты аналары мен қыздарымыздың қатысуымен өткізіледі.Ақ тілектер айтып, құттықтайды. Аналарымен бірге топтық ойындар ойнатылып, тренингтер өтеді,флешмоб билеп,көңілді отырыс болады.Ал «Отбасым-бақыт мекенім» ашық сынып сағаты «Отбасы»күніне арналып ұйымдастырылады. Шараға3 ата-ана және сынып оқушылары қатысады.«Жүрек жылуы»тренингі оздырылады. «Отбасы»туралы санамақтан басталып, «отбасы»сөзіне анықтама беріледі.Жанұя туралы мақалдардың мәні ашылып,түсіндіріледі. «Тату отбасы »сөзіне кластер құрылады.Ата-аналар топқа бөлініп,тапсырмалар орындайды.1.«Бақытты отбасы сұлбасын »құру.2. «Бақытты отбасын неге ұқсатуға болады?^Ата-аналардан алдын –ала жазылып алынған, балалары туралы видеоролик тамашаланады.«Анашым-әкем»әнімен аяқталады. «Тұлғаның өзін –өзі тануға, өзін-өзі дамытуға деген қажеттіліктерін қалыптастыру» бағытында –3 сынып сағаты «Бақытты балалық шақ», «Ардақтайық ұстазды», «Досы жақсының өзі де жақсы» тақырыбындағы сынып сағаттарында топтық шығармашылық тапсырмалар орындатылып, тренингтер өткізіледі. «Досы жақсының өзі де жақсы»тақырыбында ашық сынып сағаты оздырылады. Сынып сағатында әртүрлі жаңа технология элементтері қолданылады. «Әлеуметтік мәнді және жеке сапаларын қалыптастыру» бағытында –2 сынып сағаты «Үлкенге құрмет,кішіге-ізет», «Менің есімім нені білдіреді?»сынып сағаттары ойын тренинг, сыр-сұхбат түрінде өткізіледі. «Менің есімім нені білдіреді?»сынып сағатында оқушылар анкета толтырып үйренеді. «Коммуникативтік мәдениетті қалыптастыру»- 2 сынып сағаты: «Бес нәрсеге асық бол,бес нәрседен қашық бол!» өнеге, «Оқушылардың комуникативтік мәдениетін қалыптастыру» әңгімелесу,кеңес түрінде өтеді.Бұл сынып сағаттарында оқушыларға жақсыдан үйрену,жат әдеттен аулақ болу,сол сияқты оқушылардың өзіндік бағаларын көтеру мақсатында тренингтер оздырылады. «Экологиялық тәрбие және табиғатты қорғау қызметі» бағытында 2-сынып сағаты «Құстар қайтып барады», "Туған жер ештеңе жоқ сенен артық" атты сынып сағаттары ауызша журнал және танымдық экологиялық, қойылымдар, шығармашылық жұмыстар түрінде оздырылады. «Құстар қайтып барады» атты сынып сағатында оқушылар құстар туралы әндер орындап, олардың түрлері мен тіршілік ортасымен танысады.Туған жерлеріне арнап шығармашылық жұмыстар орындалады. «Эстетикалық тәрбие»- 2 сынып сағаты: "Наурызым-берекем,наурызым-мерекем", "Адам бойындағы асыл қасиеттер" атты сынып сағатттары мерекелік кеш және тағылым сағаты түрінде оздырылып, ролдік ойын,жағдаяттар шешу,өнер көрсету сұрақ-жауап әдістері қолданылады. "Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтының денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру" 3 сынып сағаты: "Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ", «Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі", «Жұқпалы аурулардың алдын алу» сынып сағаттары ойын сабақ, танымдық спорттық ойындар түрінде өткізіледі. "Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ" сынып сағатында оқушыларға тазалық, жеке бас гигиенасы ,спорттық маңызы туралы айтылды."Еңбек және экономикалық тәрбие" бағытында 2 сынып сағаты: "Еңбек –қуаныш,жалқаулық азап», "Еңбек бәрін жеңбек" атты сынып сағаттары танымдық, жобалық ойын түрінде өтеді."Кәсіби -шығармашылық тәрбие" бағытында 2сынып сағаты: "Кәсіп түбі-береке" өнеге сағат, «Мамандықтар әлемінде» сынып сағаты интерактивті тақтамен, көрнекіліктер пайдалану арқылы әңгіме сағаты түрінде өткізіледі. Оқушылар әр түрлі мамандық иелері туралы өздеріне керекті ақпарат алады. АКТ технологиясы қолданылады. "Интеллекуалдық мәдениетті дамыту" бағытында 3 сынып сағаты: "Ұшқыр ой мен шешен тіл"атты сайыс сағаты, "Тапқыр достар"топтық сайыс «Сынып білімдісі»атты сынып сағаттары сайыс түрінде өткізіледі. "Оқушылар өмірінің қауіпсіздігі" бағытында шаралар өткізілді: "Жол жүру ережесін білеміз бе?" сауалнама,, "Жол тәртібі-өмір қауіпсіздігі" тақырыбында тәрбие сағаты,"Өрт қауіпсіздігі ережелері»" тәрбие сағаты, «Оттан сақтан!»өртке қарсы сақтық шаралары сынып жиналыстарында өткізіліп, ақпараттар жазылады. Оқушымен жұмыс бағытында: Сынып белсенділері сайланып,жұмыстары есебі тоқсандық жиналыстарда тыңдалынады.Сынып жиналыстары түрлендіріліп ұйымдастырылып, уақытылы өткізіліп, хаттамаланады.Жыл бойына жоспар бойынша үлгерімі нашар және қабілетті оқушылармен жұмыстар жүргізіледі.Сынып жиналыстарында тазалық, ұқыптылық сыйластық туралы түсіндіріледі.Оқу жылы соңында оқушыларға «Ақ гүлдер»тренингі өтеді.Оқушылар жазғы демалыста бір-біріне сәттілік тілейді. Ата-анаман жұмыс бағытында: Жыл бойы ата-аналармен жұмыстар жүргізіледі.Әртүрлі тақырыптық жиналыстар оздырылады.«Ата-аналарға арналған іскерлік ойындар», тренингтер топтамасы, ата-аналарға арналған семинар, пікір алмасу, іс-шаралар өткізіледі.Ата-аналарға ашық есік күндері сабаққа қатысады. Ата –аналар жиналысының қорытынды отырысында жыл бойы сынып жетекшімен,сыныппен байланыста болған бір қатар ата-аналарға алғыс хаттар табысталады.Уақытылы ата-аналар жиналысы түрлендіріп өткізіліп,хаттамаланады.





Сынып жетекшісі: Елемесова Т.Т.











Сыныпқа мінездеме Сынып –2Ұлты – қазақ-2Сынып оқушыларының ұстанымы – «Біз талапты балдырған, үлгі аламыз жақсыдан!»Оқушы саны – 2Ұл 2Қыз – жоқ. А. Баймұлдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің
Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!