400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Тәрбие сабағы "Қолғап" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Нұрлы жүрек» ӘҚКО-нда» «Қолғап» украйын халық ертегісі желісі бойынша тәрбие сабағы жүргізілді. Бұл ертегі мүмкіндігі шектеулі балаларға қуаныш әкеледі, әрбір тәрбиешінің орындаған рөлдері, олардың дауыс ырғағы мен тапсырмалар балалардың белсенділіктері мен қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге балаларды көмекпен қатыстырып, орындаған әрбір тапсырмалардан соң мадақтау, көтермелеу арқылы балалардың жүзіне күлкі сыйлаудың өзі біз үшін зор бақыт!
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қолғап ертегісі»


Мақсаты:

Ертегіні сахналау арқылы балалардың ой қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету.

Тәрбиелік:

Әр кейіпкердің қимылын әуен арқылы жасай білуге тәрбиелеу.


Қуан шаттан алақай,

Қуанатын кез келді.

Қуанатын күн бүгін,


  • Сәлеметсіздер ме достар, келген қонақтар!!!


Тәрбиеші:

  • Балалар бүгін келген қонақтар бізге сиқырлы қорап ала келіпті. Бұл қорап

жай қорапқа ұқсамайды. Қарандаршы, қандай әдемі қорап! Қораптың ішінде не бар екен? Балалар, сиқырлы қорап ашылмайды. Мүмкін ішінде ертегі бар шығар? Ертегі жұмбақтардан тығылып қалыпты. Қане, енді жұмбақтарды шешіп көрейік. Егер жұмбақтардың шешуін дұрыс тауып берсек, ертегі бізге келеді.


Жұмбақтар

1. Қыс бойына жатады ,

Тәтті ұйқыға батады. /Аю/


2. Қалқиған ұзын құлағы,

Елендеп қорқып тұрады. /Қоян/


3. Өзі бір қу,

Жүрген жері шу. /Түлкі/


4. Күш десе ,күші бар,

Тісі десе, тісі бар. /Қасқыр/


5. Үй ішін аралап,

Түнде көп жортады.

Қаптарды жыртады

Мысықтан қорқады. /Тышқан/


  • Жарайсындар, балалар барлық жұмбақтардың шешулерін дұрыс таптындар.

Міне енді сиқырлы қорап ашылады. Сыйқырлы қораптың ішінде көптеген суреттер бар екен, сол суреттердегі кейіпкерлерді атап берейікші.

Балалар: Тышқан, қоян, түлкі, қасқыр, аю

Тәрбиеші:

- Дұрыс айтасындар. Ертегіні балалар жақсы көреді. Ертегіні балалар қонаққа шақырады. Ертегі қонаққа келді. Бүгінгі ертегіміз қалай аталады екен?

Балалар: Қолғап

Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде, болады екен орманда неше түрлі ғажайыптар. Ата иті Бөрібасар екеуі орманнан отын жинауға келеді, отын жинап жүріп ата қолғабын жоғалтып алады. Қолғабын ары іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Қолғап өзі жаңа, әрі өте жұмсақ жылы болатын. Осы кезде орман ішінде ары-бері жүгіріп жүрген тышқан қолғапты көріп қалып, зып беріп кіріп алады.

Тышқан: Мен суықта тоңып жүрсем, қандай әдемі жылы қолғап. Мен енді осында тұрамын.

Өзім егін екпеймін,

Егістен ұзап кетпеймін.

Мысық қуса жетпеймін,

Мен қаптесер тышқанмын.

( Музыка ойналады )

Тәрбиеші: Шыршалардың арасынан ұзын құлақ ақ қоян шығады.

Қоян:

Мында кім тұрады ? Қаптесер тышқан тұрады.

Мен ақ қоян, ақ қоян,

Қалқиған ұзын құлағым.

Құлағымды жел үніне,

Тігіп жатыр сақ қоян.

Қоян: Мен де орманда көп жүріп тоңып қалдым, мен зымырауық қоянмын. Менде тұрайыншы сенімен бірге (үйге кіріп кетеді).

Тәрбиеші: Осы кезде ақырын басып түлкі бикеш шығады.

(Музыка ойналады)

Ананы да алдаған,

Мынаны да алдаған.

Жүрген жері шу,

Мен түлкімін қу.

Мен түлкі бикешпін, мені де қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта әбден тоңдым. Маған көмектесіндерші.

Тышқан:(жүгіріп шығады)

  • Мұнда орын жетеді қолғап жылы, әрі жұмсақ, кел, кір түлкі.

(Музыка ойналады)

Тәрбиеші: Жан-жағына алақтап шырша ішінен қасқыр шығады.


Қасқыр:Мен қасқырмын, қасқырмын,

Қозы ұрлайтын өрістен.

Ұйқым келмейді егерде,

Қозы етін жемесем.

Мен қасқырмын, мені де орталарыңа алыңдаршы. Күн қатты суық екен, тоңып қалдым.

Тышқан: Бізде орын жетеді. Кел, сен де кір.

(Музыка ойналады)

Тәрбиеші:

  • Орман ішінен қорбандап аю шығады, оның көзі де жаңағы қолғапқа түседі.

Аю: Кезген ішін орманның,

Мен аюмын қорбаңмын.

Қалың нудан бал таңдап,

Жүремін мен балпандап.


Аю: Мына жылы үйде кімдер тұрады екен? Мені де үйлеріңе кіргізесіңдер ме?

Тышқан: Сен кімсің?

  • Мен сендердің аю аталарың боламын.

  • Сен тым үлкенсің! Симайсың біздің ортаға, - деп барлық аңдар шу ете қалады.

Аю есебін тауып үйге кіреді.

Тәрбиеші: Жоғалған қолғабы есіне түсіп, үйге қайтарда ата итіне қолғапты тап деп бұйрық береді.

  • Бөрібасар, бар менің қолғабымды тап! Үйге қайтамыз, қолым тоңады ғой?

Осы кезде ит жүгіріп жүріп қолғапты көріп қалады .

Ит әуп-әуп-әуп, - деп дыбыс шығарады.

Ата қолғабын байқап қалады. Үйге жақын келсе, үйде біреулер тұрып жатқан сияқты.

  • Сендер кімсіндер? Құстарсындар ма, аңдарсыңдар ма? Қолғабымды өзіме

беріңдер? - деп мылтығын көтереді. Аңдар сол кезде шығып қашып кетеді.

Қолғабын алып үйіне кетеді.

Тәрбиеші: - Сендердің қолғап үйлеріңді ата алып кетті. Әрине, бұл жанашарлық жағдай.

  • Қыс. Күн суық, сендер тоңатын болдындар. Сендерге баспана керек қой.

Ендеше өз еңбектерімізбен үй салып аламыз. Мына жерде құрастырмалы үй бар, содан өзімізге жылы баспана салып алайық.

Балалар Монтессори әдісімен үй құрастырады.

  • Балалар, сендер өз еңбектерімен үй салып алдыңдар.

  • Назар салып, тындағандарыңызға рахмет! Осымен ертегіміз аяқталды.



Өткізген: жартылай стационар бөлімінің тәрбиешісі Даулбаева З.Т.

Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік

қызмет көрсету орталығы» КММ






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
765
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі