Материалдар / Тәрбие сағатты. Тақырыбы: Экспо 2017 - Қазақстанның болашағы, Қазақстанның болашағы – балалар.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағатты. Тақырыбы: Экспо 2017 - Қазақстанның болашағы, Қазақстанның болашағы – балалар.

Материал туралы қысқаша түсінік
: 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихын, әлем елдерінің ынтмақтастығын және 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі туралы түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2018
622
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаттың тақырыбы:  Экспо 2017 -  Қазақстанның болашағы,

Қазақстанның болашағы – балалар.

Тәрбие сағаттың мақсаты:

Білімділік: 1851 жылдан бастау алып келе жатқан дүниежүзілік көрмелер тарихын, әлем елдерінің ынтмақтастығын және 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі туралы түсіндіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу. Отанымыздың  жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту. Әр бір баланың жүрегіне табиғатты аялауға, қоршаған ортаны бағалауға, сүюге, адам мен табиғат әрқашанда егіз екендігін түсіндіре тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ЭКСПО дүниежүзілік көрмелері және ЭКСПО-2017 көріністері туралы слайдтар.

Барысы:

-Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар және ұстаздар! Бүгін өткізгелі отырған «Экспо 2017 – Қазақстанның болашағы, Қазақстанның болашағы – балалар.» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бәрімізге белгілі 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Еліміз елдігін көрсетті, ерлігін танытты.

1-бөлім: ЭКСПО деген қандай көрме? 

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, ЭКСПО деген не?

Мұғалім:ЭКСПО атауы өзінің аты айтып тұрғандай, «экспонат» деген сөзден шыққан, қазақшасы - жәдігер. Дүние жүзі халықтарының өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін, жәдігерлерін көрсететін алаң.

Мұғалім:Бүгінде бұл көрмеге дүниежүзінің 161 мемлекеті мүше болып отыр. Оның жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы Халықаралық Көрмелер Бюросы (ХКБ) құрылған. Штаб пәтері Парижде орналасқан. Қазақстан ХКБ-ға 1997 жылы мүше болып кірді.

ЭКСПО деген қандай көрме ? 

1-оқушы:

Дамыған елдер соңғы бір жарым ғасырдан бері бір-біріне жетістіктерімен мақтанып,табыстарын таразылап қою үшін өзара бас қосып, барын базарлап отыруды дәстүрге айналдырып келеді. Бұл дәстүр ел арасында халықаралық көрме немесе ЭКСПО деп аталдады.

Экспо көрмесінің неше түрі болады?

2-оқушы:

ЭКСПО көрмесінің екі түрі бар. Оның бірі - халықаралық әмбебап көрме. Ол бес жылда бір рет өткізіледі. Келушілер көрмеге қойылған экспонаттарды алты ай бойы тамашалай алады.

3-оқушы:

Екіншісі - халықаралық мамандандырылған көрме. Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, 2-2,5 жылда бір рет өткізіледі. Мерзімі – үш ай. Қазақстанның әлем елдері үшін өткізетіні байқауы да – соңғысы.

2-бөлім: Халықаралық көрмелердің тарихы.

Мұғалім: 

ЭКСПО-ның негізін қалаушысы болып ғылымға қызығушылық танытқан Ұлыбританияның ханзадасы Альберт болып есептеледі. Алғашқы Бүкіләлемдік көрме 166 жыл бұрын Лондонда, 1851 жылдың 1 мамырында ашылған және Гайд-саябағында орналасқан. 20 аптаның ішінде оған 6 млн. адам келген. Көрме ғимаратынаның ең үздік сәулет өнері жобасы байқауында әйнектен жасалатын ғимарат — Хрустальді сарай салды.

Мұғалім: 

Парижде 1925 жылы Дүниежүзілік көрмеде қазақтың дарынды әншісі Әміре Қашаубаев қатысқан. Ол этнографиялық концертке қатысып, байқаудан екінші орынды иеленіп, күміс медаль алған еді. Қазақ әншісінің ән орындауының арқасында бүкіл әлем біздің елді, қазақ музыка өнері туралы, қазақ елінің ұлттық киімі жайлы білді.                                                      

Ал, балалар, ЭКСПО-ға барғандарың бар ма? Өз ойларыңмен бөліссеңдер?

3-бөлім. Мозайка құрастыру


Микрофон әдісі арқылы ата- аналардан ЭКСПО жайлы сұрау

















1.Оқушылар қорғайды.

2.Мұғалім слайдтар арқылы толықтыру.

3-бөлім. Казахстанның EXPO көрмелеріне қатысуы туралы:

1-оқушы:

«EXPO 2005, Аичи» Жапония

•    Келушілердің саны: 370 000 адам
•    Қазақстан экспозициясының алаңы: 324 ш.м.
•    Тақырыбы: «Табиғат даналығы»

2-оқушы:

«EXPO 2008, Сарагоса Испания Корольдігі

Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі безендіру критерийлері бойынша Қола жүлдеге ие болуы;

•    Келушілердің саны: 361 500 адам
•    Қазақстан экспозициясының алаңы: 590 ш.м.
•    Тақырыбы: «Су және тұрақты даму»

3-оқушы:

 «EXPO 2010, Шанхай» Қытай Халық Республикасы

•    Келушілердің саны: 446 000  адам
•    Қазақстан экспозициясының алаңы: 1500 ш.м.
•    Тақырыбы: «Астана – Еуразия жүрегі

4- оқушы: 

ЭКСПО-2012: 2012 жылғы 12-мамырдан 12-тамызға дейінгі аралықта Оңтүстік Кореяның Ёсу қаласы «Жанды мұхит және жағалау» тақырыбындағы Халықаралық мамандандырылған көрмені қабылдады.Көрме аумағы Халюсидо Ұлттық Паркімен және  Одонг аралымен шектесіп,  табиғи жағдайы EXPO тақырыбын жандандыра түсетін 317 шағын аралдармен қоршалған.Ёсу ЭКСПО-2012 халықаралық қауымдастықтың әлемдік мұхиттың және жағалаудың қызметі мен құндылықтары туралы танымын кеңейтіп, теңіз саласында қызметтесуді жолға қою қажеттігін көрсетті.  

5-оқушы:

2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев өтініш жасап 10  маусымда Казақстан Астанада  ЕХРО-2017  көрмесін өткізу бойынша сайлау науқанына кірісті. Қазақстанның астанасы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрме өткізілетін орын болып сайланды. Астана – жеңімпаз қала. Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме болмақ.



Әдеби монтаж Тақпақтар айту

1-оқушы
Ғасырлардан ғасырларға жалғасқан,
Татулығы бар әлеммен жарасқан.
Жер бетінде достық болу үшін де,
«Көрме» өткізіп жатыр елім Қазақстан!

2-оқушы

Бастау алған Лондон атты қаладан,
Сәулет, өнер, түрлі-түрлі саладан.
Астанама келді кезек менің де,
Тікті көзін келбетіне бар адам.


3-оқушы
Халық үшін еңбек етер жолында,
Қазағымның туы бүтін қолында.
Бақыт құсы қонғалы тұр тағы да,
Алға жұртым, тек ешқашан налыма!

4-оқушы

Тәуелсіздік нұрын төккен шағында,
Келген бақты бағалай біл, арылма.
Өткелі тұр үлкен көрме өзіңде,
Жаса мәңгі, Қазақ елі жалында!

5-оқушы
Тарихымды, салт-дәстүрді танысын,
Көрсін әлем жүйрік аттың шабысын.
ЭКСПО – ол келешектің кепілі,
Қазақ деген атқа лайық намысың.

6-оқушы

Өтсін уақыт, үлгереміз бәріне,
Келгелі тұр күллі әлем жеріме.
Бір береке кіргелі тұр бүгінде,
ЭКСПО боп Астанамның төріне!



Қорытындылау:

  1. ЭКСПО деген не?

  2. ЭКСПО көрмесінің неше түрі бар. /2 түрі/

Қандай?

І.халықаралық әмбебап көрме

ІІ.халықаралық мамандандырылған көрме

3. ЭКСПО-ның неше жылдық тарихы бар?   (166 жыл)
4.  Осы уақытқа дейін әлемде неше ЭКСПО болған?  (63 )
5.  Алғашқы ЭКСПО қай жылы,қай елде,қай қалада болған?  /1851 ж Ұлыбритания мемлекеті, Лондон қаласында/
6.  Алғашқы ЭКСПО-дағы ерекше ғимарат саналған сарай? / Хрустальды сарай/
7.  Қай ЭКСПОда қазақ әншісі әлемге ұлтымыздың қандай құндылығын танытты,ол кім? / Әміре Қашаубаев/
8.   Алғашқы ЭКСПОдан қанша қаражат түсті? 186000 фунт стерлинг

9. Экспо – 2017 қай қалада өтті? Астана қаласы 10 маусым мен 10 қыркүйегінің аралығында. 

10.  ЭКСПО бізді неге үйретеді? Өнертапқыштық,бәсекелестік
11.  ЭКСПО әлемде нені қолдайды? Халықтар бірлігін,ынтымағын
12.  ЭКСПО қандай жаңалық әкеледі деп ойлайсың? Күн көзінен энергия өндіру
13.  Болашақ энергия қуаты қайдан алынбақ? Күн көзінен

Қорытынды:

«Көк тудың желбірегені» бәріміз бірге қосылып айтамыз.




















































4-бөлім: Казахстанның EXPO көрмелеріне қатысуы туралы:

1-оқушы:

«EXPO 2005, Аичи» Жапония

Тақырыбы: «Табиғат даналығы»

2-оқушы:

«EXPO 2008, Сарагоса Испания Корольдігі Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі безендіру критерийлері бойынша Қола жүлдеге ие болуы;

•  Тақырыбы: «Су және тұрақты даму»

3-оқушы:

 «EXPO 2010, Шанхай» Қытай Халық Республикасы
•  Тақырыбы: «Астана – Еуразия жүрегі

4- оқушы: 

ЭКСПО-2012: 2012 жылы Оңтүстік Кореяның Ёсу қаласы «Жанды мұхит және жағалау» тақырыбындағы Халықаралық мамандандырылған көрмені қабылдады.

Көрменің тақырыбы: «Болашақ энергиясы»

Күн – энергияның аса қуатты көзі, оның энергиясы электромагниттік толқындар спектрінің барлық бөлігінде – рентген және ультракүлгін сәулелерден бастап радиотолқындарға шейін ұдайы сәуле шығарып, таратып тұрады. Бұл сәулелер Күн жүйесіндегі барлық денелерге күшті әсер етеді: оларды қыздырады, планеталардың атмосферасына  әсер етеді, жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді. Күннің орташа температурасы 8·106 К-ге жақын, ал Күн бетінде  6000 К-ге тең.

Күн әр секунд сайын жүздеген миллион ядролық бомбаның жарылысына тең энергия бөліп шығарады. Күннің ірі болғаны соншалық, оның ішіне біздің Жеріміз сияқты 1 300 000 планета сиып кете алады. Күннің бір килограмм затының бір секундта шығаратын энергиясы, бір қарағанда 2·10-4 Вт/кг – ға тең

Біздің заманымызда табиғи таза энергия қоры – Күн энергиясын пайдаланудың негізгі екі бағыты бар: 1) күн энергиясын ішкі энергияға түрлендіру арқылы жылумен қамтамасыз ету және 2)күн энергиясын электр энергиясына түрлендіру.

9.   Шанхай қаласындағы ЭКСПО қай жылы болды,бұл қай ел? 2010ж.Кытай
10.  Милан қаласындағы ЭКСПО қай жылы болды,бұл қай ел?2015ж Италия
11.  Сарагоса қаласындағы ЭКСПО қай жылы болды,бұл қай ел?  2008ж Испания
12.  Аичи қаласындағы ЭКСПО қай жылы болды,бұл қай ел? 2005ж Жапония
13.  Қазақстан Халықаралық көрме бюросына қай жылдан мүше болды?  1997ж
14.  Қазақстан ЭКСПОға қатысуды қай жылы,қай күні жеңіп алды?  2012ж 22 караша




















«Астана ЭКСПО-2017» көрмесінде ресей павильоны  Арктика тақырыбын ұсынды. Күмбез ортасына кәдімгі айсберг орнатылды.



Германия павильонындағы ең қызықты сәттің бірі – «Энергетикалық шоу». Павильонды аралаған әр адам ортадағы дөңгелек үстелге смарт-кілттерін қоюы тиіс. Кілттерде жиналған энергия зарядталған жарық импульсіне түрленіп, лазерлік шоуға ұласады.



Павильонның алғашқы залы елдің өткені мен бүгінінен сыр шертетін түрлі экспозицияларға толы. Тұрмыс салты, ғажап табиғаты,  ұлттық құндылықтары,  тарихи жәдігерлері бәрі-бәрі осында.  

Жүгері өсімдігі тай елі үшін тек қана азық емес, нағыз энергияның көзі.  Жемістің қалдығынан газ және отын көзі өнідіріледі екен. Павильонның екінші залына өту арқылы осы жүгеріден энергия өндіру туралы анимациялық фильмді көруге болады.

«Астана ЭКСПО-2017» көрмесінде қазақстан павильоны  күн энергиясы тақырыбын ұсынды.

Біздің заманымызда табиғи таза энергия қоры – Күн энергиясын пайдаланудың негізгі екі бағыты бар: 1) күн энергиясын ішкі энергияға түрлендіру арқылы жылумен қамтамасыз ету және 2)күн энергиясын электр энергиясына түрлендіру.



Сондай-ақ үшінші залда каучуктен, қант құрағынан, пальма ағашынан, тіпті пілдің қиынан қалай энергия алуға болатыны көрсетілген.







Германия павильоны әртүрлі бағыттағы екі залға бөлінген. Бірінші көрме алаңы ауыспалы кезеңдегі әлемнің үлкейтілген картасын ұсынатын «Болашақ картасы» деп аталады. Онда Қазақстан мен Германияның бірлескен жобаларынан бөлек, интеллектуалды желілер мен энергияны сақтау жүйелері секілді тақырыптар ұсынылған.

Павильонның екінші алаңы «Болашақ қаласы» деп аталады. Ол адамның өмір сүру ортасына арналған. Мұнда энергия өндіретін «ақылды үйлер», энергия алуға болатын балдырлы қасбеттер, заманауи электромобильдер таныстырылған.

«Болашақта қалалардың келбеті қандай болады? Қандай үйлерде тұратын боламыз? Осының барлығын «Болашақ қаласы» алаңынан тамашалауға болады. Павильонда жаңартылатын бес энергия көзінің жұмысы таныстырылады – су, күн, жел, жылы су және биомасса. Біздің ұранымыз – «Энергия әлемді өзгерте алады», бірақ біз мұнда павильонға келетін әр адамның, жалпы Жер шарындағы әр адамның энергиясын атап көрсетіп отырмыз», - дейді неміс павильонын ұйымдастырумен айналысатын компанияның көркемдік директоры Андреас Хорбельт.

Оның айтуынша, павильонға келген әр адамға футуристік батарея түрінде жасалған smart-stick – кілт беріледі. Оның көмегімен қонақтар көрме алаңындағы барлық экспонатты іске қосып, ол туралы қажетті мәліметті біле алады. Яғни кілттің көмегімен, павильонға келген әр адам өз білімін толықтырады деген сөз.

Германия павильонындағы ең қызықты сәттің бірі – «Энергетикалық шоу». Ұйымдастырушылар лазерлік шоуға қонақтардың барлығын қатыстыруды жоспарлап отыр. Павильонды аралаған әр адам ортадағы дөңгелек үстелге смарт-кілттерін қоюы тиіс. Кілттерде жиналған энергия зарядталған жарық импульсіне түрленіп, лазерлік шоуға ұласады.

Айта кетсек, Германия павильонының аумағы 1700 шаршы метрді құрап отыр. Павильон бір сағатта 400 адам қабылдауға қауқарлы екен.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!