Материалдар / тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Алаш қайреткерлеріне арналған қойылым. Алаш қайреткерлерінің халқына жасаған ерен ерліктері дәріптеледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қазан 2021
480
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Қаржы академиясы» АҚ колледжі







Алаш арыстары

(тарихи сахналық-бейне қойылым)







Дайындаған: Махмет А.











Астана 2021 ж.




Мақсаты :

  • Білім алушылардың ұлттық рухын ояту мақсатында Алаштықтардың қазақ халқы үшін жасаған ерен еңбектерін насихаттап, бабаларымыздың



Автор сөзі: 1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғысқа Ресей империясының қатысуы елдің барлық аймақтарына өз ауыртпашылықтарын әкелді. Соғыстың ұзаққа созылуы Ресей империясына қарасты барлық өлкелерде оның ішінде Қазақстан жерінде жалпы халықтың кедейлене түсуіне, жоқшылыққа ұшыратты. Осындай қайшылықтардың соңы Ресейде Ақпан және Қазан төңкерістеріне апарып соқтырды. Патша тақтан тайдырылып, Уақытша және Кеңес өкіметтері құрыла бастады. Осы оқиғалар сол кездегі қазақтың алдыңғы қатарлы саяси қоғам қайраткерлерінің қазақ елінің болашағына деген алаңдаушылығын оятты.

1917 жылдың 5-13 желтоқсан күндері Орынбор қаласында 2-ші жалпықазақ съезі өткізілді.


Сахнаға делегаттар жинала бастады


Мұхамеджан Тынышбаев (Елдос): Құрметті делегаттар! Съезд делегаттары толық жиналғанша Мірағадан (Міржақып) «Оян қазақ» өлеңін өз аузынан айтып берсе екен деп сұраймын. Қалай қарайсыздар?

Дауыстар (Сүндет): Айтсын, айтсын, рухымыз көтерілсін.

Міржақып Дулатов(Хафизов): Осындай қуанышты күндері неге айтпасқа, Мұхамеджан қарағым, айтайын (өлең көтеріңкі күймен оқылады)

 Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

 Өткізбей  қараңғыда бекер жасты.

 Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам  боп,

Қазағым, енді жату жарамасты.

Етемін үміт жастардан, 
Жаңа гүл шашқан бақшадай.
Мұратын оңай кім табар,
Жар салып жұртқа қақсамай?
Халыққа,жастар,басшы бол! 
Қараңғыда жетектеп.
Терең судан өтер ме,
Мың қойды серке бастамай?


Дауыстар (Сүндет): Жарайсын, бәрекелді

Залға 3-4 делегаттармен Әлихан кіріп келеді.

Дауыстар (Сүндет): Әлекең келеді.


Сұлтанмахмұт ортаға шығып Мір аға , біз жастар үміттеріңізді ақтауға тырысамыз. (Бақдәулет) :

Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін!
Еңбек, бейнет тарауы
Рақатқа сарқылар.
Қыздырып күннің қарауы
Надандық теңізі тартылар.
Орны отайып көгерер,
Қызығын жайлап ел көрер.
Тұрмыс, тағдыр - бірі де
Бұл мақсаттан бұра алмас;
Қаһарман, Рүстем, Әлі де
Бұрам деп жолда тұра алмас.
Сыланған жардың күлісі,
Алдандырмас бірісі.


Әлихан (Дамир): Рахмет, Мақмұт інім, шығар биігің көп болсын. Ал,

құрметті делегаттар, съезд жұмысын бастайық. Съездің күн тәртібінде «Алаш» партиясы мынандай мәселелерді қарауды ұсынады. Алаш партиясы атынан Мұстафа Шоқайға сөз беріледі.


Мұстафа Шоқай (Ернар) : Құрметті делегаттар! Мына мәселелерді ұсынамын:

1 . Қазақ елінің аумағында Алашорда автономиясының республикасын құру туралы

2. Республикаға басшылық жасайтын үкімет-Ұлттық Кеңес құру туралы

3.Үкімет төрағасын сайлау және көптеген маңызды мәселелер қаралады.

Ағайындар, алдымызда соқпағы мен бұралаң жолы көп тарихи кезеңдер келе жатыр. Ішкі Ресейде Петроградта,

Мәскеуде Уақытша үкімет пен большевиктер Кеңестері билікке таласуда, Ресей халқы екіге жарылып, ақ гвардияшы-қызыл гвардияшы болып, бірін-бірі жұлып жеуге дайын тұр. Ал біз ат төбеліндей қазағымызды осындай қанды тартыстардан алып қалуға міндеттіміз. Халқымыз айтқан «Бөлінгенді бөрі жейді» деген, азамат соғысын Ресейдің ішкі ісі деп қарау керек. Біз өз елімізді, өз Алашымызды тарихтың тезіне салмай, өз тағдырымызды өзіміз шешетін үкімет құруды ұсынамын.


Міржақып Дулатов: Біз қазір екі жолдың тарауында тұрмыз. Бір жол – құлдық жолы. Осындайда жігімізді ашып, жер-суымызды қорғап, билігімізді өзіміз алып қалмасақ, күні ертең бізді алдына салып айдап жүруге ие табылады. Сондықтан Мұстафа Шоқайдың ұсынып отырған бастамасы дұрыс деп санаймын сіздердің ойларыңыз қандай?


Әлихан (Дамир) : Ал, алаштықтар, қазақ халқы, біздің міндет озғандарға жету керек, жеткендерімізден озу керек. Дүниенің төріне тырмысқандар, төрден орын алып жатыр. Тырмыспағандар есікте қалып жатыр: есікте қалмай, төрге тырмысалық. Басқалар төрге қалай бара жатқанына қарап, біз де солардың істегенін істейік.

Ахмет (Қуаныш) : Дұрыс айтасың, Әлеке! Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға – оқу керек, бай болуға – кәсіп керек, күшті болуға – бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керекпіз. Бұл заманда қолы жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін өнер-білім, сол өнер-білімге мезгілі өтпей тұрғанда үйренсек, тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік.

Мұстафа Шоқай: Қазақ елінің аумағында Алашорда автономиясының республикасын құру, бұл атамекеніміздің ұлтық құқығы жолындағы алғашқы баспалдағы болмақ. Ал, атамекенiмiздiң ұлттық құқығы жолында жүргiзiп жатқан күресiмiз, тiптi, кейде «демократияның шекарасын» аттап кеткен күннiң өзiнде ешкiм бiздi шовинизммен айыптауға қақысы жоқ. Сондықтан сіздердің ойларыңызбен толқытай келісем. Ендеше, Үкімет төрағалығына кімді сайлаймыз?

Міржақып Дулатов : Әлихан Бөкехановты сайлайық.


Мұхамеджан Тынышбаев: Ал, канеки дауысқа салайық.Үкімет төрағалығына бірауыздан Әлихан Бөкейханов сайланды.



Әлихан (Дамир): Әр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс, әйтпеген де болашақ ұрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетеміз. Кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс беретін алдымызда зор шарттар бар.Сондықтан мен тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын деген. Байламға келдім. Маған сенім артқандарыңызға рахмет! Үміттеріңзід ақтаймын, алаш арыстары!



Мұстафа Шоқай: Әлеке, сізден де бұл үкіметтен де күтеріміз мол. Бiздiң шын жүректен және асыға күтетініміз, ол атамекенiмiздiң орыс пролетариаты диктатурасынан құтылуы. Бiз барлық жерлестерiмiздi осы ұлттық мұратымыз жолында бiр жан, бiр тән болып жұмылуға шақырамыз.


Сұлтанмахмұт: «Алаш" туының астында

Куә болсын арымыз!

Көркейтуге Алашты

Құрбандық - біздің жанымыз!

Жасасын, Алаш, жасасын!


Мұхамеджан Тынышбаев: Ендеше, ұлы мұрат жолында аянбай күресейік, алаштың мақсұты, қазақ ұлтының болашағы.

Мұңды мелодия ойналып, сахна жабылып, 1920-37 жылдар арасындағы Қазақстандағы түрлі зұлмат, қуғын сүргіндер туралы кинокадрлар көрсетіліп, автордың сөзі оқылып тұрады.


Автор: 1917 жылдың 5-13 желтоқсанындағы өткен 2-жалпықазақ съезі көптеген тарихи шешімдер қабылдады. Ең маңыздысы Қазақстан аумағында Алашорда автономиясы құрылды. Құрамында 15 делегаттан сайланған Үкімет төрағалығына бірауыздан Әлихан Бөкейханов сайланды. Алашорда автономиясының орталығы болып Орынбор қаласы жарияланды. Жалпы Алашорда құрамына сайланғандар қазақтың сол уақыттағы жоғары білімді, көзі ашық, төрткүл әлемде болып жатқан өзгерістерден хабары бар зиялы қауым өкілдері болатын. Олардың арасында заңгер де, экономист те, инженер де, дәрігер де, педагог та болды.Өкінішке орай, Кеңес өкіметі күш алып, барлық елді мекендерде өз биліктерін орната бастады. Болшевиктік көсемдер Алашорда үкіметінің бағытын өздерінің әміршілдік-әкімшілдік билік жүйесіне қауіпті деп санап, оларды қудалай бастады.


ІІ көрініс

Н КВД түрмесі. Тергеуші столы, алдында басы таңылып, қанға боялған Әлихан отыр.

Тергеуші (Мирас): Қалайсың! (мысқылмен) Есімің - Әлихан, тегің -Бөкейхан, неғылған қаптаған хандар. Хандықты көкседің бе, сұмырай! Болшевиктер билігін құлатқың келеді ме? Қане айт қандай ұйымдар құрдың? Жақтастарыңның есімін ата!

Әлихан (Дамир): Қарсы ұйым құрған ешкім жоқ, тек біз өз жерімізде, өз елімізде ұлтымыздың жерін, суын, дінін, тілін сақтап қалуды армандадық.

Тергеуші (Мирас) : Жап аузыңды! Шеттеріңнен елім, жерім, тілім деп сайрауға мықтысыңдар. Болшевиктер билігі деген орыстың билігі екендігін неге түсінбейсің, ей сорлы? Ей, конвой, Ахмет Байтұрсыновты алып кел, екеуін қосып сайратайық. Қазақ алфавитін жасаған дейді, көрейік мықтыны.

Есіктен Ахмет кіреді, оның да азапталғаны көрініп тұр.

Әлихан (Дамир): Ахмет! Бауырым!

Ахмет (Қуаныш) : Әлеке (құшақтап өлеңдете бастайды)

Қырағы, қия жазбас сұңқарым-ай!

Қажымас қашық жолға, тұлпарым-ай!

Үйілген өлексені өрге сүйреп,

Шығармақ қыр басына іңкәрім-ай.

Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр,

Түнерген төбемізден бұлт арылмай.

Тергеуші (Мирас): Тоқтат, ей екі мұңлық! Қылмыстарың дәлелденді. Кеңес өкіметіне қарсы шығып, хандық құрмақ болдыңдар. Енді сендердің істегендеріңді КСРО Жоғары соты қарайтын болды. Так что, көрлерің қазулы тұр, ұлтшылдар! Конвой алып кет мыналарды.

Конвой ақырып жекіріп, түйгіштеп алып кетеді. Сахна жабылып, мұңды мелодия ойналады. Экранда репрессия құрбандарының есімдері көрсетіліп, бейнелері беріліп жатады.

 Ахмет : «Ақ болсын, қызыл болсын, маған бәрібір. Мен қазақ мүддесін көз­дейтін үкіметті ғана жақтаймын» 

Міржақып Дулатов:

Алыстан алаш десе аттанамын,

Қазақты қазақ десе мақтанамын,

Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ

Мен неге қазақтықтан сақтанамын!

Әлихан: Жігіттер, сендер не үшін сотталып бара жатқандарыңды білесіңдер. Сендерді соттап отырған жүйені де білесіңдер. Ешкімнің алдарыңда

кінәларың жоқ! Сендер ел үшін сотталып бара жатқан азаматсыңдар! Мұңаймаңдар! Бастарыңды төмен Түсірмеңдер! Алда жақсылық болады! Сендерге болашақ ұрпағымыз алғысын білдіреді!

Мағжан: Мен жастарға сенемін!

Автор: Алашорда қозғалысына қатысушылар түгелдей Сталиннің әміршіл-әкімшіл жүйесінің құрбаны болды. 1937 жылы 27 қыркүйекте КСРО Жоғары соты әскери алқасы «Кеңеске қарсы күресті, террористік орталықпен байланысы болды» деген негізсіз себептермен үкім шығарып, қазақтың аяулы ұлы Әлихан Бөкейханов ату жазасына кесілді.

Музыка тынып қалып, қайта өршелене ойнайды, бірте-бірте бәсеңдеп, экранда мынадай мазмұнда: 30 жылдардағы ашаршылық, қуғын-сүргін, Ұлы отан соғысы, тың игеру, Семей полигоны, Арал апаты, Горбачев заманы, бос қалған магазин сөрелері, кезекке тұрған адамдар, т.б. бейне кадрлар көрсетіліп тұрады.

Автор: Ұлт азаттығын аңсаған Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мұстафалар атылып, қуғын сүргінге ұшырағанымен, олардың асыл армандары мен мұралары ондаған жылдар бойына кейінгі ұрпақтардың бойына тәуелсіздікке деген бас тігу дәнін сеуіп кетті. Араға көптеген жылдар салып, 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік дәні қайта көктеді. Соның нәтижесіне 1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткіздік. «Қазақ» деген ұлы ел тарих сахнасына қайта көтерілді. Бабалар арманы орындалды.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!