Материалдар / Тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала,әсіресе ,мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары үшін көмек боп табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2018
928
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape1



( Сахна сыртындағы дауыс):



1. Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын бір ғасырлық мерекең!

Хор: Шилі жастарының вальсі


Жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар,қонақтар қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Қайнекей Жармағанбетовтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Абай үндес Қайнекейдей перзенті бар біздің халық-шынымен де бақытты . Иә, Қайнекей - ғажайып, сыршыл, ақын.  Оның өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух,  сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.


Оқушылар сөзі:

1-оқушы:

Қайнекей мектебі -  орта мектеп,  өр мектеп,

Жырымды саған жеткізем қалай өрнектеп.

Табалдырықты аттаған сәтте қолымнан

Тартқансың өзің «келе ғой, қызым, төрлет», - деп.

2-оқушы:

Ұстаздарың бар мейірімге толы жүрегі,

Шәкірттерің бар елімнің асқар тірегі.

Бүгінгі күні атыңды сенің асылым,

«Жармағанбетов» мектебі, дегенде халық біледі.

3-оқушы:

Түлектерің бар қияға талай самғаған,

Өзіңнен алған білімін баптап жалғаған.

Талайға болған аяулы мектеп, арман ән,

Көркіңе сенің күн өткен сайын таң қалам.

4-оқушы:

Білемін, алда әлі де қанша сын барын,

Тыңдағын мені,сүйікті мектеп тыңдағын.

Ақтарып бүгін, көңілдің ғажап сырларын,

Атыңды сенің, өлеңге қосып жырладым!



Ақиық ақын Қайнекей көз тірісінде :

Бір уыс топырағымын туған жердің

Бір тамшы көз жасымын туған елдің

Қашанда мен мақтаудың құлы емеспін

Үйретсем өнер-білім әліппесін

Шүкірлік сендер барда тұл емеспін- әдемі өлең жолдарын артына қалған ұрпағына ұран ретінде қаншама мәңгі ұмытылмайтын білім қазынасын тастап кеткен.


Ендеше артына қалған ұрпақтары біздер мен сіздер жалғастырушы көпір болып ақынның мұрасын ұрпақтан –ұрпаққа жалғастыратын боламыз.

Бұлбұл да дүлдүл, от ауызды, орақ тілді небір дарынды саңлақтар шыққан киелі топырақты Торғайдың дара тұлғасы, энциклопедиялық білімі бар қазақ поэзиясындағы баллада жанрының негізін қалаған Қайнекейдің ғалымдық,сыншылдық талантының өзі –оқшау талант емес пе?Олай болса ақиық ақынның 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Ғасыр саңлағы» атты поэзия кешімізді бастаймыз.


Кешіміздің шымылдығын композитор Шәмші Қалдаяқовтың әніне жазылған,Қайнекей атамыздың «Мұғалима» балладасымен ашқанды жөн көріп отырмын.Барлығымыз осы әнді орнымыздан тік тұрып, ақын атамызды бір сәт еске алсақ деймін.

«Мұғалима» әні кетеді

Нағыз қазақы өлең.Нағыз баллада.Нағыз сөз күшімен өрнектелген сурет.ЕЕміреніп,елжіреп, кітапты парақтап,оқиғаға құрылған жырды тыңдай бергің,тыңдай бергің келеді.Автормен бірге балалар арасында болып,ыстық сәттерді еске түсіресің.Өзіңнің балалық шағың,мейірлі мектебің,ұлағаты зор ұстазың ойға оралады,әдеби кейіпкерлер мен жылы шырайда жүздесіп,парасат пәрменділігіне күмәнсыз иланасың

Қыран қанаты талатын қияғы шырқап шығу үшін өнер адамына табиғи дарыны мен қоса, үлкен парасатылық пен қажыр-қайрат керек. Ондай қасиет Қайнекей Жармағамбетовтен табылады. Ақын шығармалары өз көзімен көрген, өзі талай куә болған оқиғалардың тірі шежіресі іспеттес. Қоғамда осындай өзіндік өрнегімен, өзіндік кескінімен шығармашылық әлеміне келген тұлғалардың бірі, белгілі ақын, жазушы, әдебиет зерттеушісі, педагог, қоғам қайраткері Қайнекей Жармағамбетов 1918 жылы Торғай облысының Жангелдин ауданына қарасты «Шилі» деп аталатын жерде шаруа отбасында дүниеге келіпті.Әдебиет саласында өз қабілеті мен дарынын поэзия, проза, публицистика саласында анық танытқан Қайнекей Жармағамбетов бастапқы қадамын өлеңнен бастады. Оның қаламынан жыр боп туған алғашқы өлеңдерінің бірі - «Ана хаты» деп аталады.

«Ана хаты»

Қайнекей жетімдіктен жетілген жан.Тәттіден гөрі ащыны,күннен гөрі көлеңкені,шуақтан гөрі суықты,ата-ананыңмейірімінен гөрі айналаның қаталдығын көбірек көрген.Намыс,шыдамдылық,талап үшеуі біріге келіп,үлкен күшке айналып,бар қиындықты ойсырата,жеңіп шыққан тәрізді.

«Ескі ауыл баласының көргені мен ермегі» баладасында

Мақтан етем өзім туған даланы,

Көз алдымда сағым буған алабы.

Қырдан құлап сыңғырлаған қар суы

Қуалаған терең сай мен саланы.

Жұрт жаңғыртып қонатын ел Құмкөлге,

Өсіп тұрған шөбі шүйгін тың жерге.

Алтыбақан,ақсүйек пен асықта

Өзім сынды кездеспедім кімдерге-деп тебіренген Қайнекей қайран балалық жылдарға қайрыла отырып,көз алдымызға көне ауыл тірлігінің табиғи көркем суретін әкеледі.

Ендеше, «Қайнекейдің балалық шағынан көрінісіне» кезек берейік.

1-көрініс (шымылдық жабылады)

2-көрініс (шымылдық ашылады)

3-көрініс (шымыдық жабылады)

ХХ ғасырдың елуінші, алпысыншы  жылдары ұлттық әдебиеттің дамуына, қазақ поэзиясының, оның ішінде баллада жанрының берік қалыптасып, орнығуына елеулі үлес қосқан қайраткер Қайнекей Жармағамбетовтың орны ерекше

         Қайнекей Жармағамбетовтың «Кекті бала» туындысының Днепрдің тентек  толқындарындай төгіліп, соғыс өрті шырпыған шалғайдағы Украйнаны жұпыны, жүдеу, аһ ұрған ауылын елестеді.

         Автор оқиғаны жүйелі түрде дамыту тәсілін тәп-тәуір меңгерген. Әке мен ананың аса аянышты хал-ахуалын, селосының солғын көрінісін перзенттің парша-парша айырылғалы тұрған мазасыз жүрегін суреттеуге келгенде ақын  алымдылығын жоғары кәсіби шеберлігін танытады. Сөздің  сүйектен өтетінін дәйекті дәлелдеді. Адамнан гөрі айуанға тән жат әрекет, қатыгездіктің қайдан, қалай пайда болғанына таңданады. Жүрексіз, бауырсыз, мейірімсіз пенделер жер басып жүргеніне ренжіп, налиды. Өзегі жарыла өкінеді.


«Кекті бала» балладасы – Ұлы Отан соғысының айнасы.

Олай болса сол туындыны тыңдап көрейік. «Кекті бала»

Шығармадағы кекті бала қайғысы – бір ғана баланың қайғысы емес, сұрапыл соғыс қасіретін көрген барша балалардың басында болған оқиға. Ақын бір ғана кейіпкердің тағдырын ала отырып, сұм соғыстың қоғамдағы ащы шындығын көрсеткесі келді. Меніңше, ақынның бұл балладада өте ұтымды шыққан секілді. Жас ұрпаққа өтімді ой тастаған шығарма екені даусыз.

Ұлы Отан соғысы – ғасыр күмбірі, ғасыр мұңы. Бұл соғыс - ғасыр азабы! Оның аяқталып, жеңіс тойын тойлап отырғанымызға биыл – жетпіс жыл. Бізге осындай бейбіт өмір сыйлап кеткен ата – әжелеріміздің ерлігін ұмытуға біздің қақымыз жоқ. Әр жыл сайын жеңіс күнін ұлы мереке ретінде атап, оларға лайықты құрмет көрсетіп, оны дәріптеу - біздің перзенттік парызымыз. Батырларымыз өлсе де, олардың елесі санамызда мәңгі жаңғырып тұрары сөзсіз. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес. Ұлы тұлғалардың ерлігін біз естен шығармауымыз керек әрі олар сыйлаған бейбіт өмірді қорғауға тиіспіз! Мен өзімнің еліме:


Соғыстың жолы болсын әрмен енді,

Ерлігі аталардың ел есінде.

Көк туым көк аспанда желбіресін,

Көгімде ұшсын бейбітшілік көгершіні!-

деп өз тілегімді білдіргім келеді.

Бүгінгі кешімізде ақынның өлеңдерін оқумен қатар, оның өлеңдеріне жазылған тамаша әндерді де тыңдай аламыз. (тақпақтары)

ш/о-бастап мектеп оқушыларының тақпақтары.

Қайнекей ақын тақырыпты ат шаптырып,алыстан іздемейді. «Шебер мен шалағай» өлеңінің оқиғасын құрауға қажетті деректерді тауып, жинастыруға қаламгер аса қиналмаған.Балладаның атының өзінен айқын көрініп ,сезіліп тұрғандай тіршілікте қай елде ,қай жерде де кәсіби шеберлігі жоғары өз ісінің майталмандары,сонымен бірге іскерлігі төмен әлжуаз,әлсіздері әлі де бар емес пе? Қайнекей бір шебер,бір шалағайды басты кейіпкер есебінде салыстыра суреттей отырып,оңды іс иесінің озат тәжірибесін өзгелерге кеңінен насихаттайды,өте олақ жұмыскерді сынап,мінейді.Ортамызда ісіне ылғи орашолақ,олпы-солпы ,қоғамға да,отбасына да пайдасына қарағанда зияны көп мамандар азайса екен деп армандайды.Автордың сондай ізгі ниеттен туған оқиғалы өлеңін оқыған сәтте тағы да Қайнекей қырағылығын,байқағыштығын аңғара түсеміз.

Олай болса, бәріміз бірге тамашалап көрелік.

Сахналық көрініс: «Шебер мен шалағай»

Қайнекей кітап санын қуып,қалыңдатып,қатырмалатып шығаруды көздемеген кісі.Жинақтың ауқымына емес,оқырманға айтарына мән берген.Кез-келген ақын жеке отбасы қамын ойлаушы қатарына жатпайды.Оның сөзінің,өлеңінің арғы жағында қайысқан,қалың халық тұрады.Ол әрқашан туған жердің,заманның жалықпас жаршысы.Көппен бірге сүйінеді,күйінеді.Қайнекей жарық дүниемен қимай қоштасардан сәл бұрынырақ жазғн өлеңінде :

Айқаста,арпалыста кірсем көрге,

Сүйегім қалсын дер ем туған жерде,-деп тебіреніп,алай-дүлей күй кешіпті.Ақынның өнегелі сөзі жерде қалмады. «Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма» деп ақындардың атасы ,ақыл –ойдың данасы Абай айтқандай, шыққан жарадан құлан-таза айыға алмай,ауруы асқынды да 1974 жылдың қоңыр күзінде,10 қыркүйекте 56 жасында Қайнекейдің жүрегі соғуын тоқтатып,қаламы қолынан сусып түсті.Сырқаты меңдеген соң өзі тіленіп туған жеріне келген.Ақын Қостанай облысы Жангелдин ауданындағы кіндік қаны тамған қасиетті ауылы,мәңгіллік алтын аймағы Шиліге жерленді.Қайнекейдің артында байсалды баладалары,өміршең өлеңдері,парасатты прозалары,зердеге тоқитын зерттеу еңбектері,айтуға тұрарлық аудармалары,талайды шексіз риза еткен шешендік сөздері,шаңырағы,жары,ұрпақтары қалды.Торғай жұрты зиялы перзентін құрметтеп,,ардақтап,оның басына ескерткіш орнатты.Ақын атында Торғай селосында бір көше,Шилі ауылында мектеп бар.Жангелдин ауданында Қайнекей есімін иеленген кітапхана жұмыс істейді.

Иә,Қ.Жармағанбетов жазған,тереңнен сыр шертіп қазған қомақты шығармалары бағалы байлық.Қазақтың Қайнекейі –қазына.



Айтылмаған Қақаңда арман бар ма?

Әр бір әні толы ғой армандарға

Шерте білген мұңдарын ,жырлай білген жырларын,

Дәл Қақаңдай қазақта ақын бар ма? – деп бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен халқына деген махаббатын поэзия да ғана емес өмірде де, күресте де, үлкен азаматтықпен қорғай білген Қ.Жармағанбетов мұралары ешқашан өлмек емеc және оны жаттап өту біздің парызымыз. Жылдар тізіліп өткен сайын Қайнекей ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. Оның рухани қазынасын ұлт иелігіне асыратын XXI ғасырдың жастары-сендерсіңдер!

«Ғасыр саңлағы» атанғанҚайнекей жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Қайнекей-мәңгілік өмір!

«Қазақ халқының бір ғана Абайы болса, Қайнекейде жалғыз.. 
Құдіретті ақынға көзі тірісінде көрсетілмеген құдіреттің, берілмеген сый-сияпаттың орнын толтырудың бір жолы, бір жөні бар: ол ақынның қисапсыз рухани қазынасын ұлт игілігіне асыруға асығу». 


Жүргізуші: Міне, кешке қатысқан тыңдарман қауым, Қайнекейдің сырлы, әуенді, мұңды жырларына қанық болдыңыздар  деп ойлаймын. Бүгінгі кешіміз осымен аяқталды.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!