Материалдар / Тәрбие сағаты - ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты - ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға, студенттерге арналған тәрбие сағаты. діни экстремизм туралы ақпарат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2021
6802
31 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БЕКІТЕМІН

Биология кафедрасының меңгерушісі

Китапбаева Алмаш Анашбаевна

____________«28» қараша 2019 ж.


«Діни экстремизм - әлемге төнген қауіп» атты тәрбие сағаты


Өтетін орны:


Іс-шараны өткізуге жауаптылар:


Тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділік: Студенттерге экстремизм,терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жағдайы жөнінде мағлұмат беру.

Дамытушылық: Студенттерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.

Тәрбиелік: Студенттерді елжандылыққа, Отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылыққа тәрбиелеу.


Тәрбие сағатының көрнекілігі: бейнефильм, слайдтар, суреттер, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, дін саласындағы негізгі мәселелер бойынша материалдар жиынтығы. 


Жоспары: 
I кезең. «Экстремизм, терроизм дегеніміз не? Экстремизмнің негізгі бегілерін қалай ажыратамыз?

ІІ кезең. «“Шындық пен сұмдық” бейнефильмінен үзінді көрсету. Фильмге байланысты пікір талас»

III кезең. «Абайлаңыз секта!.... Дінімізге берік болайық!»

IV кезең. Студенттермен сұрақ – жауап.

V кезең. Қорытынды сөз.


Құрметті оқытушылар, студенттер! Бүгінгі «Діни экстремизм –әлемге төнген қауіп» тақырыбы аясында өтетін ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Қазақстан әлем елдеріне көптеген конфессиялар мен ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүру мекені ретінде танылғаны рас. Дегенмен, діни экстремизм,  терроризм мәселесі қазіргі күні бір Қазақстан емес, Евразия кеңістігін мекендеген мұсылман халықтарының басына түскен басты нәубет десек жаңылыспаймыз.

Экстремизм, терроизм дегеніміз не? Экстремизмнің негізгі бегілерін қалай ажыратамыз?

Қазіргі таңда діни - ахуал жағдайында жалпы экстремизмизм дегеніміз латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Діни экстремизм Ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принциптерді бұзушылар деген айыптаулармен кінәлайды. Діни-саяси экстремизм болса, әртүрлі діни пікірлерге негізделгеніне қарамай, олардың іс-әрекеттері Қылмыстық істер кодексінің баптарына сәйкес келеді. Яғни, діни-саяси экстремизм - діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда - терроризм (лаңкестік). Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады. Қауіпті жағдайға айналған осындай әрекеттерді іске асыру, көбіне қарулы топтар құрып, өзара өшіктіру әдістерін қолдану арқылы дін және ұлттық қайшылықтарды қоздырумен, сондай-ақ адам құқын жаппай бұзумен қатар жүреді.

Мұндай шектен шыққан экстремизм әртүрлі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ушығуына да себепкер болуда. Экстремистер қай діннің атынан белсенділік танытса, бәрінен де көп зиян шегетін сол дін. Саяси экстремизм тек саяси мүддені ғана көздейді. Олар адамдардың дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына кеңінен пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге тырысады.

Діни-саяси экстремизм әдетте ешқандай ымыраны мойындамай, ортақ келісімнен бас тартады, ешкімді жақтырмайды, тіпті оларды қолдап жүрген дін өкілдерінің пікірі болса да ешқандай саяси пікірлермен санаспайды. Діни экстремизм үшін «Харам мен халал» (арам мен адал), «өзіңе қалағаныңды басқаға да қала» деген қағидалар болмайды. Олардың басты қаруы қатігездік пен шапқыншылық. Сонымен қатар діни антқа байлап қойған адамдардың экстремистік қатардан шыға қоюы өте қиын.Осы орайда аталған мәселенің жай - жапсарын тереңірек тану үшін мына бір бейнематериалға назар аударайық.


II. “Шындық пен сұмдық” бейнефильмінен үзінді көрсету. Фильмге байланысты пікір талас» Студенттердің пікірін тыңдау. (10 мин)



III. «Абайлаңыз секта!... Дінімізге берік болайық!» Діни ұғымдарға түсініктеме беру.

Бүгін біз қоғам арасында кең етек жайып, жастардың санасын жаулап алған әртүрлі діни ағымдар туралы әңгіме қозғамақпыз. Жас арудың жүзін жауып, бозбаланың оғаш қылық көрсетудегі мақсаты не? Жас жеткіншектерді ондай істерге итермелейтін қандай күш? Экстремистік ағымдардың түрлері.

А) «Бахаи»

Ә) «Иегова куәгерлері»

Б) «Кришнаны тану қоғамы»

В) «Алля-Аят» (Фархатшылар) культтік-мистикалық ағым

Г) «Ата жолы»

1. «Бахаи» – Ирак пен Иранда ХІХ ғасырдың ортасында пайда болған, заманауи космополитикалық дін. Бахаизм ілімі мұсылмандық баббиттер тайпасының негізінде пайда болған. Іс жүзінде ислам мен бахаизм арасындағы алшақтықтың көп екендігі соншалық, «Бахаи» өз қауымдастығын жеке-дара ілім, әлемдегі ең ақиқи дін ретінде санайды. Барлық дәстүрлі емес культтер сияқты, «Бахаиге» де Батыс пен Шығыстың діни дәстүрлерін синтездеуге ұмтылыс сипаты тән. Сектаның символы тоғыз көрнекті діни ұйымды біріктіретін, тоғыз шолақты жұлдыз бейнеленген логотип болып табылады. 2008 жылдың 1 қаңтарына елімізде «Бахаи» ағымындағы 3 культтік ғибадатхана, 19 діни бірлестік тіркелген. Оған құлшылық етушілердің саны шамамен Қазақстан бойынша 600 діндарды құрайды.

2. «Иегова куәгерлері» – 1876 жылы АҚШ-та Чарльз Рассел негізін қалаған діни ағым. «Иегова куәгерлері» – протестанттық ілімнің бірі. Олар Кресті христиандықтың символы ретінде жоққа шығарады. Аталған конфессия Христі Құдай ретінде санамайды, оны Құдайдың ұлы деп таниды. Куәгерлер құдайдың дұрыс аты – Иегова, ол өзін осылай атаған деп, сол себепті оның ізбасарлары Құдай ретінде соған құлшылық етеді. Куәгерлердің айтуы бойынша, адам мәңгілік өмірге «Иегова куәгерлері» қауымдастығына кіру арқылы ғана ие болады.

3. «Кришнаны тану қоғамы» да дәстүрлі емес діни бірлестіктердің қатарына жатады. Басты қасиетті кітаптары «Бхават – Гита» және «Шримад – Бхагаватам» болып табылады. Ұйымда рухани өмірдің төрт кезеңі айқындалады: шәкірттік, отбасылық өмір, отбасылық өмірден тысқары, жарық дүниеден толықтай қол үзу. Бұл кезеңдер діндарлардың құлқына деген талаптарды айқындайды. Ерлі-зайыпты жұптар қызметшілер-тәлімгерлер тарапынан іріктеледі. Тәлімгерлер діндарлар монахтық өмірге қабілетті емес деп шешкенде ғана, некеге тұруына болады. Діндарлар ұдайы Кришна құдайының атын қосып храмдарда – ашрамдарда өтетін жиында құдайға құлшылық жасау керек. Құдайға құлшылық етудің ажырамас бөлігі прасадты (вегетариандық тұрғыда әзірленген тағам, алтарьдің қасына қоюға арналған) жеу болып табылады. Культтік дәстүрлер Қасиетті есімдерді Кришна – санкританды таңертеңгілік және кешкі бірге шырқаудан тұрады.

4. «Алля-Аят» (Фархатшылар) культтік-мистикалық діни ағым. Ағымның негізін қалаушы – өзін құдай және «Жаратушы» деп жариялаған Алматы облысы Шонжы кентінің тұрғыны Фархат Абдуллаев. Ол қайтыс болғаннан кейін емдеу насихатымен оның зайыбы Нина (Қасиетті Нина, Нина Ана) айналысады. Бұл ағымның өкілдері дәстүрлі діндерді мойындамайды. Емдеу курсы Фархат атаның энергиясына қосылу арқылы басталады. Яғни, «Өмір формуласы» – «Алля Нина Ана Жаратушы Фархад ата, алля аят 37406810, алля Лязат Селеной, алля уйгур аят алля», мұнда «алля» – сәби (ұйғырша), «Селенная» – өмірге бастайды, сақтандырады, «Фархат ата» – Абдуллаевтың өзі, «Нина ана» – Фархаттың әйелі. Цифрлары: «37» – Фархаттың туған жылы, «40» – әйелінің туған жылы, олардың «6» баласы, отбасында – «8» адам, «10» – Жаратушының күші, «1» – оның өзі, «0» – күн.

5. «Ата жолы» (басқаша атауы «Ақ жол») «Ақ жол» ұйым ретінде өзінің қызметін 1997 жылдың ақпанынан бастады. Ол кейінірек «Ата жолы» атауын алып, 2001 жылы Алматы қаласында коммерциялық ұйым ретінде (ЖШС) тіркеуден өтті. Ұйымдастырушысы – Қыдырәлі Тарыбаев. Қазақстан бойынша көптеген шәкірттері, рухани-танымдық «Ата жол» журналы, «Ата жолы әліппесі» брошюрасы және басқа да баспа өнімдері бар. Аталған ұйымның негізгі мақсаты белгілі бір сомаға қарапайым адамнан әулие жасау болып табылады. Емдеу курсына Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі әулиелі-әмбиелі жерлерді аралап, бабалардың аруағымен сөйлесу кіреді. Адамға әулиелік және емшілік қасиетке ие екендігін және оның адамдарды емдеуге мүмкіндігі бар екендігін сендіріп бағады. Егерде ол аруақтардың айтқанына құлақ аспаса, ол бақытсыздыққа ұшырауы мүмкін дегенді санасына сіңіреді. Елдің құқық қорғау органдары «Ата жолы» «Алля Аят» ағымы сияқты ізбасарлардың міндетті қаржылық қорынан құралатындығын айқындады. Қаржыландыру принциптері «қаржылық пирамидаларға ұқсас», өйткені ағымның әрбір мүшесі құрылымның деңгейін әрі қарай арттыру үшін өзімен бірге жаңа ізбасарларды тартуы тиіс.


IV. Сұрақ – жауап.

1.Дін дегеніміз не?

2.Дінге деген жастардың көзқарасы қандай?

3.Әлемдік діндерден секталардың айырмашылығы қандай?

4.Қазіргі заманда қоғамға қалай ықпал етуде?

5.Діни экстремизм деген не, оны қалай түсінеміз?

6.Діни экстремизм салдарынан әлемде нелер болып жатыр?

7.Хижап, паранжа , қысқа балақты шалбар, сақал қою мәселерін қалай түсінуге болады? Өз көз қарастарыңыз қалай?





Қазіргі кезде ҚР көптеген діни экстремистік ұйымдарға тиым салды.

Сонымен қатар студенттердің есінде сақтап жүру үшін мына ережені ұсынғым кеп отыр.

Мұны білу өте маңызды!

1. Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін ұйымның жиналысына шақыратын дін тақырыбындағы диалогқа араласпа!

2. Қандай да болсын кездескен діни ұйымның сенушілері мен ілімін таратушыларға бірінші кездескенде өзіңіздің діни көзқарасыңызды білдірмеуге тырысыңыз.

3. Егер сіз алдыңызда тұрған уағыздаушыға сол діни ұйым туралы сұрақ қоюға шешім қабылдасаңыз, онда ешқандай кері әсерсіз болғаны жөн.

4. Егер сізге діни бағыттағы парақтар, брошюралар, журналдарды оқуға ұсынса рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.

5. Егер сіз діни жиналыстарға қатысуға шешім қабылдасаңыз, олар туралы көбірек білуге тырысыңыз, туысқандарыңызбен, достарыңызбен, жай адамдармен ақылдасыңыз.

6. Діни ұйымдардың жиналысына қатыссаңыз, есіңізде сақтаңыз: миссионер – уағыздаушылардың басты мақсаты – Сізді өз сенімдеріне кіргізіп алу. Ал, Сіздің мақсатыңыз – деструктивтік діни ұйымдардың ықпалына түсіп қалмау.

7. Діни жиналыстарға жалғыз қатыспаңыз, қасыңызға досыңызды немесе туысыңызды ертіп жүріңіз.

8. Сіз туыстарыңыз бен жақындарыңызды тыңдамай рухани тұрғыда денсаулығыңызды түзеу үшін теріс бағыттағы діни ұйымдардың қатарына қосылу тұрарлық деп ойлайсыз ба?

9. Бұл өмірден бір мақсат пен жетістікке жету үшін, жаныңызға тыныштық табу үшін дәстүрлі емес бағыттағы шіркеулер, миссиялар мен ұйымдарға жоламағаныңыз жөн.

10. Есіңде болсын! Есте сақта!

Құдайға сену, яки сенбеу - өз қолыңда! Өзге діннің жетегінде кетем деп достарың мен жақындарыңнан айрылғың келмесе, Ойлан!


Қорытынды сөз (10 мин)

Бүгінгі «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу» атты тәрбие сағатымызды Елбасымыздың сөзімен қорытындылағым кеп отыр.

«Діни экстремизмді алатын болсақ, ол адамдар арасына ірткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, онда ертең бірлігімізге сызат түседі.

Егер елімізде нағыз таза мұсылман, Құранның жолымен жүретін халық көп болса елде береке, бірлік тыныштық болады».

Құрметті қонақтар бүгінгі тәрбие сағатымызға қатысып, өз ойларыңызды студенттермен бірге талқыға салғандарыңыз үшін, жастарымызға ақыл - кеңес бергендеріңіз үшін сіздерге көп-көп рахмет, алланың нұры жаусын келесі кездескенше сау болыңыздар



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!