Материалдар / Тәрбие сағаты "Абай- 175 жыл" 4-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Абай- 175 жыл" 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Абайды танып білу. Абай шығармаларына қайталап, шолу жасау. Тәрибелік: Оқушыларды ізденіске, іскерлікке, таным белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2020
717
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы: «Қазақтың бас ақыны-Абай!»

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды халқымыздың біртуар перзенті Абай өмірімен таныстыру. Білім мен ғылымға баулу. 175-жылдық мерей тойы

Дамытушылық: Оқушылардың Ұлы Абай шығармаларымен жұмыс істеу арқылы өлеңге, әнге, өнерге деген әуестігін, шығармашылық қабілеттерін, көркем сөз шеберліктерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды Ұлы тұлғаның өнегелі де өсиетті, сөз маржандары арқылы Отан сүйгіштікке, имандылыққа, білімді, өнерлі болуға, тілімізді, дінімізді қадірлей білуге тәрбиелеу.


Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім:Абай ата қазағымның тірегі

Халқымыздың соғып тұрған жүрегі.

Төгетұғын сәулесі мен шуағын,

Маңдайдағы жарқыраған күн еді.

Өтіп кеттің өмірден,қалды үнің,

Сен өлгенмен,мәңгі өлмес өлеңің бар.

Ұғындырған осынау жас қадірін,

Ұрпағыңа қалдырған өсиетің,

Танытқандай қазақтың қасиетін.

«Жас жүрек соғар Абай» деп,

Ұрпағың тұр алдыңда бас иетін.

Абай – туған елін, жерін, тілін, дінін жанындай жақсы көрген нағыз ұлтжанды дана ақын.


Мұғалім: «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» дегендей, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз Абай атамыздың жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін өнегелі де асыл сөздеріне, даналық ойларына және өмірдерегіне шолу жасаймыз. Сабағымыздың бір ерекшелігі сабақ соңынан алған әсерлерінді мынау үш түрге байланысты рефлекция жасайтын боламыз.


Жасыл түс – сабақта Абай туралы жаңалық көп болды.

Сары түс – Сабақ ұнады.

Қызыл түс – көп білгім келеді

Алдымызға осындай мақсат қойып, осы Абай туралы халықтың бір туарлары, қоғам қайраткерлері пікірін тыңдайық.


Мұхтар Әуезов: «Қазақ әдебиетіне Абай кіргізген жаңалықтар көп. Абай-қазақтағы суретті сұлу сөздің атасы,терең сырлы, кең мағыналы кестелі өлеңнің атасы. Қазақ өлеңіне үлгі, өрнек берген-Абай»

Ә.Бөкейханов: «Абай қазақ халқының мақтанышы. Абай сияқты халықтың рухани творчествосын осыншама жоғары көтерген қазақ ақыны әлі кездескен жоқ.

Абай данышпан, философ»

М.Мақатаев: Қуат алам Абайдың тіл күшінен,

Жыр жазғанмын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден.

«Жаздым үлгі жастарға бермек үшін»,

Абай аққан бір сәуле сөнбеу үшін...


Абай: Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім.

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

Деп осы бір төрт жолға бүкіл өмірін сиғызып кеткен Абай.


1-Оқушы: Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей обылысы, қазіргі Абай ауданы, Шыңғыс тауында дүниеге келген. Туған жылы – жылан. Ибраһим деген атын бұзып, Абай деп қойған шешесі екен. Әкесі Құнанбай, шешесі Ұлжан, руы – Тобықты. Абайдың жеті атасы: Айтек, Олжай, Айдос, Ырғызбай, Өскенбай, Құнанбай, Абай.

Жас кезінен әңгімеге, өлеңге әуес болды. Ертегі, аңыздарды да зейін қойып тыңдай білген. Әсіресе әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі, аңыздардың Абай үшін маңызы зор болды.


Көрініс: «Әженің әңгімесі»


2-оқушы: Жастайынан халық ауыз әдебиетіне сусындап өскен Абай ақындық жолға бет бұрады. Абайдың өлеңдері жас ұрпақты еңбекке, өнер-білімге ұмтылуды үндейді.

Алғашқы жазған өлеңі «Жасымда ғылым бар деп ескермедім »


3-оқушы: Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілімен кеш сермедім.


4-оқушы: Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң,арқалан,

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан!

Қайрат пен ақыл жол табар.

Қашқанға да қуғанға

Әділет, шапқан кімде бар.

Сол жарасар туғанға.

Абай өзінің өлеңдерін таза халық тілінде жазды. Өлеңге басқа тілдерден орынсыз сөздер енгізуге қарсы болды. Абайдың күйлері бар. Абай ата – ақын, жазушы, философ, сазгер, аудармашы, данышпан, көсем, табиғат жыршысы, табиғат досы, қамқоршысы, суретшісі. Абай әндерін бала да,үлкен де, жеке дауыста да, трио, квартет те, хормен де сүйіп орындайды.


Мұғалім: Абай атамыз орыс халқының классик ақындарының шығармаларын аударған.Пушкиннен «Татьянаның әні», «Қараңғы түнде тау қалғып» Лермонтовтан аударған, ол неміс халқының классигі Гетеден аударған.

Сондай – ақ, Абай атамыздың 45 қара сөздері бар. Абай ата 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады. Ол сыншылдық, ойшылдық және көбінесе адамгершілікке өсиет, толғауға арналған .


Мұғалім. Бір қара сөзінен үзінді. 17 қара сөзі


5-оқушы: Қараңғы түнде тау қалқып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт,дем-салғып,

Түн басады салбырап.

Шың шығармас жол-дағы,

Сыбдырамас жапырақ.

Тыншығарсың сен-дағы,

Сабыр қылсақ азырақ.


6 – оқушы: Жастайынан халық жағына шығып,олардың зар, мұңын ұға білген Абай қазақ халқының болашағы үшін күресті. Ел арасындағы дау-жанжалдардың әділ жолын көрсетіп, адам бойында кездесетін жаман мінез – құлықтарды ақыл, парасаттылығымен шеше білген.


Мұғалім: Міне,балалар бүгін Абай атамыз жөнінде біраз мағұлымат алдық деп ойлаймын.Абай атамыз туралы кино бар.Онда Абайдың ролін Болат Әбдіманов ағамыз ойнайды. «Абай» атындағы опера-театры,Абай атындағы көшелер,музейлер,Абай ескерткіші,жоғарғы оқу орындары,мектептер,қала аттары бар. Бұл дегеніміз халқымыздың Абай еңбегін бағалап,мәңгі есте сақтайтындығымыз- дың куәсі. Енді сабағымызды қортындылайық. Ол үшін мына слайд арқылы сабағымызды қайталайық. Слайд бойынша сөйлеу. Қазіргі ақындар Абай мектебінен өткен. Абай салып кеткен ізбен келеді. Оның дәлелі мінекей, бүгін Абай өміріне шолу жасадық. Яғни, бағанағы түстеріміз бойынша өз ойларымызды ортаға салып, мынау түстерді таңдап алыңдар да себебін түсіндіріңдер.


Қорытынды: Абай жолы – халық жолы. Абай атамыз қашанда келешектің өлмес, өшпес күн шуағы. Әрқашанда жас жүрегіміз соғар Абай- деп ойлаймын. Сабағымызды Елбасымыздың мына сөзімен аяқтағым келіп отыр.

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!