Материалдар / Тәрбие сағаты "Абай мұрасы - халық ұлағаты"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Абай мұрасы - халық ұлағаты"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қазан 2020
766
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:12.03.2020 ж

Бекітемін:

Тақырыбы: « Абай мұрасы – халық ұлағаты» !

Мақсаты:-Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. 
-Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
-Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу
Әдіс- тәсілдері: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту,
 Көрнекілігі:  Абай портреті,  кітаптар, шығармалары, қанатты сөздер, фотослайдтар

Түрі: Ашық тәрбие сағаты

Жүрісі: І.Ұйымдастыру кезеңі:

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлының 175жылдығына арналған «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер !

Райгуль: Егер сіз жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе:

1-2-жүргізуші бірге : Абайды оқыңыз!

Гүлназ: Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстарын, қатпар – қатпар сырларын білгіңіз келсе:

1-2-жүргізуші бірге : Абайды оқыңыз!

Райгуль: Тіршіліктің мәңгілік сауалдарына жауап іздеп, ғаламның 18 мың құпиясын білгіңіз келсе:

1-2-жүргізуші бірге: Абайды оқыңыз!

Тәрбиеші: «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деп өлеңге ерекше баға берген ақын өзі де нәзік те сыршыл ән жазады. Сондай ыстық сезімге толы әннің бірі – «Көзімнің қарасы»

Ән. Орындайтындар: Хор

Нұрлы: Абай қазақтың ұлы ақыны. Абай – сазгер, филосов, ақын, ойшыл, аудармашы, данышпан. Ол ел жұртының болашағын ойлап, халықты тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу-білімге шақырған. Жаман әдеттен арылып, жақсылықты өн бойына жинауға үндеген.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Тәрбиеші: Абай болашақ ұрпаққа, яғни сендерге сөзін осылай арнады. Бұл өзі сүрген ғасырдан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жақын болашаққа сенімді жол салған ақынның сөзі еді. Ол жарқын болашаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті. Ол жол ғылым, білім, өнер, мәдениет жолы еді. Абайдың «даналығы» да осында. Ал «дара» деген себебіміз сол заманда көзі ашық, көкірегі ояу, түрлі тілді меңгерген қалың қазақ арасында жалғыз Абайдың өзі болды.
Енді, ақынның өмірі туралы деректер тыңдайық.

Бейне ролик

Тәрбиеші:

Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Айсауле
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
“Мені” мен “менікінің” айрылғанын
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
Кім жүрер тіршілікте көңіл бөлмей,
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей,
Міні қайда екенін біле алмассың,
Терең ойдың телміріп соңына ермей.
Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас,
Екеуі тап бірдей орныға алмас.
Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың
Иманын түгел деуге аузым бармас.


Сегіз аяқ Айзада

Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған;
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағына жетіп қайырған-
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең, өзің біл.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.


Жастықтың оты, қайдасың, Ернар
Жүректі түртіп қозғамай?
Ғылымның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін болжамай?

Адамның тауып айласын,
Кісілікті ойламай.
Қаруын көңіл сайласын,
Қолға ол түспес бойламай.


Құлақтан кіріп, бойды алар Қайырбек
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып,
Көңілім әнді үғады,
Жүрегім бойды жылытып.
Аңсаған шөлде су тапса,
Бас қоймай ма бастауға?
Біреу түртсе, я қақса,
Бой тоқтамас жасқауға.
Бір күйгізіп, сүйгізіп,
Ескі 
өмірді тіргізер.

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Бекет
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. 
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

Желсіз түнде жарық ай, Қайрат
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің, топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.

Жаз Назым

Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Кұйрығымен шылпылдап,
Арасында кұлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,

Қазақ десе, Абай түсер есіңе... Олжас

Сөздері шарлап қазақ пен әлем арасын,
Абай деп таныр қазақтың байтақ даласын.
Өлеңі бізге рухани азық секілді,
Абайдың биік тұлғаны қайдан табарсың?

Абай - жыршы, ұлы ақыны елімнің,
Жырға қосқан сұлулығын жерімнің.
Абай - сыншы, жақсыменен жаманның,
Қайғы - зарын жырлай білген даламның.


Тәрбиеші: «Абайдың қара сөздері »


Абай – ойшыл.






Дана Абайға тең келмес ешбір ақын,

Танытты ол адамзаттың асыл затын.

Қырық бес қара сөзді жазып кетті,

Шырақ қып ұстап жүрміз атап атын.


Абай-ойшыл дегенде біздің есімізге оның қара сөздері түседі.

Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған.

Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады. Абайдың 45 қара сөзі бар. Кейін 1933 жылы М. Әуезов Абайдың қарасөздерін өңдеп, жүйелеп, жаңа баспадан шығарған. Абайдың қарасөздері көркем әңгіме емес, даналықсөздер.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

(Үнтаспадан қара сөздер тыңдау)

Тәрбиеші: Абай – аудармашы.

  • Абай орыс ақыны А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділер, М.Ю.Лермонтовтың, И.Гетенің шығармаларын сүйіп оқып, аударған. Біз оқыған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын да И.А.Крыловтан аударған Абай атамыз екен.Орындайтын: Арай

Тәрбиеші: Абайдың атамыздың асыл мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық.\

Осымен біздің ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлының 175жылдығына арналған « Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Амандықта жүздескенше! Қош-сау болыңыздар















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!