Түркістан
облысы Мақтаарал ауданы Азаттық елді мекені
№41 жалпы орта
мектебі
«Абайды оқы,
таңырқа!»
Сайыс
сабақ
Өткізген:
Джандарова Багила
Бейсенбаевна
2020-2021 оқу
жылы
Сабақтың
тақырыбы: Абай
шығармалары
Сабақ
мақсаты: білімділік: Абай
Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Абайды танып білу. Абай
шығармаларына қайталап, шолу жасау.
Тәрибелік: Оқушыларды ізденіске, іскерлікке,
таным белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.
Дамытушылық : Оқушылардың
ой-еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту, тіл дамыту сөйлеу
мәдениетін қалыптастыру сұрақтар арқылы белсенділігін арттыру
өздігінен білім алуға баулу.
Әдісі: Сұрақ-жауап, пікір
айту, класстер, ой шақыру әдісі.
Көрнекіліктер: Әр түрлі сөздер жазылған
плакаттар, кітаптар, сызба бойынша түсініктер.
Сабақтыңқұрылымы:
І. Ұйымдастыру
бөлімі: Оқушылармен амандасу және
түгендеу, оқу құралдарын тексеру.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты мен
таныстыру.
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қазақ
халқының ұлы ақыны ойшыл-тәлімгері, философ, жазушы сыншы аудармашы
А. Құнанбаев. Абай Құнанбаев шығармаларын оқып- үйрену үлкенге де
кішіге де парыз.
Сұрақ: Балалар бас ақын ұлы
Абай туралы кім не білді?
Жауабы: Абай Құнанбаев 1845
жылы Семей облысы Шыңғыс тауын жайлаған тобықты руының ішінде
дүниеге келген. Абайдың әкесі- Құнанбай - өз еліне атағы шыққан аға
сұлтан. Абайдың жүрегін жібіткен жылы құшақ кіші пейіл анасы –
Ұлжан.
Мейірімді көңілі көпті
көрген әжесі –Зере. Әкесі Құнанбай Абайды Семей қаласына апарып,
Ғабдулжаппар деген молдаға оқуға береді. Молданың қарамағында екі
жылдай оқып, мұсылманша бастауыш білім алады.
Сұрақ: Абайдың қандай
өлеңдерін білесіңдер?
Жауабы: Абай Құнанбаев
қазақтың бас ақыны. Абайдың табиғат лирикасына байланысты табиғатты
суреттеп жазған бір топ өлеңдері бар. Абай «Қыс», «Жаз», «Күз»
өлеңдерінде жыл мезгілдерінің әрбір кезеңдерін ерекше мейірлене,
табиғатқа жан бітіре суреттеген.
Мұғалім:
өте жақсы. Балалар, Абай атамыздың қанша қара сөзі
бар?
Жауабы: Абайдың 45 қара сөзі
бар. Он алтыншы, он тоғызыншы қара сөзін айтылды.
2 кезең.
О
қушыларға «класстер» әдісімен үш топқа таза парақ беріледі.
Оқушылар Абай шығармаларын жазып шығуы керек.
Өте жақсы
жазыпсыңдар.
3 кезең.
Бұл кезеңде үш топқа сөз
жұмбақ беріледі.
Бірінші топтың сөз
жұмбағында Абайдың бір өлеңінің аты жасырынып тұр.
1
. Абай өлеңі.
2
. Абайдың шәкірті
3
. Абай кім?
4
. Абайдың поэмасы?
5
. Абай қай рудан?
6
. Абайдың шәкірті?
7
. Абайдың ұлы
8. Абайдың жыры.
9. Абай кім?
Екінші топтың сөзжұмбағында Абайдың поэмасының
аты шығуы керек.
1. Абай қай қалада дүниеге келген?
2 . Абай қай тау бөктерінде дүниеге
келген?
3. Абай кімнен аударма жасаған?
4. Абай қандай ақын?
5. Абайдың әкесі?
6. Абай кім?
7. Абайдың інісі?
8. Абай кімнен аударма жасаған?
Үшінші топтың сөз жұмбағында ақынның бір өлеңі
жасырынған?
-
Абайдың шығармасы?
-
Абай алғаш өлеңдерін қай ақынның атынанжазып
жүрді?
-
А бай кімнен аударма жасаған?
-
Абай кім?
-
Абай кімнен аударма жасаған?
-
Абай кім?
-
Абай қай тау бөктерінде дүниеге келді?
-
Абайдың поэмасы?
4 кезең.
Оқушылармен ой шақыру әдісі
бойынша жұмыс жасату тақтаға сызылған сызба бойынша әр оқушы
тақтаға шығып жазады. Абай кім? Тақырыбы бойынша постер
қорғайды.
Қорытынды: Сайысқа қатысушыларды әділ қазылар
қойған балл арқылы анықтап, мақтау қағаздарымен силықтармен
марапатталады.
5 кезең. Үйге
тапсырма.
А.Құнанбаевтың бір қара
сөзін жаттап келу.
Оқушыларды
бағалау.